Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4. Технологиялық бөлім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
236.73 Кб
Скачать

4 Технологиялық есептеу бөлімі

4.1 Шартты түрде жылына қызмет көрсетілетін автокөліктердің саны

Шартты түрдегі автокөлік саны дегеніміз, ТҚС-да жыл ішінде кешенді түрде қызмет көрсетілетін, оның ақаусыз жағдайын қамтамасыз ететін ТҚК және жөндеу жұмыстарының толық көлемі орындалатын автокөліктер.

Автокөліктердің ізделінетін санын және олардың класқа бөлінуін:

  • МАИ мәліметтері негізінде;

  • жақын жерлердегі гараждық кооперативтердің мәліметтері бойынша ;

  • жергілікті жердегі әкімшілік немесе ХҚО (ЦОН) мәліметтерінен т.б. анықтауға болады.

Нақты автокөлік санын қабылдаған кезде келесідей ерекшеліктерді ескеру қажет:

- аймақта бірнеше ТҚС-ы болған жағдайда жобаланатын станция қызметін есепке алынатын барлық автокөлік иелері пайдаланбайды;

- автокөліктердің бір бөлігіне иелерімен өз гараждарында қызмет көрсетіледі.

Жоғарыда келтірілген ерекшеліктерді есепке ала отырып, жобаланатын ТҚС-да ТҚК мен жөндеуден өтетін і-ші класты автокөліктердердің нақты саны:

, дана (4.1)

мұнда: Аi –берілген аймақтағы (аудандағы) і-ші класты автокөліктердердің саны. КСТО – жобаланатын ТҚС-ң қызметін пайдаланатын автокөліктер үлесін ескеретін коэффициент. Отандық автокөліктер үшін (Ресей) КСТО=0,45…0,50;  Шет ел автокөліктері үшін КСТО=0,75…0,8.

Жеңіл автокөліктердің класс бойынша таралымы белгісіз болған жағдайда келесі қатынасты пайдалануға болады (автокөліктердің жалпы саны 100 ).

-аса кіші класты жеңіл автокөліктер – 10%;

-кіші класты жеңіл автокөліктер – 60%;

-орта класты жеңіл автокөліктер - 30%.

Мысал: Шартты түрде жылына қызмет көрсетілетін автокөліктердің санын анықтау. 2014 жылғы МАИ мәліметтері бойынша Ақтөбе қаласы халқының жеңіл автокөлікпен қамтамасыз етілуі әр 1000 адамға 170 автокөлік. Ал ХҚО мәліметі бойынша Құрмыш аймағынын тұрғындар саны 23000 адамды құрайды. Осы мәліметтерді ескере отырып, аймақтағы жеңіл автокөліктердің шартты саны мен жобаланатын ТҚС-да ТҚК мен жөндеуден өтетін і-ші класты автокөліктердердің санын анықтаймыз.

1000 --- 170 ав.

23000 ---- Х ав.

Х=(2300•170)/1000=3910

АСТО= 3910•0,65=2541 дана.ав

Кесте 4.1

Автокөліктердің жыл ішінде ТҚС-на келу саны.

Жұмыс түрлері

Белгіленуі

Жыл ішіндегі

авт-ң келу саны

Бір автокөлікке кешенді қызмет көрсету

2

Бір кешенді қызмет көрсетілетін автокөліктің жинау-жуу жұмыстарына келу саны

2

Әр автокөліктің антикоррозиялық өңдеуге келу саны

0,3

4.2 Пайдаланудың климаттық жағдайлары

4.2-кестеде климаттық жағдайларға байланысты ТҚК мен жөндеудің меншікті еңбек сыйымдылықтарын дұрыстау үшін қолданылатын Ккл  коэффицентінің мәндері келтірілген.

Кесте 4.2

Климаттық аудандарының коэффицентінің мәні

Климаттық аудандар

Ккл

Қалыпты

1,0

Қалыпты-жылы, қалыпты-жылы ылғал, жылы-ылғал

0,9

Ыстық-құрғақ, өте ыстық құрғақ

1,1

Қалыпты-салқын

1,1

Салқын

1,2

Өте салқын

1,3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]