
Ф 4.2.3.-2014-06-02-01-03
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және бизнес» факультеті
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
Бекітемін Э және Б факультетінің деканы _______________ Жангуттина Г.О. «____» _________ 2014жыл |
СИЛЛАБУС
Пәннің коды мен атауы: KV ОЕ 3212 «Өндіріс экономикасы»
Кредит: 3 Семестр: 6
Оқытушының аты-жөні: Абуталипова Жұлдыз Абаққызы
Кафедра офисы: «ЭжәнеМ» кафедрасы, корпус № 4, каб.210-3б
Телефон: 276-97-06-122
Офис сағаттары: сабақ кестесіне сәйкес
e-mail: Zvezda_05.80@mail.ru
Пререквизиттері: «Философия», «Қазақстан тарихы», «Математика», «Әлеуметтану және саясаттану» және «Экономикалық теория негіздерін» Постреквизиттері: «Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» және «тоқыма және жеңіл өнеркәсібінің және оның тиісті салаларының жабдықтары мен процестерін механикаландыру өндірісінің технологиясы»
Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Өндіріс экономикасы» пән бағдарламасы студенттер үшін негізгі курс болып табылады. Силлабус курс мазмұнын, сондай-ақ курс бойынша оқуға және оқытуға қажетті барлық сұрақтарды қарастырады. Бағдарлама пән бойынша студенттерге тек қысқаша түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар студенттердің оқу мерзімінде өз іс-әрекеттерін жоспарлауға негізделетін барлық адамдар пайдалана алатын құжат ретінде болады.
Өндіріс экономикасы пәні жас мамандардың келешек жұмысында және практикалық бағыттағы оқу жүйесінде, тиісті теориялық деңгейді білім алып, стандартқа сәйкес студенттер толық комлексті дәрежеде білімін нығайтуға аталған пән үлкен көмек жасайды.
Сонымен бірге студенттерге керекті білім және іскерлік берумен бірге оның ішінде :
- кәсіпорын экономикасы жайында теориялық білім:
- нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды экономикалық басқарудың формалары мен әдістемелерін дамыту обылысында іс жүзінде қолданылатын білім беру:
- оқу жоспарына сәйкес мамандарды дайындауда теориялық алған білімін өз бетінше өндірісте творчествалық қолдана білуді үйрету.
Курстың мақсаттары мен міндеттері: Осы курс басқарудың практикалық мәселелерінің мәнін ашып, басқару туралы білімдер кешенін, басқару қызметін жүргізудің және басқару жүйесін талдау мен оларды жобалау біліктіліктерін қалыптастырады, іскерлік кәсіпкерлік пен әкімшілік тәжірибесін меңгеру арқылы кадрларды дайындаудың кәсіптік деңгейін арттырады, іскерлік қарым-қатынас этикасы мен психологиясын дамытады.
Кәсіпорын экономиканың негізгі бастапқы буыны болып табылады және кәсіпорын экономикасының негіздерін білу-білікті мамандарды дайындаудың міндетті шарты.
Пәнді оқытудың мақсаты болып шаруашылық жүргізудің нарықтық типі жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерртеу негізінде студенттердің экономикалық ойын дамыту болып табылады.
Студент міндетті:
білуге
Өндіріс орындарының мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен ролін;
Өндіріс орындарының ресурстық базасы мен әртүрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін;
нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды экономикалық басқарудың формалары мен әдістемелерін;
Өндіріс орындарының қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нәтижелерін зерттеуді.
