Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК М-31 шагын.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.23 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті

Математика және физика кафедрасы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«Шағын жинақты мектепте математиканы оқыту әдістемесі»

Пән атауы

Мамандығы -5В010900 «Математика»

Шифр, мамандық атауы

Арқалық 2014

Құрастырушы: аға оқытушы, магистар Джакетова С.Д.

ОӘҚ аңдатпасы:

«Шағын жинақты мектепте математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В010900-«Математика» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құжат. «Математика» мамандығы бойынша кредит жүйесінде оқитын студенттеріне арналған; оқу сабақтарының түрлері және тақырыптары бойынша оқу уақытын бөлуді анықтайды; аудиториядағы және аудиториядан тыс уақыттағы студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұнын анықтайды; студенттердің танымдық және шығармашылық білімін нығайтады және оқу мен зерттеу процестерінің байланысын туғызады.

Оқу әдістемелік кешен «Шағын жинақты мектепте математиканы оқыту әдістемесі» Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің студенттеріне арналған/ құрасытырған: Джакетова С.Д. Арқалық: АрқМПИ баспасы, 2014ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті

Математика және физика кафедрасы

Типтік оқу бағдарламасы «Шағын жинақты мектепте математиканы оқыту әдістемесі»

(пән атауы)

5В010900 – «Математика» мамандығының студенттері үшін

Шифр, мамандық атауы

Арқалық, 2014

Түсініктеме хат

Оқу пәні ретінде курстың міндеттері, ұстанымдары және әдістері. Шағын жинақты мектеп, оның сипаттамасы және тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру ерекшеліктері. ШЖБМ жағдайында оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау мен басқарудың; оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың; тәрбие жұмысын жоспарлау мен өткізудің; инновациялық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері

Сабақты ұйымдастырудың дидактикалық тәсілдерін. Белгілі сыныптар жағдайында жалпы дидактикалық әдістер мен тәсілдерді, оқытудағы құралдар мен формаларды нақты есепке алу.

Біріктірілген сыныптарда алуан түрлі сабақтың типтерін жоспарлауға, өткізуге,талдауға дағдылану

Аталған пәнді жетістікпен оқып үйрену үшін барлық сабақтарға қатынасу, дәрісті үнемі жүргізу, оқытушының барлық тапсырмаларын орындау, практикалық сабақтарға, СОӨЖ, СӨЖ өз уақытында дайындалу қажет. Практикалық сабаққа барысында белсенді қатынасқаны жөн.

Барлық сабақтарға қатынасу қатаң түрде тексеріледі. Сабақты босатқан жағдайда оқылған материалға жауап бересіз. Себепсіз босатылған сабаққа ұпай есептелмейді.

Практикалық сабақтарға, СОӨЖ, СӨЖ дайындалу барысында сәйкес дәріс материалдарын білу қажет.

Семестр бойы екі межелік бақылау жүргізіледі.

Қорытынды емтихан барлық теориялық сұрақтармен практикалық тапсырмаларды қамтиды.

Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

Шағын жинақты мектепте математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты- - Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттерге математиканы шағын жинақты мектепте оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрету

Пәнді оқытудың міндеттері: Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін, ШЖМ сипаттамасына сай білім, білік және практикалық дағдыларын қалыптастыру

Пәннің құзіреттілігі:

Білуі тиіс: Сабақты ұйымдастырудың дидактикалық тәсілдерін.

Біліктілігі болуы тиіс; Белгілі сыныптар жағдайында жалпы дидактикалық әдістер мен тәсілдерді, оқытудағы құралдар мен формаларды нақты есепке алу.

Дағдылары болуы тиіс; Біріктірілген сыныптарда алуан түрлі сабақтың типтерін жоспарлауға, өткізуге,талдауға дағдылану

Пререквизит: Педагогикалық пәндер бойынша білімі

Постреквизит: Педагогикалық практика

Пәннің мазмұны