Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_D_1240_RIS.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

  • DHCP – бастапқы жүктеу хаттамасының кеңеюі (ВООТР), ол дискісіз клиенттерге TCP/IP-ді автоматты түрде баптауға және жүктеуге мүмкіндік береді. DHCP компьютерлер-клиенттерге IP-мекен-жайларды автоматты түрде беру жолымен TCP/IP параметрлерін бөлуді басқару мен орталықтандыру үшін қызмет етеді. Сонымен қатар оны пайдалану TCP/IP-ді қолмен баптаумен байланысты бірнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

  • Әр DHCP-қолданушы жүктелген кезде DHCP-серверден ақпарат сұрайды, жүйе асты маскасын және кейбір басқа деректерді сұрайды. Соңғыларға шлюздің үнсіз жағдайдағы мекен-жайы, DNS және WINS серверлер мекен-жайлары сұралады.

  • DHCP сервері ІР – мекен-жайды бөлуге сұраныс қабылдаған кезде, ол ІР-мекен-жай туралы ақпаратты көптеген ақпараттар ішінен көрсетеді және оны DHCP қолданушысына ұсынады. Егер қолданушы осы деректерді қабылдаса, DHCP-сервер қолданушыға ІР – мекен-жайды белгілі бір уақыт аралығына береді.

  • DHCP-клиент баптауы төрт кезеңде орындалады. Егер компьютерлерде бірнеше желілік адаптерлер орнатылса, онда әрбір адаптердің баптауын жеке-жеке орындайды. Әрбір адаптерге бірегей IP – мекен-жай беріледі. Барлық DHCP байланыстары UDP хаттамалары арқылы орындалады.

  • Windows 2000 DHCP-сервердің DNS аймағында кез келген клиент үшін динамикалық жаңартулар жүргізуге болады. Бұл жағдайда клиенттер DNS динамикалық жаңартулар хаттамаларын қабылдап, "IP – мекен-жай/аты"(DNS-сервер аймағында сақталады) ақпараттарын өңдей алады.

Тәжірибелік сабақтың жоспары:

Мақсаты: Сандық сертификатты зерделу. Certificate Authority Manager қолдану ережелері.

Тапсырма:

1.Сертификаттардың қызметі.

2.Сертификат компоненттерінің қызметі

3.Сертификаттау орталықтарының ашылуы.

4.Сертификаттау оралықтарын қорғау

Соөж және сөж тапсырмалары:

  1. Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:

  1. DHCP дегеніміз не?

  2. DHCP пайдаланып, TCP/IP-ді баптау.

  3. DHCP серверін орнатуды қалай жүргізуге болады?

  4. Ipconfig утилиті қалай қолданылады және неге арналған?

  5. DHCP ретрансляция агентін қосуды қалай орындауға болады?

  6. Облысты қалай құруға болады?

  7. DHCP дегеніміз не?

  8. DHCP және DNS қалай байланысады?

  9. DHCP-клиент дегеніміз не?

  10. DHCPжелісін іске асыруды не үшін жоспарлау керек?

  11. DHCP-ді дұрыс жұмыс істемеуінің қандай белгілері болады?

2. Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компбютерде орындау:

1. Жекеленген бағыныңқы со орнатыңыз

1. Аспаптар тақтасында Add/Remove Programs (Орнату/Бағдарламаны Өшіру) белгішесін шертіңіз

2. Add/Remove Windows Components (Орнату/Windows компонентін өшіру) салымшысына көшіңіз.

3. Certificate Services (сертификаттау қызметі) белгіге жалауша қойып, Next-ті басыңыз.

4. Stand-Alone Root СО (СО Жекеленген түбір) қосып айырғышты шертіп, Next-ті басыңыз.

5. СО сәйкестендірілетін ақпаратты толтырыңыз.

СО name (Аты СО) жолында СО Компьютер атын теріңіз және Next-ті басыңыз.

6. Деректер қоймасының үнсіз келісімін қолданып, Next-ті басыңыз.

7. СО орнату үдерісін жүргізіп жатқанда, IIS қызметін тоқтату керек. Ол үшін ОК батырмасын басып, Windows 2000 (нақтырақ Certsrv.*) орнатылатын файлдардың орнын көрсету қажет.

8. Finish (Дайын) батырмасын басыңыз.

9. Add/Remove Programs терезесін жабыңыз.