
- •Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
- •050729 – «Құрылыс» мамандығына
- •1. Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындалу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •1.8. Білімді бақылау және бағалау
- •3 Кесте
- •4 Кесте
- •5 Кесте Студенттер білімін бағалау
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Активті таратылатын материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •2.2. Дәріс сабақтарының конспектісі
- •Жүктелу түрі
- •12 Сурет. Қырлы жиналмалы ірі жабын панельдері.
- •17 Сурет. Екі еңісті саңылаулары жиі орналасқан жабын арқалығы.
- •18 Сурет. Кран асты арқалық.
- •2 Сурет. Ортасынан жүктелген іргетастың есебіне:
- •10.1 Кесте
- •2.3. Практикалық сабақтар тақырыптары, олардың сағат бойынша
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сөж) Темірбетон конструкциялары – 30сағат
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сoөж) -30 сағат
- •2.6 Курстық жұмыс пен жобаның тақырыптары
- •Дұрыс жауаптар
- •2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешен
- •050729 «Құрылыс» мамандығына арналған
- •Наширалиев Жанкелді Тұртемірұлы
R
–
тірек реакциясы
Жүктелу түрі
Белгілер:
А
– тармақ қимасының ауданы;
n
– екі тармақты ұстындардағы панельдер
саны
11-сурет. Реакциялардың мәнін анықтайтын формулалар.
теңдеуде келесі белгілер қолданды:
r11 – бірлік жылжудан көлденең раманың реакциясы;
R1p=∑R – жүктемелерден ұстын ұшындағы реакциялар суммасы;
cdim – коэффициенті кран жүктемесінен басқа жүктемелерге бірге тең
Сонғы теңдеуден ∆ - белгісізді анықтайды, сонаң соң серпімді реакцияны табады:
Rb=R+ ∆R∆
Ұстын қималарындағы иілу моменттер мен көлденең күштерді сыртқы жүктемелермен және Rb тірек реакциясымен жүктелген аспалы арқалықтағындай анықтайды
Әдетте ұстынның ұзындығы бойы үш есептік қималар қабылдайды:
1-0 – крандық аспа үсті ;
1-2 – крандық аспа асты;
2-1 – негізде.
Моменттер эпюрасын рамаға әсер ететін әр жүктеменің түріне салады.
Сонан соң M, N, Q ішкі күштердің кестесін құрастырады және ұстынның есептік қималарындағы күштердің есептік үйлесімдерін (РСУ ) анықтайды.
Тұрақты жүктемелер барлық үйлесімдерде ескеріледі, ал уақытша жүктемелер - ең ыңғайсыз үйлесімдерде ескеріледі.
Жиналмалы темірбетон ұстындардың (көпірлі краны бар кезде) кранасты және кранүсті бөліктеріндегі, рама жазықтығында және рамадан тыс жазықтығында есептік ұзындықтары төмендегі кесте бойынша анықталады.
Жиналмалы темірбетон ұстындардың (көпірлі краны жоқ кезде) есептік ұзындықтары біраралықты ғимараттарда l0=1,5H, көпаралықты ғимараттарда l0=1,2H.
Әдебиет:
Негізгі 1 [403-407], 2 [224-228].
Бақылау сұрақтары:
1. Көлденең раманы есептеу үшін қандай әдіс қолданады?.
. 2. Көлденең раманы есептеу тәртібі.
3. Ұстынның ұзындығы бойы есептік қималар.
6-ші дәріс. Жабын конструкциялары
Жабын плиталары
Прогонсыз жабындардың плиталары көлденең рамалардың ригельдеріне оратылатын өлшемдері 3×6м және 3×12 м қырлы ірі панельдер (12 сурет).
12 Сурет. Қырлы жиналмалы ірі жабын панельдері.
1,5×6 м және 1,5×12 м қырлы плиталарды сирек қолданады, фонарлардың жанында қар жиналатын жерлерде, жаппа профильдері өзгерген жерлерде.
Прогонды жабындарда 3×0,5м және 1,5×0,5 м өлшемді плиталар қолданады, олар прогондар үстіне қойылады.
Прогонсыз жабындар бірқабатты өндірістік ғимараттардың құрылысында негізгі болып табылады.
3×12м қырлы плиталардың бойлық қырларының қимасы 100×450мм, көлденең қырларының қимасы 40×150 мм, тақтайша қалыңдығы 25мм.
Бойлық қырлары алдын-ала кернеуленген білікті және канатты арматуралармен, көлденең қырлары мен тақтайшасы – дәнекерленген қаңқалар және торлармен темірленеді. Бетон кластары В30, В40
Екі аспалы 2Т-тәріздес өлшемдері 3×12м және 3×6м бойлық қырлары 1,5м ара қашықтықта орналасқан және аспалы тақтайшалары бар плиталар (13 сурет). Әр элементі бөлек дайындалатын болғандықтан тақтайшаларындағы бетон класын В15 дейін төмендетуге болады
13 сурет. Екі аспалы 2Т-тәріздес плиталар.
Үлкен өлшемді 3×18м және 3×24м плиталар 6 м және 12 м арқалықтарға тіреледі. Олар ылдилы және аз еңісті жаппаларда пайдаланады
14 сурет. КЖС қатпарлы плита схемасы
15 сурет. Аз еңісті шатырларға арналған қырлы плита схемасы
Жабын арқалықтары (16 сурет).
Жабын арқалықтардың аралықтары 12 м және 18 м, кейбір конструкцияларда аралығы 24м болуы мүмкін.
Екі еңісті жаппаларда арқалықтың жоғарғы белдеуі трапеция тәріздес, сынықты және қисықсызықты болады (16 а,б,в сурет).
16 сурет. Жабын арқалықтары.
Бір еңісті жаппаларда арқалықтың белдеулері паралель немесе төменгі белдеуі сынықты болады(16 г,д,е сурет).
Жазық жаппаларда арқалықтың белдеулері паралель болады.
Жабын арқалықтың ең үнемді қимасы - қабырғасының қалыңдығы 60-100 мм қоставр.
Төртбұрышты қимасы бар екі еңісті саңылаулары жиі орналасқан жабын арқалықты – шартты салалы арқалықтар деп аталады (17 сурет).
Фермалар. Фермаларды 18м, 24м және 32м аралықтарда, 6м және 12м адымдарда қолданады. Темірбетон фермаларында металл фермаларымен салыстырғанда металл шығыны екі есе аз, бірақ еңбек көлемі мен бағасы біраз көбірек. 36 м-ден жоғары аралықтарда әдетте металл фермалары қолданылады
Сегментті фермалар. Сегментті фермалар жоғарғы белдеуі сынық тәріздес немесе түйін арасы түзу сызықты болады Артықшылықтары – белдеулеріндегі ішкі күштер ұзындығы бойынша аз өзгереді, ал басқа элементтерінде мәндері үлкен емес. Тірек жағының биіктігі өте аз. Кемшіліктері – шатыр жұмыстарының үлкен еңбек сиымдылығы..