Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД CK-3 каз .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

2.3. Практикалық сабақтар тақырыптары, олардың сағат бойынша

мазмұны және көлемі.

Темірбетон конструкциялары.

Тапсырма 1. Ғимараттар мен имараттарды, темірбетон конструкцияларын жобалаудың жалпы принциптары. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Ғимараттар мен имараттарды, темірбетон конструкцияларын жобалаудың жалпы принциптары. Жобалаудың негізгі жағдайы. Ғимараттардың унификациясы мен типизациясы және олардың элементтері. Құймалы және жиналмалы конструкцияларды жобалаудың ерекшеліктері. Жобалаудың негізі: Кез келген объект құрылысына жоба жасау тапсырыс беруші құрастырған жобалау тапсырмасына сәйкес жүргізіледі. Жобалау бір кезеңнен – жұмысшы жоба немесе екі кезеңнен – жоба және жұмыстық документация. Бір кезеңмен типтік жоба бойынша салынатын құрылысты, және де қиын емес объектті жобалайды.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 262-271 , 2негіз 149-162

Қосымша әдебиет: 3,4

Бақылау сұрақтары:

  1. Ғимараттар мен имараттарды, темірбетон конструкцияларын жобалаудың жалпы принциптары дегеніміз не?

  2. Жаппай құрылыс салғанда құрылыс бұйымдарын унификациялаудың мәні неде?

  3. Құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын типтеу деген не?

  4. Қиын емес объекттерді қанша кезеңмен жобалайды?

  5. Қиын объекттерді қанша кезеңмен жобалайды?

Тапсырма 2. Құймалы темірбетон жабындар. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: БӨҒ жабын конструкциясы. Жабынның көтерме конструкциясы. Арқалықты плитасы бар және контур бойынша тірелганплиталы құймалы жазық темірбетон жабынының компоновкасы, бас және көмекші арқалықтардың орналасуын анықтау, шекаралық жағдайлар. Арқалықты плитасы бар құймалы қабырғашалы жабын конструкциясы және есебі. Плита конструкциясы және есебі. Көмекші арқалық конструкциясы және есебі. Бірқабатты өндірістік ғимарат жабынының көтергіш конструкциясының есебі (арқалық, ферма, арка). Т2 түріндегі плита, КЖС түріндегі плита, қабырғашалы жабын плитасының конструкциясы мен есебі.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 262-271 , 2негіз 149-162,1 негіз 280-321 , 2негіз 155-176

Қосымша әдебиет: 2,6

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрылыс конструкциясының унификациясы дегеніміз не?

  2. Құрылыс конструкциясының натурал өлшемі дегеніміз не?

  3. Жазық темірбетон жабындардың классификациясын атаңыз.

  4. Жиналмалы плиталарды қалай торлайды: қабырғашалы, көпқуысты, тұтас?

  5. Жиналмалы жабын плитасының есебі калай жүргізіледі?

Тапсырма 3. Жиналмалы жабындар. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Жазық жиналмалы жабындар туралы жалпы мәлеметтер. Жиналмалы жабындарды көп қабатты ғимараттарда қолдану. Көп қабатты ғимараттың конструктивтік сызбасы. Көп қабатты азаматтық және өндірістік ғимараттар конструкциясы. Ғимараттың жиналмалы конструкциясы оларды сенімді байланыспен қамтамасыз ететін түйістер мен біріктірулер көмегімен жүктемем астында бірігіп жұмыс жасайды. Түйістер мен біріктірулер түйісетін элементтер мен берілетін күш түріне байланысты жіктеледі. Түйісетін элемент түріне қарап ұстын мен ісгетастың түйісуін, ұстын мен ұстынның, ұстынның ригельмен, ферма тірелетін түйіндерін, ұстын мен арқалықтың, панель мен ригельдің түйістерін айырып қарауға болады. Берілетін күштеу түріне байланысты: осьтік немесе орталықтан созылған (ферманың астыңғы белдеу түйісі), сығылған (ұстынның бір бірімен түйісі), көлденең күшпен майысқан (ұстынның ригельмен қатаң бекітілуі) түйістерді ажыратуға болады.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 321-334 , 2негіз 176-195

Қосымша әдебиет: 2,6,10

Бақылау сұрақтары:

  1. Көпқабатты қаңқалы азаматты ғимарат конструкциясын сипаттаңыз.

  2. Ненің көмегімен конструктивтік элементтер мен көп қабатты ғимараттар бір бірімен байланысады?

  3. Жазық жабындар классификациясын атаңыз.

  4. Жабын плитасын тексеру қандай жағдайларда қажетті?

  5. Жиналмалы жабындарда түйістік қосылыстардың қандай түрлері болады?

Тапсырма 4. Құймалы темірбетон жабындар. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Жекеленген (бағаналы) іргетастар. Табан ауданын және биіктігін анықтау. Іргетасты торлау. Есептеу әдістері, гипотезалар. Біртұтас іргетастар мен қадалы іргетастар есебі және жобалау әдістері туралы түсінік.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 334-346 , 2негіз 195-204,1 негіз 346-372 , 2негіз 204-209

Қосымша әдебиет: 2,6

Бақылау сұрақтары:

  1. Жекеленген іргетастар түрлерін атаңыз.

  2. Іргетас негізі болып не табылады?

  3. Жекеленген іргетасты жобалау ерекшелігі.

  4. Іргетасты торлағанда қандай класты арматура қолданады?

  5. Іргетас торының рұқсат етілген өлшемі кандай?

Тапсырма 5. Бойлық тартпа (ленталы) іргетастар. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Арматура қимасын таңдау, біртұтас іргетас және қадалы іргетас есебі. Формасы және дайындау тәсілі бойынша бойлық тартпа іргетастар классификациясы. Іргетасы табиғи топыраққа, бетонға, ұсақ тас немесе дайындалған құмды негізге 10см орнатады. Жиналмалы және құймалы іргетастар болып ажыратылады.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 346-372 , 2негіз 204-209

Қосымша әдебиет: 2,6,10

Бақылау сұрақтары:

  1. Бойлық тартпа іргетастар классификациясы.

  2. Іргетастың қорғаныш қабатының қалыңдығы қандай?

  3. Бойлық тартпа іргетастар деген не?

  4. