
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті
- •Модуль бойынша оқыту бағдарламасы (силлабус)
- •2. Модульдің формуляры
- •3. Пән бойынша оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар__________________ _____________________________________________________________________
- •4. 1.Пән бойынша дәріс сабақтарының мазмұны
- •4.2. Пән бойынша практикалық (семинарлық) сабақтардың мазмұны
- •5.1. Сөж тапсырмасының сипаттамасы
- •5.2. Аудиториядан тыс сабақ (сөж) - (академ.Сағаттың саны көрсетілсін)
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •КҮндізгі оқу бөлімі студенттері үшін баға қою саясаты.
- •7.2.Сырттай оқу бөлімі студенттері үшін баға қою саясаты
- •8. Модульді аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтарының тізімі.
- •Пән бойынша оқыту бағдарламасын дайындаған аға оқытушы, юриспруденция магистрі, кафедра «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» / қызметі, атағы/
5.1. Сөж тапсырмасының сипаттамасы
№ п/п |
СӨЖ аталуы |
Бақылаудың күні (апта номері) |
Көлемі және орындалу шарты |
1 |
реферат |
3 апта |
Үй тапсырмасының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады. |
2 |
Глоссарий |
6 апта |
Пән бойынша кездесетін әр тақырып бойынша терминдерге түсініктеме беріледі. А4 форматты ақ парақ қағаздың бір жақ бетіне қолмен жазу арқылы дайындалады. Глоссарий тапсырмасында кем дегенде 25 термин сөз келтірілуі керек. Әр келтірілген термин сөзге түсініктеме оқытушы алдында қорғау кезінде ауызша беріледі. Термин нақты жазылған, Рәсімделінген, Қысқа, нақты, дұрыс жазылған, Латын тіліндгі транскрипциясын қолданып және Сауатты жазылған болуы керек. |
3 |
Персоналий |
9 апта |
Персоналий жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысы, өзіндік жұмыстың бірі болып табылады. Персоналий студенттің тарихи тұлғаның әлеуметтік болмысын ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған тарихи тұлғаның өмірбаяны мен қызметіне тарихи баға бере білу қабілетін көрсетуі тиіс. - шет елдердің мемлекеттік тарихында өз орны бар тарихи тұлға туралы білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану; - тарихи тұлғалар туралы жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зертеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру жұмыста қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйренуі тиіс. Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 1-2 парақ компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегель – 12, шрифт—Times New Roman немесе KZ Times New Roman.. Беттер барлық қосымшаларымен бірге бірыңғай номерленуі тиіс. Персоналийдің бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ -- мазмұны. Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімдердің атауларының соңында нүкте қойылмайды. Мәтін мен атаулар арасында 1 интервал қалдырылады (10 мм). Егер жұмыста интернеттен алынған қайнар көздер пайдаланылса, көрсетілуі тиіс: Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html. |
*Курстық жоба (жұмыс) дайындауда оны (жұмысты) қорғаудың және дайындаудың жолдары жазылуы тиіс.