- •1 Негізгі құралдардың есебінің экономикалық және теориялық негізі
- •Негізгі құралдардың мәні мен олардың экономикадагы рөлі
- •1.2 Қазіргі жағдайдағы мекемелерде кездесетiн негізгі құралдардың сыныптамасы
- •1.3 Негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалау
- •2 "Neocar" жшс негізгі құралдарын талдау мен есептеудің ұйымдық аспектілері
- •2.1 "Neocar" жшс негізгі құралдарының қозғалысының есебі
- •2.2 «Neocar» жшс негізгі құралдарының қолданылу тиімділігі мен жағдайын талдау
- •3 Мекемелердегi негізгі құралдардың есебін дамыту мен жетілдіру жолдары
- •3.1 Негізгі құралдардың есебін жетілдіру
- •3.2 Қазақстандағы негізгі құралдардың қозғалысының даму келешегі
- •4 Бухгалтерлік есептегі ақпараттық технологиялар
4 Бухгалтерлік есептегі ақпараттық технологиялар
Бухгалтерлік есеп кез-келген объектіні басқару жүйелерінің маңызды орталықтанған құраушысы болып табылады. Бухгалтерлік ақпаратты басқармалық шешімдерді қабылдау үшін кәсіпорынның түрлі санаттағы қызметкерлері қолданады: менеджерлер, экономистер, қаржыгерлер, өндірісті ұйымдастырушылар және т.б. Есеп түріндегі бухгалтерлік ақпарат - бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік талдауға қосымша - сыртқы көрсеткіштерге де қажет - сыртқы кәсіпорындар мен ұйымдарға, салық органдарына, билік органдары мен инвесторларға және т.с.с. бухгалтерлік ақпаратқа көптеген басқармалық шешімдер тәуелді және де бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі басқаруды автоматтандырудың тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Бухгалтерлік есеп ақпаратты жинақтаудың, қадағалаудың, өлшеудің, тіркеудің, өңдеу мен алудың жинақталған жүйесін ұсынады және алынған ақпарат ақшалай көріністе, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларында және олардың шаруашылық субъектісінің қозғалыс жолын толық, үздіксіз және құжаттық есебі жолымен жүргізеді.
Бұл түсінік келесілерді айғақтай түседі:
• есеп ортасын — шаруашылық субъектісінің экономикалық қызметі, бухгалтерлік есеп ішкі шаруашылық үрдістердің шектерімен шектеулі;
• есеп объектілері — өзге ұйымдардың тарапынан мүлік, жеке капитал, міндеттемелер, қарыздар мен шаруашылық операциялар;
• бухгалтерлік есептің статистикалық және жедел қатынасы бойынша бухгалтерлік есептің өзіндік жеке мәні;
• есептік үрдістің негізгі— мәліметтерді қадағалау, өлшеу, тіркеу, сақтау, өңдеу, жөнелту;
• ақпаратты ұсыну форматы— ақшалай, табиғи-мүліктік;
• есептеу әдістері — толық (барлық шаруашылық операциялар ескеріледі үздіксіз (есеп ұйым тіркеуден өткеннен соң басталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның жабылуы немесе қайта құрылуына дейін жүргізіледі),құжаттық.
Бухгалтерлік есептің ерекшелігі оның ел аумағындағы барлық заңды тұлғалар үшін міндеттілігі болып табылады (кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүргізетін қоғамдастықтар мен азаматтарға, табыстар ме ншығыстардың есебін міндетті жүргізу мен есептілікті құрау — салық декларациясы).
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
• жоспарланатын және есептік көрсеткіштердің құрылуының әдістемелік дұрыс негізі;
• барлық шаруашылық үрдістер мен операцияларды есеппен қамту;
• шынайылық, толықтық, есептік мәліметтердің нақтылығы, есептік операцияларды орындаудың жеделдігі;
• бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тиімділігі.
Жеке корпорациялардың бухгалтерлік есептің қызметтерін орындайтын бағдарламалық өнімдеріндегі кейбір өзгешеліктерге қарамастан, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін бухгалтерлік міндеттердің келесі кешендерінің құрамын ерекшелеп көрсетуге болады.
