Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
releynaya_zaschita.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.04 Кб
Скачать

14 Жерге тұйықталудан қорғаныстары

Жерге тұйықталулардың қалыптасқан токтары электр жүйенің бейтараптамасының жұмыс режімімен анықталады. Бейтараптамасы оқшауламаланған тораптардағы бірфазалық тұйықталуларда зақымдану орнындағы токтардың қалыптасқан мәндері әдетте бірнеше ондаған амперден аспайды. Егер бейтараптаманы доға өшіру реакторы арқылы жерлендірсек, онда реакторды үйлесімді баптағанда жерге тұйықталу тогын едәуір азайтуға болады. Осыған байланысты осындай тораптарда жерге бірфазалық тұйықталулардың қалыптасқан токтарына шағылысатын токтық қорғанысты орындау, кейбір қиындықтар туғызады. Бұл жерге тұйықталулар кезіндігі өтпелі процестердің тогына тәуелді әрекет ететін қорғаныстарды құру қажеттілігіне әкеледі, және де жерге тұйықталу тогында болатын жоғары гармоникалық құраушыларына шағылысатын құрылғыларды; сол сияқты токтық бағытталған қорғаныстар және басқа да қорғаныстар қолданылады.

Жерге тұйықталудан жалпы талғаулық емес сигнал беру құрылғысы. Бейтараптамасы оқшауламаланған немесе доға өшіру реакторы арқылы жерленген тораптардағы бірфазалық жерге тұйықталу апатты жағдайға келтірмейді. Фазааралық кернеуге қосылған тұтынушылар қалыпты күйде жұмыс жасауын жалғастыра береді. Бұл жерге тұйықталудан сигналға әрекет ететін қорғанысты орындалуына мүмкіндік береді. Жай құрама пішін тораптарда, берілген кернеу жүйесіндегі оқшаулама күйін қадағалайтын, талғаулық емес сигнал беру жалпы құрылғысын қолдануға рұқсат етіледі. Құрылғының схемасы жерге қатысты фазалар кернеулеріне қосылған үш минималь кернеу релесінен (12.1,а сурет), немесе нөлдік реттелік кернеуіне қосылған бір максималь кернеу релесінен (12.1,б сурет) тұрады. Сигнал беру құрылғысы әдетте шиналарда орналасқан кернеу трансформаторына қосылады.

Сурет 12.1. Жерге тұйықталудан жалпы талғаулық емес сигнал беру құрылғысының схемалары

15 Нөлдік реттелік токтық қорғанысы.

Нөлдік реттелік токтық қорғанысы. Тораптың ұзақ жұмыс істеуі, бір фазаның жерге тұйықталуынан фазааралық оқшауламаның бұзылуы мүмкіндігіне және бірфазалық тұйықталудың көпфазалыға ауысуына байланысты, жіберілмейді. Жерге қатысты бүлінбеген фазалардың кернеулері √3 есе жоғарылауына байланысты жерге екі ретті тұйықталуы мүмкін. Сондықтын, пішіні күрделі созылмалы тораптарда, бүлінген участкені анықтау қийындыққа түссе, жалпы талғаулық емес сигнал беру құрылғысы бірге, әрбір қосылыста талғаулықты қорғанысты қарастыру керек. Әдетте ол токтық қорғанысы.

Фазааралық оқшауламасының бүлінуі тек қана жерге тұйықталу орнындағы токтың өту ұзақтылығымен ғана емес, сонымен қатар ток мәнімен анықталады. Сондықтан, бірфазалық тұйықталулардың көпфазалыққа ауысудан сақтап қалу үшін кернеуі 3-20кВ тораптарда, темір бетонды және металды тіректері бар және барлық 35 кВ тораптарда жерге тұйықталудың максималь тогы Imax <30A аспауы қажет; кернеуі 3—6кВ темір бетонды және металды тіректері жоқ тораптарда - Imax <30 А, кернеуі бойынша 10кВ – Imax<20A, кернеу 15-20 кВ Imax<15A көп емес.

Сонымен қатар, шектелген жерге тұйықталу токтары әдетте қорғалатын элементтің жұмыс токтарынан кішірек болады.

Бірақ, басқа фазада жерге тұйықталудың екіншісі пайда болғанда (екі ретті жерге тұйықталу) токтар едәуір өседі, ал жанасу кернеуі рауалы емес мәнге жетеді және оқыс жағдайларын туғызады. Қауіпті екі ретті тұйықталудың пайда болу мүмкіндігінің ықтималдығын азайту үшін, қарастырылатын тораптарда жерге тұйықталулардан қорғаныс уақыт ұстамасыз ажырату әрекетімен жүргізіледі. Қорғаныс сезімталдығы Кч=3 I(1)о эк / IC.З коэффицентімен сипатталады. I(1)о эк тогы минималь ықтималдық қосылған желілердің режіммен анықталады. Қорғаныс сезімталдығы жеткілікті болады, егер әуе желісі үшін Кч ≥1,5 болса, ал кабельдік желілер үшін - Кч ≥1,25. Токтың нөлдік реттелік фильтры ретінде қорғанысты жасау үшін нөлдік реттелік ток трансформаторы (ТНП) TAZ (12.2 сурет) қолданылады.

12.2 сурет. Кабельдік нөлдік реттелік ток трансформаторымен жерге тұйықталулардан қорғаныс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]