
- •Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
- •050729 – «Құрылыс» мамандығына
- •1. Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындалу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •1.8. Білімді бақылау және бағалау
- •3 Кесте
- •4 Кесте
- •5 Кесте Студенттер білімін бағалау
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Активті таратылатын материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •2.2. Дәріс сабақтарының конспектісі
- •Жүктелу түрі
- •12 Сурет. Қырлы жиналмалы ірі жабын панельдері.
- •17 Сурет. Екі еңісті саңылаулары жиі орналасқан жабын арқалығы.
- •18 Сурет. Кран асты арқалық.
- •2 Сурет. Ортасынан жүктелген іргетастың есебіне:
- •10.1 Кесте
- •2.3. Практикалық сабақтар тақырыптары, олардың сағат бойынша
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сөж) Темірбетон конструкциялары – 30сағат
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сoөж) -30 сағат
- •2.6 Курстық жұмыс пен жобаның тақырыптары
- •Дұрыс жауаптар
- •2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешен
- •050729 «Құрылыс» мамандығына арналған
- •Наширалиев Жанкелді Тұртемірұлы
2.4 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сөж) Темірбетон конструкциялары – 30сағат
Тапсырма 1. Алдын ала кернеу туғызу әдісі. Алдын ала кернелген темірбетон конструкциясының мәні. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Алдын ала кернелген конструкцияны жобалау. Алдын ала кернелген темірбетон конструкциясының мәні. Алдын ала кернеу туғызу әдісі. Кернеуді жоғалту. Кернелген жағдайдың өзгеру салдары. Алдын ала кернелген темірбетон конструкциясын есептеу ерекшелігі.
Тапсырманы орындау үшін студент №1 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 262-271, 2 негіз 149-162
Тапсырма 2. Құймалы жабындар. Құймалы жабындар есебі және конструкциясы. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Құймалы жабын компоновкасында тор және ұстын адымын, бас арқалық бағытын, көмекші ақалық адымын таңдайды. Бұл ғимараттың тағайындалуына, сәулеттік‑шешіміне, технико‑экономикалық көрсеткіштеріне және т.б. байланысты.
Тапсырманы орындау үшін студент №2 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 280-321, 2 негіз 155-176
Тапсырма 3. Жиналмалы жабындар. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Жиналмалы құймалы жабындар туралы жалпы мағлұматтар. Көп қабатты ғимараттарда құймалы жабындарды қолдану. Көп қабатты ғимараттың конструктивтік сызбасы. Көп қабатты азаматтық және өндірістік ғимарат конструкциясы.
Тапсырманы орындау үшін студент №2 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 321-334, 2 негіз 176-195
Тапсырма 4. Ұстын астына қойылатын бойлық тартпа (ленточные) іргетастар. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Ұстын астына қойылатын бойлық тартпа (ленточные) іргетастар. Түрлері. Темірбетон іргетастары. Іргетастар классификациясы: олар үш түрде болады: жекеленген ‑ әр ұстын астында, бойлық тартпа – ұстын қатары бойымен бір немесе екі бағытта, біртұтас – ғимарат астында түгел. Жекеленген іргетастарды жүктеме аз шамасында және ұстын арасы сирек жағдайда қолданады. Есептеу және құрастыру. Қатаң бойлық тартпа іргетастар есебі. Бір немесе екі коэффициентті серпімді негіздегі арқалық сияқты иілгіш лента есебі.
Тапсырманы орындау үшін студент №4,5 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 334-346, 2 негіз 195-204,1негіз 346-372, 2 негіз 204-209
Тапсырма 5. Біртұтас іргетастар. Арқалықты және арқалықсыз. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Қатаң бойлық тартпа іргетастар есебі. Бір немесе екі коэффициентті серпімді негіздегі арқалық сияқты лента есебі. Серпімді жартылай жазықтықтағы арқалық сияқты иілгіш лента есебі. Серпімді негіздегі арқалық сияқты бойлық тартпа іргетас есебі.
