Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эссе талаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.45 Кб
Скачать

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

  1. Эссе жазу бойынша

Эссе туралы түсінік

Эссе - философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанр. Эссе дегеніміз – (француз тіл. essai – тәжірибе, латын тіл. exagium –құрау) философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда Френсис Бэкон 1597 жылы кітаптарын жазып шығарды.

Эссе – бұл кішірек көлемдегі прозалық шығарма, оның композициясы индивидуалды әсер мен белгілі бір себеп немесе сұраққа байланысты еркін ой-пікірді білдіреді / Әдеби энциклопедиялық сөздік (М., 1987)/ .

Платонның ойынша эссе – бұл оның ішінде көрсетілген «шынайылық нұсқасына» бізді сендіретін «ақиқатпен байланысы бар бір форма…». «Автор белгілі бір құбылысқа не болмаса сұраққа байланысты өзінің көзқарасын бізге растауға тырысатындықтан, біз өзіміз және эссеші – эссе кейіпкерлері болып табылады».

Эссе жанры шығармашылық еркіндікті білдіреді. Эссе – бұл сіздің естіген немесе оқыған я болмаса көрген жайтқа байланысты жеке көзқарасыңыз.

Эссе екіге бөлінеді: 1.Субъективті. Негізгі мақсаты – авторды жан – жақты ашу, таныту. 2. Объективті. Негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуге талап етіледі. Олардың жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссенің ерекшеліктері мен кұрылымдылық бөліктері

Эссе жанрының ерекшеліктері:

Эссенің тақырыбы автор ойының «ұшу алаңы» болып саналады;

Эссенің еркін композициясы өзінің ішкі логикасына бағынышты, ал эссенің басты мазмұнын автор ойларының “көркем оюларында” іздеген абзал болады;

Эссе – айқын бейнеленген авторлық көзқарас;

Жеке авторлық стиль – жанр талабы.

Эссенің жазылу құрылымы:

Бірінші парағы (үлгісі алдын-ала беріледі);

Кіріспе (эссенің 30 % көлемі);

Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

Қорытынды (эссенің 10 % көлемі).

Бірінші парағы (біркелкі үлгі бойынша толтырылады, Эссенің бірінші парағын орындау үлгіге қараңыз)

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

Мыс. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер.

3.Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Кеңінен тоқталатын болсақ: алдымен тақырыптың атауына мән беріп, мақсатын, сізден не сұралып отырғанын, оған қатысты жағдаяттарды, өзекті мәселелерді т.б. жан-жақты ойланыңыз. Тақырыпты ашатын, жазатын мәселелерді жүйелеп алу үшін жоспар құрыңыз.

Сіздің жоспарыңыз келесі бөліктерден тұруы тиіс:

І. Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар компоненттерден құрылады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Эссе тақырыбында айтылған терминдерге түсінік беруге керек пе?», «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?»

ІІ. Негізгі бөлім. Бұл бөлімде негізгі идея мен көтерілетін мәселесі аясында шоғырланған дәлелдер мен сараптамалар, негіздемелер болу керек. Тақырыпты тақырыпшаларға бөліп, алға тартатын дәйектерді, сараптама жоспарын жүйелі түрде құрып алған жөн. Аналитикалық материал ретінде графикалар, сызба, тірек – схемаларын да қолдануға болады.

Қарастырылатын мәселеге байланысты сараптама мына жүйемен жүзеге асуы керек: себеп-салдар, жалпы-жалқы, түрі-мазмұны, бөлшек-бүтін, тұрақтылық-өзгермелілік. Эссе құрастыруда бір параграф тек қана бір дәлелдемеден тұратынын естен шығармаған дұрыс. Жоспар құрып, бөлімдерді тақырыпшаларға ажыратқанда, осы ережеден ауытқымау қажет. Сонда жоспар бөліміндегі тақырыпшалардан қарастырылатын тақырып дәлелдемелері қаншалықты жүйеге сай екендігі бірден байқалады.

ІІІ. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды ой түйіні. Қорытынды құрастыру үшін қажетті әдіс-тәсілдер: қайталау, иллюстрациялар, цитата, сенімді дәлел. Қорытындыда осы дәлелдеме қажет болатын жағдай немесе мәселелерге байланысы да көрсетілуі мүмкін. Қорытындыда басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты, эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстау керек. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.