
- •1 Релелік қорғаныстың тағайындалуы. Релелік қорғаныстың функциялары және оған қойылатын негізгі талаптар.
- •2 Релелік қорғанысты құрастырудың негізгі принциптері
- •3 Релелік қорғаныстың негізгі органдары.
- •4 Ток трансформаторлары қосылуларының және ток релелері тізбектерінің негізгі схемалары.
- •6 Релелік қорғаныстар үшін оперативті ток көздері.
- •7 Уақыт ұстамасыз токкесерлер.
- •8 Уақыт ұстамасы бар токкесерлер.
- •9 Максималды токтық қорғаныс.
- •10 Токтық бағытталған қорғаныстың әрекеттік принципі
- •11 Қашықтықтан бағытталған үш сатылы қорғаныс
- •12 Бойлық дифференциал токтық қорғаныс.
- •13 Көлденең дифференциялдық қорғаныс
- •14 Жерге тұйықталудан қорғаныстары
- •15 Нөлдік реттелік токтық қорғанысы.
7 Уақыт ұстамасыз токкесерлер.
Уақыт ұстамалығынсыз токкесер. Токтық қорғаныстың бірінші сатыдағы (келесіде біз оны токкесер деп атаймыз) талғаулылық әсері оның іске қосылудағы ҚТ-дың максималь тогынан жоғары қабылдау арқылы қол жеткізеді. Қысқа тұйықталу кезінде қорғаныстың әрекеті, тораптағы ҚТ-дың, сондай-ақ қорғаныстағы да қысқа тұйықталу тогының қорек көзіне жақындаған сайын өсуімен, қамтамасыз етіледі (8.3 сурет). 8.3,а суретте 1 және 2 қисықтар қысқа тұйықталу тогының максималь және минималь режімдегі өзгеруін көрсетеді. Кейбір кездерде бір трансформаторды қоректенетін радиалдық желілердегі токкесер арқылы бүкіл желіні қорғауға болады, егерде оның іске қосылуын трансформатордағы зақымдануларды ұйғарсақ (8.3,б сурет).
Сурет 8.3. Іске қосу тогын таңдау және уақыт ұстамасыз токкесер қорғанысының қорғаныс аумағын анықтау
Токкесерлер екі жақтан қоректенетін радиалдық желілерде де қолданылады. Бірақта, сыртқы ҚТ кездерінде (КА және КБ нүктелерінде, 8.4,а сурет) қорғаныс іске қосылмауы қажет. 1 и 2 қисықтар (8. 4,б суретте) ҚТ қорғанатын желіні бойлап ығысқанда ҚТ-дың токтарының өзгеруін көрсетеді.
Сурет 8.4. Уақыт ұстамдылығынсыз екі жақты қоректік желіде іске қосу тогындағы токтық қиылуы
8 Уақыт ұстамасы бар токкесерлер.
Уақыт ұстамалығымен токкесер. Уақыт ұстамалығынсыз токкесердің кемшілігі: желінің бөлігін ғана қорғайды. Желінің соңғы аумағы қорғаныссыз қалады. 8.5 суретте АБ және БВ екі участкесі тізбектеліп қосылған тораптың схемасы көрсетілген, оларды қорғау үшін I1с.з A1 и I1с.з A2 іске қосылу токтары таңдалған уақыт ұстамалығынсыз А11 және A12 токкесерлері орнатылған.
Сурет 8.5. Қорғаныс тогының әсер ету уақыты және қорғалу аймағы
9 Максималды токтық қорғаныс.
Қорғаныс тогының үшінші сатысы токтық максималь қорғанысы деп қабылданған, іске қосу уақыты тәуелсіз және тәуелділігі шектелген сипаттамаларымен орындалуы мүмкін. Осы және де басқа жағдайда қорғаныстың талғаулығын қамтамасыз етуге болады, егер қорек көзіне жақын орналасқан (8.6 суретте) AI қорғанысының іске қосу уақыты t1'" А2 қорғанысының максималь уақыт ұстамадылығынан t2ІІІ талғаулылық сатысына Δt=0,3...0,5 с. жоғары болғанда, сондай-ақ А2 қорғаныс аумағының аралық участкесіндегі К2 нүктесіндегі қысқа тұйықталу кезінде. Егер РТВ қорғаныс релесі қолданылса, онда талғаулылық сатысы 1 с. дейін көбейтіледі.
Сурет 8.6. Бір жақтық қорек көзі бар 8.7. Тәуелсіз уақыт ұстанымдылығы радиалды желідегі максимал токты бар максимал токтың қорғанысы. қорғаныстарды орналастыру. сипаттамаларының үйлесімділігі
Максималь токтық қорғанысының уақыт ұстамалығы сатылы принципте келесідей таңдалынады: таңдауды қорек көзінен неғұрлым алыс орналасқан элементтен бастайды да, оны қорек көзіне жақындаған сайын келесі участкенің ұстамасы талғаулылық сатысыны сай көбейтіледі, сонымен бірге осы участкенің уақыт ұстамалығы алдыңғы участкенің максималь уақыт ұстамалығына қарағанда көбірек болуы тиіс (8.7 сурет):
t3III=t4III + Δt; t2 III=t3 III + Δt; t1 III=t2 III + Δt;