- •Өзін-өзі тану мұғалімінің іс-әрекетін ұйымдастыру Әдістемелік ұсыныстар
- •Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
- •Істеуге болмайды:
- •Оқушының портфолиосы Портфолионы құру бойынша ұсыныстар
- •Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •2. Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы мәліметтер).
- •3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері.
- •4. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет.
- •5. Сабақтан тыс іс-әрекет.
- •Адамгершілік-рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі
- •Бала тұлғасын зерттеу бағдарламасы Оқушының отбасы туралы жалпы мәліметтер
- •Оқушының қоғамдық іс-әрекеті
- •Тәрбие беру әдістерін, тәсілдері және жаттығуларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақты талдау
- •Қосымша 2 Сабақты өзіндік талдауы
- •Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан
- •Үлгі сабақ. Тақырыбы: Іздеген жетер мұратқа.
5. Сабақтан тыс іс-әрекет.
Өзін-өзі тану мәселелері бойынша ата-аналармен, әріптестермен өзара әрекеттесу.
Өткізілген шаралар бойынша материалдар
6. Оқу-материалдық база.
Бөлімде пән бойынша білім үрдісінің оқу-әдістемелік және техникалық жабдықталуын растайтын құжаттар болады.
Кабинеттегі анықтама және энциклопедиялық әдебиеттердің тізімі.
Оқытудың техникалық құралдарының болуы.
Көрнекілік құралдардың тізімі.
Оқу үрдісін қамтамасыз ететін тәрбие беру технологияларының, ойындардың т.б. құжаттардың тізімі.
Портфолионы рәсімдеу
Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы аталған мектепте қабылданған форма және құрылымға сәйкес жинақтау папкасында рәсімделеді.
Педагогтың папкаға өзінің даралығын сипаттайтын материалдарды, қосымша бөлімдерді қосуға құқығы бар (өзінің қалауы бойынша).
Портфолионың материалдарына айы, күні жазылуы керек.
Директордың орынбасары немесе тәжірибелі әдіскер мұғалім педагогтарға жинақтау папкасын әзірлеу бойынша көмек көрсетеді.
Портфолионың презентациясы
Портфолионың презентациясы шығармашылық топтың отырыстарында, семинарларда өткізіледі. Презентация көрме, слайд-шоу, баяндама түрінде өткізілуі мүмкін. Презентацияның мақсаты – қысқа уақытта педагогтың нақты кезеңдегі іс-әрекетінің негізгі нәтижелерін ұсыну.
Әдебиеттер
Гайтукаева И.Ю., Юдина И.Г. Тірі бағалау: «Мектептегі портфолио» бағдарламасы. - Панорама , 2006.
Жайтапова А.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби өсуі. – Алматы, 2006.
Новикова Т.Г. Портфолионың түрлі модельдерін құрастыру. // Әдіскер. – 2005. - №3.
Мектептегі тәрбие беру үрдісін басқару. // Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының ғылыми-әдістемелік журналы. – 2005. - №5
Адамгершілік-рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі
Барлық ғасырларда адамгершілік-рухани тәрбиелік жоғары бағаланған. «Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды, адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп алу қажет. Тәрбиелі адам – бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келесін және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған адам. Бұл үлкендермен де, жасы кішілермен де, мәртебесі төмендермен де бірдей сыпайы адам», - деп есептейді академик Д.С.Лихачев
«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде тұлғаның тиімді әлеуметтенуіне ықпал етеді, тұлғаның адамгершілік негіздерінің қалыптасуы, рухани өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауда негізгі рөлді орындауға бағытталған. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі бағалауымен байланысты.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақты ұйымдастыру үшін оқытудың психологиялық негіздері, оқушы тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының психологиялық сипаттамасы, дағдылардың психологиялық ерекшеліктері, тапсырмаларды орындау, мәселелерді шешу кезіндегі балалардың психологиялық жағдайы, психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу, оқушылық ұйымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін білу, сыныпта әлеуметтік-психологиялық климатты орната алу қажет.
Тәрбиелік деңгейі дегеніміз – тұлғаның барынша тұрақты қасиеттері мен түрлі іс-әрекеттердегі, ұжым мен өзіне қарасты білігі мен дағдыларының жиынтығы деген қорытындыға келеміз.
