Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
releynaya_zaschita.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.04 Кб
Скачать

10 Токтық бағытталған қорғаныстың әрекеттік принципі

Токтық бағытталған деп, талдаулығы бар, қорғаныстардың қосылған орнындағы ҚТ ток пен қуат бағытымен (белгісімен) шағылысатын, қорғаныстарды айтады. Сол себептен екінші қорғаныстың бірінші қорғаныстан айырмашылығы қосымша атқарушы органы (АО) бар, ол қуаттың бағыттаушы органы деп аталады. Токтық қорғаныстар кез келген электр энергетика жүйесінің элементтерінде қолданылуы мүмкін (желілерде, трансформаторларда, қозғалтқыштарда т.б.), токтың бағытталған - желілерде, трансформаторларда және т.б. жағдайларда. Кейбір кездерде, мысалы, желілерде, қорғаныстардың екі түрі де бір мезгілде қолданылады, бірақ қорғанылатын элементтерінің әр түрлі жақтарында. Берілген жағдайда, олардың жұмысы желілердің қорғаныстарына құпталған болып қарастырылады. Алдын ала орнатылған шамадан ток асқанда қорғаныстар іске қосылады (максималь қорғаныстары). Жалпы жағдайда, олар уақыт ұстамасы i=(l) саттылы, баяулы (тәуелді) немесе құрамалық сипаттамасымен орындалады, мұндағы 1 – қорғаныс қосылған орнынан ҚТ нүктесіне дейінгі ара қашықтық.

11 Қашықтықтан бағытталған үш сатылы қорғаныс

Қорғаныстың негізгі органдары. Қашықтық бағытталған үшсатылы қорғаныстың функционалды схемасы 10.3 а суретте көрсетілген. Қорғаныстың әр сатысы өлшеуіш органға ие. Бірінші мен екінші сатыда – бағытталмаған немесе бағытталған кедергі релелері – KZ11 мен KZ 211 қашықтық органдары. Үшінші сатының өлшеуіш органы – КА111 (KZ111) релесі - барлық қорғаныстың іске қосу органы болып табылады.

Сурет 10.3. Қашықтық бағытталған үшсатылы қорғаныс

Қуаттың бағыттау органы – KW релесі – қуат қосалқы станцияның шиналарына бағытталғанда қорғаныстың іске қосылуынан сақтайды және іске қосу органы мен қашықтық органдар бағытталуына ие болмаған жағдайда қарастырылады

Қашықтық қорғаныстың құрамына өлшеу органдарынан басқа уақыт ұстамалар органы және қорғаныстың кейбір режімдердегі дұрыс істемеуінен сақтайтын бір қатар блоктаулар кіреді.

12 Бойлық дифференциал токтық қорғаныс.

Бойлық дифференциал токтық қорғанысы негізінен шоғырланған параметрлі элементтерді қорғау үшін қолданылады, мысалы трансформаторларды. Ол сонымен қатар аса ұзын емес желіні қорғау үшін де қолданылады. Бойлық дифференциал токтық қорғанысы қорғалатын элементтің басы мен соңындағы токтардың салыстырмасына негізделген. Желіні қорғау үшін оның шықпаларында трансформациялау коэффициенті бірдей ток өлшеуіш трансформаторлары қондырылады. Дифференциал қорғанысты орындауда екі түрлі - циркуляциялық токтары және теңестірілген кернеулері бар схемалары қолданылады.

Сонымен, бойлық дифференциал қорғанысы аумақтағы зақымдануда әрекет етеді және сыртқы қысқа тұйықталуларға, тербелулер токтарына, қалыпты жұмыстағы токтарға шағылыспайды, яғни ол абсолюттік талғаулыққа ие.

13 Көлденең дифференциялдық қорғаныс

Токтық көлденең дифференциал қорғанысы. Бұл қорғаныс параметрлері бойынша аз ерекшеленетін аттас фазалардың параллель тармақтардың токтарын салыстырылуына негізделген. Қорғаныстың жұмыс істеу принципі қосарланған желіні қорғауды орындаудың мысалында көрсетілген (11.4 сурет). Мұндай желілер 3-10 кВ кернеулі таратушы тораптарда бір тармақтың өткізгіштік қабілеті жеткілікті болмағанда қолданылады.

Сурет 11.4. Көлденең дифференциал токтық қорғаныс

Қорғаныстың орындалуы үшін, қоректендіруші А шиналар жағынан орналастырылған трансформациялық коэффициентері бірдей ток трансформаторларын қолданамыз. КА ток релесі қосарланған желінің циркуляциялық токтары бар схемасы бойынша екі аттас фазаларының токтар айырымына қосылады. Токтардың шинадан желісіне шарт бойынша оң бағытта қолданылған болғанда реледегі ток . Сондықтан, бойлық дифференциал қорғаныста сияқты, қалыпты жұмыс кезінде және сыртқы қысқа тұйықталуларда (қосарланған желіден тыс К1 нүктесіндегі) реле орамымен тек қана балансты емес ток өтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]