Қорытынды
Арналардың коммутациясы түйіндердің арасында деректерді жіберу үшін тізбектеле жалғанған бөлек арналық бөлімдерден тұратын, үздіксіз құрамдас физикалық арнаның пайда болуын бейнелейді. Бөлек арналар өзара арнайы аппаратура – коммутатормен қосылады, олар желінің кез келген соңғы түйіндері арасында байланыс орната алады. Арналардың коммутациясы бар желіде деректерді жіберу алдында, әрқашан байланыс орнату процедурасын орындау қажет.
Пакеттерді коммутациялау – компьютерлік трафикті тиімді жеткізуге арнайы жасалған абоненттерді коммутациялау техникасы. Арналарды коммутациялау негізінде жасалған алғашқы компьютер желісін жасаудағы эксперименттердің бұл коммутациясының түрі желінің жалпы өткізу қабілетіне қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Пакеттерді коммутациялау кезінде желіні қолданушының жіберетін барлық ақпараттары жергілікті торапта салыстырмалы түрде қарапайым бөліктерге бөлінеді, ол пакет деп аталады. Әрбір пакеттің аты бар, онда пакетті жеткізетін желінің қажетті мекен-жайы туралы ақпарат және хабарламаны жинақтауда қолданылатын пакет нөмірі жазылады. Пакеттер желіде тәуелсіз ақпараттық блок ретінде тасымалданады. Коммутаторлар пакетті соңғы тораптан қабылдап, мекен-жайлық ақпаратқа сәйкес бір біріне жібереді, нәтижесінде соңғы торапқа жеткізіледі.
Бірақ та компьютерлік ақпараттарды желі арқылы жіберетін пакеттерді коммутациялау техникасы кезіндегі уақыт өлшемі арналарды коммутациялау техникасына қарағанда жоғары болады. Сондықтан, егер қызмет көрсетілетін абоненттер көп болса коммутаторлар үнемі және жеткілікті түрде бір ретті жұмыспен қамтылады. Соңғы тораптан коммутаторға келіп түсетін трафик, уақыт төңірегінде біркелкі реттелмеген. Бірақ та, төменгі деңгейдегі коммутаторлардың байланысын қамтамасыз ететін иерархияның жоғарғы деңгейлі коммутаторларының қолданылу коэффиценті үнемі жоғары болады.
Арналарды комутациялау желісімен (байланыс арналарының өткізу қабілетінің теңдігі кезінде) салыстырған кезде желідегі пакетті коммутациялаудың жоғары тиімділігі жасанды модельдеу көмегімен 60 жылдары эксперимент түрінде дәлелденген болатын. Мультибағдарламалы операциялық жүйелердің ұқсастығымен байланысы орынды болып саналады. Бұл жүйеде әрбір бағдарлама бір бағдарламалы жүйеге қарағанда ұзақ орындалады, өзінің орындауын аяқтағанға дейін бағдарламаға процессорлық уақыт бөлінеді. Бірақ берілген уақыт ішіндегі бағдарламалардың жалпы саны бір бағдарламалы жүйеге қарағанда мультибағдарламалы жүйеде көп болады.
Тәжірибелік сабақтың жоспары:
Мақсаты: VPN хаттамаларын зерделеу.
Тапсырма:
Виртуалды жеке желілерде ендіру.
Маршрутталатын ортаға VPN-ді ықпалдастыру.
VPN-серверлер Интернетпен ықпалдастыру.
Соөж және сөж тапсырмалары:
Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
Ауқымды желі дегеніміз не?
Ауқымды желінің құрылымын сипаттаңыз.
Ерекшеленген арналарды сипаттаңыз.
Комутатор анықтамасын беріңіз.
Коммутациялық матрица дегеніміз не?
Коммутацияланатын желілердің артықшылығы неде?
Коммутацияланған арналар, пакеттер.
