
- •Силлабус
- •7. Пәннің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Соөж-ын жүргізу жоспары (кеңес беру)
- •15. Студенттің білімін бағалаудың жүйесі
- •15.1Студенттерге рейтинг қою шкаласы
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •15.3 Білім алушылардың балдық-рейтингтік оқу жетістіктерінің бағасын дәстүрлік баға шкаласына ауыстыру
- •15.4 Академиялық тәртіп саясаты
|
Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті «Негіздік дайындық» факультеті «Философия және тарих» кафедрасы
|
Силлабус
Пәннің атауы: «Қазақстан тарихы»
Пәннің коды: IK1101
Мамандықтар : Барлық мамандықтар бойынша
-
Оқу нысаны
Күндізгі оқу
Қашықтықтан оқыту
Барлық кредит
3
3
Курс
1
1
Семестр
1,2
1
Емтихан (семестр)
1,2
1
Дәріс (сағат саны)
30
3
Тәжірибелік сабақ (сағат)
15
12
Порталдық оқу (сағат саны)
-
-
СОӨЖ (сағат саны)
15
-
СӨЖ (сағат саны)
75
120
Барлығы
135
135
Алматы 2015
|
т.ғ.к., доцент қ.а. Кенжебеков Қ.К. |
|
|
|
Қазақстан тарихы мектеп курсы |
|
Мамандықтар бойынша МАК |
|
Қазақстан тарихы бұл - Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетінің аумағында тұрып жатқан қазақ және өзгеде этностардың ұжымды жады. Шығыс елдері, Еуразия тарихының ауқымында қарастыруға болатын дүниежүзі тарихының бөлінбес бөлшегі ретінде саналады. Отан тарихы – тарихи кеңістік пен уақыт аралығындағы ежелгі дүниеден қазіргі күндерге дейін елдің даму заңдылықтарын айқындайтын маңызды оқиғалардың, құбылыстардың, үдерістердің, саяси-этникалық,әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени аспектілерін зерттейтін ғылым. |
|
Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан – жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту,ұлттық сананы және азаматтық бірлікті жастарды отансүйгіштікпен толеранттыққа тәрбиелеу болып табылады.
|
|
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру; Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негізін қалыптастыру. Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу.
|
|
Білуі керек: -Ерте кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі Отандык тарихтағы негізгі окиғалардың мазмұнын ғылыми дәлелденген фактілерге сүйене отырып меңгеру. -Тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын түсіну. - Гуманизммен патриотизмге негізделген рухани мұрагерліктің терең тамырын, бұрынғы ұрпактың мызғымас еңбегі мен халықтан шыққан жеке тұлғаларды білу. Жасай алу керек: - Дәлелдер, жазба, археологиялық деректер жэне ғылыми талдауға негізделген шынайы тарихты ойдан шығарушылық пен аңыз шығармашылығынан ажырата алуы қажет. - Отандық тарихты жеткілікті терең және тұтастай кабылдай алатын дәрежеге жету. Дағдысы: -Ұлттық басымдылықтарға, уақыт талабы мен шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сана және дүниетанымдық принңиптерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. -Тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрді сыйлауға көзқарасын қалыптастыру. |