
- •2014-2015 Оқу жылы
- •Кредит №1
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оқыту мақсаты:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •2 Кредит
- •3. Оқыту мақсаты:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •4.Сабақтың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктердің тірі механикалық ұлпасы:
- •2. Қос жарнақтылар кластарын сипаттайтын белгілері:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК Фармакогнозия және химия кафедрасы |
044 -52/18-( ) |
«Ботаника» пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік өңдеулер
|
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Фармакогнозия және химия кафедрасы
Мамандығы: 051103 «Фармация»
Пәні: Ботаника
Курсы: 1
Тәжірибелік (семинарлық,зертханалық) сабақтарға
арналған әдістемелік өңдеулер
2014-2015 Оқу жылы
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама №
Кафедра меңгерушісі,х.ғ.д.,проф. Патсаев Ә.Қ
Кредит №1
№ 1 тақырып
1.Тақырыбы:Ботаника микротехникасының негіздері.Жасушаның пішіні мен бөліктері.Өсімдік жасушасының құрылысы,органоидтардың құрылысы және олардың қызметі.Қор заттары және кристалдар.
2.Мақсаты:Ботаникалық микротехниканы меңгеру,жасушаның бөлімдері мен формаларын әр түрлі объектілерде оқып үйрену.Қорлық заттар және кристалдар,ақуыздар,майлар және т.б өсімдік клеткасында оқып үйрену.Дәрілік шикізатты диагностикалау барысында қорлық заттар,кристалдарды анықтап үйрену.
3.Оқыту мақсаты:
1.Микроскоппен жұмыс істеу.Препараттарды дайындау және микроскоппен анықтау.
2.Ұлғайғыш аспаптар,олармен жұмыс істеу.
3.Өсімдік жасушасының құрылысын микроскоппен анықтау үшін қандай ұлғаю қолданамыз?
4.Микропрепараттарды дайындау үшін қандай бояғыштар қолданылады?
5.Протопласт жайындағы түсінік және оның түрлері.
6.Цитоплазма,оның құрылысы мен қасиеті.
7.Органоидтардың құрылысы және олардың қызметтері.
8.Протопласттың мембранасы.
9.Бірмембраналы,екімембраналы,мембранасыз органоидтар,құрылысы мен қызметі.
10.Плазмолемма,тонопласт,гиалоплазма, құрылысы мен қызметі.
11.Эндоплазматикалық жүйе.Рибосома.Гольджи аппараты.Сферосома.Лизосома.Олардың жасушада атқаратын рөлі.
12.Оптикалық және қосымша құрал жабдықтар.
13.Протопласттың туындылары.
14.Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының жалпы айырмашылық белгілері.
15.Қорлық заттар,оның түрлері және жасушадағы пайда болуы.
16.Алғашқы және қорлық крахмалдың түзілуі.
17.Крахмал дәндердің түрлері және құрылысы.
18.Жасушада ақ заттардың пайда болуы.
19.Кристалдардың түрлері.
20.Жәй және күрделі крахмалдың түзілуі.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Жасушаның құрылысын зерттеу үшін,қандай оптикалық аспаптар қолданылады?
2.Микроскоптың оптикалық және механикалық бөлігінің құрылысын атаңыз.
3.Уақытша микропрепараттарды дайындау ережелері.
4.Паренхималық және прозенхималық жасушалар дегеніміз не?
5.Қандай өлшемдер жасушаның өлшемдеріндей болады?
6.Өсімдік жасушасының құрылысын атаңыз.
7.Протопласттың органеллаларын атаңыз.
8.Цитоплазманың сипаттамасын,оның құрамын,физикалық күйін,қасиетін,функциясын атаңыз.
9.Цитоплазманың органеллалары,функциясы,құрылысы.
10.Ретикулумға,диктиосомаға,рибосомаға,митохондрияға,сферосомаға,лизосомаға сипаттама беріңіз.Функциясының құрылысын атаңыз.
11.Пластидтерге сипаттама беріңіз,оның рөлі,функциясы,қасиеттері.
12.Ядроны сипаттау,оның функциясы.
13.Жасуша тіршілігінде қорлық заттардың ролі.Қорлық заттардың бөліну формалары.
14.Қорлық заттарға анықтама беріңіз.Жасушада ақуыз,майлар,крахмал,инулин қандай түрде жиналады?
15.Алейронды дәндерге сипаттама беріңіз.Алейронды дәндердің құнды дәндердің диагностикасы.
16.Крахмалды дәндерге сипаттама беріңіз.Крахмалдың құрылысы. Функциясы.Өсімдік шикізатын талдау үшін крахмалды дәндердің диагностикасы.
17.Инулин оның құрылысы,функциясы.
18.Майлы майлар,олардың жасуша тіршілігіндегі атқаратын ролі.
19.Медицинада қолдану үшін қорлық заттардың мағынасы.
20.Өсімдік жасушасында кристалдың қандай қосылыстары кездеседі.Бөліну формалары,олардың жасуша тіршілігіндегі ролі,мағынасы.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау(оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу,белгілі препараттармен лабораториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып өткізу).