Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баылау диктанттары 5-11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.27 Кб
Скачать

Теледидар.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радиосигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар, түрлі-түсті, ақ ала, кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі - бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын біруақытта күшейту және түрлендіру. Теледидар- ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. 20 ғасырдың соңында теледидардың ертеден қолданылып келген кинескопты түрінің орнына, сұйық кристалды, плазмалы түрлері пайда болды. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидардың ең озық түрі болып саналады.

(Парасат журналы, 10-бет, №1, 2013 жыл, 87 сөз)

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған жылдық бақылау

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан жыл бойы алған білімдерін тексеру.

Үміт

Осы оқу жылы мен үшін бір белес асар жылым. Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын. Ілгері қарай оқуға мүмкіндік бола ма, жоқ па? Ол жағы әзір жұмбақ. Ал, мына училищені жақсы бітірсем, ілгері ұмтылуға жол ашық тәрізденеді. Бірақ, ілгері тарта берердей мүмкіндік алдымда аз елестейді. Өйткені, ауылда әкенің бар тапқан, таянғанын беріп, тілеп отырған ақ тілеуі бар. Осы жылға маған рұқсат бергенде, "Шырағым, жолыңды бөгемейін. Бірақ, біздің тілегімізді де ұмытпа" деген. Ол әшейін айтыла салған сөз емес, атаның, ананың ақ пейілінен, мейірбан жүрегінен айтылған сөз. Оны елемей кетер ойдан да аулақпын.

(К.Өмірбаева.Диктанттар жинағы.2008ж. 92 сөз)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар :

ІІІ деңгей.

  1. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

І нұсқа. Адам, өнер, қабілет. ІІ нұсқа. Білім, бала, қанат.

  1. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар

І нұсқа- әзір. ІІ нұсқа-тілеуі.

  1. Мәтінде кездесетін шылау сөздерді тауып жазып, оның түрін анықтаңыздар.

ІІ деңгей.

  1. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

І нұсқа- Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын.

ІІ нұсқа- Оны елемей кетер ойдан да аулақпын

  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

І – нұсқа. . Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын.

ІІ - нұсқа. Ал, мына училищені жақсы бітірсем, ілгері ұмтылуға жол ашық тәрізденеді.

І деңгей.

«Болашақ мамандығым» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыздар.

Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған іү тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

Лексикалық тапсырмалар:

1. Аударма сөздіктің түрлерін атап, маңызы жайында әңгімеле.

2. Қазақстан мен шет ел білім беру жүйесінің айырмашылығы неде?

3. Оқу-білім тақырыбына 5 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңдер.

4. «Үш тұғырлы тіл» тақырыбына диалог құрастыр.

5. «Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» үзіндісі кімнің өлең жолы екенін атап, шағын шығарма жаз.

Грамматикалық тапсырмалар:

1. Жұмбақтарды көшіріп жазып, зат есімнің астын сызыңыздар.

1) Асапанда бір ана бар,

Маңы толған балалар. (Ай мен жұлдыз)

2) Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)

3) Басып озып құсты,

Қанатын қақпай ұшты. (Ұшақ)

2. Төменде берілген зат есімдерді септе.

Қала, мереке, қалам, мектеп

3.Төмендегі туынды зат есімдердің қандай жолмен жасалып тұрғанын, мағыналарын түсіндіріңіздер. Оларды қатыстырып сөйлем құраңыздар.

Үлгі: Арман жаз бойы егін суарып, астық бастырды.

Егін, көрме, айтыс, мақтаныш, сезім, тұсау, салмақтылық, көрші.

4.Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңіздер.

Үлгі: негізгі түбір: туынды етістік: жұрнақ:

Аял аялда -да

Аз азай -ай

Аялда, азай, жасар, соққыла, ашыл, шуылда, тыныштал, отырғыз, жатпа, кеткен, білдір, көргіз, жүгірт.

5. Зат есімдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Салт атқа шана жектіріп,

Сапарға шықсаң сана ауған жаққа бет бұрып,

Сар дала жатса ақ қарға жонын бөктіріп,

Сабаса келіп үскірік-тікен бетке ұрып.

(М.Мақатаев)

Үлгі: атқа –з.е.

ат –түб.сөз, з.е.

-қа –барыс септігінің жалғауы