Кассалық жәнеесептік-қаржылық операциялар (касса бойынша операциялар, банкпен операциялар, көпвалюталық есеп, дебиторлар мен борышкерлермен есептесулер, акционерлермен, құрылтайшылармен есептесулер, арыздар мен бюджеттен тыс есептесулер,несиемен есептесу).
Материалдық құндылықтарды есептеу («қоймалық есеп» міндетімен интеграция, қоймаға материалдардың келіп түсуі, өндіріске материалдарды тапсыру, материалдарды басқа тарапқа жөнелту, материалдық құндылықтарды қайта бағалау, материалдарды түрлі бағалар бойынша есептеу; материалдық құндылықтардың қозғалыстарының талданатын мәліметтерін сәйкестендіру, материалдардың инвентаризациясы).
Еңбек пен жалақының есебі ( «Мамандар» қызметтік кіші жүйесімен интеграция, жалақының тқлемнің түрлі жүйелерімен автоматты аударымдары мен оларды ұстап қалуы, есептік-төлемдік құжатты сәйкестендіру, бюджетке салықтар бойынша төлем құжаттарын құрастыру).
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі ( электронды инвентарлы карталардың құралуы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын есептеу; амортизациялық аударымдарды есептеу; негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау мен инвентарлеу; негізгі құралдарды сызып тастау, жалға беру, негізгі құралдардың эксплуатацияға енгізілуі).
Дайын өнімді шығарудың, жөнелту мен сатудың есебі. Бұл кешен өндірісті басқару қызметтерімен, дайын өнімді жеткізу келісімімен, маркетингтік операциялар мен сатып алушылармен қаржылық есептесулермен байланысты.
Өндірісті басқару қызметімен ақпараттық байланысты өндіріске шығындардың есебі және де есептік міндеттердің осындай кешендерімен байланысты, себебі еңбек пен жалақының есебі, материалдық құндылықтардың есебі, негізгі құралдар мен т.б. есебі. Кешенмен өндіріске кеткен шығындар есептелінеді, негізгі және көмекші өндіріске шығын баптары бойынша қамтамасыз етіледі.
Қаржылық есептілік; бұл кешенде синтетикалық есептің мәліметтері қалыптасып, бухгалтерлік есептілік құралады; есептік міндеттердің барлық кешендерімен тығыз ақпараттық байланыстары болады.
Есептік міндеттердің электронды өңделуінің технологиясы — бұл белгілі бір кезеңділікте орындалатын қатаң реттелген адами-машиналық операциялардың жиынтығы— алғашқы бухгалтерлік есепті құру кезеңінен бастап, қаржылық есептіліктің жиынтығын құрғанға дейін [29].
Қазіргі таңда бухгалтерлік міндеттердің орталықтанған өңделуінің негізін де құрылған компьютерлік ақпараттық технология кең қолданыста дамуда.
Оның ерекшеліктеріне жататындары:
дербес компьютерлерді қолдану; міндеттерді шешу бухгалтермен сөзсіз оның жұмыс орнында шешімін табады;
кәсіпорынның түрлі бөлімшелеріндегі түрлі экономикалық міндеттердің интеграциялық өңделуін қамтамасыз ететін жергілікті және көп деңгейлі есептік желілердің қалыптасуы;
Есептік техникамен орындалатын есептік есептесулердің құрамының айтарлықтай артуы;
түрлі бөлімшелер үшін кәсіпорынның мәліметтер базасының бірыңғай жүйесін құрау;
дербес компьютерлердің алғашқы бухгалтерлік құжататрды құруға қабілеттігі, бұл қағазсыз технологияларға өтуде қамтамасыз етіп, құжаттарды жинақтау мен тіркеу бойынша операциялардың еңбек сыйымдылығын қысқартады;
бухгалтерлік міндеттердің кешендерінің шешімдерінің интеграциясы;
бухгалтердің ақпараттық-анықтамалық қызмет етуін ұйымдастыру мүмкіндігі.
Технологиялық үрдістің барлық операциялары кезең бойынша дербес компьютерлерде бір жұмыс орнында, бағдарламалардың мәзірінің бөлшектеріне сәйкес орындалады.
Есептік міндеттерді өңдеудің негізі машинадан тыс және машинаішілік ақпараттық массивтер болып табылады.