Тәрбиелік – оңды тұлғалық және әлеуметтік маңызды қасиеттердің жиынтығы [2,8].
Өзін-өзі тану сабағында тұлғаның өзінің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін зерделеуі, өзін-өзі ұғынуы іске асырылады.
Бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасу үрдісінің мониторингі тәрбие беру сапасын зерделеуге және тұлға дамуының негізгі беталыстарын болжауға бағытталған [4, 6, 7].
Мониторинг үрдісінде оқушылар тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының психологиялық сипаттамасы құрылады (оқушылардың мотивациялық ортасы, дағдылардың психологиялық ерекшеліктері, қарым-қатынас жасау үрдісінде, оқу іс-әрекетінде, мәселелерді шешуде, көшбасшылықта баланың психологиялық жағдайын айқындау, психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу), оқушылық ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, топтағы, сыныптағы әлеуметтік-психологиялық климат зерделенеді [3].
Тәрбиелік деңгейіне баға беру мақсаты - өзін-өзі тану, өзі-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту үрдісін ынталандыру, әрбір оқушының өзін-өзі барабар бағалауын қалыптастыру. Бұл, В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша, тәрбие берудің басты мақсаты болуы керек.
Міндеттер: 1. Өзін-өзі басқара алатын, мінез-құлқын түзете алатын, қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің саналы талап-ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру.
2. Іс-әрекет пен мінез-құлқында өзін жүзеге асыру үшін оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасау.
Педагогтың міндеті – құндылықтарға, қоғамда оңды қабылданатын нормаларға сәйкес баланың мінез-құлық әдісін саналы түрде таңдауға көмектесу.
Жиі тәрбие беру мақсаты ретінде тұлғаның өзін емес, оның жүзеге атқаратын рөлдерін қарастырады [9]:
оқушы;
отағасы;
еңбекқор;
азамат.
Бастысы - тәрбиеленушілердің өмірлік жоспарлары, құндылық бағдарлары туралы терең білім негізінде тұлғаның қалыптасуына дұрыс бағыт беру [10].
Тәрбие іс-әрекетіндегі мониторинг – бұл тәрбие беру сапасын зерделеу және тұлға дамуындағы негізгі беталыстарды болжау [6].
Адамгершілік-рухани тәрбие үрдісінің мониторингі – бұл бала тұлғасының қалыптасу және өмірлік маңызы бар негізгі, базалық құзыреттіліктерді меңгеру үрдісін үнемі бақылап отыру [4].
Мониторинг мақсаттары.
1. Тұлғаның тәрбиелік деңгейін, адамзаттың адамгершілік нормаларына сәйкестігін зерделеу.
2. Тәрбие жүйесі іс-әрекетінің оның ақырғы нәтижелеріне сәйкестігін айқындау.
4. Мониторинг мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыруды бағалаумен байланысты. Мониторинг міндеті – күтілетін нәтиже мен қол жеткен нәтиженің арасын азайту.
5. Тәрбие беру сапасының, шұғыл талдаудың, тәрбие іс-әрекетін болжаудың қарқыны бақыланады.
Мониторинг құрылымы
Кесте
Әдістер |
Бағалау |
Анализ |
Болжам |
Тәрбие беру мақсаттарына сәйкес тәрбие үрдісі сапасының дамуын бақылау. 1.Кіріс диагностикасы: сауалнама, бақылау, тест, әңгімелесу. 2. тиімділікке аралық бақылау (пікірталастар, сауалнама, әңгімелесу) 3.Шығыс бақылау: сауалнама, бақылау, диагностика, тәрбие құралдарының тиімділігін анықтау, олардың мақсатқа жетуге тигізетін әсері [5].
|
1. Оқушы тұлғасының дамуындағы қозғалысының психолого-педагогикалық көрсеткіштері.
|
Жағдайы мен нәтижесін талдау (диспут, ұжымдық анализ, өзіндік анализ, пікірталас). 1 Тәрбие жұмысы тиімділігін есепке алу, түзетулер енгізу. 2. Тәрбие әдістерінің басымдылықтарын анықтау [1].
|
Педагогикалық болжам – берілген тәрбие нәтижесін алу болашағына баға беру (тәрбиелі оқушы моделі). 1. Мұғалім, педагог іс-әрекетінің тиімділігін болжау. 2. Тәрбие үрдісінде келеңсіз құбылыстарды болжау.
|
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері
Критерий (греч.)- бағалау өлшемі, педагогикалық бағалау жүргізілетін негізгі белгі. Критерий тәрбие беру тиімділігін өлшеудің ең үлкен бірлігі және тұтас құбылыс ретінде көрінеді.
