Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Modulnaya_kniga_Kazakhstan_v_glob_kontexte_05.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Модулдік тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар

Модульдік тапсырмалар ғылыми жоба ретінде жазбаша түрде орындалады және сегізінші аптада қазақ және орыс тілдерінде қорғауға ұсынылады, сонымен қатар тақырып негізінде қысқаша мазмұндама ағылшын тілінде жазылады.

Сізге таңдауға төрт тақырып ұсынылады. Сізге қызықты тақырыпты таңдаңыз. Тақырыпты түсінгеніңізге көз жеткізіңіз. Егер тақырып не сұрақ түсініксіз болса оқытушыға көмекке жүгініңіз. Нақты ғылыми жоба тақырыптары қайталанбауы керек.

Ғылыми жобаны талдау барысында «салыстыру», «талдау», «талқылау», «жалпы және сіздің жеке бағаңыз», « шешім».

Алға қойылған мәселені шешу үшін:

зерттеу тақырыбына талдау жасау, мәселені анықтау,

  1. керекті әдебиет көздерін табу (әдебиет, интернет)

  2. келесі бөлімдерден тұратын жұмыс жоспарын құру:

A. Кіріспе

a. зерттелетін мәселе немесе тапсырманы сипатттау;

b. тақырыптың маңыздылығын қысқаша сипаттау

c. тірек сөздерді анықтау

d. әр бөлім бойынша қысқаша мазмұндама беру,

B. Әдебиетттерге шолу жасау,

a. B және C бөлімдері кей кездері теорияның практикамен байланысын көрсету мақсатында біріктіріледі.

C. ТЕОРИЯ/БОЛЖАМ

D. Әдістер

a. Зерттеуді қандай тәсілмен жүзеге асырасыз?Өзге авторлар пікірі,олардың берілген тақырыпқа көзқарасы да маңызды.

b. Егер сіз статистикалық талдау жүргізсеңіз,алынған нәтижені сипаттаңыз және салыстырыңыз.

c. Алынған мәліметтерді ретімен жазыңыз.Егер мәліметтер көлемі көп болса қосымша тіркеңіз.

E. Берілгендер

a. E жә F бөлімдерін біріктіруге болады..

b. Бұл бөлімдерде сіз статистикалық талдау нәтижелерін нақты сипаттаңыз.

F. Нәтижелерді талдау және сипаттау

a. Зерттеу нәтижелерін теориялық бөлімге жазыңыз.

b. Сіз зерттеу жұмысыңызға сыни көзқараспен қараңыз.

G. Шешімдер

a. Алынған нәтижелерді қысқаша мазмұндаңыз.

b. Бұл бөлімде сіз жобаның маңызы мен жеткен нәтижелерді талқылай аласыз.

Оқу барысында сіз «Саясаттану», «Экономикалық теория негіздері» «Шет тілі » пәндері оқытушыларымен кеңесе аласыз.

Студенттер жұмысына кеңес беру кестеге сай жүргізіледі.Студенттер кеңеске қатысуға міндетті. Жұмысты қорғау кестеге сәйкес 7-8 апта аралығында жүргізіледі.

Жоба топпен немес жеке орындалады. Жоба қорғауда және бағалауда бүкіл топтың жұмысы қаралады.

Модульдік тапсырманы рәсімдеу талаптары

Модульдік тапсырма қазақ және орыс тілдерінде, Times New Roman кегль - 14, жоларалық арақашықтық 1,0: солдан 2,5 см, оңнан – 1 см-ден кем емес, жоғары және төменнен 2 см-ден.

Жоба құрылымы:

- титулді парақ белгіленген формада (1 қосымшаны қараңыз.);

- қысқаша мәлімет ағылшын тілінде А2 деңгейіне 200 сөзден аспау керек, В2 деңгейінде 400 сөзден аспау керек.

- негізгі бөлім қазақ және орыс тілдерінде (4 беттен аспау керек)

әдебиеттер тізімі (3 қосымша).

Жұмыстың жалпы көлемі А4 форматты 7 парақтан аспау керек

Барлық беттер төменгі жақтан ортасынан ,2 беттен бастап нөмірленуі керек.Барлық кестелер мен сызбалар ретімен нөмірленуі керек.

Жазба жұмысында ресми қысқартуларды қолдануға болады.

Әр параграф, кіріспе,қорытынды,әдебиеттер тізімі және қосымшалар жаңа беттен жазылады.

Тақырып атауынан соң нүкте қойылмайды. Мәтінде негізгі бөлімдердің атауы және нөмірлері мазмұнымен сәйкес келуі керек. Тақырып атаулары майлы қаріппен жазылады.

Зерттеуші- ғалымдардың тегін жазу барысында адам аттары тегінен бұрын жазылады.

Мәтін барысында сілтемелер қолданылады.Дәйексөз өзгеріссіз берілген жағдайда, дәйексөз тырнақшаға алынады және сілтемелер қойылады. Сілтемелер біреудің пікірін жазу барысында да қолданылады. Жалпыға белгілі оқиғалар мен фактілерге сілтемелер жасалмайды. Сілтемелер басынан соңына дейін нөмірленеді.

Әдебиттер тізімі мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес құрылады.Егер жұмыс барысында ақпарат көздері мен ғылыми әдебиеттер көп қолданса ,әдебиеттер тізімін келесі бөлімдерге бөлуге болады: заңнамалық актілер,арнайы құжаттар,арнайы әдебиет,монографиялар,ғылыми мақалалар,мерзімді басылымдар және т.б. Алдымен орыс тіліндегі әдебиеттер , сосын шетелдік басылымдар тізімі беріледі. Әр бір бөлімде әдебиеттер тізімі алфавиттік жүйемен беріледі. Нормативтік құқықтық актілер тізімі хронологиялық ретпен жазылады. Электрондық ресурстарды қолдану барысында ақпарат атауы,көзі жазылып,коды мен мерзімі көрсетіледі.

Жобаны қорғауға дайындық ұсыныстары

Қорғау комиссиясына ұсынылатын баяндама-бұл жобаның 7 минуттан аспайтын қысқаша мазмұны.Баяндаманы электрондық нұсқада көрсету ұсынылады.Қорғау барысында кестелер,диаграммалар,плакаттар,фото суреттер,видео, аудио,мультимедиялық материалдар қолдануға болады.

Қорғауда кіріспе сөз комиссия мүшелеріне сәлемдесуден,жоба тақырыбын таныстырудан басталады.Баяндамада тақырып маңыздылығын ,мақсатын,зерттеу әдістерін ,ақпарат көздерін қысқаша баяндау керек.Негізгі сөз өз зерттеулері мен авторлардың ұсыныстарына арналады.Слайд қолдану барысында слайд мазмұнын оқу міндетті емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]