Машинадан тыс - ақпараттық массивтер алғашқы құжаттағы ақпараттарды жинақтау мен тіркеу үрдісімен байланысты. Дербес компьютерлерді қолдануда құжаттарды құраудың автоматтандарылған үрдісін құрауға мүмкіндік береді.Алайда қолмен толтырылған алғашқы құжаттар мен дербес компьютерлерге түсімдердің келу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Машинаішілік - ақпараттық қамтамасыздандырылу — бұл машиналық тасымалдаушылардағы және мәліметтер базасы ретінде жүйенің жадында сақталған өзгермелі және шартты-тұрақты ақпараттардың файлдары. Өзгермелі ақпараттардың файлдары алғашқы құжататрдың мәліметтерінің негізінде қалыптасады да, белгілі бір кезеңде экономикалық міндеттерді орындауда қолданылады.
Шартты - тұрақты ақпараттардың файлдары жобаны енгізуде бірнеше мәрте құралады, көп мәрте қолданылады да, жүйелі түрде түзетіледі. Оларға түрлі нормативтердің массивтері, анықтамалық мәліметтер, негізгі құралдарды есептеудің инвентарлы карталары, жұмысшылардың жеке карталары және т.б. жатады.
Шешуін табатын бухгалтерлік есептің ықтималды тізімі бағдарламаның мәзірімен анықталады, ол экранға компьютерде қосқаннан соң шығады. Мәзір бағдарлама бөліктерінің тізімін көрсетеді, онда үлгі технологиялық үрдістің қызметтерін орындайды, ол алғашқы құжаттарды енгізуден басталып, қорытын
ды есепті құраумен аяқталады.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерінің бағдарламалық өнімдері. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерін құрау мен жасау кез –келген кәсіпорынның басқаруды автоматтандырудың алғашқы кезектегі міндеті болып табылады. Басқару объектісінің сипаттамасы, басқару нысандары мен есептік саясаттың ерекшеліктері, кәсіпорын ауқымы мен ақпараттық жүйелердің жасалуына шешуші әсер ететін өзге де факторлар, бір жағынан, бухгалтерлік есептің ақпараттық технологияларының таңдауы мен қолдауына әсер етеді.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерін жасаушылардың алдында келесідей мәселелер туындайды:
• бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерінің әдістемесін таңдау;
1 нұсқа - типтік бағдарламалық кешеннің нақты қолдану талаптарына бейімделуі;
2 нұсқа - «тапсырысты» ақпараттық жүйенің жасалуы («нөлден бастап»);
бағдарламалық өнімді (1 нұсқа) немесе бағдарламалық құралдар мен бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерінің жобаларының технологияларын (2 нұсқа) таңдау;
бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерінің сипаттамаларын негіздеу (автоматтандырылған қызметтердің құрамы мен бухгалтерлердің жұмыс орындарының құрамы);
бухесептің ақпараттық жүйелерінің ақпараттық-технологиялық сұлбасын негіздеу;
бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерінің өзге қызметтік кіші жүйелермен интеграциялану деңгейі - бухгалтерлік есептің тәуелсіз ақпараттық жүйесі, кәсіпорынның интеграцияланған ақпараттық жүйелеріндегі кіші жүйе; корпоративті ақпараттық жүйелердің жиынтығы;
ақпараттық жүйелердің және оның құрылу мерзіміне шектеулер. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелері мен бухгалтерлік есептің автоматтандырудың қолданылатын бағдарламалық өнімдері жаңа машиналардың пайда болуы есебінен, бухгалтерлік есептің заңнамалық негізінің өзгерісі салдарынан үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Бухгалтерлік бағдарламалардың нарығы дербес компьютерлер үшін 1990 жылдардың соңында қалыптаса бастады, бірақ қазіргі күнге дейін жаңа бағдарламалық өнімдермен толығуын тоқтатар емес (нұсқалардың, конфигурациялаардың өзгеруі, қол жетімді ақпараттық технологиялардың кеңейтілуі және т.б.).
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырудың мейлінше дайын сыныбы қызметтік мақсатта қолданылады, ол төмендегілерді жүзеге асыратын мыңдаған фирмалармен қамтылған:
1) бухгалтерлік есептің ақпараттық технологиялары үшін жаңа бағдар ламалық өнімдерді тарату мен жасау;
2) типтік бухгалтерлік бағдарламалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі үшін бейімделуі;
3) бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерін өзіндік құрастыру;
4) бухгалтерлік есептің компьютерлік жүйелерін жобалау бойынша кеңес беруші қызметтер, бағдарламалық құралдардың таңдалуы, «ыстық желіні» қолдау;
5) оқытатын және көрсететін бағдарламаларды, оқу-әдістемелік әдеби еттерді құрау.
