Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ботаника ТС.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
267.26 Кб
Скачать

3.Оқыту мақсаты:

1. Механикалық, өткізгіш ұлпалары,анықталуы,сипаттамасы,әр түрлі белгілеріне қарай ұлпалардың жіктелуі.

2..Колленхима дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

3. Склеренхима дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

4. Либриформ,талшық(луб)дегеніміз не,сипаттамасы,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы

Склеренхима дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

5. Склереидтер дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

6. Бұрышты,пластинкалы колленхима қызметі.

7. Склереидтердің әр түрлі түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары мен жалпы белгілері(тасты жасуша,макросклереидтер,остеосклереидтер,жұлдызды склереидтер,жіп тәрізді склереидтер,трихосклнреидтер)

8. Өткізгіш ұлпалар тобына мінездеме беріңіз:електі түтікшелер,сосудтар,трахкидтер.

9. Өзекке сипаттама беріңіз.

10. Либриформ,талшық(луб)дегеніміз не,сипаттамасы,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы

11. Склереидтер дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

12. Бұрышты,пластинкалы колленхима қызметі.

13.Склереидтердің әр түрлі түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары мен жалпы белгілері(тасты жасуша,макросклереидтер,остеосклереидтер,жұлдызды склереидтер,жіп тәрі Өткізгіш ұлпалар тобына мінездеме беріңіз:електі түтікшелер,сосудтар,трахкидтер.зді склереидтер,трихосклнреидтер)

14. Өткізгіш ұлпалар тобына мінездеме беріңіз:електі түтікшелер,сосудтар,трахкидтер.

15. Өзекке сипаттама беріңіз.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Өсімдік ағзасындағы арнайы ұлпалардың типтері,өсімдік тіршілігі үшін жасушаның дифференциялық рөлі.

2.Механикалық ұлпалардың жасушаларына тән белгілер қандай?

3.Колленхима жасуша құрылысының склеренхима жасушасының құрылысынан айырмашылығы қандай?

4.Неге колленхима жас өсімдіктердің органдарына тән?

5.Тін талшықтарының өзекті талшықтарынан не айырмашылығы бар?

6.Склерейд құрылыстарының ерекшеліктері қандай?

7.Електі түтікшелер,құрылысы,қызметі,өсімдіктерде орналасуы.

8.Түтікшелер(трахеи),құрылысы,қызметі,өсімдіктерде орналасуы,трахеяның типтері.

9.Трахеидтер,құрылысы,қызметі,өсімдіктерде орналасуы.

10.Өткізгіш шоқтар дегеніміз не,олардың құрылысы,қызметі.

11.Ксилема неден тұрады,олардың қызметі,басқа ұлпалардың шоқты түтікшелерінен айырмашылықтары.

12. Флоэма неден тұрады,олардың қызметі,басқа ұлпалардың шоқты түтікшелерінен айырмашылықтары.

13.Әр түрлі коллатеральді,биколлатеральді,концентрлі,радильді,ашық,жабық шоқтарға мінездеме беріңіз.

14.Өрлеуші ток,бәсеңдеуші ток қандай түтікшелерден тұрады?

15.Өсімдіктерде қандай өткізгіш элементтер органикалық заттардың жылжуын қамтамасыз етеді?

16.Түтікше-талшық шоқтарды сипаттаңыз,олардың типтері,қызметі,құрылысы.

17.Қабық қандай элементтерден тұрады?

18.Өсімдіктің қандай мүшелері немесе бөліктері перидермамен,ал қандйы қабықпен жабдықталған?

19.Саңылаудың орналасуына байланысты дара және қос жарнақты өсімдіктерді қалай ажыратуға болады?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау(оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу,белгілі препараттармен лабораториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып өткізу).

6.Әдебиет:

Негізгі:

1.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Орынбасарова К.К.»Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Қадишаева Ж.А.»Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3.Ә.Ә.Әметов.Ботаника.Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4.Ш.Н:Дүрмекбаева.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы.Көкшетау:Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,204,-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев,К.Д.Рахимов,Егеубаева.Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов,С.М.Әдекенов,К.Д.Рақымов,Ә.И.Исамбаев,Б.И.Сауранбаев.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7.Бақылау:

Тест:

1. Өсімдіктерде қандай ұлпалар тірек қызметін атқарады?

А. жабындық ұлпа

В. өткізгіш ұлпа

С. негізгі ұлпа

Д. механикалық ұлпа

Е. түзуші ұлпа

2. Өсімдіктерде қандай ұлпалар скелетті деп аталады?

А. бөлгіш

В. негізгі

С. механикалық

Д. жабындық

Е. меристематикалық

3. Механикалық ұлпалар құрылысының қандай ерекшеліктері арқылы өсімдікке қаттылық (мықтылық) береді?

А. жасушалардың қалыңдығынан

В. өте майда размерлі жасушалардан

С. үлкен размерлі жасушалардан

Д. механикалық ұлпалардың жасушаларының тығыз орналасуынан

Е. жасушалардың спецификалық орналасуынан

4. Жасушалардың өсуіне механикалық ұлпалардың қандай типтері кедергі жасамайды?

А. тасты жасушалар

В. склеренхима

С. склереидтер

Д. либриформа

Е. колленхима

5. Жасушаларында тірі құрамы бар механикалық ұлпаларды атаңыз:

А. склеренхима

В. колленхима

С. склереидтер

Д. либриформа

Е. тасты жасушалар

6. Колленхима өсімдіктің қай жерінде кездеседі?

А. перециклда

В. біркелкі барлық ұлпаларда

С. флоэмада

Д. эпидерма астында

Е. ксилемада

7. Колленхима типтерін көрсетіңіз:

А. шеңберлі

В. прозенхималы

С. бұрышты, пластинкалы

Д. цилиндрлі

Е. қалың қабықшалы

8. Механикалық ұлпалардың түрлерін атаңыз

А. ритидома

В. склеренхима

С. склереидтер

Д. колленхима

Е. перидерма

9. Склеренхима үшін қандай жасуша қабықшалардың қалыңдығы тән?

А. біркелкі жасушалардың ұзындығы бойынша

В. бұрышты

С. пластинкалы

Д. шеңберлі

Е. цилиндрлі

10. Склеренхима жасушалар құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз:

А. тірі майда жасушалар

В. тірі емес өзектелген жасушалар

С. тірі емес паренхималы жасушалар

Д. тығыз байланысқан прозенхималы жасушалар

Е. изодиаметриалы жасушалар

4 сабақ

1.Тақырыбы: Өркендердің құрылысындағы жалпы заңдылықтар.Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің өсінділіерінің құрылысы.Тамырлы және өркенді жүйе.

2.Мақсаты: Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің өсінділерінің құрылысын,тамырлы және өркенді жүйені,вегетативті мүшелердің құрылысындағы негізгі заңдылықтарды оқып үйрену.Тәжірибелік алынған білімді бітіктіру.