Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_D_1240_RIS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.18 Кб
Скачать

6 ДӘРІС

Тақарабы:internet желісінің ұйымдастырылуы.

Дәрістің мән-мәтіні

Мақсаты: Интернет желісінің ұйымдастырылуын қарастыру.

Дәріс жоспары:

  1. DHCP хаттамасы.

  2. DHCP архитектурасы.

  3. Microsoft DHCP Server.

Негізгі түсініктер: DHCP хаттамасы, DHCP архитектурасы, Microsoft DHCP Server.

Тақырыптың мазмұны. DHCP компьютерлерге IP – мекен-жайды автоматты түрде тағайындайды. Бұл TCP/IP-ді қолмен баптаумен байланысты қиындықтарды болдыртпауға мүмкіндік береді.

DHCP – бастапқы жүктеу хаттамасының кеңеюі (ВООТР), ол дискісіз клиенттерге TCP/IP-ді автоматты түрде баптауға және жүктеуге мүмкіндік береді. DHCP компьютерлер-клиенттерге IP – мекен-жайларды автоматты түрде беру жолымен TCP/IP параметрлерін бөлуді басқару мен орталықтандыру үшін қызмет етеді. Сонымен қатар оны пайдалану TCP/IP-ді қолмен баптаумен байланысты бірнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Әр DHCP-қолданушы жүктелген кезде DHCP-серверден ақпарат сұрайды, жүйе асты маскасын және кейбір басқа деректерді сұрайды. Соңғыларға шлюздің үнсіз жағдайдағы мекен-жайы, DNS және WINS серверлер мекен-жайлары сұралады.

46-сурет – DHCP-клиент пен DHCP-сервердің өзара әсерлесуі

DHCP сервері ІР – мекен-жайды бөлуге сұраныс қабылдаған кезде, ол ІР – мекен-жай туралы ақпаратты көптеген ақпараттар ішінен көрсетеді және оны DHCP қолданушысына ұсынады. Егер қолданушы осы деректерді қабылдаса, DHCP-сервер қолданушыға ІР – мекен-жайды белгілі бір уақыт аралығына береді.

TCP/IP-ді DHCP арқылы өңдеу. DHCP-ді TCP/IP автоматты түрде өңдеу дегеніміз ІР-мекен-жайлар туралы желі администраторынан ақпарат алу қажеттілігі ендігі кезде туындамайды.

DHCP қызметі DHCP қолданушыларына барлық қажетті ақпаратты ұсынып отырады. DHCP қолдану көптеген көзге көрінбейтін мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. DНСР-сервермен белгіленетін TCP/IP параметрлері жөніндегі ақпарат мыналардан тұрады:

  • қолданушы компьютерінің желілік адаптерінің IP – мекен-жайлары;

•IP – мекен-жайда желі мекен-жайын түйін мекен-жайдан айыруға мүмкіндік беретін желі асты маскалары;

• шлюздердің үндемеген қалпында бір байланыс сегментінің басқа желіге берілуі;

• клиенттерге жіберілетін қосымша параметрлер DHCP (IP – мекен-жайлар DNS- немесе WINS-серверлер, клиент қолдана алатын).

DHCP-клиент баптауы төрт кезеңде орындалады. Егер компьютерлерде бірнеше желілік адаптерлер орнатылса, онда әрбір адаптердің баптауын жеке-жеке орындайды. Әрбір адаптерге бірегей IP – мекен-жай беріледі. Барлық DHCP байланыстары UDP хаттамалары арқылы орындалады.

Көптеген DHCP хабарламалары кең. Егер DHCP-клиенті DHCP серверімен өшірілген желі арқылы байланысса, онда IP-маршруттаушы кең DHCP хабарламаларын құруы керек. DHCP конфигурация фазалары кестеде көрсетілген.

DHCP-клиентінің төрт фазалы баптауы

Фаза

Сипатталуы

Сервер іздеуі

(IP lease discover)

Клиент шектелген нұсқаға ат береді де DHCP-серверінің орналасуы жайлы кең таралған сұранысын жібереді және IP – мекен-жайлары туралы ақпараттарды сұрайды

Жалға беруді ұсыну

(IP lease otter)

Клиенттің нақты конфигурациясы бар барлық DHCP-серверлері оған ұсыныс жасайды.

