
- •1 Негізгі құралдардың есебінің экономикалық және теориялық негізі
- •Негізгі құралдардың мәні мен олардың экономикадагы рөлі
- •1.2 Қазіргі жағдайдағы мекемелерде кездесетiн негізгі құралдардың сыныптамасы
- •1.3 Негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалау
- •2 "Neocar" жшс негізгі құралдарын талдау мен есептеудің ұйымдық аспектілері
- •2.1 "Neocar" жшс негізгі құралдарының қозғалысының есебі
- •2.2 «Neocar» жшс негізгі құралдарының қолданылу тиімділігі мен жағдайын талдау
- •3 Мекемелердегi негізгі құралдардың есебін дамыту мен жетілдіру жолдары
- •3.1 Негізгі құралдардың есебін жетілдіру
- •3.2 Қазақстандағы негізгі құралдардың қозғалысының даму келешегі
- •4 Бухгалтерлік есептегі ақпараттық технологиялар
3.2 Қазақстандағы негізгі құралдардың қозғалысының даму келешегі
Әлемдік жаһандану жағдайында мемлекет Президентінің алдыңғы кезеңдегі басты міндеті ретінде анықталған Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі айтарлықтай маңызды рөлге ие болуда. Оған қоса мемлекет басшысы атап өткендей, қазақстандық экономика үшін аман қалу мәселелері артта қалды, ал
алдыда тек гүлдену мен тұрақты даму үшін мейлінше дамыған әлемдік
тәжірибені таңдау тұр.
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығының басты нышандарының бірі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкестігі болып табылатындығын атап өткен жөн. Бұның себебі, тек қана ХҚЕС-ға өту – бұл белгілі бір халықаралық қаржыгерлермен анықталатын директивті норма, ал заманауи үлгі, капиталдың интеграциясы үшін,экономиканың қарқынды дамуы үшін негіз болып табылатын қаржылық есептілікті жалпыға ортақ және бірыңғай түсінікпен түсіну үшін аса қажет болғандықтан емес.
ХҚЕС –қазақстандық мекемелердің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекегеқабілеттігін құраушы ретінде, және соған сәйкес, Қазақстанның барлық экономикасы үшін құраушы ретінде, ал ХҚЕС бойынша білім мен жұмыс – заманауи бухгалтер мен аудитордың ғана емес, заманауи басшының да беделінің сапалы белгісі ретінде аса қажет.
Осылайша, Қазақстан ондаған жылдар бұран жасаған таңдау сапалы даму жолын таңдауда Қазақстан өзінің таңдауын ресми жариялағанда өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қазақстанда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын ендіру дамудағы нарықтық экономиканың талаптарымен қатаң орындалады. Осыған орай, республиканың экономикасы кейінгі дамуда, бағалы қағаздардың, инвестициялық қызметтің банкілік және сақтандыру ісінің нарығын белсенді етуге бағытталған бірқатар заңнамалық актілерді қабылдады,қазақстандық есептің қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өтуі туралы шешім орынды болып көрінеді.
Бұл бухгалтерлік жүйенің бірыңғай ақпараттанған жүйесін талап ететін әлемдік экономиканың дамуымен, қызметтері халықаралық нарықтарда жүзеге асырылатын ұйымдар арасындағы оңтайлы байланыс тілімен негізделе түседі.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары үйлесімділіктің немесе әлемдік деңгейдегі бухгалтерлік есептің әдістемесінің сәйкес келу мәселелерін шешеді.
Стандарттардың қолданылуы, жаңа тәсілді, ұйым қызметіне жаңа көріністі, қабылдау мен операциялардың ашықтығын талап етеді де, есептің бұрынғы жүйесінің қағидаларының қолданылуын болдырмайды.
Қазақстанның ХҚЕС өтуі– бұл Қазақстан мен халықаралық қауымдастық арасындағы өзара сенімнің құрылу үрдісіндегі маңызды қадам болып табылады. Корпоративті мөлдірліктің артуы, инвестициялардың инвесторлар үшін мейлінше жоғары тәуелділікте болатындығын білдіреді, демек, бағасы арзандай түседі.
