Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.Жобалау бөлімі..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.26 Кб
Скачать

5. Диагностикалық телімді жобалау бөлімі

5.1 Телімнің қызметі

Вест Моторс Сервис мекемесінде әртүрлі қызмет көрсету түрлеріне сұраныс көлемдерін анықтау және талдау барысында және де өндірістік тәжірибе кезінде тіркелген мәліметтерге сүйене отырып, көлікке ТҚК жұмыстары ішінде аталған мекемеге диагностикалық тексеріс бойынша түсетін автокөлік сандары басым екендігін көз жеткізуге болады. Есептеулер нәтижесінде ТҚС-на түсетін барлық сұраныстың шамамен 25-27%-ы диагностикаға тексерілуге келеді екен. Мұндай жағдайдың қалыптасуында жанама факторлардан бөлек негізгі себеп – берілген аймақтағы жол жағдайы мен жеке меншіктегі автокөліктердің пайдаланылу ерекшеліктері болып табылады.

Сондықтан диагностикалық қызмет көрсетуді ТҚК жұмыстарында негізгі қызмет ретінде қарастыруға болады. Осы жағдайларды ескере келе жобаланатын ТҚС-ң жаңа жоспарында басқа телімдермен диагностика жүргізу үшін арнайы телім жоспарлау қажеттілігі туындады.

ТҚС-ы жоспарының кеңейтілуіндегі негізгі мақсаты мекеменің автокөліктерге қызмет көрсету бойынша функционалдық мүмкіндіктерін арттыру болып табылады.

5.2 Қажетті жабдықтарды анықтау

Телімде жасалатын технологиялық операциялардан тәуелді түрлі технологиялық жабдықтар таңдауы жасалды.

ТҚС-да жабдықтардың келесі түрлері қолданылады:

а) инженерлік (желдеткіш қондырғылар, жылыту түйіндері және инженерлік коммуникация);

б) компрессорлық (жылжымалы және тұрақты компрессорларлар, сығылған ауа беруге арналған өткізгіш-трубалар жүйесі);

в) технологиялық (диагностикалық стендтер мен аспаптар, жөндеу және шашып-жинау жабдықтары);

г) қарауға арналған (көтергіштер, жантайтқыштар, домкраттар, эстакада, шұңқырлар);

д) көтеріп-жылжытуға арналған (аспалы, консольдық, едендік, жылжымалы крандар, электротельферлер);

е) ұйымдастырушылық жабдықтау (верстактар, сөрелер, үстелдер, шкафтар);

ж) технологиялық жабдықтау (құралдар, аспаптар);

з) ақпараттық жабдықтар және байланыс.

Жабдықтардың түрі, моделі, саны есептеу арқылы (электржетекті

желдеткіштер, компрессорлар, станоктық құрылғылар) немесе технологиялық қажеттілік бойынша таңдалады.

Бұл кезде келесілерді ескеру қажет:

-посттар мен телімдерде орындалатын жұмыстардың түрлері мен мамандандырылуын;

-берілген жабдық түрінің техникалық сипаттамасы мен қолданылу аясын;

-оның әр түрлі модельді автокөліктерге ТҚК мен Ж-ге икемділігін;

-экономикалық тиімділігін.

Технологиялық жабдықтар таңдауда «Жалпы қолданыстағы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша технологиялық жабдықтар табелі», шығарылатын жабдықтардың әртүрлі каталогтары мен анықтамалықтарын, сонымен қатар интернеттің жарнамалық файлдарын қолданады.

Телім ішіндегі жабдықтар санын 5.1 кесте бойынша қабылдадық.

5.1- кестеде әртүрлі қуаттылықтағы ТҚС-на арналған жабдықтардың шамалас тізімі келтірілген.

Кесте 5.1

Әртүрлі қуаттылықтағы ТҚС-на арналған жабдықтардың шамалас тізімі

Жабдық атауы

Посттар санына байланысты жабдық саны

6…10

11…15

16...20

Автокөлікті қабылдау мен жіберу үшін

Электромеханикалық екібағанды көтергіш

1

1

1

Жинау-жууға арналған

Механикаландырылған жуу құрылғысы

-

1

1

Жоғарғы қысымды шлангалық қолмен жуу құр.

