
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ
Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Бекболова Малика
Таштамышева Аида
12 - сынып оқушысы
«Жайық өзенінің болашағы»
Бағыты: География
Секция: Экология
Ғылыми жетекшісі: Амангалиева Салтанат Аманкосовна - география және биология пәнінің мұғалімі
Тараз-2015 жыл
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................1
І тарау. Жайық өзені: кеше..........................................................................
Трансшекаралық Жайық өзені.........................................................2-3
Өзеннің зерттелу тарихы..................................................................4-5
ІІ тарау. Жайық өзені: бүгінде.....................................................................
2.1 Жайық-Каспий су бассейінің қазіргі ахуалы.................................7-8
2.2 Өзеннің және өзен алабының ластануы..........................................8-13
2.3 Жайық өзендегі бекіре балықтардың азаюы.…................................13-15
ІІІ тарау. Жайық өзені: ертең
Қорытынды...............................................................................................16-18
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................19
Аннотация
Жобада «Жайық өзенінің болашағы » мәселесі қаралған.
Жұмыс қазіргі кезде өзекті болып табылатын экологиялық мәселелерді қамтиды. Зерттеу обьектісі боп Жайық өзені есептеледі.
Авторлардың мақсаты: зерттеу барысында жаңа ақпараттар арқылы бақылау негізінде Жайық өзенінің ластану себептерін анықтау. Өзеннің бұрынғы және қазіргі экологиялық жағдайын салыстыру арқасында, авторлар өзін толғандырған өзекті сұрақтарды шешу үшін инновациялық сипаттағы әдістерді енгізуді ұсынады.
Өзен алабы топырағының pH деңгейін, өзен экожүйе бірлестігіне адамның шаруашылық ықпалын анықтау мақсаттарында тәжірибелер жүргізілген. Жинақталған материалдар автордың проблемалық мәселелерін шешетіндей өзіндік қорытындыға келуге көмектесті
Жұмыс 11-12 сыныптың география курсында «Су қорларын тиімді пайдалану және экономикалық бағалау» тарауын оқыған кезде өлкетану материалдары ретінде пайдалануға ұсынылады.
Аннотация
В проекте была рассмотрена тема «Жайық өзенінің болашағы ».
В настоящее время одна из самых актуальных проблем является проблема экологии. Объектом исследования была выбрана река Жайык.
Цель авторов: на протяжении исследования с помощью новых источников выявить причины загрязнения реки. Сравнивая прошлое и настоящее экологическое состояние реки, авторы предлагают инновационные решения по данной проблеме.
При исследовании, мы определили рH почвы поймы, а также антропогенные воздействия на экосистемы реки.
Все собранные материалы помогли прийти к единому выводу. Все материалы можно использовать на уроках географии 11-12 кл.
Кіріспе.
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі - Жер шарындағы экологиялық жағдай. Адамның іс-әрекеті табиғи сулардың экожүйесінің түрлілігін қысқартуда. Әсіресе антропогендік ауыртпалықты өзен экожүйелері қатты тартуда. Соңғы онжылдықта республиканың жазықты аймақтарында орналасқан көптеген су нысандарының гидрологиялық режимі бұзылып, нәтижесінде өзен суының ысырапсыз шығыны мен пестицидтермен, ауыр металлдармен бүлінуі күшейді.
Екі мемлекеттің территориясын басып өтетін трансшекаралық Жайық өзені табиғи ресурстарын қарқынды игерудің нысаны болып қалды. Су жинау алабы аграрлы және өнеркәсіп кешендері қарқынды дамыған аймақта орналасқандықтан өзен жүйесіне техногенді әсерлерді күшейтіп, ластануына әкелді. Нәтижесінде өзен экожүйесінің тепе-теңдігі бұзылды деп айтсақ артық болмас. Сонымен қатар Жайық өзені әлем бойынша бағалы балықтарды өсіруге қолайлы аймақ болып табылады.
Сондықтан адамдарға қазірден бастап табиғаттың, адамзаттың әрі қарай дамуына үлкен жауапкершілікпен қарау керек екенін көз жеткізу.
Ғылыми жобаның мақсаты: Жайық өзенінің экологиялық мәселелерін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды: қажетті қолданатын әдебиеттермен танысу, алған ақпараттарды жүйелеу, сарамандық жұмыстар жүргізу, адамның іс-әрекеттерінің қоршаған ортаға зиянды әсерлеріне ғылыми талдау жасау.
Қорытындылау: Осы өзекті мәселелерге өзіміздің көзқарасымызды білдіру.
Материалдық құндылықтар: фотосуреттер, слайд.
Зерттеу құндылықтары: теориялық тұжырымдар, зерттеу.
Зерттеу нысаны: Жайық өзені.
Зерттеу әдістері: бақылау, сарамандық жұмыс, салыстыру, сараптау, қорытындылау.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Жұмыста жүйелі ізденіс, бақылаулар негізінде, сараптама қорытындылар арқылы терең мағлұмат беру. Жайық өзенін сақтап қалудың жаңа идеяларды ұсыну.
Зерттеу ақпарат көздері: ғылыми әдебиет, мұрағат материалдары, интернет, баспасөз материалдары.
І тарау. Жайық өзені: кеше.
