- •6. Конструциялық бөлімі
- •6.1 Шатундарды электродоғалық метализациялау әдісімен қалыпына келтіруге арналған жабдықтың прототипінің сипаты
- •6.2 Қондырғының функционалдық технологиялық сұлбасын негіздеу
- •6.3 Шпонкалы (кілтекті) жалғауды беріктікке есептеу
- •6.4 Машина жасау және жабдықтарды жобалау бойынша әдебиеттерді талдау
- •6.5 Дайындамаларды бекіту үшін қажетті күштің есебі
- •6.6 Құрылғы конструкциясын сипаттау және оны тексеру
- •6.7 Құрылғыда бөлшектердің сенімді бекітілу шарттарын есептеу
- •6.8 Фрезерлеу кезінде кесу күшінің есебі
- •6.9 Поршеньдік жетек штогындағы күш есебі
6.5 Дайындамаларды бекіту үшін қажетті күштің есебі
Дайындамаларды бекітуге қажетті күштер, дайындаманың құрылғының орнату элементтерінен шығып кету мүмкіндігінің, кесу күштері әсерінен оның қозғалуын немесе бұрылуының алдын алуы және өңдеу үрдісінде сенімді бекітілуін қамтамасыз ету керек. Кесу күштерін және оның моменттерін кесу теориясы формулаларымен немес анықтамалықтардан алады. Бекіту күштері өңдеу жағдайларын ескеру коэфиценттерінің туындысы ретінде есептелетін белгілі бір К қор коэфицентіне жеткілікті болу қажет.
Құрылғыны жобалағанда кесу, қысу күштері және олардың моменттерінің байланысын талдау арқылы анықталатын қысу күшінің есебін орындау керек.
6.1 – сурет. Күш түсіру сұлбалары
6.1.а. суретте Р бекіту және R кесу күштері бірдей бағытта және тірекке әсер етеді. Бұл жағдайда Р минималды болады және ол R –дан аспау керек.
6.1.б. суретте күштер қарсы бағыттқа ие, онда:
Р=КR, (6.2)
Мұнда: К – қор коэфиценті,
R – кесу күші.
6.1.в. суретте күштер өзара перпендикуляр бағытталған және кесу күшіне Рf2 тірегіндегі және Рf1 бекіту нүктесіндегі үйкеліс күштері кері әсер етеді.
Сонда:
Рf1+ Рf2= КR, (6.3)
Мұнан:
Р= КR (f2+f2), (6.4)
Мұнда: f1 және f2 – үйкеліс күштер коэфиценттері.
6.1.г. суретте өздігінен центрленетін үшжұдырықшалы патронда бегітілген, М кесу моменті және Rх кесу күшінің осьтік құраушысы әсерінде болатын дайындама келтірілген. М моменті дайындаманы ось манына әкелуге, ал Rх осьтік күш он осьтен алшақтатуға тырысады, Р бекіту күшін келесі формуламен табады:
Р=КМ/(3fr), (6.5)
Мұнда: К – қор коэфиценті;
М – кесу күшінің моменті, Н·мм;
f – үйкеліс коэфиценті;
r – дайындама радиусы, мм
Р күшін анықтағаннан кейін дайындаманың мүмкін осьтік ауытқуын есептейді.
6.1.д. суретте дайындама цангалық жиектемеде бекітілген және Р=КМ/(fr).
6.1.е. суретте дайындама сақиналық тіректе бекітілген және тесік бұрғыланады, диаметрі d . Бекіту күші:
Р=К2Мсвr/(dfL), (6.6)
Мұнда: Мсв - бұрғылау моменті Н·мм;
r- радиус, мм (берілген жағдайда r=D/2, мұнда D – дайындама диаметрі);
d – бұрғы диаметрі;
f – үйкеліс коэфиценті;
L - аралық, мм.
Дайындаманы өңделген беттікке орнатқанда f = 0,1…0,15, өңделмеген беттікте f =0,2…0,3, ал рифті f = 0,5…0,7.
Фрезерлік станоктарда стандартталған құрылғылар кеңінен қолданылады, әртүрлі қыспалы және жетекті машиналық қысқыштар; бөлгіш бостар (шағын дайындамаларды қондыру мен периодты бұру үшін) және бұру үстелдері (тегіс беттіктерді позициялық немесе үздіксіз өңдеу үшін). Құрылғылардың ерекшелігі олардың жоғары қатандығы болып табылады. Бұл кесудің үздікті үрдіс екендігімен және жоғары қатаңдық дірілді жақсы баса алатындығына негізделген.
6.6 Құрылғы конструкциясын сипаттау және оны тексеру
Орналастыру және сәйкесінше бөлшекті өңдеу дәлдігі мен жылдамдығын жоғарылату үшін қысу құрылғысы ретінде жалпы көрінісі 3 – суретте берілген пневматикалық жетекті конструкция ұсынылып отыр.
Құрылысы: фрезерлік станок үстелінде орнатылатын рамадан (1); пневмоцилиндрден; рычаг (10) қозғалысқа келтіретін штоктан (9), күшті рычагқа беретін күйентеден (6), штоктарға (2) әсер ететін, ол ілгіштер (5) арқылы фиксаторларға қойылған шатун қақпағын (4) қысады.
