
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті
- •Модуль бойынша оқыту бағдарламасы (силлабус)
- •2. Модульдің формуляры
- •3. Пән бойынша оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар__________________ _____________________________________________________________________
- •4. 1.Пән бойынша дәріс сабақтарының мазмұны
- •4.2. Пән бойынша практикалық (семинарлық) сабақтардың мазмұны
- •5.1. Сөж тапсырмасының сипаттамасы
- •5.2. Аудиториядан тыс сабақ (сөж) - (академ.Сағаттың саны көрсетілсін)
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •КҮндізгі оқу бөлімі студенттері үшін баға қою саясаты.
- •7.2.Сырттай оқу бөлімі студенттері үшін баға қою саясаты
- •8. Модульді аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтарының тізімі.
- •Пән бойынша оқыту бағдарламасын дайындаған аға оқытушы, юриспруденция магистрі, кафедра «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» / қызметі, атағы/
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті
«БЕКІТЕМІН»
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы»
кафедрасы меңгерушісі
__________ Алимбетов А.В.
/қолы/ /аты-жөні/
«_____» ____________2014 ж.
Модуль бойынша оқыту бағдарламасы (силлабус)
Мамандық (тар) барлық мамандықтар
(шифры және атауы)
Дайындық бағыты (мамандандыру)
Модуль _________________ Кредит саны(KZ/ECTS) : 2\4
(номер)
Модуль пәндері (семестрде оқытылатын пәннің аты және көлемі – кредит саны):
1 Қазақстандық құқық
Маман дайындап шығаратын кафедра:
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ маман дайындап шығаратын барлық кафедралары
Модуль бойынша оқыту бағдарламасын дайындауға жауапты кафедралар:
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы»
Модуль бойынша жауапты оқытушылардың аты-жөні, әкесінің аты:
1. Көшербаев С.Б.(1-ші комп.) e-mail: ks_260681@mail.ru
Тараз, 2014
Модуль бойынша оқыту бағдарламасы «______»__________2014 жылы № _____кафедра мәжілісінде талқыланып, ұсынылған, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ғылыми кеңесінде «______»__________2014 жылы № _____бекітілген оқу бағдарламасы (типтік және оқу бағдарламалары, бекітілген мерзімін көрсету) негізінде жасалған.
«Қазақстандық құқық» арнайы курсын дайындау Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай Жиырма Қадам» атты қазақстандықтарға жолдауында құқықтық нигилизммен, жастардың сауатсыздығымен және әлеуметтік инфантилизммен күресу мақсатында жасалып отырған тапсырмасы болып табылады.
Курстың мақсаты: Бұл курс Республиканың мемлекеттілігінің құрылуының негізгі этаптарын және қолданыстағы қазақстандық құқықтың қалыптасуының тарихи ерекшеліктерін талдау негізінде Қазақстанның қазіргі құқықтық жүйесінің негізін оқуға бағытталған. Оның құрылымына қазақтардың әдет – ғұрып құқығы және қазіргі заманғы қолданыстағы заңдар жинағы мен нормативтік актілерге талдау жасалып, құқықтық мемлекеттің құрылуы мен қызмет атқаруын қамтамасыз ету, қоғамдық маңызды құқықтық қатынастарды реттейтін тақырыптар енгізілген.
Курстың оқу бағдарламасында «құқықтың» түсінігі мен мазмұнының теориялық мәселелерге, оның мемлекеттік – құқықтық тетіктерді қалыптастыру мен қызмет атқаруындағы орнына ерекше назар аударылған. Қазақстандық құқықтық үлгінің өзіндік ерекшеліктері мен мазмұнына қатысты сұрақтар ашылған. Нормативтік акт қазақстандық құқықтық жүйенің негізі ретіндегі мәніне талдау жасалған.
Курс сондай-ақ, әлемдік мойындауға ие болған және жаңа кезеңнің Конституциясы ретінде сараланған Қазақстан Республикасының Конституциясының мәні мен мазмұнын оқып – үйренуге бағытталған. Аталған курсты оқу Қазақстан Республикасының мемлекеттік – құқықтық тетігінің түсінігі, мазмұны мен қызмет етуін, оның барлық элементтерін білуге мүмкіндік береді.
Президенттің егеменді және құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы рөлін оқып – үйренуге ерекше маңыз берілген.
Курстың міндеттері: Жалпы курстың міндеті ретінде студентте құқықты түсіну және қолдану үшін ерекше заңды көзқарасты қалыптастыру, оның мемлекет және құқық мәселелерімен жете танысуы үшін жалпы дайындықты қамтамасыз ету. Өзіміздің еліміздегі және әлемдегі басқа да мемлекеттердегі қоғамдық құбылыстар туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына әсер ету. Құқық қолдануды жоғары деңгейде игеру мақсатында қызмет ету. Курсты үйренгеннен кейін студент біліп шығатын болады: - курстың тарихи кезеңдерін; - еліміздегі мемлекет пен құқықтың дамуын мемлекеттілік пайда болған сәттен бастап қазіргі кезге дейін; - мемлекеттік құрылым нысанын, қоғамдық құрылымды, жергілікті басқару мен құқықтың негізгі сипаттарын; - заңды кодификациялаудың негізгі нысандарын; - мемлекеттілік пен құқықтың пайда болу себептерін, даму заңдылықтарын т.б.
Пәннің модулі бойынша пререквизиттері мен постреквизиттері / модуль бойынша Пәннің аты «Қазақстандық құқық» - пререквизиттері Қазақстан тарихы, Адам және қоғам, Құқық негіздері. постреквизиттері «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты ҚР Президентінің жолдауы.