Соған байланысты ХҚЕС өтуді қазақстандық есеп пен есептіліктің қалыптасуы үшін тек жалғыз мақсат ретінде қарыстыруға болмайды. Шындығында реформа мейлінше терең болып, шаруашылық қатынастардың жаңа түрімен тиімді байланысты орнатуда болуы тиіс. Нәтижесінде компания қызметінің нәтижелері мен объективті және пайдалы ақпараттың қалыптасуын қамтамасыз ететін орта құрылуы тиіс. ХҚЕС «бір күнде» өтудің мүмкін еместігі өзара байланысты шаралардың толық кешенін жүзеге асыру қажеттілігімен негізделеді [23].
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын тиімді енгізу бойынша жұмыс әлі де жалғасын табуда, соларға қатысты:
Қазақстанда «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңға сәйкес ХҚЕС мойындалып, ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілігін құруға міндетті ұйымдардың тізімін анықтаған;
12 нормативті құқықтық актілерді жүзеге асыру бойыншна Заңдар жасалып, бекітілді, яғни қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары, шоттардың типтік жоспары, қаржылық есептілік нысандары мен бухгалтерлік есептің тіркеулері;
2006 жылғы ХҚЕС аударылып, мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланды;
Қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарының Комитетінің қорымен қаржылық есептілік үлгілері жарияланып, ХҚЕС 2008 жылғы үлгісі орыс тілдінде «Нормативті құқықтық актілердің бюллютені» журналында жарық көрді;
Үкіметпен бекітілген ХҚЕС өту бойынша шаралардың Жоспары жүзеге асырылды;
ХҚЕС өту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда білікті мамандарға жоғары қажеттілік сезілуде. Бұл көп жағдайда, көптеген ХҚЕС қаржылық есептілікке қатысы бар осы немесе өзге де оқиғалардың бағасын беруді ұсынады, ал жоспарлы экономика мен түбегейлі реттелушілік жағдайында дайындалған бухгалтерлік қызметкерлер бухгалтерлік оқиғаларды бағалаудың тәжірибесіне ие еместігімен түсіндіріледі. Көптеген ХҚЕС жалпы сипатқа ие, оларда ХҚЕС қалай енгізу керектігі туралы анық нұсқаулықтардың жоқтығы да себеп болып табылады, бұған көптеген мәселелер себеп болып табылады.
Қолданыстағы салық заңнамасы бухгалтерлік есептің мәліметтерін олардың салықтық мақсатта қолданылуына әрқашан ұсына бермейді. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі шешуге қабілетті деп танылды. «Мәселелі» жағдайлардың сәті активтерді қайта бағалау мен арзандату, олардың осы немесе өзге актив ретіндегі сыныпталуы, қолданыстағы валютадағы есеп пен қолданудың пайдалы мерзімі болып табылады. Салық кодексінің жағдайларын ХҚЕС сәйкестендіруде талдау салықтық тексерісті жүргізуде сөзсіз орын алатын даулы жағдайларды анықтайды.
Ең алдымен, бұған ұқсас жағдайлар, келесідей жағдайлармен негізделеді:
көптеген жағдайларда ХҚЕС есеп объектілеріне баламалы немесе түрлі тәсілдерді ұсынып, кәсіпқойлық түсіндірменің қолданылуын талап етеді;
ХҚЕС активтерін есептеуде осы активке меншік құқығы назарға алынбай
да, осы активпен байланысты тәуекел мен марапаттаудың айтарлықтай үлесін алуда негізделеді;
ХҚЕС IAS енгізетін жиі өзгерістерге ұшырайды, ол салықтық заңнаманы белгілі мерзімге ХҚЕС сәйкес барлық мүмкіндіктерді теңестіре алады [28].
