Плоттер.
Плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін әдетте арнайы шығару құрылғысы - плоттер қолданылады (10.6, 10.7-сурет). Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық, электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 мм/с, ең жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру мүмкіндігі бар Ең үлкен мүмкіндік қабілеті және кескіннің анықтығы лазерлік плоттерлерде болады, бірақ олардың бағасы қымбат.
10.6 –сурет. Қарапайым плоттердің көрінісі
10.7-сурет. Түрлі-түсті плоттердің көрінісі
Сканер – кейіннен қолдану, өңдеу, сақтау немесе шығару үшін мәтіндік немесе графикалық ақпаратты сандық түрге айналдыру жолымен компьютерге енгізу құралы.
Scan (ағылшын)- қарау, қарап өту. Сканер құрылғысын қысқаша
қарастырайық. Жарық түсіруші лампамен айналар жүйесі қадамдық қозғалтқыш көмегімен қозғалатын кареткада орналастырылған. Кареткада орналасқан лампа жарығы сканерлеу кезінде қозғалтқыштың әр қадамында құжатқа сәулеленеді де, айналар жүйесі арқылы матрицаға түседі. Матрица электрлік сигналға айналдыру жолымен сәулеленген жарық интенсивтілігін анықтайтын сезімтал элементтерден тұрады. Бұл сезімтал элементтерді әдетте ССD (ағылшын абревиатурасы Couple-Charged Device) деп аталады, қазақша жуықтап (зарядты байланысты құрал). Ары қарай қолдану үшін аналогты сигналды сандыққа айналдыру жүреді. Бұл компьютерге жіберу үшін қажет. Осылайша каретканың әрбір қадамында сканер түпнұсқаның бір горизонтальды жолағын тіркейді, ол өз кезегінде ССД сызғышында бірнеше пиксельге бөлінген. Жолақшалардан құрылған қорытынды бейне, бірдей өлшемді және түстеріәртүрлі плиткалардан (пикселдерден) тұратын мозайка тәріздес болып келеді.
Оптикалық рұқсат ету деңгейі – сканердің негізгі сипаттамаларының бірі. Дюйм, DPI нүктелерінде өлшенеді. Үстелдік сканерлер үшін: 300х300, 400х400, 300х600, 400х800, 600х600, 600х1200 dpі оптикалық рұқсат ету деңгейі не екенін түсіну үшін дюйм х дюйм өлшеміндегі (дюйм = 2,54 см) 8х8 шахмат тақтайшайсын алайық. Бұл тақтайшаның рұқсат ету деңгейі 8х8 болады. Егер бұл тақтайшада әрбір ось бойынша үш жүз квадрат бар болса, онда осыған сәйкесінше оның өлшемі де 300х300 болады. Өлшем қаншалықты үлкен болса, бейне туралы детальды ақпаратты да көбірек алуға болады. Сканердің оптикалық рұқсат ету деңгейі ССD матрицасымен горизонталь ось бойынша анықталынады. Каретканы қозғалту кезінде сканер қозғалтуға мүмкіндік беретін дюйімдегі қадам саны, вертикаль ось бойынша рұқсат ету деңгейі анықтайды. Интерполирленген рұқсат ету деңгейі – сканердің жасанды 89 үлкейтілген рұқсат ету деңгейі, математикалық алгоритмдер көмегімен сканер драйверінде программалық жолмен жасалады.
Адамның көзі 17 милллион түс түрін немесе 256 сұр градацияны (фотографикалық сапа) қабылдай алады. Бұл 24 биттік түске немесе 8-биттік сұр градаяциядағы бейнеге сәйкес келеді. Сканерде электрлік сигнал ССD матрицадан аналогты-сандық түрлендіргіш көмегімен сандыққа айналады. АЦП разрядтылығы мен ССD орындалу сапасы сканер түсінің тереңдігін анықтайды. Үлкен түс тереңдігіне ие сканерлер қара түстерде көбірек түс түрлері мен өтулерді сақтауға мүмкіндік береді. Оптикалық тығыздық – бұл түпнұсқа сипаттамасы. Шағылысатын (мөлдір емес түпнұсқаларды сканерлеу кезінде) немесе өткізетін (слайдтар мен түпнұсқаларды сканерлеу кезінде) жарыққа, түсетін жарық қатынасының ондық логарифмі ретінде есептеледі. Іс жүзінде, оптикалық тығыздық диапазоны әртүрлі түпнұсқаларды қамту қабілетімен сипатталынады. Сканердің оптикалық тығыздық диапазоны сканер оптикасы мен түс тереңдігімен анықталады.
ОСR (Optical Character Recogonition) – символдарды оптикалық тану. Компьютерге терілген құжаттарды енгізуге мүмкіндік береді, ол текстік процессорда редакцияланады.
Орыс тілін тану үшін әртүрлі программалар бар. Мысалы, Fine Reader. Кей планшетті сканерлерді мөлдір емес түпнұсқаларды сканерлеу үшін қолданумен қатар, мөлдір пленкілерді, слайдыларды, түпнұсқа, рентгендік түсірулер және т.б сканерлеуге қолдануға болады. Осылар үшін слайд – адаптер бар, ол сканер қақпағының орнына орнатылады да, пленкіні сканерлеу кезінде, сканер кареткасындағы лампа жарығын(ол сөнеді) өзінің жарық көзімен ауыстырады. Айналар жүйесіне, бұл жағдайда шағылған емес, мөлдір түпнұсқадан өтетін жарық түседі.