Орын |
Фирманың атауы |
Рейтинг |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
«1С: Кәсіпорын» «Интеллект-сервис» «Парус» «Галактика» «Диасофт» «R-stylesoftwarelab» «Cognitive Technologies LTD» «Инфин» «Инфософт» «Омега» |
91 78 77 75 72 70 66 63 60 58 |
Сурет 4. Бухгалтерлік есептің ақпараттық технологиялары үшін бағдарламалық өнімдермен байланысты фирмалардың рейтингі.
Ескерту - Жарикова Л.А. Бухгалтерский учет в зарубежных странах: учебное пособие 2008 - 144с.
Бағдарлама құраушылардың арасындағы сөзсіз көшбасшы «1С:Кәсіпорын» фирмасы болып табылады.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерін құрау үшін бағдарламалар таңдағанда олардың талдауы мен бухгалтерлік есептің үлгісінің компьютерлік нұсқасын жүзеге асыруға әсер ететін және ақпараттық жүйелерді құрастырудың ақпараттық-технологиялық негізін анықтайтын өлшемдерінің салыстырылуы орындалады.
1. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерінің әдістемесі:
1) Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесінің ақпараттық жүйелердегі нормативті реттелуі мен ережереін есептеу мен әдістемелік қамтамасыз ету;
2) кәсіпорынның есептік саясатын жасау:
• есеп белгілерін таңдау;
• шоттардың жұмыс жоспарын қалыптастыру;
• бухгалтерлік есептің нысанын таңдау;
• негізгі құралдар бойынша тозу мен материалдық емес активтердің амор тизациясын есептеу әдістерін таңдау;
• өндірістік қорлардың есептеу әдістерін таңдау — іс жүзіндегі бағасы, есептік бағалары бойынша; өндіріске шығынның сызылу әдістері;
• қолданылған өндірістік құралдардың, дайын өнімдердің, аяқталмаған өндірістің және т.б. бағалау әдістерін таңдау;
3) сараптық есеп анықтамалығын жасау;
4) типтік операциялар мен бухгалтерлік есептің беттерін құрастыру;
5) алғашқы есептік құжаттардың типтік нысандарын құрау;
6) стандартты есептерді жасау;
7) бухгалтерлік есептің және т.б. халықаралық стандараттарының талап тарын жүзеге асыру.
2. Ақпараттық технологиялар:
бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерінің аппараттық және бағдарламалық іргетасы;
бағдарламалық кешеннің ақпараттық – технологиялық сұлбасы;
бағдарламалық кешеннің үлгілік сұлбасы;
бағдарламалық үогілерді өзіндік қолдану мүмкіндігі;
бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерінің қызметтік құрылымын құраушы;
мәліметтер базасының құрылымы, мәліметтер базасының басқару жүйелерін сипаттау;
ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасының қызметтерін қорғау;
мәліметтер базасына әкімшілік жүргізу құралдары;
қолданыс интерфейсін жасаудың құжаттық құралдары, ақпараттық жүйелердің қызмет етуін дамыту;
кәсіпорынның ауқымының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара байланысы, сыртқы ақпараттық жүйелер (мәліметтер алмасуының технологиялары мен түрлері);
ақпараттық жүйелерді жобалау, енгізу мен алып жүру технологиясы;
ақпараттық жүйелердің қызметкерлерінің біліктілігіне талаптар.
Компьютерлік ақпараттық жүйелер бухгалтерлік есептің ақпараттық технологияларының стандартты жүзеге асуының жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Бухгалтерлік есептің сырттарын қамтитын типтік шаруашылық операцияларын құру. Шоттардың жұмыс жоспарына бухгалтерлік есептердің жасақталуы.
талдау шоттарының анықтамаларымен қосымша байланыстарды қосу.
Бухгалтерлік есептер үшін түсіндірмелерге стандартты мәтіндерді қалыптастыру.
