Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№5 прак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22.62 Кб
Скачать

ТАҚЫРЫП № 5 Ұнтақ тәрізді дәрілік заттары бар микстуралар технологиясы. Концентрлі ерітінділерді қолданып микстуралар дайындау технологиясы

МАҚСАТЫ – Ұнтақ тәрізді дәрілік заттары бар және концентрлі ерітінділері бар микстуралар дайындай білу.

Оқыту міндеттері

- студенттерді тақырып бойынша негізгі терминдер мен түсініктермен таныстыру;

- теориялық білімін қалыптастыру;

- сұйық дәрілік қалыптар мен концентрлі ерітінділер дайындаудың тәжірибелік дағдысын дамыту (операционалды компонент);

- студенттердің коммуникативті дағдысын дамыту (реттілікпен ойын айту, мазмұнын құрылымды баяндау, өз көз қарасын білдіру, дискуссия жүргізу және т.б.);

- сулы және концентрлі ерітінділер дайындауын реттейтін нормативті құжаттармен таныстыру;

- студенттерді үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге, тақырып бойынша өзіндік ойлануын дамыту.

- микстурада жазылған заттардың үйлесімділігін тексеру;

- ұнтақ тәрізді дәрілік заттары бар және концентрлі ерітінділері бар микстуралар дайындау бойынша қажетті ақпараттар алу үшін мф, нормативті құжаттар мен анықтамалық әдебиеттер қолдану;

- ұнтақ тәрізді дәрілік заттары бар және концентрлі ерітінділері бар микстуралар дайындауға қажетті дәрілік заттар мөлшерін есептеу;

- ұнтақ тәрізді дәрілік заттары бар және концентрлі ерітінділері бар микстуралардың оптималды технологиясын таңдау және негіздеу;

- ұнтақ тәрізді дәрілік заттары бар және концентрлі ерітінділері бар микстуралар дайындау;

- дәрілік қалыпты босатуға дайындау, қаттау және безендіру;

- жазбаша бақылау паспортын безендіру;

- ұнтақ тәрізді дәрілік заттары бар және концентрлі ерітінділері бар микстуралар сапасын бағалау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Сұйық дәрілік қалыптардағы улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың мөлшерін тексеру және рецепттің дұрыс жазылуын тексеру.

  2. Құрғақ заттардың пайыздық мөлшеріне байланысты ерітінділерді дайындауға қолданылатын құрғақ дәрілік заттарды ерітудің негізгі үрдісі.

  3. Дәрілік заттың қасиетіне байланысты (жеңіл, баяу, қиынеритін, жеңілтотығатын және т.б.) сулы ерітінділер технологиясының оң нұсқалары.

  4. Концентрлі ерітінділерді дайындаудың асептикалық шарттарын қамтамасыз ету үшін асептика және санитарлық ережелері.

  5. КҮК қолданып, өлшемді ыдыста концентрлі ерітінділерді дайындаудың оң технологиясын таңдау және негіздеу.

  6. Сулы және концентрлі ерітінділерді дайындау кезіндегі негізгі технологиялық операциялар.

  7. Сулы және концентрлі ерітінділердің сапасын бағалау, қажет жағдайда олардың концентрациясын түзету.

  8. Ерітінділерді механикалық қоспалардың жоқтығына тексеру.

  9. Концентрлі ерітінділерді қаттау, безендіру, сақтау және есепке алу.

Зертханалық жұмыс

1 тапсырма. Концентрлі ерітінділер мен галендік препараттарды қолданып микстуралар дайындау.

Бюреткалық жүйені қолданып сұйық дәрілік препараттар технологиясына келесі сатылар кіреді: еріту, сүзу, араластыру, қаттау, босатуға дайындау.

