- •Өзін-өзі тану мұғалімінің іс-әрекетін ұйымдастыру Әдістемелік ұсыныстар
- •Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
- •Істеуге болмайды:
- •Оқушының портфолиосы Портфолионы құру бойынша ұсыныстар
- •Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •2. Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы мәліметтер).
- •3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері.
- •4. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет.
- •5. Сабақтан тыс іс-әрекет.
- •Адамгершілік-рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі
- •Бала тұлғасын зерттеу бағдарламасы Оқушының отбасы туралы жалпы мәліметтер
- •Оқушының қоғамдық іс-әрекеті
- •Тәрбие беру әдістерін, тәсілдері және жаттығуларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақты талдау
- •Қосымша 2 Сабақты өзіндік талдауы
- •Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан
- •Үлгі сабақ. Тақырыбы: Іздеген жетер мұратқа.
Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан
Мақсаты: Адамгершілік құндылық ретіндегі «Дос», «Достық » ұғымдарының мәнін ашу
Міндеті:
- достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру, айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту, жауапкершілікке , достыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : үнтаспа- Жанар Айжанованың орындауында «Достарым» әні, қазақ алфавитіндегі әріптер
Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме? (оқушылар сәлемдеседі)
- Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Іздегенде табылатын қасыңнан», біз бұл сабақта ДОСТЫҚ, ДОС туралы айтатын боламыз.Ендеше бәріміз бір -біріміздің қолымыздан ұстап, үндеместен жанымыздағы достарымыздың достығын, жылуын сезініп көрейік.
Бойымыздағы әсерімізден арылмаған күйі Х. Закарияновтың «Достарым» атты әніне үнтаспаға қосыла отырып орындайық:
Толтыра біліп көңілдің отын, достарым,
Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс қостадың.
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүріңдер, сендер қолтықтан демеп, достарым.
Қайырмасы:
Жабыққан сәтте қас - қағым,
Жаныңды ұғар басқа кім.
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым
Сағыныш толы кеудені кернеп жыр –көшін,
Достықтың келдім сазына әнмен үн қосқым.
Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен,
Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.
Әңгімелесу (берілген сұрақтар бойынша оқушылар жауаптары тыңдалады)
Достық деген не? Оны қалай түсіндірер едіңдер?
Өздеріңнің достарың бар ма?
Досың үшін қандай ерлік жасаймын деп ойлайсыңдар?
Бір адамда бірнеше дос болуы мүмкін бе?
Оқу ақпараты. Оқушылардың әңгімелесу барысындағы жауаптарын негізге ала отырып, төмендегі оқу ақпаратымен қорытындылаймыз.
Адамдардың бір-біріне деген адал сезімі, өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырылады. Достық дегеніміз - адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне деген адал сенімі. Достар бір-біріне қуанышта да , қиыншылықта да ниеттес, қамқор болады. Достық -сыйластықтың , мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындық та үзе алмайды.
Мәтінмен жұмыс
-Адамдар арасындағы достықтың мәні мен мағынасын тереңірек тусіну үшін оқулықтағы «Екі дос» аңыз әңгімесіне көңіл бөлейік ( Мәтін мәнерлеп оқытылып төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып талдаймыз)
- «Екі дос» аңыз әңгімесі не жайында? Негізгі идеясы неде?
- Досың қиналған сәтте көмектескен күнің болды ма?
- Адамға дос не үшін қажет?
- Дос туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Дәйексөз. Төмендегі Цицеронның ұлағатты сөздерін көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау бірізділігін сақтай отырып талдайық
«Достық негізі талғамның , көзқарастың толық үндесуінен туады»
Үлгі:
Көзқарас |
Себеп |
Мысал |
Қорытындылау |
Достық -адамзаттың бір-біріне деген ықыласының, ойының үндесуінен, ұқсастығынан туындайды. |
Өйткені достар бір-біріне ұқсас келеді. |
Менің досым маған қатты ұқсайды. |
Менің достарым, менің үндестерім әрқашан көп болсын. Досты бағалап , қадірлеп жүрейік. |
Жағдаятты талдау Төмендегі жағдаятты оқып талдаймыз.
Сабақ бітуге , қоңырау шалынуға жақын қалды. Ескендір ең соңғы оқушының сыртқа шыққанын күтіп, көзінің астымен мұғалімге қарап қояды.
Мұғалім: Ескендір сен үйіңе қайтпайсың ба?
Ескендір ең соңғы оқушының сыртқа шыққанын күтіп, жауап қатты:
-Сізбен сөйлесейін деп едім, ағай..
Мұғалім: Айта ғой , не айтпақшы едің?
Ескендір: Сыныптағы Санжар досым бар ғой.
Мұғалім: Иә, не болды?
Ескендір: Ол.. ол әкесі сырқаттанып. Шамасы , ақшадан қиналып жүр ғой деймін..
Мұғалім: Солай ма?
Ескендір: Мен оған көмектессем деп едім, бірақ ол менің бұл көмегімді білсе қабылдамайды.( төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып талдаймыз)
- Ескендірдің Санжарға деген қандай ниетін байқадыңдар?
- Оқиғаның соңын қалай аяқтар едіңдер?
- Егер оқиғадағы екі баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
Оқушылар кейіпкерлердің әрқайсысына мінездеме беріп, олардың орнына өздерін қою арқылы оқиғаның түйінін жасайды.
Жүректен жүрекке Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бекіту мақсатында оларға әріптер таратылады. Олар таңдап алған әріптерін пайдалана отырып сұрақтарға жауап беруі тиіс .
Үлгі: А-әрпі
-Сен досыңды қалай жақсы көресің?
-Адалым, ардағым ...
-Өмірде дос болмаса не болар еді?
- ажарсыз, армансыз...
С-әрпі
-Досыңды неліктен жақсы көресің?
-Сырлас, сымбатты болғандықтан.... (Оқушылар өз пікірлері арқылы сабақты қорытындылайды.)
