Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КП на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

2 Кабельдік байланыс жолдарының трассасын таңдау жөніндегі нұсқаулар

    1. Кабельдік байланыс жолын таңдау критерийлері

Кабельдік байланыс жолын жобалау кезінде, оның төсеу трассасы ондағы шеткері пункттерді орналастыру жолымен анықталады. Трассаны төсеуге қойылатын шарттарды келесідей топтастыруға болады: құрылысына кететін капиталды шығындар мен оны жұмысқа пайдаланудағы шығындардың аз көрсеткішімен және пайдаланудың ыңғайлығы.

Бірінші шартты қамтамасыз ету үшін трасса ұзындығы, осы трасса бойында кездесетін өзен, шосселік және темір жол қиылыстарының саны, кабельді механикаландырылған жолмен төсеу мүмкіндігі және т. б. факторлар есепке алынуы тиіс. Сол сияқты, жоғары вольтті желілер мен мүмкін болатын коррозиялардан байланыс жолдарын қорғауға кететін шығындарды азайту мүмкіншіліктері де қарастырылады. Екінші және үшінші шарттар үшін трассаны ұйымдастырудың әр-түрлі нұсқалары және осы трассаға қызмет көрсететін персоналдардың жақсы тұрғын-үй мен тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету сұрақтары есепке алынуы тиіс.

Жоғарда көрсетілген шарттарды сақтау үшін, берілген пункттер арасында трасса ұзындығы ең аз арақашықтықта және оның бойында ең аз кедергілер болуы тиіс. Елді мекеннен тыс жерлерде кабель трассасын автокөлік жолдары бойында орналастыру шарт. Егер елді мекендер арасында автомобиль жолы бойындағы трасса ұзындығы тым ұзын болса, онда кабель трассасын тіке қысқа жолмен салу қарастырылады. Берілген елді мекендер арасында трасса жолын таңдау кезінде сол аумақтың картасы қолданылады, әдетте бұл автокөлік жолдар атласы. Аталған курстық жобада Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары Атласын қолдану ұсынылады [].

Қалалар аумағында трасса кабелі телефон құбырлары бойынша төселеді, мұнда резервтегі арналар мен құбырлар кең көлемде қолдану ұсынылады. Трасса бойында орналасқан 500 мың тұрғыны бар қалаларда кабельдің 3-4 км көлемі құбырларда төселеді? Ал кабельдік құбырлардың/кәріздердің 40-50% ұзындығы бұрыннан бар деп есептеледі. Барлық кабельдік трассаның тек 5-10% қолмен, ал қалғаны кабель төсегіш көмегімен төселінуі ұсынылады [ 4 ].

Курстық жобада тапсырма нұсқасы студеттік билеттің соңғы екі санымен немесе оқытушының ұсынысы бойынша анықталады (кесте 1) [Қ.А.].

Тапсырмаға сәйкес студент бірінші және екінші елді мекендер арасында қолданыстағы байланыс жолын жаңғыртады, ал екінші мен үшінші елді мекендер арасында ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс жолы) жобалау ұсынылады.

Курстық жобада трассаның ситуациялық сызбасымен қатар, жобаланатын ТОБЖ-ң ең кемі үш мүмкін болатын трассалардың нұсқасы салыстырылып, ең тиімдісі маңыздандырылуы тиіс. Трассаның ТОБЖ бөлігінің негізгі көрсеткіштері салыстырмалы кестеде берілуі тиіс (кесте 1) [Қ.Б.].

3 Электр байланыс кабелінің конструкциясын таңдау

3.1 Байланыс орнату тәсілі мен кабель конструкциясын анықтау

Жетілдірілетін байланыс жолының электрлік байланыс кабелінің (коаксиалды немесе симметриялы) конструкциясын анықтау арналардың берілген санына, сонымен қатар оның сыйымдылығына, өткізгіш диаметріне, материалына, оқшаулағыш материалы мен конструкциясы және кабель қабықшасы және т.б. осы кабельмен істейтін тығыздау жүйесіне байланысты анықталады (жеке тапсырма бойынша).

Арнайы әдебиеттер мен анықтамалықтарды қолданып, қажетті кабельдің конструкциясын анықтаймыз. Мұнда кабельдің барлық конструктивті элементтері ескеріледі (оқшаулағыш жастықшасының конструктивті мөлшері, сыртқы қорғау қабықшасымен қабықшаның түрі, материалы және т.б.). Әдістемелі нұсқаулар мен әдебиеттер көмегімен конструктивті параметрлері арқылы қажетті кабель түрін анықтаймыз. Анықтау кезінде келесі жәйттарды ескеруіміз тиіс: суға төсеуге шеңбер тәріздес сымдар көмегімен жасалынған қорғаныш қабығы бар, ал жәй жерге төсеу үшін лента тәріздес қорғаныш қабығы бар кабель қолданылады. [16]

Коаксиалды кабелмен байланыс орнату әдісі бір кабелді, яғни таратқыш және қабылдағыш тізбектері бір кабелде орналасады, ал симметриялы кабелде екі кабелді, әр тарату бағытының тізбектері бөлек кабелде орналастырылады.

Бір аймаққа кіретін әртүрлі жергілікті желілерді қосуға арналған II классты желілік торабтар арасындағы ішкі аймақтың кабелдік байланыс жолдарында магистральді байланыс жолдарындағыдай байланысты ұйымдастырудың төрт өткізгішті (бір немесе екі кабедік) сұлбасы қолданылады. [16]