- •Курстық жұмысты орындау жөніндегі нұсқаулар
- •Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен міндеттері
- •Курстық жұмысты орындау тәртібі
- •Курстық жұмысты жазу мен безендіру талаптары
- •Курстық жұмысты қорғауға дайындау
- •Курстық жұмыстардың тақырыптарын бөлу
- •Курстық жұмыстың тақырыптары
- •Курстық жұмыс тақырыптарының бөлінісі (кял-12-1)
Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен міндеттері
Жоғары арнайы білім берудің кәсіби-ағарту бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарының 3, 4 курс студенттері мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттар мен мамандықтың жұмыс оқу жоспарында қарастырылған болса, курс жұмысын орындайды және қорғайды.
Курс жұмысының мақсаты:
мамандық бойынша бағдарламалық материалды теориялық жағынан толық меңгеруіне жағдай жасау;
өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, оқу құралдарын, ғылыми әдебиетті оқып-ізденуге дағдыландыру;
Курс жұмысының міндеттері:
Курс жұмысының тақырыптары мамандыққа қатысты ғылым саласының нақты міндеттері мен мәселелерін есепке алатын көкейтесті болуы керек;
Курс жұмысының тақырыптарын оқытатын кафедра жыл сайын жаңадан құрап, анықтайды. Курс жұмысының тақырыптары кафедра мәжілісінде талқыланып, факультеттің оқу-әдістемелік фюросында бекітіледі;
Бекітілген тізімнен студентке курс жұмысының тақырыбын таңдауға құқық беріледі. Студент жұмысты орындаудың мақсатты бағытталған негіздемесімен өзінің тақырыбын ұсына алады.
Курстық жұмысты орындау тәртібі
Курс жұмысына жетекшілік ететін оқытушы студенттерді кафедра мәжілісінде қаралып, факультеттің оқу-әдістемелік бюросы бекіткен курс жұмысын жазу жөніндегі ережемен және курс жұмысының тақырыптарымен таныстырады. Әр студентке тақырып ұсынылып, қатысты әдебиеттер мен тапсырмалар беріледі.
Курс жұмысының ғылыми кеңесшісі:
Курс жұмысының тақырыбы бойынша мақсаттары мен міндеттері, оларды шешудің негізгі жолдары, жұмыс сатылары, орындау мерзімі және көлемі көрсетілген тапсырма береді:
Студентке курс жұмысын орындалуының толық кезеңінде жұмыстың жоспарын құруға көмек береді;
Студентке қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалар мен мұрағаттық материалдарды, тақырып бойынша басқа да әдебиеттерді ұсынады;
Студенттің тақырып бойынша жұмыстың жоспарын сақтауына бақылау жасайды және кеңес беріп отырады.
Курстық жұмысты жазу мен безендіру талаптары
Курс жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар:
Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қысқа және нақты нысанда баяндау;
Зерттеудің түрлі тәсілдерін қолдана отырып, тақырыпқа қатысты ғылыми әдебиеттерге щолу жасау;
Алынған нәтижені талдау және баяндау, олардың талқылануы мен түйінделуі;
Қолданылған деректер мен әдебиеттер тізімі.
Курс жұмысын баяндауға қойылатын талаптар:
Материалды баяндаудың сауаттылығы, анықтылығы, нақтылығы және логикалық жүйелілігі;
Дәлелдеменің жүйелілігі;
Өз ойын тұжырымдап айтудың қысқалығы мен дәлдігі.
Курс жұмысының құрылымы: сыртқы мұқаба мен жұмыс мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлімнен (негізгі бөлім бірнеше тақырыпшадан тұруы мүмкін), қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады (қолданылған қосымшалар жұмыстың ішіне тігіледі).
Курс жұмысын безендіруге қойылатын талаптар:
Курс жұмысы А4 форматындағы қағазға 1 интерваль\ ара қашықтықта, №14 шрифтімен компьютерде терілуі керек. Форматы, шартты белгісі, шрифт және көлемі бойынша сызбалар қызмет ететін стандарттардың талаптарына сәйкес болуы керек. Жұмыстың көлемі мамандыққа және оның ерекшелігіне байланысты анықталады. Курс жұмысының көлемі 25-30 беттен (қосымшаларды қосқанда), ал әдебиеттер тізімі 10-15-тен аз болмауы керек. Жұмыстың алаңы: оңы – 1,5, сол жағы – 3,0, жоғары алаңы – 2,0, төменгі алаңы – 2,0. Беттің номері жоғары оң бұрышында болады.
Курс жұмысының мазмұнында қолданылған әдебиеттер тізімі қолданылу ретіне қарай: автордың аты-жөні, әдебиеттің аты, әдебиет шығарылған қаланың аты, баспа, жылы, барлық бет саны көрсетіледі. Мысалы:
Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытұыш // Бес томдық шығармалар жинағы. 3-том. Алматы. Алаш, 2005. 250 бет.
Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы. Мектеп, 1990. 346 бет.
Егер сілтеме мақаладан алынатын болса, автордың аты-жөнінен кейін мақаланың аты, одан кейін мақала енген жинақ немесе мерзімді баспасөз (газет, журнал), оның кезекті саны жазылады. Мысалы:
Тойшанұлы А. Қазақ әдебиеті мен өнерінде тұңғыш президент образы қалай сомдалуы керек? // Дала мен қала. 26 қараша, 2012 ж.
Курс жұмысын орындау үшін зерттеу жұмыстары студенттің жеке мүмкіндіктеріне қарай университетте (кафедрада, зертханада), сондай-ақ оқу орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде және басқа да орындарда орындалуы мүмкін. Оған шек қойылмайды.
Курс жұмысын орындаған студент жұмыста баяндалған шешімдер мен барлық мәліметтердің дұрыстығына жауап береді.
