Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
releynaya_zaschita.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.04 Кб
Скачать

1 Релелік қорғаныстың тағайындалуы. Релелік қорғаныстың функциялары және оған қойылатын негізгі талаптар.

Релелік қорғаныстың басты мақсаты - ҚТ-дың пайда болған жерін және бұзылған құрылғылардың тез арада сөндіргіштерін өшіру немесе электр қондырғының не болмаса желінің бұзылмаған бөлігінен ажыратуда болып табылады. Ал, релелік қорғаныстың екінші мақсаты болып – құрылғылардың қалыпты режімінің бұзылу себебін, апатқа әкелуге болатын және қызмет етуші ұжымының ескерту сигналдарын көрсетуі арқылы немесе құрылғыны белгілі бір уақыт ұстамымен сөндіруі болып табылады. Релелік қорғаныстың негізгі түрлері: Максималды токтық қорғаныс (МТҚ); Газдық қорғаныс (ГҚ); Дифференциалды қорғаныс (ДҚ) Қашықтық қорғаныс (ҚҚ) Дифференциалды-фазалық қорғаныс. Релелік қорғаныстың негізгі талаптары: Тезәрекеттілігі; Талғаулығы; Сезімталдығы; Сенімділігі. Тезәрекеттілігі - бұл қасиет қорғаныстың минималды уақыт төзімділігіндегі бұзылуды сөндіру. Талғаулығы дегеніміз - релелік қондырғысының бұзылу орнын табу қасиеті және оны тек қана оған жақын орналасқан сөндіргіштер арқылы өшіруді айтамыз Сезімталдық - ҚТ-дағы жүйенің минималды жұмыс режімі бойынша қорғалатын учаскенің соңында іске қосылуы. Сенімділік -бұл қорғаныс қасиеті, барлық пайдалану кезең бойымен өз функциясын міндетті түрде орындауын айтамыз.

2 Релелік қорғанысты құрастырудың негізгі принциптері

Талғаулықтың сыртқы ҚТ кезіндегі қолдану әдістері бойынша оларды негізгі 2 топқа жатқызуға болады. Бірінші топқа салыстырмалы талғаулық қасиеті бар қорғаныстар, ал келесі топқа - абсолютті талғаулық қасиеті бар қорғаныстар жатады. Абсолютті талғаулық қорғанысымен тек қана ҚТ кезіндегі қорғалған аумағында және сондықтан да ол әдеттегідей уақыт ұстамсыз орындалады. Салыстырмалы талғаулығы бар қорғаныс ҚТ кезінде қорғалған аумағында да, резервтеу қорғаныс ретінде аралас бөліктерде де жұмыс істей алады.

Кейбір жағдайларда ҚТ лезде сөндіруді қамтамасыздандыру үшін талғаулық салыстырмалы талғаулығы бар қорғанысқа қойылған талаптарды азайтылады да, оған аралас аумақтағы ҚТ кезінде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, соңғының қорғаныстары мен сөндіргіштері дұрыс болса да. Мұндай қорғанысты талғаулық емес деп аталады. Олар негізінен автоматты қайта қосу (АҚҚ) құрылғысымен бірге қолданылады.

3 Релелік қорғаныстың негізгі органдары.

Релелік қорғаныстың басты органдары. Релелік қорғаныс құрылғылары келесі бөліктерден тұрады: іске қосу органдардан; өлшеу органдардан; логикалық бөлімінен; орындау бөлімінен; беруші бөлімінен. Іске қосу органы тікелей және үздіксіз қорғалатын жабдықтың жұмыс режімі мен ҚТ пайда болғанда және қалыптан тыс жұмыс режімі кезінде әсер етеді. Іске қосу органдары ток, кернеу, қуат релелері және т.б. көмегімен орындалады. Өлшеу органдарының басты талабы, орнын, бұзылу жағдайын және қорғаныстың керекті әрекетін қолдануын анықтау болып табылады. Өлшеу органы да ток, кернеу, қуат релелері және т.б. көмегімен орындалады. Іске қосу және өлшеу органдардың функциялары біріктірілуі мүмкін. Логикалық бөлімі жүйеден тұрады, ол іске қосу органмен жіберіледі, ал өлшеу органының ұзақтық пен жалғасымды әрекеті болған себептен, сөндіргіштердің өшуі лезде немесе белгілі бір уақыт ішінде болады. Логикалық бөлімі негізінен уақыт элементінен (таймерден), логикалық элементтен, үзілістік және көрсеткіштік реледен тұрады. Орындаушы бөлімі сөндіргіштердің өшу әрекетін орындайды немесе басқа сыртқы құрылғылардың тигізетін әсерін қадағалайды. Беруші бөлімі кейбір қорғаныс түрлерінде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]