Паспорт
Кодеин ерітіндісі 1:10 2 мл
Натрий гидрокарбонат ерітіндісі 1:20 40 мл
Натрий салицилаты 1:10 20 мл
Валериана тұндырмасы 5 мл
Қант шырыны 10 мл
Тазартылған су 123 мл
______________________
Жалпы көлемі 200 мл
Босатуға арналған флаконға 123 мл су, 2 мл кодеин ерітіндісі (есірткі зат), 40 мл натрий гидрокарбонаты ерітіндісі, 20 мл натрий салицилат ерітіндісі өлшеп алынады. Пипеткамен 10 мл қант шырыны және 5 мл валериана тұндырмасы өлшеп алынып, шайқау керек.
«Микстура» деген этикеткамен безендіріледі. Рецепттің орнына сигнатура жазылып беріледі, себебі кодеин есірткі заттарына теңестіріледі және есепке алынады.
Рецепт дәріханада қалады.
№2 тапсырма. Концентрлі ерітінділерді, гаалендік препараттарды және заттарды еріту арқылы микстуралар дайындау.
А) микстураның жалпы көлемінің 3%-нан аз. Концентрлі ерітінділерді қолданумен бірге, сұйық дәрілік препаратта олардың пайыздық мөлшеріне де назар аударылады. Егер құрғақ зат микстура көлемінің жалпы көлемінің 3%-нан аз болса заттың еру кезіндегі көлемінің өзгерісі есептелмейді. Себебі заттың аз мөлшерін еріткенде көлемінің аз ғана ұлғаюы болады. Микстураның көлемінің ауытқуы көрсетілген нормасынан аспайды.
Ал: Гексаметилентетрамин ерітіндісі 3% 100 мл
Аммоний хлориді 1,0
Нашатырлы-анис тамшысы 3 мл
Араластыр. Бер. Белгіле. 1 десерттік қасықпен күніне 3 рет.
1,0 Г аммоний хлориді 0,47% құрайды. Себебі оны еріткенде микстураның көлемінің ұлғаюын ескермеуге де болады.
Паспорт
Гексаметилен ерітіндісі 1:10 30 мл
Аммоний хлориді 1,0 г
Тазартылған су 70 мл
Нашатырлы-анисты тамшы 3 мл
_______________________________________
Жалпы көлемі 103 мл
Ыдысқа 1,0 г аммоний хлоридін өлшеп, 70 мл суда ерітеді, ерітіндіні флаконға сүзеді, бюреткадан 30 мл гексаметилентетрамин ерітіндісін өлшеп алады. Соңғы кезекте пипеткамен 3 мл нашатырлы-анисты тамшы қосады немесе микстураның бір бөлігіне тамызады. Араластырып қоспаны флаконға құяды. Флаконды босатуға безендіреді.
Б) микстураның жалпы көлемінің 3%-нан артық. Микстураның жалпы көлемінің 3%-нан артық құрғақ заттарды жазғанда міндетті түрде еру кезіндегі көлемінің ұлғаюын ескереді және микстураны өлшемді ыдыста немесе сулы ерітінді көлемінің КҰК су мөлшерін ескеріп дайындауйды.
Ал: Калий йодиді
Натрий бромиді теңдей етіп 5,0
Глюкоза 15,0
Тазартылған су 180 мл
Араластыр. Бер. Белгіле. 1 ас қасықтан күніне 3 рет
15,0 Глюкоза микстурада 8,3% құрайды.
Глюкозаның концентрлі ерітіндісі болмағанда микстураны өлшемді ыдыста немесе глюкозаны еріткен су көлемін есептеу арқылы КҰК ескеріп анықтиайды. Оның КҰК – 0,64 мл/г. Еріткендегі глюкозаның көлемінің өзгерісі 0,64 х 15=мл. Судың мөлшері: 180 мл – (25 мл+25 мл+9,6 мл) =120,4 мл.
Паспорт
Калий йиодиді ерітіндісі 1:5 25 мл
Натрий бромиді ерітіндісі 1:5 25 мл
Глюкоза 15,0
Тазартылған су 120,4
____________________________________
Жалпы көлемі 180 мл
Ыдысқа 120 мл су құяды, 15,0 г глюкоза есептеп салады, араластырады. Қоңыр флаконға сүзіп, бюреткадан 25 мл калий йодидінің ерітіндісін және 25 мл натрий бромиді ерітіндісін қосады, шайқайды. Босатуға безендіреді.
ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСІ – дәріхана жағдайында дәрілік қалыптар дайындау.