Алғашқы есептік құжаттарды электронды нұсқада енгізу мен түзетудің экрандық нысандарын қолдану арқылы ұсыну.
Валюталық есепті қолдау (валюта түрінің кодының сыртқы түрі, валюталық бағам, негіздері есептеудің валюталық сомасының орындалуы).
Түрлі сыныптардың есептік мәліметтерін қалыптастыру:
• «Есептеулер» — негізгі есептік тіркеу болып табылады, бухгалтерлік есептеулерді, шоттардың түзетілуі мен есептеу сомаларын қамтиды;
• «Операциялар» — есепте тіркелген шаруашылық операцияларының
мәліметтерін қамтиды (операцияларға типтік операция сәйкес келеді, соның арқасында «Есептеулер» тіркеуіндегі есептеулер қалыптасады; солайша, операциялардың топтық енгізілуі мен түзетілуі қалыптасады). Бухгалтерлік есептеулердің ұқсас түзетілуіне тыйым салу орнатылған, одан өзге, осы операцияны түзету арқылы жүргізіледі. Бұл есептік мәліметтердің дұрыс түзетілуі мен минималды шығындарына кепілдік береді. Типтік операциялар әдетте бухгалтерлік есептік аудандары бойынша топтастырылады, олар бухгалтердің автоматтандырылған ортаның қызметтерімен байланысты;
• «Құжаттар» — алғашқы құжаттардың типтік нысандарына сәйкес ресімделген құжаттарды қамтиды (әр типтік құжат нысаны типтік операциямен байланысты орнатады, сондықтан да құжаттарды тіркеуде, «Операциялар» мен «Есептеулер» тіркеулеріндегі жазба автоматты түрде жасалады. Есептік мәліметтерді енгізудің мұндай нұсқасы мейлінше тиімді саналады, себебі шаруашылық операцияларды құжаттық ресімдеу іс жүзінде бір уақытта орындалады, оларды уақыты бойынша бөліп қарауға болады: алдымен құжатты дайындау, кейін оны есепке алу. Бухгалтерлік есептеулерді редакциялау немесе операцияларды түзету сөзсіз ұқсас, алғашқы құжаттаың дайындалғанын өте отырып, тыйым салынады; редакциялау «қызық бағанда» орындалады, ал құжаттарды ресімдеу жолы өзгеріске ұшырайды [30].
Алғашқы есептік мәліметтердің енгізудің толықтығы мен бағдарламалық шынайылығын бақылау, соның ішінде «түзетілген бухгалтерлік есептеулер» шоттарына сәйкес шоттардың корреспонденциясын жүргізу;
Есептік мәліметтерді түзету мен енгізудегі мәліметтер базасының санкцияланған қол жетімділігі.
Бухгалтерлік есептеулерді агрегаттау мен сүзгіден өткізу, операциялар мен құжаттар оларды өңдеу мақсатында талдау, түзету мен көшіру және т.б.
Сыртқы есептіліктің стандартты нысандардын автоматты толтыру (баланс, балансқа қосымша, салық карталар, табыс декларациясы, ҚР Зейнетақы қорларының анықтамасы, статистикалық есептілік нысандары және т.б.).
Мәліметтер базасының, құжаттардың жеке нысандарының, соның ішінде есептік құжаттардың импорты мен экспорты.
Кеңселік бағдарламалық өнімдерге қол жетімділік (мәтіндік редактор, электронды кесте, браузер, электронды пошта, ұйымдастырушы және т.б.).
Кәсіпорын ауқымы мен бухгалтерлік есептің ақпараттық технологияларының ақпараттық жүйелерінің түрі арасында өзара тәуелділік бар. Бұл тәуелділік ақпараттық жүйелердің қызметтерін жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларда қажеттілік ретінде негізделген, себебі шығындардың мақсатты деңгейі оның құрылуы мен жетектелуіне басқаруды автоматтандыруға байланысты.
Кәсіпорынның ауқымы кіші болған сайын, ақпараттық ағымдардың қарқындылығы бухгалтерлік есеппен салыстырмалы түрде төмендей береді, (есептің физикалық объектілері азырақ, дамыған талданатын есептің дамуында
қажеттілік жоқ, есептер жоспарының кеңеюі және т.б), алайда бұл заңдылықтан
ауытқуы да ықтимал. Кәсіпорынның бұндай сыныбы үшін стандартты және қымбат емес ақпараттық технологияларды қолданады.