Тапсырманы орындау үшін студент № 4,5 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 334-346, 2 негіз 195-204,1негіз 346-372, 2 негіз 204-209
Тапсырма 6. Іргетастарды есептеу және құрастыру ерекшелігі. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Есептеу әдістері мен гипотезалар. Іргетас қүрастыру әдісі. Құймалы жеке іргетастарды ғимарат пен имараттың жиналмалы немесе құймалы қаңқасына орналастырады. Іргетасты табанын бойлай арматурамен дәнекерлеп тор жасайды.
Тапсырманы орындау үшін студент №4,5 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 334-346, 2 негіз 195-204,1негіз 346-372, 2 негіз 204-209
Тапсырма 7. Ұстын астына қойылатын бойлық тартпаіргетастар. Түрлері. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Сирек ұстын астына бойлық тартпа іргетасты ауыр жүктеме немесе әлсіз топырақ жағдайында болатын жеке тұрған іргетас табандары жақын орналасқанда жасайды. Серпімді жартылай жазықтықтағы арқалық сияқты иілгіш лента есебі. Серпімді негіздегі арқалық сияқты бойлық тартпа іргетас есебі. Есептеу әдістері мен гипотезалар, құрастыру.
Тапсырманы орындау үшін студент №4,5 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 334-346, 2 негіз 195-204,1негіз 346-372, 2 негіз 204-209
Тапсырма 8. Қадалы іргетастар. Қада түрлері. Олардың жұмыс ерекшеліктері. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Біртұтас іргетастар мен қадалы іргетастарды жобалау әдістері. Қаданың көтергіш қабілетін анықтау. Қадалы іргетастың көтергіш қабілеті. Қадалы іргетастар ғимарат пен имараттарды жүк көтергіш қабілеті жеткіліксіз топырақтарта тұрғызғанда қолданылады. Олар төбесінде темірбетон плиталы ростверкпен қосылған қадалар тобын құрайды. Табиғи негіздегі іргетастармен салыстырғанда қадалы іргетастарды қолдану жер жұмыстары көлемін азайтады, нольдік циклдің жұмыс көлемін азайтады, қыс уақытында жер жұмыстарын оңайлатады.
Жұмыс сипаты бойынша қатты топыраққа тірелетін тірек‑қадалар және бүйір бетіндегі үйкеліс күші және көлденең қима ауданы бойынша жүктемені топырақ қабылдайтын аспалы қадалар.
Тапсырманы орындау үшін студент №4,5 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 334-346, 2 негіз 195-204,1негіз 346-372, 2 негіз 204-209
Тапсырма 9. Орталықтан сығылған ұстындар. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Орталықтан сығылған ұстындар ұстын осі бойынша көлденең күшті қабылдайды. Бұнда ұстынның көлденең қимасы бірқалыпты сығылуды сезінеді. Ұстын үш бөліктен құралады: сырық, басы, база. Орталықтан сығылған ұстындарды жобалағанда бас оське қатысты ұстындардың орнықтылығын қамтамасыз ету қажет.
Тапсырманы орындау үшін студент №2,3,6 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 179-181, 4 негіз 116-130
Тапсырма 10. Арқалықсыз жабындар. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Арқалықсыз жиналмалы жабындар ұстын капителиіне тірелген жиналмалы панельдер жүйесін құрайды. Ұстындар торы 6х6м төртбұрышты. Арқалықсыз жиналмалы жабындарды көпқабатты қоймаларда, тоңазытқыштарды, ет комбинатында, ауыр өндірістік жүктемелерде қолданады. Арқалықсыз жиналмалы жабын конструкциясы үш негізгі элементтен құралады: капители, ұстын үстіндегі панель, аралықты панель. Өндірістік ғимараттарда арқалықсыз плитаны тіреу үшін капителидің үш түрін қолданады:
I түр – жеңіл жүктемелерде; II және III түр – ауыр жүктемелерде.