жасай алуға
Кәсіпорында жүретін экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелдігін терең түсінуді;
Оларды жүйелеу мен модельдеуді білуді, факторлардың әсерін анықтауды;
Жетілген нәтижелерді бағалауды, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтауды
дағдылануға
қазіргі жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың ұйымдастыру - құқықтық формасын, оның құрылымын, өндіріс жұмыстарының факторларын, ғылыми-техникалық прогресс пен өндіріс интенсификациясын, кәсіпорынды басқарудың экономикалық механизмдерін, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын және алған білімін өз мамандықтары бойынша білім алудағы жоспарға сәйкес игеріп, алда ірі-ірі табыстарға жетуге қолдануға
құзырлы болуға
Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттің басқарушылық сонымен қатар, орындау сипатындағы кәсіптік мәселелерді шешу жөніндегі ұтымды шешім ойлап табу үшін және кәсіпорынның шаруашылық міндеттемелерін ең жақсы шешу тәсілін таңдауға қажетті творчествалық ой-өрісін дамыту керек; кәсіпорынның экономист ретінде творчествалық, одан әрі белсенді кәсіптік қызметті жүргізу үшін.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Апталар |
Аудиториялық сабақтар |
СӨЖ (СОӨЖ) Тапсырмалар түрлері мен мерзімі |
|||
Тақырып аталуы |
Дәріс |
тәжір-биелік |
Оқуға арналған тараулар |
||
сағат |
сағат |
||||
1 |
Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметі |
1 |
2 |
1,2,3 1-тарау |
Баяндама жасау Слайд түрінде |
2 |
Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру |
1 |
2 |
1,2,3 2-тарау |
Реферат Баяндама жасау |
3 |
Кәсіпорынның құрылымы және оны жетілдіру жолдары |
1 |
2 |
2,3 3-тарау |
Реферат Баяндама жасау |
4 |
Негізгі қор және оның өндірістегі ролі |
1 |
2 |
2. 4-тарау 5. 6-тарау |
Баяндама жасау Слайд түрінде |
5 |
Өндірістің айналым капиталымен қамтамасыз етілуі |
1 |
2 |
2. 5-тарау 3. 4-тарау
|
Реферат Баяндама жасау |
6 |
Өндіріс орындарының экономикалық ресурстары |
1 |
2 |
2. 6-тарау 5. 7-тарау |
Реферат Баяндама жасау |
7 |
Өндірістің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі |
1 |
2 |
2. 7-тарау 5. 8-тарау |
Реферат Баяндама жасау |
8 |
Еңбекақыны басқару |
1 |
2 |
2. 8-тарау 5. 7-тарау |
Баяндама жасау Слайд түрінде |
9 |
Өндіріс және өнімді өткізу шығындары |
1 |
2 |
2. 9-тарау 3. 10-11тарау |
Реферат Баяндама жасау |
10 |
Кәсіпорын пайдасын және рентабельдігін басқару |
1 |
2 |
2. 10-тарау 5. 9-тарау
|
Баяндама жасау Слайд түрінде |
11 |
Өнімнің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету |
1 |
2 |
2. 11-тарау 3. 12-тарау |
Реферат Баяндама жасау |
12 |
Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару |
1 |
2 |
2. 12-тарау 3. 13-тарау
|
Баяндама жасау |
13 |
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты |
1 |
2 |
2. 13-тарау 3. 14-тарау
|
Реферат Баяндама жасау |
14 |
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және менеджмент |
1 |
2 |
2. 14-тарау 3. 15-тарау
|
Реферат Баяндама жасау |
15 |
Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру |
1 |
2 |
2. 14-тарау 3. 15-тарау |
Реферат Баяндама жасау |
|
Қорытынды емтихан |
15 |
30 |
|
|
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
Аманбаев Ү.А. «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы –- Алматы: «Басқару» баспасы, 2012 - 432б.
Оразалин К.Ж «Кәсіпорын экономикасы» Тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. Алматы, ЖШС «Издательство LEM» 2011-269б
Үмбеталиев А.Д., Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. Оқулық – Алматы: Экономика, 2009-462бет.
Ниязбекова Р. Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. «Кәсіпорын экономикасы», Оқу құралы / Алматы – 2008.- 792 бет
Оразалин К.Ж., Есайдар Ү.С., Төлегенов Б.Т. «Кәсіпорын экономикасы» (теория, тест сұрақтары, есептер) Оқу құралы, Алматы 2007 -193б
А. Қ. Мейірбеков., Қ. Ә. Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы. Алматы: Экономика 2003 – 252б.
Қосымша әдебиеттер:
Сейдахметов А.С., Елшібеков Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. Кәсіпкерлік: Оқулық. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. – Алматы: Экономика, 2011-344б.
Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру: Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2009 – 218б.
Таева А.М. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалау.- Оқу құралы.- Алматы: АТУ, 2009-86бет.
Ашанұлы Қ. Қазақ кәсіпкерінің әліппесі. – Алматы, 2007 – 136б.
К.Ш.Дүйсенбаева, Э. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиева, «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы Экономика 2001
В.П. Пугачев Тесты, деловые игры, тренинги в управлении персоналом Аспект Пресс Москва 2009
Н.А. Колесникова Бизнес-план Методические материалы Москва Финансы и статистика 2009
В.П. Грузинов В.Д. Грибов Экономика предприятия М. Финансы и статистика, 2004 г
Тулегенов Б.Т., Адильханова С.А., Карбетова З.Р. «Себестоимость продукции и основные направления ее снижения на предприятии». Алматы-2003г.