- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері:
- •1.4. Курстың постреквизиттері:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.8. Әдебиеттер тізімінің мазмұны: Нормативтік актілер
- •1.9. Баға туралы ақпараттар:
- •2.0. Курстың саясаты мен процедурасы
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2. Лекция сабақтарының тезистері Тақырып 1. Әкімшілік құқық бұзушылық
- •Тақырып 2. Әкімшілік жауаптылық
- •Тақырып 3. Әкімшілік мәжбүрлеу.
- •Тақырып 4. Әкімшілік жаза
- •Тақырып 5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар.
- •Тақырып 6. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оның ерекшеліктерін анықтау.
- •Тақырып 7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу.
- •Тақырып 8. Әкімшілік үрдіс.
- •Тақырып 9. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау.
- •2.3. Семинар сабақтарының тақырыбы
- •2.4. Лабораториялық сабақтар жоспарланбаған.
- •2.5. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен жасалатын өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары.
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары шегіндегі сабақ жоспары.
- •2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе қарастырылмаған
- •2.8. Өз білімін тексеру үшін тест сұрақтары
- •1. Жеке адамға салынатын минимальды айыппұлдың мөлшері:
- •2. Ескерту қандай түрде жасалады:
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс қашан қабылданды:
- •4. Әкімшілік қамауға алу мерзімі:
- •5. Арнаулы құқықтан айыруды кім қолданады:
- •6. Әкімшілік қамауға алуды кімдерге қолдануға болмайды:
- •7. Арнуалы құқықтан айыру жазасының мерзімі:
- •8. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мерзімі
- •9. Қазақ сср әқ бк қашан қабылданды:
- •10. Сыбайлас жемқорлық және төтенше жағдай режим талаптарын бұзғаны үшін белгіленетін мерзім:
- •11. Әқб жасаған адамға әкімшілік ұстау мерзімі қанша:
- •12. Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы туындайтын жолы:
- •13. Лауазымды адамға салынатын минимальды айыппұлдық мөлшері:
- •14. Әкімшілік айыппұлдық лауазымды адамға салынатын максимальды мөлшері:
- •15. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық минимальды мөлшері:
- •16. Жеке адамға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •17. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •18. Кәмелетке толмаған адам әкімшілік жазаға ұшырады деп есептеледі жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталғаннан бастап
- •19. Кәмелетке толмаған адам ол:
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер 3
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер 3
- •Әкімшілік жауапкершілік пәні бойынша
- •«050301-Юриспруденция», «050304-Кеден ісі» мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь кµшесі, 38
1.9. Баға туралы ақпараттар:
Бақылау түрі |
Баллдар |
Ағымдық |
20 |
Аралық |
30 |
Үй жұмысы |
10 |
Қорытынды |
40 |
Барлығы |
100 |
2.0. Курстың саясаты мен процедурасы
Сабаққа тұрақты түрде қатысу, пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесінің талаптарын орындау, кітапхана мен интернет залға әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау студенттің міндеті болып табылады.
Студенттердің сабаққа кешігуі, сабақты жіберіп қоюы, дәрістегі тәртібі, басқа студенттерге білім алуға бөгет жасағаны үшін жауапкершілік «ҚарМУ-дың ішкі тәртіп ережелері» бойынша анықталады.
Жазбаша жұмыстарды белгіленген мерзімдерін кешіктіріп тапсырған жағдайда баға рейтингі 10%-ға төмендетіледі.
Қорытынды бақылау студенттің жеке қатысуынсыз өткізілмейді. Емтиханда болмаудың барлық жағдайы «ҚарМУ-дын оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерімен» реттеледі.
Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы 2 кредит
№ |
Тақырыптың атаулары
|
Лекция |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Семинар |
||||
1 |
Әкімшілік құқық бұзушылық |
2 |
2 |
3 |
3 |
5 |
3 |
1 |
2 |
2 |
Әкімшілік жауаптылық |
1 |
1 |
3 |
3 |
5 |
3 |
1 |
3 |
3 |
Әкімшілік мәжбүрлеу |
2 |
2 |
4 |
4 |
5 |
4 |
2 |
4 |
4 |
Әкімшілік жаза |
2 |
2 |
3 |
3 |
5 |
3 |
1 |
4 |
5 |
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар |
2 |
2 |
3 |
3 |
5 |
3 |
1 |
2 |
6 |
Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оның ерекшеліктерін анықтау |
1 |
1 |
4 |
4 |
5 |
4 |
2 |
4 |
7 |
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу |
2 |
2 |
4 |
4 |
5 |
4 |
4 |
4 |
8 |
Әкімшілік үрдіс |
2 |
2 |
3 |
3 |
6 |
3 |
2 |
4 |
9 |
Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау |
1 |
1 |
3 |
3 |
4 |
3 |
1 |
2 |
Барлығы |
15 |
15 |
30 |
30 |
45 |
30 |
15 |
30 |
|
2.2. Лекция сабақтарының тезистері Тақырып 1. Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, белгілері.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен қағидалары.
Қазақстан Республикасында, осы кезеңдегі кез-келген өзге мемлекет сияқты, заңды түрде міндетті болып табылатын өте көп әр түрлі ережелер бар. Міндетті болатын ережелердің маңызды ерекшеліктерінің бірі олар әкімшілік санкциялармен қорғалады, ал оларды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саналады. Бұл сияқты құқық бұзушылықтардың негізгі белгілері мен заңдық сипаттамасы 2001 жылғы 30 қаңтарда қабылданған « ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде» қаралған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігін мынадай бірнеше белгілер сипаттайды. Біріншіден, бұл іс-әрекет немесе әрекетсіздік, яхни әрекет; екіншіден, қоғамдық қауіпті әрекет; үшіншіден,құқыққа қарсы әрекет; төртіншіден, кінәлі әрекет; бесіншіден, жазаланатын әрекет.
Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл заңдық патологияның, ауыт кететін мінез-құлықтың бір түрі, ол не іс-әрекет, не әрекетсіздік нысанында болады.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен принциптерiн белгiлейдi, қандай әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) қандай әкiмшiлiк жаза және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар қағидалары:
Заңдылық - әкiмшiлiк құқық бұзушылық, және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары тек Кодекспен белгiленедi.Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиiс емес.
Сот құзыретiнiң ерекшелiгi-соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шегi, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен белгiленедi және өз бетiнше өзгертуге болмайды.
Адамдардың заң алдында теңдiгi- Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, сенiмiне, жынысына, тiлiне, дiнге көзқарасына және iстейтiн жұмысының сипатына, тұратын жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
Кiнәсiздiк презумпциясы-өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жеке адам өз кiнәсi Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, органның заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше,кiнәсiз деп есептеледi.
Кiнә принципi-Жеке адам тек кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Жеке адамның кiнәсiздiктен келтiрген залалы үшiн объективтi кiнә тағуға,яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi.
Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмеушiлiк-Бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де екi рет әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.
Iзгiлiк принципi-Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
Жеке басқа қол сұқпаушылық-ешкiмдi де осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте әкiмшiлiк ұстауға, iшкi iстер органына немесе басқа мемлекеттiк органдарға алып келуге, жеткiзуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды.
Жеке бастың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiқұрметтеу-әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу кезiнде iске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады,сол сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтiн жеке сипаттағы мәлiметтердi Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейді.
Жеке өмiрге қол сұқпаушылық -жеке өмiр, жеке бастың және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады.
Меншiкке қол сұқпаушылық-меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi.Ешкiмдi де сот шешiмiнсiз өз мүлкiнен айыруға болмайды.
Судьялардың тәуелсiздiгi-судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады.
Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату-ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес.
Бiлiктi заң көмегiн алуға құқықтарды қамтамасыз ету-әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында заңға сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң жариялылығы-сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) осы iстердi жүргiзудi ашық түрде жүзеге асырады.
Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету-әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қалыпты жұмысын және iс жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi.
Iс жүргiзу iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану бостандығы-соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне Кодексте белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау-әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделi адам құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Нормативтік актілер:[1], [2],[3].
Негізгі әдебиеттер: [1], [2], [3], [6], [15], [18], [19], [20].
Қосымша әдебиеттер: [1], [3], [4], [5],[10].