1

1

1

Автокөлікті кептіруге арналған қондырғы

1

1

1

Бірплунжирлі гидравликалық көтергіш

1

1

1

Шаңсорғыш

1

1

1

Посттық жұмыстар аймағындағы ТҚК мен Ж

Электромеханикалық төртбағанды көтергіш

-

1

1

Электромеханикалық екібағанды көтергіш

4..8

8..12

12..16

Жылжымалы гидравликалық кран

-

1

1

Автокөліктегі электржабдықтарын тексеру құрылғысы

-

1

1

АКБ-ға қызмет көрсетуге арналған құралдар жиынтығы

-

1

1

Орталықтандырылған майлау мен отынмен толықтыруға арналған қондырғы

-

-

1

Майтаратқыш

1

2

1

Майжинауыш

1

2

2

Май айдағыш

1

1

2

Агрегатты-маханикалық

Бөлшектерді жууға арналған қондырғы 

-

1

1

Бөлшектеу мен жинауға арналған стендтер:

артқы белдерді

-

1

1

алдыңғы аспаны

-

1

1

беріліс қораптарын

-

1

1

қозғалтқыштарды

1

1

1

іліністерді

-

1

1

рульдік механизмдерді

-

1

1

Клапандарды тегістеуге арналған станок

-

1

1

Клапандарды орнықтыруға арналған бұрғы

1

1

1

Станоктар:

Токарлық-винтқазғыш

-

1

1

Үстелдік-бұрғылаушы

1

1

1

Пресстер:

гидравликалық жылжымалы (10 кН-ға дейін)

1

1

1

гидравликалық (40кН-ға дейін)

-

-

1

Шинажөндеу үшін

Шиномонтаждық стенд

1

1

1

Электрлі вулканизатор

1

1

1

Пневматикалық спредер

-

1

1

Дөңгелектерді теңестіруге арналған стенд

-

1

1

Камера мен шинаны жөндеуге арналған верстак

1

1

1

Камераларды тексеруге арналған қауыз

1

1

1

Құралдар жиыны

1

1

1

Қайрау станогы

1

1

1

Аккумуляторлық батареяларды жөндеу үшін

Жылдам зарядтау қондырғысы

1

1

1

Электрлі дистилятор

1

1

1

Жүктемелік вилка

1

1

1

Верстак

1

1

1

Зарядтаушы шкаф

1

1

1

Арбаша

1

1

1

Электрқұрылғыларын жөндеу үшін

Генераторлар мен стартерларға арналған бақылау-сынау стенді

1

1

1

Якорьларды тексеру аспабы

1

1

1

Рейкалық пресс

-

1

1

Тұтандыру пілтелерін тазарту мен тексеруге арналған аспаптар кешені

1

1

1

Үстелдік бұрғылау станогы

1

1

1

Тұтандыру жүйесін тексеру стенді

1

1

1

Элекриктің құралдар жиынтығы

1

1

1

Диагностикалық

Басқарылатын дөңгелектерді тексеру мен реттеу стенді

1

1

1

Тежеуішті тексеру стенді

1

1

1

Қозғалтқыш талдағыш

-

1

1

Газталдағыш

1

1

1

Фарларды тексеру аспабы

1

1

1

Люфтөлшегіш

1

1

1

Дөңгелектерді (автокөліктен алмай) динамикалық түзету стенді

-

-

1

Амортизаторларды (автокөліктен алмай) тексеру стенді

-

-

1

Отын жүйесінің аспаптарын жөндеу үшін

Отын сорғылары мен карбюраторларды тексеру аспабы

1

1

1

Аспаптарды жөндеуге арналған верстак

1

1

1

Бензиндік бүріккіштерді тексеру мен тазартуға арналған стенд

-

1

1

Шанақты жөндеу үшін

Электромеханикалық жантайтқыш

1

1

1

Гидравликалық гараждық домкрат

-

-

1

Екіжақты қайрау станогы

-

1

1

Бірпосттық дәнекерлеу трансформаторы

-

1

1

Шанақты түзетуге арналған құралдар жиыны 

1

1

1

Шанақты түзетуге арналған тегістеуші стенд

-

-

1

Сырлау үшін

Сырлау кептіру камерасы

-

1

1

Әмбебап-жылжымалы кептіруге арналған инфрақызыл сәулелену қондырғысы

2

2

2

Осы кесте мәліметтері және телімнің функционалдық ауқатын ескере отырып келесідей технологиялық жабдықтар таңдалды.