[4, 7].
Көрсеткіштер – тәрбие үрдісінің қайсыбір жағының негізгі сипаттамасы. Көрсеткіштер критерий қырларының, оның бөліктерінің бірі және қайсыбір белгілер, «деңгейлер» қандай деңгейде дамығанын көрсетеді [4].
Тәрбиелік – жинақталған түрінде адамның әлеуметтік қарым-қатынастарының жүйесін бейнелейтін тұлға сапаларының жиынтығын сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері [2,3].
Тәрбиелік көрсеткіштері сапасында қолданылғандар
Ойлауды, оқиғаларды дербес талдау қабілеттерін қалыптастыру, әлем, азаматтық-саяси даму туралы білімді жинақтай алу.
Адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік нормалар, ережелер, сенімділік, ізгілік сана, түсіністік, эмпатия.
Тұлғаның бағыттылығы, бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының тұрақты басымды мотивтерінің болуы.
Адамның өзіне, қоғамға деген қарым-қатынасының бағытталғандығы, іс-әрекетін өзіндік ұйымдастыруға және мінез-құлқын өзіндік реттеуге қабілеті, әлеуметтік толыққандықтың көрінуі, тұлғаның өзінің моральдік санасы, мінез-құлықтарының еріктігі.
Ұжымда балалардың бір-біріне, өздеріне, мұғалімге, мектепке, ата-анасына қарым-қатынастарының нақты өзгеруі, яғни балалар бір-біріне қайырымды бола түседі, шектетілген баланың досы пайда болады, нашар оқитын баланың өзіне деген сенімі нығаяды.
Диагностика үрдісне қойылатын талаптар [4,8,9]
1. Бала тұлғасы сапасының диагностикасының негізінде қандай да бір жалпы ұстанымдары бар зерттелетін құбылысты салыстыру емес, оның қазіргі және бұрынғы жағдайын сипаттайтын нәтижелерді салыстыру жатады.
Кейбір көрсеткіштер мен әдістер жыл сайын қолданылады, өйткені салыстыру әдісі арқылы тәрбие берудің нәтижесі мен даму қарқынын бақылауға болады.
2. Диагносткалық әрекеттің тәрбие сипаты болуы және педагогикалық мәндеттерді шешуге ықпал етуі өте маңызды.
Пікірсайыстар, ұжымдық талдау мен өзін-өзі талдау оқушылар үшін өте қызықты және пайдалы, сондай-ақ тәрбие үрдісінің жағдайы туралы объективті ақпараттарды береді.
3. Әдістер бірін-бірі толықтырып, зерттеу нәтижелерінің объективтілігін, шынайылығын дәлелдейтін зерттеу әдістемесінің жүйесін қолдану керек.
4. Нәтижелерді зерттеудің жүйелігі қажет.
5. Мониторингтік қызметтің ұсыныстарын жетекшілікке ала отырып, мектептегі адамгершілік-рухани тәрбие берудің нәтижелерін зерделеу қажет.
Тәрбиелік деңгейін бағалау оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға бағыт береді.
Журналда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтарда баға қойылмайтынын ескеру қажет. Жартыжылдықта сабақтарға қатысу, үй тапсырмасын орындау қорытындысы бойынша журналға «сынақ» немесе «сынақ емес» қойылады. Ұсынылған материалдар қатары педагогтарға оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтауға және оның негізінде оқушылардың өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуына көмектеседі.
Білім мекемесінің түрін, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикалық карталар, сауалнамалар әзірленеді, сәйкес көрсеткіштер анықталады. Бала тұлғасының даму картасын (портфолио) дидактикалық материалдарды өңдегеннен кейін толтырады Педагогикалық әдепті сақтай отырып, нәтижелерді оқушының өзімен талқылау қажет.
Өзін-өзі бағалау мен жалпы бағалауды үйлестіру жүйесі оқушыға өзінің әлеммен қарым-қатынасын түзетуге, өзін басқаруға, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға мүмкіндік береді.