1.1 Трансшекаралық Жайық өзені
Екі мың шақырымға созылып жатқан Жайық өзені ұзындығы бойынша Еуразия территориясында ірі өзендердің қатарына жатады. Ол Ресей Федерациясының Челябі, Орынбор облыстары және Башқұрстан Республикасы мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының аумағымен ағып өтеді.
Облыстың солтүстігінен оңтүстігіне қарай кесіп өтетін басты су көзі бастауын Орал тауының 600 метр биіктегі оңтүстік-батыс сілемдерінің бірінен алады. Облыс аумығына Жайықтың төменгі сағасындағы 300 км-ден астам бөлігі ғана енеді. Өзеннің жалпы ұзындығы 2534 км болса, оның 1084 шақырымы Қазақстанға тиесілі. Су жинайтын алабының көлемі 200 000 км2. Жылдық орташа су шығыны 330 м3. Арнасының ені 305-500 м аралығында ауытқып отырады. Өзен суының деңгейі негізінен облыстан тыс жердегі су жинау алабы беретін суға тікелей байланысты болып келеді. Жайық өзенінің 500 км ғана облыс территориясымен өтіп Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Оның оң жақ салаларына – Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Шаған және Деркөл, ал сол жақ салаларын Елек, Шыңғырлау, Барбастау және Ащы өзендері жатады. Соңғысы басын Шалқар көлінен алады да, Жайық өзеніне су мол жылдары ғана қосылады. Жоғарғы ағысындағы басты салалары: Сакмара, Ор, Елек, Үлкен Қобда, Утва, Көшім, Бақсай және тағы басқалары. Жайық өзенінің тағы бір ерекшелігі – оның төменгі ағысында салалары жоқ. Сондықтан, су деңгейінің түсуі немесе көтерілуі жоғары жатқан келетін су мөлшеріне байланысты болады. Өзенінің тасуы наурыздың соңы мен сәуірдің орта шамасында басталады да, сәуір айының соңында, мамыр айының орта шенінде өзенің жоғарғы деңгейіне жетеді. Өзеннің беті қарашаның соңынан сәуірдің басына дейін 120-130 күндей мұз құрсанады. Мұздың қалындығы орташа 30-50 см шамасында болады. Жайық өзенінің бастауы теңіз деңгейінен 637 м биіктікте, ал оның Каспий теңізіне құяр сағасы теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Жайық өзенінің құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см-ге тең. Өзен арнасының терендігі қайраңда 1 м, негізгі арнасында 3 м, ал иірімдерде 4-5 м жетеді. Құяр сағасы тарамдарға бөлініп кетеді.
Жайықтың балық байлығы – Жайық өңірінің ғасырлар бойы негізгі табиғи қоры. Қызыл балықтың кейбір түрлері осы Каспий-Жайық-Еділ алабынан басқа жер шарының өзге еш жерінде кездеспейді. Сондықтан облыста су көздерін қорғау балық қорының көбеюімен тығыз байланысты. Облыстың басқа да шағын өзен-көлдерінде сазан, табан, көксерке, жайын, шортан және т.б балық түрлері көп кездеседі.
Ресей Ғылым Академиясы дала институтының директоры Александр Чибилевтың мәліметі бойынша өзен бойында 4 ірі су қоймасы, 80-нен астам су торабы және жалпы өзен жүйесінде 3100-дей тоғандар бар. Ең ірі су қоймалары жоғарғы ағысында Ресей жеріндегі Ириклин, Верхне-Уральское, Заводской прут. Бұл су қоймалары энергетика алу мен ауыл шаруашылығын суару, балық шаруашылығының талаптарын орындау мақсатында салынған.
Өзенінің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Көшім каналы арқылы төрт су қоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдалынады. Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі. Отызыншы жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл каналды қолмен қазған болатын.
Облыс көлемінде Жайық өзені егістік жерлерді суаруға, кеме арқылы әр түрлі жүк және жолаушы тасымалдауға пайдалынады, балық ауланады.
Жайықтың жағасында 70 шақты қала мен елді-мекен бар. Бес миллионға жуық халық осы өзенмен тіршілігін байланыстырған.
БҚО мен Атырау облыстарына жылына 600 млн м3 су келеді. Жалпы Жайықтағы су көлемі 5 миллиард 300 млн м3 құрайды. Жалпы алғанда су көлемінің Атырау облысы 11% пайдаланып отыр. Ол ауыл шаруашылығына, ауыз суға, өндіріске, т. басқаларға пайдаланылады. Аталған мөлшердегі судың 80% ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады, яғни егістік, бау – бақша, жайылымдық жерлерді суаруға. Соңғы жылдары, Жайық өзенінің көліктік қатынас қызметі азайып, құрғақшылық пен шаруашылық мақсатына алынатын су мөлшерінің артуы өзеннің орташа су көлемінің жылына 7-8 км2 дейін азаюына әкеліп соқтырды. Егер осы жұмыстарды тамшылатып суару сынды жаңа технологиялармен, тың әдістермен орындаса, су көлемі әлдеқайда мол үнемделеді. Ал тұрмыстық тұтынуға кетіп жатқан су көлемі онша көп емес, бірақ мұнда да ысырапшылдыққа ұрынбауды ойлау керек. Қазір Жайық – бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге қолайсыз жалғыз су көзі.
Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасынан Орал қаласына дейінгі аралық 60 – жылдардың басынан мемлекеттік қорық зонасына айналды. Осының нәтижесінде төмен түсіп кеткен деңгейі 70 – жылдары бірнеше есе өсті.