- •1 Релелік қорғаныстың тағайындалуы. Релелік қорғаныстың функциялары және оған қойылатын негізгі талаптар.
- •2 Релелік қорғанысты құрастырудың негізгі принциптері
- •3 Релелік қорғаныстың негізгі органдары.
- •4 Ток трансформаторлары қосылуларының және ток релелері тізбектерінің негізгі схемалары.
- •6 Релелік қорғаныстар үшін оперативті ток көздері.
- •7 Уақыт ұстамасыз токкесерлер.
- •8 Уақыт ұстамасы бар токкесерлер.
- •9 Максималды токтық қорғаныс.
- •10 Токтық бағытталған қорғаныстың әрекеттік принципі
- •11 Қашықтықтан бағытталған үш сатылы қорғаныс
- •12 Бойлық дифференциал токтық қорғаныс.
- •13 Көлденең дифференциялдық қорғаныс
- •14 Жерге тұйықталудан қорғаныстары
- •15 Нөлдік реттелік токтық қорғанысы.
4 Ток трансформаторлары қосылуларының және ток релелері тізбектерінің негізгі схемалары.
Ток трансформаторлары (ТТ) біріншілік және екіншілік тармақтарды (бөгеттеуішті) бөлуге және де токтың шамасын өлшеуге ыңғайлы деңгейге келтіруге қызмет етеді. Екінші ораманың стандартты номинал тогы 1А немесе 5А. ТТ-ның жалғану схемасы мен құрылғысы 5.1 суретте көрсетілген. ТТ болат С өзекшеден және екі орамшадан құралған: біріншілік (тармағы сандарымен W1) және екіншілік (тармақтағы сандарымен W2). Көбінесе ток трансформаторлары екі және одан да көп өзекшеден жасалады. Бұндай құрылыстарда біріншілік орама барлық өзекшелерге ортақ болып табылады (5.1, б сурет). Біріншілік орама жуан сыммен орындалатын, бірнеше тармақтардан тұрады және сол элементтің тармағына тогы өлшеніп жатқан немесе оның қорғанысы болатын болса тізбектеліп қосылады. Орамы жұқа сыммен жасалған екіншілік орамаға көп санды тармақтары бар тізбектеліп жалғанған реле мен аспаптар қосылады.
сурет. Ток трансформаторының жалғану схемасы 5.2 сурет. Ток трансформаторының және Релелер және өлшеуіш аспаптар ток трансформаторының екіншілік орамаларына әртүрлі схемаға қосылады.
5 Кернеу трансформаторлары қосылуларының және релелер тізбектерінің негізгі схемалары.
Кернеу трансформаторы тоқ трансформаторы сияқты екі түрлі қызмет атқарады: бірінші және екінші текті тізбектерді ажырату үшін, сонымен қатар кернеу шамасын өлшеуге ыңғайлы түріне келтіру үшін қолданылады (екінші текті ораманың стандарттық кернеуі 100/57В). Кернеу трансформаторының жұмыс істеу режимі бос жүріс режіміне жақын. Жұмыс принципіне және құрылымына байланысты кернеу трансформаторы күштік трансформаторына ұқсас. 6.1 суретте келтірілген TV кернеу трансформаторы жіңішке трансформаторлық болат пластиналардан жиналған болат өзекшеден С (магниттік өткізгіш), бір-бірінен және болат өзекшеден оқшауламаланған бірінші және екінші текті екі орамадан тұрады. Орам саны көбірек болатын w1 бірінші текті орама тікелей жоғары қоректену көзіне қосылады, ал орам саны азырақ болатын w2 екінші текті орама өлшеуіш аспапқа және релеге параллель түрде қосылады.
6.1. сурет. Кернеу трансформаторының құрылысы және қосылу схемасы |
6.2. сурет. Кернеу трансформаторы орамаларының белгіленуі |
6 Релелік қорғаныстар үшін оперативті ток көздері.
Жауапты объектілерде оперативтік токтың негізгі көзі ретінде аккумуляторлық батарея қолданады. Аккумуляторлық батарея оперативтік токтың жоғары сенімді көзі деп саналады. Аккумуляторлық батареяның кернеуі қосалқы станцияның негізгі желісінің кернеуінің бар болуы мен шамасына тәуелді емес, объектіде батареяның қуаты ажыратқышты іске қосу операциясы үшін жеткілікті. Құнының жоғарлылығын есепке алып, және аккумуляторлық батареяның негізгі стационарлық тұрақты қызмет етуін қарастырып, электростанциялар мен ірі 330-110 кВ кәдімгі қосалқы станцияларда аккумуляторлық батарея ертеде орналастырылатын. Көптеген жағдайларда тұрақты оперативті токты пайдалану ең әмбебапты болады деп есептеледі. Егер жауапты объект болатын болса, онда екі оперативтік ток көздерін пайдалануды қарастыру қажет, әсіресе ажыратқыштарында екі ажырату соленоиды болғанда және екі оперативті ток жүйесі мен релелік қорғанысының тәуелсіз жүйелерін пайдалануға мүмкіндігі болса. Тек оперативті токты пайдалану қазіргі кездегі микропроцессорлық терминалдарды жүзеге асыру мүмкіндігін туғызады: телебасқару, өлшеу, оқиғаларды тіркеу, осциллографтау және т.б.