Бухгалтерлік есептің АЖ ақпараттық-технологиялық сұлбасы |
Кәсіпорынның ауқымы |
||
Кіші
Орташа |
|||
Желілік емес технология Жергілікті МБ |
|
|
|
Желілік технология «Файлдық сервер» сызбасы Орталықтанған МБ |
|
|
|
Желілік технология «Тапсырыс беруші-сервер» сызбасы Орталықтанған МБ |
|
|
|
Желілік технология «Тапсырыс беруші-сервер» сызбасы Бөлшектенген МБ |
|
|
|
Сурет 5. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелер сипаттамасы
Ескерту - Жандосова И.А. "Учет основных средств" [14].
Ірі кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің ақпараттық жүйелері кәсіпорынның жалпы ақпараттық жүйелерінің ақпараттық технологиялар облысындағы шешімдерімен келісілуі тиіс. Басқа жағынан, кәсіпорынның ауқымы бухгалтерлік есептің ақпараттық технологияларына объективті талаптарды негіздей түседі, дәлірек айтсақ: желілік технологияларды қолдау, бухгалтерлердің ірі ұжымының ақпараттық технологияларымен бір уақыттағы жұмыс, ірі аумақтық мәліметтер қорын құрау, бухгалтерлік есептің дамыған үлгісін жүзеге асыру және т.с.с.
Ақпараттық технологияларды таңдау үшін мейлінше үлкен кеңістік есептік ақпараттық технологияларын құрауда орташа және ірі кәсіпорындар үшін таңдау еркіндігі кең.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерін құрау үшін бағдарламалық өнімдер есептік қызметтерінің толықтығы, олардың интеграциялары бойынша ерекшеленеді:
бухгалтерлік есептің жеке аумақтарын жергілікті автоматтандыру үшін бағдарламалық өнімдер;
бухгалтерлік есепті кешенді автоматтандыру үшін бағдарламалық өнімдер;
бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерін өзге де ақпараттық жүйелермен байланысты қолдап отыратын бағдарламалық өнімдер - біріктірілген қызметтік ақпараттық жүйелер (бухгалтерлік есеп + саудалық ақпараттық жүйе, бухгалтерлік есеп + қойманың ақпараттық жүйесі, бухгалтерлік есеп + сатылымдарды басқару жүйелері және т.б.);
бухгалтерлік есептің кәсіпорынды басқарудың барлық қызметтері бар толық интеграцияланған ақпараттық жүйелер.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерін құрау үшін бағдарламалық өнімдер, ережеге сәйкес, үлгілік сәулетке ие, олардың жеке үлгілерінің өзіндік қолданылуы ықтимал.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі бухгалтерлердің автоматтандырылған орындары түрінде жүзеге асырылады. Жеке автоматтандырылған орындар бағдарламалық үлгілердің көмегімен қолдау жасалады, оқшауланған күйде де, өзге де автоматтандырылған орындармен интеграцияда да қызмет ете алады.
Бағдарламалық өнімдердің сипаттамалық ерекшелігі бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелерін құрау үшін - ақпараттық технологиялардың құраушыларын таңдаудағы еркіндік «деңгейі» (мәліметтер қорын басқару жүйесінің түрі, желілерің сұлбасы, жобалаудың саймандық құралдары және т.б.). Кейбір бағдарламалық кешендерде әдістемелік және ақпараттық-технологиялық шешімдер модификациялануға жатпайды. Мейлінше болашағы зор бухгалтерлік есептің бағдарламалық өнімдері көп қабаттылыққа бағытталған, олар негізгі және жалпы бағдарламалық қамсыздандырудың құрамаларын алмастыруға, қызметтік үлгілерінің жаңартылуына жол береді.