Тапсырманы орындау үшін студент №3 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 323-334, 2 негіз 194-198, 2 негіз 198-206
Тапсырма 11. Арқалықсыз жабындардың есептік сызбасын таңдау ерекшеліктері. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Арқалықсыз жиналмалы жабындар контур бойынша тірелген ұстын үсті панельдер кең арқалық ролін атқаратын плитасы бар қабырғашалы жабын сияқты жұмыс жасайды. Жабын панельдерін қабырғашалы немесе саңылаулы етіп жасайды, ал капители – тұтас немесе толық. Арқалықсыз жиналмалы жабындарды төртбұрышты немесе тікбұрышты тең аралықты ұстын торы ретінде жобалайды. Арқалықсыз құймалы жабындар капителиі бар ұстынға тірелген тегіс плита.
Тапсырманы орындау үшін студент №2,3 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 323-334, 2 негіз 194-198, 2 негіз 198-206
Тапсырма 12. Арқалықсыз жабын конструкциясы және есебі. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Арқалықсыз жабындарда көлденең бағыттағы ұстын үстіндегі панельдердің азғана деформациясы болады, соған сәйкес бойлық жұмыстық арматурасы баслық көлденең қимасы бойынша бірқалыпты таралуы мүмкін. Ұстын үсті панельдерінің есептік аралықтарынкапители арасын 1,05 көбейткенге тең деп қабылдаймыз. Арқалықсыз жиналмалы‑құймалы жабындарда құймалы бетон негізі болып жиналмалы элементтер – ұстын үсті және аралықты панельдер табылады.
Тапсырманы орындау үшін студент №2,3 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 323-334, 2 негіз 194-198, 2 негіз 198-206
Тапсырма 13. Бірқабатты өндірістік ғимараттар. Кеңістікті жұмыс есебі. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Бірқабатты өндірістік ғимаратар – БӨҒ металлургия, машина жасау, жеңіл және өндірістің басқа да салаларында қолданылады. БӨҒ қаңқалы ғимарат ретінде салады. БӨҒ конструктивтік және техникалық ерекшелігі транспорттық құрылғылармен – көпірлік және ілмелі крандармен жасақталуы болып табылады. Бірқабатты қаңқалы ғимараттың кеңістіктік қатаңдығы мен орнықтылығы ұстындардың іргетаспен бекітілуі арқасында жүреді. Байланыстар жүйесі. Тұтас қималы ұстындар конструкциясы мен есептеу ерекшеліктері.
Тапсырманы орындау үшін студент №6,7 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 392-296, 2 негіз 246-251
Тапсырма 14. Байланыстар жүйесі. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Байланыстардың тағайындалуы. Тік және горизонталь байланыстар жүйесінің мақсаты: жабын қатаңдығын толық қамтамасыз ету; көлденең рама ригельдерінің сығылған белдемесіне орнықтылық беру; ғимараттың бүйір бетіне әсер ететін жел жүктемесін қабылдау; көпірлік крандардың тежегенінен пайда болатын жүктемені қабылдау.
Тапсырманы орындау үшін студент №6,7 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 382-385, 2 негіз 246-251
Тапсырма 15. Екі тармақты ұстындар конструкциясы мен есептеу ерекшеліктері. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Жүктемеден пайда болған ұстын ішіндегі күштеуді анықтау. Екі тармақты ұстындарда ғимарат қаңқасының кеңістіктік жұмысын ескеретін көлденең рама есебі тұтас қималы ұстындар рамасы есебіне ұқсас. Ұстын конструкциясын таңдағанда көпірлік кранның жүккөтергіштігі мен ғимарат биіктігін ескері қажет.
Тапсырманы орындау үшін студент №6,7,8 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 379-381, 396-406, 2 негіз 246-251
Металл конструкциялары – 30 сағат
Тапсырма 1. Дәнекерлік қосылыстардың есебі және жұмысы. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Созылған элементтердегі бұрыштық дәнекерлік жіктерде кейде накладкалармен күшейтеді, сонда аралас қосылыс болады. Бұндай күшейту тиімсіз, себебі қима қалың жерде кернеу концентрациясы пайда болады, осыдан элемент қиайды. Кернеу концентрациясын азайту үшін накладка ені біріктірілген элемент енінен қатты айырмашылығы болмауы керек.
