- •Өзін-өзі тану мұғалімінің іс-әрекетін ұйымдастыру Әдістемелік ұсыныстар
- •Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
- •Істеуге болмайды:
- •Оқушының портфолиосы Портфолионы құру бойынша ұсыныстар
- •Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •2. Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы мәліметтер).
- •3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері.
- •4. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет.
- •5. Сабақтан тыс іс-әрекет.
- •Адамгершілік-рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі
- •Бала тұлғасын зерттеу бағдарламасы Оқушының отбасы туралы жалпы мәліметтер
- •Оқушының қоғамдық іс-әрекеті
- •Тәрбие беру әдістерін, тәсілдері және жаттығуларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақты талдау
- •Қосымша 2 Сабақты өзіндік талдауы
- •Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан
- •Үлгі сабақ. Тақырыбы: Іздеген жетер мұратқа.
Сабақты талдау
Кез-келген сабақтың талдауы психологиялық, педагогикалық, мазмұндық, әдістемелік және пәндік аспектілер тығыз өзара байланысқан кешенді әдістерден тұрады. Жалпы тұрғысынан қарағанда, сабақтың талдауы ұғыну және өзін-өзі тану үрдісі секілді мұғалімнің аналитикалық қабілетін қалыптастырады, қызығушылығын дамытып, оқыту және тәрбие беру мәселелерін зерделеу қажеттілігін анықтайды. Күрделі педагогикалық құбылыстарды бақылау, оларды талдау, жинақтау және ғылыми негізделген қорытындылар жасау қабілеті кәсіби-педагогикалық шеберлікті жетілдірудің әрекетті құралы болып табылады [2].
Сабақты талдау схемасы
Өткізу мерзімі ____________________
Сынып______________________________
Сабақ тақырыбы________________________________________________
Сабақтың мақсатына қол жеткізу және оның танымдық, дамытушылық, тәрбиелік қызметтерін іске асыру.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен міндеттерін нақты жеткізу және осы сабақ пен алдыңғы сабақтың байланысын орнату.
Құрылымның орындылығы және оның жеке бөлімдерінің бірізділігі.
Сабақтың мазмұнының оның мақсатына сәйкестігі.
Оқыту тәсілдері мен әдістерінің сабақтың мазмұнына, мақсатына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі.
Сабақтың түрлі кезеңдерінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың жалпы, топтық және жеке формаларын үйлестіру. Жұмыстың тәсілдері, әдістері және формаларының тиімділігі.
Мұғалімнің бақылауының, оқушылардың өзара бақылауы мен өзіндік бақылауының ерекшелігі.
Оқушылардың сабақ кезіндегі іс-әрекеттерінің психологиялывқ сипаттамасы: қызығушылық, белсенділік, материалды және оның маңыздылығын түсіну.
Педагогикалық үрдіске қатысушылардың қарым-қатынасының сипаттамасы: тілектестік, жарқындылық, өзара татулық, қолдау көрсету, өзара құрметтеу және әділеттілік.
Сабақты жалпы бағалау. Қорытындылар және мұғалімге ұсыныстар.
Қосымша 2 Сабақты өзіндік талдауы
Сабақты өзіндік талдаудың деңгейі.
Эмоционалдық – еріксіз деңгей, мұғалім өзінің педагогикалық іс-әрекетіне қанағаттану немесе қанағаттанбауды сезінеді.
Бағалау, сабақ нәтижелерінің алдыға қойған мақсаттар мен жоспарға сәйкестігі бағаланады.
Әдістемелік, сабақ өзіне қойылатын әдістемелік талаптар тұрғысынан талданады.
Рефлексивті, әрекеттердің себебі мен оның салдарлары анықталады. Бұл талдаудың жоғарғы деңгейі, оны іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық теорияны тарту қажет. [4].
Сабақты өзіндік талдау схемасы [3, 21 с.]
Өткізу мерзімі _______
Сынып _________________
Тақырып____________________________________________________________
Сабақтың кезеңдерін айтаңыз, сабақтың элементтеріне, олардың сабақтастығы мен қанықтығына баға беріңіз. Сабақта белгіленген жоспарды іске асыру қолыңыздан келді ме? Қандай мөлшерде? Қаншалықты сапалы? Жоспардан ауытқушылық болды ма? Оқушылар материалды меңгерді ме?
Оқушылар алдында қандай мәселелер қойылды, мәселе балалардың назарын аударды ма? Сабақ кезінде мұғалімнің және оқушылардың іс-әрекеті қалай ұйымдастырылды?
Сабақтың қандай элементтері ұтымды болды? Оқушылардың назарын аударып, қызықтыра алдыңыз ба? Немен және қалай? Материалдың, оны оқушыларға берудің әдісінде қандай жаңашылдық болды? Сабақ кезінде қандай ашылулар болды?
Кім қарқынды жұмыс істеді – мұғалім немесе оқушы ма? Сабақ барысында белсенді оқушылар болды ма? Бастаманы көрсете алды ма? Сабақты ұйымдастырудың, оның мазмұны мен әдістерін жақсарту мүмкін бе?
Сабақ кезінде оқушылардың оңтайлы жұмыс жағдайын бағалаңыз. Жаңа материалды бағалау оларға қиынға түсті ме? Сабақ кезінде оқушылар өзін қалай ұстады? [1, 39.]
Сабақ кезінде жалпы климат қандай болды? Нені іске асыра алмадыңыз? Нені түзету керек және қалай?
Әдебиет
Аллаярова Г.И., Краснова Н.В. Урок самопознания: структурные компоненты, схема анализа. // «Самопознание-KZ», №4, 2010. – 39 с.
Зыков М.Б. Анализ современного урока. Россия, 2004.
Малаховская Т.Н. Анализ и самоанализ урока. Минск, 2004.
