
Эпикриз
Науқас Қожахметова Марияш Сағымжановна
Курация кезіндегі шағымы: бас айналуы, жүректің қысып ауыруы, көзінің алды қарауытуы, құлақтың шуылы, жалпы әлсіздік, ентікпе, жұмыс қабілетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы. Температурасы – 36,6ºС. Тыныс алу жиілігі – 18/мин. Тамыр соғысының жиілігі – 85/мин. Артериялық қан қысымы – 160/100 мм с.б.
Ауру тарихынан 1988 жылдан бері өзін науқаспын деп санайды. Ауруға себеп болудың ықпалдары және басталуы ойында жоқ. Осы жылдар аралығында бас ауруының, жиі қан қысымының көтерілуін, эмоциялық және физикалық жүктемеден кейінгі жүрек аймағындағы ауыру сезімдері пайда болатындығын айтты. Коронарлық ауруының өрши түсуіне байланысты екі қатарынан, жазда және көктемде стационарда ем қабылдаған. Сонымен бірге анемнезінде бірнеше жыл бойы максимальды қан қысымының 200/110 мм с.б.б. көтерілуі. 100-200 метр жүргеннени кейін немесе екінші не үшінші қабатқа көтерілгенде ентікпе пайда болады, сонымен қатар жүрек тұсында, төс сүйегінің артынан 10 минутқа жуық созылатын пышақ сұққандай ұстамалы ауыру сезімі пайда болады. Ауыру сезімі сол иыққа, сол қолға, мойынның және бастың сол жағына, төменгі жаққа, жауырын аралығына беріледі.
Лабораториялық зерттеулерден ауытқу байқалды. Сол жақ қарынша қуысының кеңеюі, қолқаның жоғарылаған бөлігінің тығыздалуы анықталды.
Алғашқыда тағайындалған ем: Диета № 10 (гипонатрийілік), емдік режим: ЖИА негізгі факторларын жою, белгілі мөлшерде физикалық жүктеме, еңбек және демалу режимін қалыпқа келтіру. Медикаментозды ем.
Жүргізілген емнен кейін науқастың жағдайы жақсарды.
Науқас үйіне мынадай ұсыныстармен шығарылды:
Диета мен режимді сақтау
Емдік және реабилитациялық шараларды орындау
Ағзаға ауыр физикалық жүктеме түсірмеу
тұрғылықты жері бойынша кардиолог маманында диспансерлік тексерілуден өту
күнделікті келесі препараттарды қабылдау:
Қорытынды диагноз: Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия II В класс, екінші қауіп, ІІ дәрежедегі артериялық гипертензия, ІY қауіп, церебро – базилярлы бассейндегі ІІ дәрежелі дисциркуляторлы энцефалопатия, декомпенсация сатысы, церебральды атеросклероз, аяқтың төменгі бөлігіндегі варикоздық кеңею, декомпенсация сатысы.
Негізгі ауру: Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия II В класс, екінші қауіп
Нгізгі аурудың асқынулары: ІІ дәрежедегі артериялық гипертензия, ІY қауіп, церебро – базилярлы бассейндегі ІІ дәрежелі дисциркуляторлы энцефалопатия, декомпенсация сатысы, церебральды атеросклероз, аяқтың төменгі бөлігіндегі варикоздық кеңею, декомпенсация сатысы.
Болжам
Аурудың болжамын мұқият, тыңғылықты бағалаған жөн. Себебі, ЖИА созылмалы ағымында кенеттен өршуі , яғни ЖКС дамуы нәтижесінде алдыңдығы 1-2 апта ішінде 10-20 %, алғашқы жылда 11% науқастарда миокард инфарктысын дамуы мүмкін. Вазоспастикалық стенокардия кезінде алғаш ұстамадан кейінгі 6 ай уақытында науқастардың 20% жедел миокардтың даму нәтижесінде науқастардың 10% мүмкін.