Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Конструкторлық бөлім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
211.83 Кб
Скачать

6. Конструциялық бөлімі

Шатундарды метализациялауға арналған қондырғыны жобалау

6.1 Шатундарды электродоғалық метализациялау әдісімен қалыпына келтіруге арналған жабдықтың прототипінің сипаты

Жаңалық негізінен іштен жану қозғалтқыштың шатундарын қалыпына келтіру үшін металдау тәсілімен қаптама жабуды қарастырады. Жаңалық мақсаты – дискретті немесе үздіксіз түрде реттелетін суппорттың беру қадамы арқылы металлизаторға жіберіп тұруды қамтамасыз ететін технологиялық мүмкіндіктері кең қондырғы жасау.

Берілген метализациялау қондырғысы тіремелерден (1), камерадан (2), көлденең тербелмелі траверсадан (3), қыспадан (суппорт) (5), бағыттауыш (4) бойымен қозғалатын металлизатордан (6 тұрады. Электрқозғалтқыш (7 шестерниялар (8),(9) және шарнирлер (10) және (11), және рычаг (12) арқылы траверсамен (3) байланысты. Қыспа (5) осьтер (13) және (14) түрінде жасалған бағыттауыштарға (4) ерін орналастыған, сонымен бірге осьтерде шпонка орындары бар және олар подшипниктерде (15) орнатылған. Қыспаның араларында торецті винттік жұдырықшалы (19) және (20) бұрылы төлкесі (18) орналасқан винттік жазықтығы бар тіректері (16), (17) бар. Төлкенің (18) толық ұзындығы тіректері (16) және (17) арасындағы қашықтыққа тең. Төлке (18) траверса (3) жетегімен рычаг (14) осінің, тіректің (36), тартпаның (27), рычагтың (28), серіппенің (29) және айналмалы жетектеменің көмегімен кинематикалық байланыста. Өңделетін бөлшектер (31), (32) траверсаға (3) бекітілетін құрсамада (33) жиналады.

Ұсынылатын метализациялау қондырғысы келесі реттілікте жұмыс жасайды: бастапқа жағдайда (құрсама (33) мен траверса (3) төменгі жағдайға , металл қақпақ (6) – шеткі оң жақ жағдайға келтірілген) металл қақпақты және екі қозғалтқышты да (7) және (24) қосады; бұл жағдайда траверса (3) бөлшектермен (31) , (32) бірге түсу – тербелмелі қозғалыс жасайды, ал бұрама (22) төлкемен (18) бірге солға қарай электрқозғалтқыш (24) реттеуімен қойылатын жылдамдықпен жылжиды. Егер тіректің (26) көмегімен рычагты (25) жоғарғы шекті жағдайда қалдырсақ, онда төлке (18) қыспамен (5) екіжақты байланыста болады және соған сәйкес металл (6) бұрамамен (22) бірге қозғалып, нәтижесінде бөлшектер бетін себудің иректі траекториясын жасауды қамтамасыз етеді.

Бірнеше қабат жабын төсеу кезінде метализатордың (6) ал кейін қайтайтқанда қыспаның жұмыс жасау мүмкіндігі бар, бұл кезде жүріс үздіктілігі төлкенің (18) оң жақ винтті жұдырықшасымен (20) қамтамасыз етіледі.

Қондырғыны қолдану қозғалтқыштарды жөндеу барысында гальваникалық темірлеу орнына (шатундардың отырғызылатын беттіктерін жабындауды) жоғары өнімділікті механикаландырылған қолдануға мүмкіндік береді, бұл процесс уақытын, энергия қорын және өндірістік аудандарды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Себу қадамын реттеу және әртүрлі траекторияларды қолдану арқасындағы қондырғы әмбебаптағы мөлшері бойынша әртүрлі жөндеу және жасау кезіндегі әр түрлі типті бөлшектергеде қолданыс табуға мүмкіндік береді.

Бағыттаушы бойымен қозғалу мүмкіндігі және қыспаны жүрістік винт және бұрама арқылы жылжыту механизімі бар тіремесі, бұйымдарды бекіту мен жылжытуға аранлған механизімі бар, металдаушы қыспасы бар металдауға арналған қондырғының ерекшелігі, технологиялық мүмкіндіктерін кеңіту мақсатында қыспаны жылжыту механизімінің бұрылу мүмкіндігімен осьте орналасқан және винттік тіректері бар торецті винттік жұдырықшалы төлкесі бар, және төлке жүріс винтінің бұрамасымен және рычагтар жүйесі арқылы бұйымдарды жылжыту механизімімен жалғасқан.