
- •8 Экономикалық бөлімі
- •8.1 Өндірістік негізгі қорлардың құнын есептеу
- •8.2 Еңбекақы шығындарын есептеу
- •8.3 Амортизациялық есептеулерге кеткен шығындар
- •8.4 Шаруашылық үстеме шығындарын есептеу
- •8.5 Жалпы цехтық шығындар
- •8.6 Өзіндік құн, кірістер мен салықтар есебі Жылдық жұмыс көлемінің өзіндік құны келесі формулада анықталады:
8 Экономикалық бөлімі
8.1 Өндірістік негізгі қорлардың құнын есептеу
Негізгі өндірістік қорлары – бұл табиғи формасын сақтай отырып, көпшілік өндірістік циклдерде қатысатын еңбек құралдары, олардың құны ұзақ уақыт ішінде дайын өнімге өтеді, олардың құны төмендегідей анықталады:
Соф. = Сздр. + Соб. + Синв. + Спр. + Стр. (8.1)
Ғимарат құны мына формуламен анықталады:
Сздр. =S ∙ P, (8.2)
мұнда: S – ғимарат алаңы, 40 м2;
P – алаңның бір шаршы метр құны, 40200 теңге.
Сздр. = 40 ∙ 40200 = 1608000 теңге.
Жабдықтың баланстық құны:
Соб.бал. = 950000 теңге.
Жабдық құны келесідей анықталады:
Соб. = ∑Сi ∙ n= С1∙1 + …+ Ст∙п. (8.3)
мұнда: Сi – жабдық бірлігінің құны,
n – жабдық саны.
Жабдық құны нарықтық құнынан анықталады және 8.1 кесте түрінде бейнеленеді.
Кесте 8.1
Жабдықтар бағасы
-
№
Жабдықтар атауы
Құны,тең-ге,1 дана үшін
Саны
Бағасы, теңге,
1
Фарларды тексеру аспабы
145000
1
145000
2
Мотор – тестер
500000
1
500000
3
Тұтандыру пілтесін тексеруге және тазартуға арналған аспап
90000
1
90000
4
Тежегіш стенді
900000
1
900000
Барлығы:
4
1635000
Кесте мәліметтері бойынша жабдықтардың жалпы құны Соб. =1635000 теңгені құрады
Инвентардың құны жабдықтың баланстық құнынан 2% құрайды:
Синв. = 0,02 ∙ Соб.бал (8.4)
Синв. = 0,02 ∙ 950000= 19000 теңге.
Аспаптар құны жабдықтың баланстық құнынан 10 %-н құрайды:
Спр. = 0,1 ∙ Соб.бал. (8.5)
Спр. = 0,1 ∙ 950000= 95000 теңге.
Жаңа жабдықтың тасымалдауы мен монтажымен байланысты шығындар оның құнының 10%-н құрайды:
Стр. = 0,1 ∙ Сдоп. (8.6)
Стр. = 0,1 ∙1635000 =163500 теңге.
Қосымша капиталдық құрамдар:
Кдоп. = Соб. + Стр. (8.7)
Кдоп. = 1635000+163500=1798500 теңге.
Негізгі өндірістік қорлар құнын анықтаймыз Соф. :
Соф.= 1608000+163500+19000+95000 +163500= 2049000 теңге.