Тапсырманы орындау үшін студент №9 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 4 негіз 102-107
Тапсырма 2. Бұранданы қосылыстар есебі және жұмысы. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Металл конструкцияларын қосу үшін дәнекерліктен басқа бұрандалы немесе бастырмалы қолданады. Бұрандалы дәнекерліктен бұрын пайда болды. Бұрандалы қосылыстарда дәнекерліге қарағанда металл шығыны көбірек, түйістік накадкалар салу қажет, бұрандаға арналған ұяшықтар салдарынан элемент қимасын әлсіретеді.Құрылыс тәжірибесінде дөрекі, нормал, жоғары дәлдікті, жоғары беріктікті, өздігінен кесілетін, іргетасты (анкерлі) бұрандалар қолданады.
Тапсырманы орындау үшін студент №11 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 4 негіз 115-120
Тапсырма 3. Дәнекерлік қосылыстар материалы. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Құрылыстағы металл конструкцияларын қосудың негізгі түрі – дәнекерлеу. Дәнекерлеу қосылыстың конструктивтік формасын жеңілдетеді, металды үнемдейді. Дәнекерлік қосылыстар берік, су‑газ өткізбейді. Бірақ та динамикалық жүктеме әсерінен және төмен температурада дәнекелік жік элсіз сынуы мүмкін.
Тапсырманы орындау үшін студент №9,10 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 3негіз 90-98, 4 негіз 92-94
Тапсырма 4. Дәнекерлік қосылыстардың есептік кедергісі. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Дәнекерлік қосылыстарға қолданылатын болат балқымаларының түрін қарастыру. Дәнекерлеудің кемшіліктеріне: тік және төбелік жағдайда жасау қиын және шектелген жағдайда.
Тапсырманы орындау үшін студент №9,10 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 2 негіз 75-79, 3 негіз 125-128,4 негіз 6-14
Тапсырма 5. Қайталанған жүктемеде бұрандалы қосылыстар есебі. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Көптеген бұрандалы қосылыстар ығысуға жұмыс жасайды. Қайталанған жүктемеде қосылыстар жұмысында бірнеше айырмашылықтар бар. Қайтадан жүктелгенде және жүк болмағанда қосылыстағы үйкеліс «жүктеме‑деформация» диаграммасында қосылыстың циклдық жұмысының гистеризисін құрайды.
Тапсырманы орындау үшін студент №11дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 2 негіз 120-121
Тапсырма 6. Аллюминді балқымалардан жасалған конструкциясындағы бұрандалы қосылыстар ерекшелігі. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Аллюминді балқымалы конструкциясында нормаль және жоғары беріктікті аллюминді және болат бұрандаларын қолданады. Аллюминді бұрандаларды арнайы балқымадан жасайды. Конструкцияға арналған аллюминнен жасалған жоғары беріктікті бұрандаларды болаттан жасайды.
Тапсырманы орындау үшін студент №11дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 2 негіз 124-125
Тапсырма 7. Арқалық және арқалықты конструкциялар. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Арқалықтар иілуге жұмыс жасайтан қарапайым конструктивтік элемент болып табылады. Аралығы 15-20м конструкцияларда біртұтас арқалық қолдану тиімді. Металл арқалықтардың негіргі түрі қоставрлы қима. Құрылыста жұқа қабырғалы арқалықтар, майысқан профильден құралған арқалықтар, престелген, аллюминді балқымадан жасалған құрамалы, екі түрлі болаттан жасалған арқалықтар қолданады. Бір аралықты кесілген арқалықтар көп қолданады.
Тапсырманы орындау үшін студент №12 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 2 негіз 126-129
Тапсырма 8. Құрамалы арқалық қимасын таңдау және компоновкасы. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Құрамалы қима компоновкасын арқалық биіктігін анықтаудан бастайды. Құрамалы дәнекерленген арқалық қимасын таңдау екі кезеңнен жобаланады – біріншіде топ топқа жіктейді және қима таңдайды, екіншіде арқалық беріктігі мен орнықталағын тексереді және майысымға есептейді.