Жалға беруді сұрастыру

(IP lease request)

Бірінші қабылдаған ұсыныстан клиент IP-мекен-джайының ақпараттарын сақтап калып, ол қабылдаған ұсынысқа IP – мекен-жайдың оған бөлінуін сұрап, кең таралған хабарлама жібереді.

Жалға беруді қолдау

(IP lease acknowledgment)

DHCP-сервер, ұсыныс жасаған хабарламаға жауап береді, ал қалған серверлер өздерінің ұсыныстарын алып кетеді. Клиентке IP – мекен-жай беріліп, бекітілуге жіберіледі. Клиент ат беруді аяқтайды және TCP/IP. Автоматты баптаудың аяқталу үдерісі бойынша клиент басқа желідегі IP дұрыс жұмыс жүргізу үшін TCP/IP барлық қызметтері мен утилиттерін қолдана алады.

Ipconfig – командалық жолдың утилиті, ол желілік компьютердегі IP стегінің ағымдағы параметрін орнатады. Ол барлық интерфейстер параметрлерінің есептемесін көрсете алады, оның ішінде ГВС-минипорты, мысалы, өшірілген қызметке арналған немесе VPN қосылу үшін.

47-сурет – Ipconfig /All бұйрығымен берілетін есептеме

Жүйелерде, DHCP жұмыс істейтін, Ipconfig бұйрығы жиі қолданылады. Ол DHCP конфигурациясында TCP/IP-дің қандай параметрлерінің мағынасын анықтайды.

Windows 2000 DHCP-сервердің DNS аймағында кез келген клиент үшін динамикалық жаңартулар жүргізуге болады. Бұл жағдайда клиенттер DNS динамикалық жаңартулар хаттамаларын қабылдап, "IP – мекен-жай/аты"(DNS-сервер аймағында сақталады) ақпараттарын өңдей алады.

DHCP клиенттің IP – мекен-жайының баптауларына мықты автоматикалық механизмді қамтамасыз еткенімен, таяу уақытқа дейін DHCP DNS қызметі клиенттің DNS-жазбаларына жаңартулар жасаған жоқ, оның ішінде DNS-серверде сақталатын "IР – мекен-жай/аты" мен "аты/IР – мекен-жайларға" жаңартулар жүргізген жоқ. Егер DHCP DNS байланыса алмаса, онда DHCP-клиент жайлы, DNS қолдайтын ақпараттар, керексіз болып қалады. Мысалы, DHCP-серверден клиент IP – мекен-жай алады, бірақ DNS жазбалары, ағымдағы IP – мекен-жай оқылмайды, сонымен қатар жаңа IP – мекен-жайды толық домендік атта (fully qualified domain name, FQDN) құруға мүмкіндік болмайды.

Windows 2000 DHCP-серверлері және клиенттері DNS-та байланыса алады, егер сервер динамикалық жүйенің домендік атының (Dynamic DNS, DDNS) жаңартылуын орнатса. DNS Windows 2000 қызметінде динамикалық жаңару орнатылған. DHCP-сервер Windows 2000 DNS-серверде тіркелуден өтіп, (А) мекен-жайы қорларының жазбаларын жаңартып, DDNS жаңартулар хаттамасы арқылы (PTR) жазба қорларының көрсеткіштерін өзінің DHCP-клиентіне орнатуы мүмкін. А типінің тіркелуі мен жазбаларының мүмкіндіктері және PTR типінің жазбалары DHCP-серверге, DNS клиентінің тіркеуіне прокси-сервер ретінде әсер етеді, оны Windows 95 пен Windows NT 4.0 қолданады. DHCP-серверлері Windows 2000 және басқа клиенттерді ажырата алады. Қосымша баптау коды DHCP (Option Code 81) FQDN клиентті DHCP-серверге қайта қалпына келтіруіне рұқсат етеді. Егер мүндай мүмкіндік болса, онда DHCP-сервер динамикалық жаңартулар хаттамасы арқылы DNS модификациялық жазбалар ресурсын динамикалық түрде жаңартады. Сонымен, DHCP-клиенттердің DHCP сұраныстарында Option Code 81-ді серверге жібереміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]