Қазіргі жағдайда кәсіпорындардың экономикалық қызметтерінің негізгі теориялық білімдері мен ұлттық заңнаманы қолдану мен есептеу әдістері саласындағы тәжірибелік машықтары бар сапалы жаңа деңгейдегі мамандармен ғана емес, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары саласындағы мамандармен қамтамасыз етілуі маңызды орын алады.Көптеген бухгалтерлер өздерінің кәсіби білімдерін қазіргі таңда орташа деп бағалайды, тек аз бөлігі ғана жоғары деп бағалайды. Жұмысшылардың икемділік деңгейі мен кәсіби өсу әлеуетін кәсіпқойлық сертификаттау бағдарламалары бағалауға мүмкіндік береді.
Кәсіпқой бухгалтерлерге үміткерлердің сертификациясы біздің республика үшін де айтарлықтай өзекті мәселе болып табылады. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «Кәсіпқой бухгалтер» ұғымы мен кәсіпқой бухгалтерді дайындау талаптары енгізілген. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық мүддедегі ұйымның бас бухгалтерінің лауазымына кәсіпқой бухгалтер тағайындалатын болады.
Қазақстанда бүгінгі таңда 1000 аса адам сертификаттауға жататын пәндер бойынша оқытудан өтті, олардың 600 үміткері емтихандарын жемісті тапсырған. Жүргізілген емтиханның нәтижелері бойынша 2014 жылы 206 үміткер кәсіпқой бухгалтер атанды.
ХҚЕС есептіліктің өзгеріске ұшырауы туралы ақпаратты алу жалпы ХҚЕС бойынша ақпаратты алу үшін қолданылатын негізгі қайнар көздердің таңдауымен сипатталады. Бухгалтерлік есептің көптеген мамандары үшін арнайы маманданған журналдар мен газеттер басымдыққа ие, солардың ішінде «Бухгалтер бюллютені» және де соған көптеген қосымшалар. Мұндайда бухгалтерлердің басым бөлігі біліктілігін арттырудан жеткіліксіз деңгейде өткен болатын.
Қазіргі таңда экономикалық субъектілердің басшыларының бухгалтерлік қызметке шығындары қағидалы түрде өзгеруі тиіс. Бухгалтерлік есепті қаражат салуды қажет ететін инвестициялық жоба ретінде қарастырған жөн. Ең алдымен, қызметкерлерге, олардың оқытуы мен біліктілігін арттыруға инвестициялануы тиіс. ХҚЕС сәйкес халықаралық стандарттарды қолданудың нақты технологияларын беру тәртібінде білім мен машықтарды ұсына алатын кеңес берушілерді тарту мақсатты түрде дұрыс шешім болып табылады.
ХҚЕС форматында есеп жүргізуге қабілетті білікті мамандардың жеткіліксіздігі, оқытуды ұйымдастыру жолымен жойылуы ықтимал.
Міндетті мекемелерге ХҚЕС өту бойынша қолданбалы бағыттылықтың сапалы оқытатын курстарының жүйесін жасап, дайындау қажет болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде кәсіпқой бухгалтерлерді сертификаттаудың түрлі бағдарламалары қолданылады. Орыс тіліндегі аудит, есеп, бақылау мен қаржылық менеджмент саласындағы мейлінше танымал санаттары төмендегілер болып табылады:
Certified Public Accountant (CPA)
Certified Management Accountant (CMA)
Certified Internal Auditor (CIA)
Chartered Management Accountant (CIMA)
Chartered Certified Accountant (ACCA)
Diploma in International Financial Reporting (DipIFR (Rus))
Сертификатталған бухгалтер – тәжірибеші (САР) мен Сертификатталған халықаралық кәсіпқой бухгалтер (CIPA)
Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағыт алуы, зерттеуді қажет етеді, сәйкесінше, әлемдік тәжірибенің оң нәтижелерін кіріктіруді талап ететіндігін атап өту маңызды.