Тапсырманы орындау үшін студент №13,14 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 4 негіз 90-114
Тапсырма 9. Орталықтан тыс сығылған ұстындар. Жалпы сипаттамасы. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Жалпы сипаттама. Өтпелі және тұтас қималы ұсындар. Тұтас қималы ұстындар прокатты элементтерден немесе дәнекерленген ал кейде бастырмамен қосылған жұқа беттерден құралады. Өтпелі ұстындар жеке тармақтардан құралған. Қима түрін таңдау.Тұтас ұстын қимасын тексеру.
Тапсырманы орындау үшін студент №2,3,6 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 246-250, 4 негіз 90-114
Тапсырма 10. Арқалықтың ұстынмен түйісу түрі. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Арқалықты жабыны бар ғимараттарда көпірлі кран болған жағдайда жоғарғы қабатты ұстыннан, ригельден, кранасты арқалығынан құрайды. Плитаны ұстын сызығы бойымен жатқызады.
Тапсырманы орындау үшін студент №7 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 493-501
Тапсырма 11. Құрамалы арқалықтардың беріктігін, орнықтылығын, майысымын тексеру. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Арқалықсыз жиналмалы жабындар контур бойынша тірелген ұстын үсті панельдер кең арқалық ролін атқаратын плитасы бар қабырғашалы жабын сияқты жұмыс жасайды. Жабын панельдерін қабырғашалы немесе саңылаулы етіп жасайды, ал капители – тұтас немесе толық. Арқалықсыз жиналмалы жабындарды төртбұрышты немесе тікбұрышты тең аралықты ұстын торы ретінде жобалайды. Арқалықсыз құймалы жабындар капителиі бар ұстынға тірелген тегіс плита.
Тапсырманы орындау үшін студент №13,14 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 2 негіз 84-88
Тапсырма 12. Фермалар жүйесі және оларды қолдану. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Көмекші және төсем арқалықтарын прокатты етіп жобалайды, ал бас арқалықтар құрамалы немесе прокатты болуы мүмкін. Арқалықтардың арқалық торында орналасуы әр түрлі болуы мүмкін. Жабындағы әр арқалықты жеке етіп қарастырамыз. Төсем арқалығындағы жүктеме аралық пен арқалық арасындағы жабын алаңындағы төсемнен беріледі.
Тапсырманы орындау үшін студент №6-8 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1негіз 174-190, 194-197, 2 негіз 124-125, 3 негіз 128-138, 4 негіз 6-14
Тапсырма 13. Ферманың наты жұмысы және есебі. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Фермаларды жобалағанда аралық техникалық тапсырмада беріледі. Алдын ала ферма биіктігін, өлшемін, панельдер санын тағайындайды. Ферманың оптималды биіктігі қатаңдық пен аз салмақ талаптарын қанағаттандыратын ферманың аралық ортасындағы биіктік. Стропильді фермалар түйістері мен түйіндер есебі, жұмысы, конструкциясы.
Тапсырманы орындау үшін студент №6,7,8 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 4 негіз 228-238, 4 негіз 232-244
Тапсырма 14. Арқалық торының төсемдері. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Арқалықтар прокатты (двутавр немесе швеллер) және беттер мен бұрыштықтардан құралған құрамалы (дәнекерленген немесе бастырма арқала беттестірген) болады. Арқалық торы қиылысқан көтергіш арқалықтар жүйесінен тұрады. Арқалықтың орналасуына байланысты арқалық торлары: жеңіл, қарапайым, қиын болады.
Тапсырманы орындау үшін студент №13,14 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 3негіз 155-157
Тапсырма 15. Арқалық және арқалықты конструкциялар: қолдану саласы, арқалы классификациясы. (2 сағ).
Әдістемелік нұсқаулар: Жүктеме мен күштерді анықтау, қажетті қима компоновкасы және биіктікті таңдау, арқалықтың ұзындығы бойынша қимасын өзгерту. Жазық темірбетон жабындар. Жазық жабындар классификациясы. Есептік жүктемелер.
Тапсырманы орындау үшін студент №13-15 дәрісті және ұсынылған әдебиеттерді жетік меңгеруі қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1 негіз 280-321, 2 негіз 155-176, 2 негіз 138-148, 1 негіз 228-238,252-254, 3 негіз 155-157