
- •2014-2015 Оқу жылы
- •Кредит №1
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оқыту мақсаты:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •2 Кредит
- •3. Оқыту мақсаты:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •4.Сабақтың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктердің тірі механикалық ұлпасы:
- •2. Қос жарнақтылар кластарын сипаттайтын белгілері:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
3.Оқыту мақсаты:
1.Өсімдік ұлпалар,анықталуы,сипаттамасы,әр түрлі белгілеріне қарай ұлпалардың жіктелуі.
2.Түзуші ұлпалар,анықталуы,сипатталуы жіктелуі,рөлі,маңызы.
3.Меристема дегеніміз не,олардың өсімдіктерде орналасуына байланысты жіктелуі.
4.Меристемалық ұлпалар жасушаның құрылысы.
5.Негізі ұлпалар,анықталуы,классификасы,рөлі,маңызы.Паренхима дегеніміз не?
6.Сіңіретін,ассимиляциялық,қор жинаушы паренхималардың сипаттамасы,қызметтері.
7.Аэренхима сипаттамасы,құрылысы,қасиеттері.
8. Негізгі ұапалардың қасиеттері.
9.Негізгі ұлпалар сипаттамасы,шоғырлануы,эпидерманың,перидерманың,қабықтың қызметтері.
10.Өсу конусы дегеніміз не?
11. Өсімдіктер биіктігіне,ұзындығына,қалыңдығына қарай ненің арқасында өседі?
12.Қандай ұлпалар каллюс деп аталынады,олардың қызметтері,орналасуы.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Түзуші ұлпалардың сипаттамасы,шоғырлануы,біріншілік,екіншілік меристеманың қызметтері.
2.Қызметтерінің физиологиялық бөлінуіне байланысты ұлпалардың дамуы.Жасушалардың формасына,шығу тегіне,қызметіне қарай ұлпалардың жіктелуі.
3.Меристема,олардың типтері,өсімдікте шоғырлануы.
4.Ұшты меристемалар,жасушалар формалары,бөліну бағыты,жасушалар құрылысының ерекшкліктері
5.Жанама меристемалар,типтері,жасуша құрылысы,бөліну бағыты,олардың тіршілігінің туындылары.
6.Қыстырма, интеркалярлы меристемалар.
7.Негізгі ұлпалар,олардың орындалатын қызметтеріне байланысты жасушалардың құрылысының ерекшеліктері.
8.Апикальды,латеральды,интеркалярлы,ертелі ұлпалар дегеніміз не?Мінездеме беріңіз.
9.Біріншілік,екіншілік меристемаларды атаңыз.
10. Меристема үшін жасушалар бөлінуінің қандай типтері тән?
Өсімдік тіршілігі даму үшін жасушалардың дифференциациялық рөлі.
11. Қандай ұлпалар эмбриональды болып саналады?
Қандай жасушалар инициалды деп аталады?
12. Қандай ұлпалар өсімдікте ең үлкен орын алады?
13. Әр түрлі қызмет атқарушы,арнайы жасушалар тобы,өсімдік тіршілігінің бірлігін қалай қамтамасыз етеді?
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау(оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу,белгілі препараттармен лабораториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып өткізу).
6.Әдебиет:
Негізгі:
1.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Орынбасарова К.К.»Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.
2.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Қадишаева Ж.А.»Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.
3.Ә.Ә.Әметов.Ботаника.Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.
4.Ш.Н:Дүрмекбаева.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы.Көкшетау:Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,204,-100 б.
Қосымша:
1.Ә.И.Исамбаев,К.Д.Рахимов,Егеубаева.Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б
2.М.К.Көкенов,С.М.Әдекенов,К.Д.Рақымов,Ә.И.Исамбаев,Б.И.Сауранбаев.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.
7.Бақылау:
Тест:
1.Өсімдік ұлпалары дегеніміз не?
А. шоғырлануы біркелкі жасушалар тобы
В. біркелкі қызмет орындайтын жасушалар тобы
С. әр түрлі құрылысты,ұқсас қызмет орындайтын дифференциалды жасушалар тобы
Д. бірдей құрылысы бар жасушалар тобы
Е. шығу тегі,жалпы құрылысы,қызметтері бірдей жасушалардың арнайы тобы
2. Қандай ұлпалар,негізгіден түзіледі?
А. жабыңқы
В. меристемалық
С. өткізгіш
Д. механикалық
Е. бөлгіш
3. Түзуші ұлпалардың қандай екінші атаулары бар?
А. шекарлы
В. паренхималы
С. апикалды
Д. меристематикалы
Е. склеренхималы
4. Түзуші ұлпалардың негізгі қызметі:
А. алмасу өнімдерінің шығуы
В. жасушалардың белсенді бөлінуі
С. ақуыз,крахмал жиынтығы
Д. транспирация
Е. фотосинтез
5. Түзуші ұлпалар өсімдіктің қай жерінде орналасады?
А. тек жапырақтарында
В. біркелкі өсімдік бойында
С. сабақтарында
Д. тек тамырында
Е. өсімдіктің өсу зонасында
6.Қандай жасушалар инициальды деп аталады?
А. тұрақты меристемалық жасушалар
В. жансызданған
С. фотосинтез жүргізетін жасушалар
Д. ядросы жоө жасушалар
Е. өсімдікті жабатын жасушалар
7. Меристемалар қандай белгілеріне байланысты жіктеледі?
А. жасушалардың бөліну жылдамдығына қарай
В. шығу тегіне қарай
С. қызметіне қарай
Д. жасушалар размеріне қарай
Е. өсімдік ағзасында орналасуына қарай
8. Қандай меристемалар «апикальды» деп аталады?
А. ертелі
В. жанама
С. Ұшты
Д. қыстырма
Е. инициальды
9. Қандай меристемалар «интеркалярлы» деп аталады?
А. ертелі
В. жанама
С. қыстырма
Д. Ұшты
Е. латеральды
10. Ұшты меристемалардың шығу тегі қандай?
А. үшіншілік
В. екіншілік
С. тұрақтылығы үнемі
Д.үнемі кездеспейтін
Е.біріншілік
11. Қандай меристемалар «латеральды» деп аталады?
А. жанама
В. Ұшты
С. қыстырма
Д. біріншілік
Е. екіншілік
№ 3 Сабақ
1.Тақырыбы: Әртүрлі өсімдіктердің бөлгіш, механикалық,өткізгіш ұлпаларының құрылысының ерекшеліктері. Жіктелуі, функциясы, өсімдіктерде орналасуы. Өткізгіш шоқтар
2.Мақсаты: Дәрілік өсімдік шикізаттарын диагностикалау мақсатында қолданылатын Өсімдiктердің морфологиялық және анатомиялық құрылысының әртүрлілігін оқып үйрену.