Қорытынды
Жүргізілген дипломдық жұмыс келесідей қорытынды жасап, ұсыныстар беруге мүмкіндік береді:
1. Негізгі құралдардың дұрыс, тиімді экономикалық бухгалтерлік есебі мен кешенді экономикалық талдауы негізгі құралдардың мәнін жан-жақты қарастырусыз мүмкін емес болып табылады. Негізгі құралдардың мәнін сыни қарастыра келе, автор, экономикалық әдебиетте бұл ұғымды анықтауға бірыңғай тәсілдің жоқтығын атап өтіп, оны өзіндік түсініктері тұрғысынан қалыптастырды. Жұмыста «Негізгі құралдар», «Негізгі капитал» мен «Негізгі қорлар» түсініктеріне анықтама берілген. Оның үстіне ұйымның қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететіндерге, бір күнтізбелік жылдан артық пайдалы қолдану мерзімі бар, осындай объектілерді қолданула немесе қолданбауда осындай немесе өзге де табыстар немесе экономикалық пайда әкелетін негізгі құралдар деп табиғи және бағалық сипатындағы материалды-мүліктік құндылықтардың жиынтығын тура түсіну ұсынылады.
«Негізгі құрал», «Негізгі қор», «Негізгі капитал» ұғымдары айтарлықтай алшақ ұғымдар. Автордың көзқарасы тұрғысынан, айырмашалық сонда, негізгі қорлар- ұйым табыс немесе өзге де экономикалық пайда табу үшін қолданатын материалдық және материалдық емес ұзақ мерзімді активтердің жиынтығы, ал негізгі капитал — активтерде ұзақ мерзім бойы айналыста болған ақша қаражаттарының мөлшерін анықтайтын ұйымның жалпы капиталының бір бөлігі. Дипломдық жұмыста әр ұғымға анықтама берілген.
2. Негізгі құралдарды талдау мен есепке алу саласында олардың дұрыс сыныпталуы аса үлкен мәнге ие. Негізгі құралдардың ортақ сыныптамасы ұсынылған, ол ұйымдардың тәжірибелік қызметінен қолданыс табады. Осы сыныптамаға сәйкес, объектілер бағыттары мен түсім көздері, қызметтік-түрлік белгілері мен салалық мақсаттылығы,шығу бағыттары бойынша топтастырылады. Есеп тәжірибесіне негізгі құралдардың тағы бір сыныптамалық қасиетін енгізген жөн:оларға инфляцияның әсер ету деңгейіне байланысты, ол активтердің қандай көлемі мейлінше нарықтағы баға өзгерісіне қатаң бақылауды қажет ететіндігін бағалауға көмектеседі және де кәсіпорынға оларды бағалау мен қайта бағалаудың мейлінше ақталған нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.
3. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реттеу бойынша заңнамалық-құқықтық базаны талдау негізгі құралдарды жалға алу бойынша бірыңғай ұлттық стандарттың жоқтығын анықтады, нәтижесінде осындай операцияларды жүзеге асыруда қиындықтар туындайды. Бұл мәселені шешу үшін 17 «Жалға беру» қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттары жасалған, ол осындай операцияларды есептеудің тиімді жүйесін қамтиды, ол халықаралық тәжірибеге негізделіп, заманауи экономикалық талаптарға жауап береді.
Осы стандарттың қосымшасына сәйкес, келісімнің экономикалық мазмұны
оны сыныптауда қаржылық немесе операциялық ретінде келісім нысанынан асып түседі. Негізгі құралдардың қаржылық жалда алынған объектілері 2400 «Негізгі құралдар» шотының балансынан көрінеді.
Жедел жалға беруде негізгі құралдардың объектісі жалға берушінің балансында «Негізгі құралдар» атты 2400 шотынан көрінеді. Жалға беру төлемдері жалға берушіде ескеріледі де жалға беруші сомаларының шегінде ағымдық және өзге де шығындарға сәйкес ескеріледі, ал болашақ төлемдердің шотына аударылғандары талаптармен шығындардың құрамына кезеңдер мен болашақ кезеңдердің табысына келеді.
Бұдан өзге, біз бухгалтерлік және салықтық есепті осы есептің екі түрін максималды жақындататындай етіп қалыптастыруға кеңес береміз. Жүмысты екі бағытта жүргізген жөн: негізгі құралдардың алғашқы және кейінгі бағалауындағы алшақтықты жою және де өзге де мәселелердің бірқатарын бірыңғайлыққа әкелу.