Сұйық дәрілік препараттарды дайындау бойынша нұсқаулықта микстуралар дайындаудағы ингредиенттердің араласу ережесіне ерекше назар аударылады: ең алдымен флаконға есептеп алынған су өлшенеді, қалған концентраттар рецептте жазылуы бойынша реттілікпен қосылады. Тұндырмалар, концентраттар, сулы ерітінділер мен этанолдағы ерітінділер және шырындар соңғы кезекте қосылады.

Микстуралар дайындағанда оның көлемін, концентрлі ерітіндінің мөлшерін және тазартылған судың мөлшерін есептеп алу керек.

Сұйық дәрілік препараттың жалпы көлемін анықтауды сұйық ингредиенттердің көлемдерін қосу арқылы жүргізеді: су, сұйық дәрілік заттар, галенді препараттар мен басқа. Микстураның жалпы көлемін анықтағанда құрғақ заттардың мөлшері есепке алынбайды.

Егер рецептте «нақты көлемге дейінгі» мөлшері көрсетілсе, онда галенді препараттардың жазбасында жазылғандардың көлемі сулы ерітінді көлеміне кіреді.

Концентрлі ерітінділердің мөлшерін есептеу. Концентрлі ерітіндіде заттардың мөлшері пайыз түрінде және сұйылтылған түрде (заттың ерітінді көлеміне қатынасы) көрсетіледі. Мысалы, натрий бромидінің 20% ерітіндісі немесе 1:5 қатынасы. Есептеуін жүргізгенде концентратты сұйылтуды қолданған ыңғайлы, заттың мөлшері сұйылтуға көбейтіледі.

Тазартылған судың мөлшерін есептеу. Рецептте көрсетілген су мөлшері сәйкесінше қолданылған концентрат көлемінен азайтылады немесе егер көр ингредиенттер болса олардың жалпы көлемінен азаяды. Қосылатын су көлемін есептегенде жалпы микстура көлемінен қолданылған концентраттар мен сұйық ингредиенттердің көлемдерін азайту арқылы да есептеуге болады.

Ал: Калий бромиді 3,0

Гексаметилентетрамин ерітіндісі 1,0:100 мл

Кальций хлориді 10% 100 мл ерітіндісі

Араластыр. Бер. Белгілі. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

Микстураның жалпы көлемі гексаметилентетрамин және кальций хлориді ерітіндісінің жалпы көлеміне тең және 200 мл сәйкес.

Микстура дайындауға калий бромидінің 1:5 ерітіндісі (20%) – 15 мл (3х5); гексаметилентетрамин 1:10 (10%) – 10 мл (1х10); кальций хлориді ерітіндісі 1:2 (50%) – 20 мл (10х2) алу керек.

Су мөлшері 200-(50%) – 20 мл (10х2) тең.

Паспорт

Калий бромиді ерітіндісі 1:5 15 мл

Гексаметилентетрамин ерітіндісі 1:10 10 мл

Кальций хлориді ерітіндісі 1:2 20 мл

Дистилденген су 155 мл

______________________________________________

Жалпы көлемі 200 мл

Қоңыр шыны флаконға 155 мл су өлшеп, 15 мл калий бромиді, 10 мл гексаметилентетрамин 10 мл ерітіндісі және 20 мл кальций хлориді 20 мл қосып, араластырады.

Микстураны безендіріп, «Микстура» этикеткасымен босатады.

Ал: Кодеин 0,2

Натрий гидрокарбонаты теңдей етіп 2,0

Валериана тұндырмасын 5 мл

Қант шырыны 10 мл

Тазартылған су 200 мл дейін

Араластыр. Бер. Белгіле. 1 ас қасықтан күніне 3 рет

Бұл жазба бойынша микстураның жалпы көлемі 200 мл құрайды.

Концентрат мөлшері мыналарға тең: кодеин 1:10 (10%) 2 мл (0,2х10); натрий гидрокарбонаты 1:20 (5%) – 40 мл (2х20); натрий салицилат концентраты 1:10 (10%) – 20 мл (2х10).

Су мөлшері: 200 - (2+40+20+5 + 10)= 123 мл