Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эссе талаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.45 Кб
Скачать

Эссені бағалауға қойылатын талаптар:

  1. Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі – 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір – 1 дәлел (мысал) – 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі – 1 абзац).

  2. Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.

  3. Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын…), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.

Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

  • эссе тақырыбының сәйкестігі – 10 балл;

  • мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу – 10 балл;

  • жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10 балл;

  • өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20 балл;

  • мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;

  • ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау – 20 балл;

  • ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;

  • жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.