Негізгі құралдардың сапалық талдауының дәстүрлі әдісін зерттеу нәтижесінде ең алдымен, негізгі құралдардың тозу мен дайындық коэффициентінің көмегімен бағалауға қатысты айтарлықтай кемшіліктер анықталды. Қабылданған әдістемеге сәйкес, тозудың коэффициентін есептеу үшін есептеуіште объектінің тозуының жалпы сомасы көрсетілуі тиіс, ол аударылған амортизациялық аударымдардың жалпы сомасына тең болып табылады. Алайда «тозу» мен «амортизация» сияқты экономикалық түсініктер өзгермелі. Сәйкесінше, аударылған амортизациялық аударымдардың сомасы тозу деңгейін көрсетеді деген болжам тек шартты ұғым болып табылады.
Негізгі құралдардың қозғалысын талдау әдістемесін жетілдіру мақсатында біз келесіні ұсынамыз: дәстүрлі көрсеткіштерді объектілердің әрбір түрі бойынша есептеу және де жеке сыныптамалық топтар бойынша қарастыру; жаңару коэффициентін тек объектілер бойынша емес, дайындау үрдісі аяқталмаған эксплуатацияға қабылданған объектілер бойынша да есептеу;негізгі құралдардың барлық түрі бойынша коффициент деңгеймен олардың белсенді бөлігі бойынша деңгейін салыстыру мен анықтау, негізгі құралдар қандай бөліктің көмегімен жаңаруға көбірек ұшырайтындығын анықтау.
Негізгі құралдарды тиімді қолдану жалпы сервистік ұйымдардың дамуын анықтай түседі. Негізгі құралдарды қалыптастыру мен қолдану олардың дұрыс есебі мен тыңғылықты экономикалық талдауын талап етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Международные стандарты финансовой отчетности от 16ноября 2012г.
2. Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности», 2007.
3. Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет, Москва, 2011.
4. Салина А.П. "Принципы бухгалтерского учета" - Алматы: Экономика, 2013.
5. Кожинов В.Я. Бухгалтерский учет, М., «Экзамен» 2012
6. Абдрасимова Ж.К. "Бухгалтерский учет" Учебно-практическое пособие,Бико, 2012
7. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. – Алматы, 2008
8. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы, 2011
9. Хахонова Н. Н., Богатая И.Н. "Бухгалтерский учет", 2012 г.
10. Гершун А.М. учебное пособие, изд. 4-е: Бухгалтерский учет, 2009 г.
11. Вещунова Л.Ф. Бухгалтерский учет, С-П, 2012
12. О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс Республики Казахстан) от 12 июня 2014 года.
13. Методические рекомендации по применению Типового плана счетов: Бюллетень бухгалтера – Алматы, №4 (1), 2013
14. Жандосова И.А. "Учет основных средств" // Журнал "Бухучет на практике", № 1, 2013.
15. Официальный сайт ТОО " Neocar ": www.aktd.kz
16. Ефимова О.В., Мельник М.В. Анализ финансовой отчетности, Москва, 2013
17. Стражев В.И. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности.
18. Ионова В.Ф., Селезнева Н.Н. Анализ финансово-хозяйственной деятельности организации - М.: Изд-во "Бухгалтерский учет", 2014.
19. Куппаев Н. "Об амортизационной политике предприятия" // Бюллетень бухгалтера, № 3, 2014.
20. Питаева Ж. "Разработка амортизационной политики в соответствии со стратегией развития предприятия" // Бюллетень бухгалтера, №35, 2013.
21. Г.В. Савицкая. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, Минск "Новое знание", 2014.
22. Селезнева Н.Н., Ионова А.Ф. Финансовый анализ, A., 2012
23. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет. Издание 4-е, переработанное и дополненное., 2013
24. К.Ш. Дюсембаев, Е.К. Егембердиева, З.К. Дюсембаева, Анализ финансовой отчетности. Алматы, 2009
25. Бюджетный кодекс Республики Казахстан, №195 – V ЗРК, 2013.
26. Корженгулова А., "Организация бухгалтерского и налогового учета основных средств", ИД "БИКО", №11(2), 2014.
27. Статистика государственных финансов, stat.gov.kz
28. Нурхалиева Д.М. Финансовый контроль и аудит, А., 2009 г.
29. Учет по международным стандартам., перевод полного официального текста МСФО, LEM, 2013.
30. Жарикова Л.А. Бухгалтерский учет зарубежных странах: учебное пособие / Л. А. Жарикова, Н.В. Наумова: изд – во тамб. гос. техн. 2014 - 144с.

Ірі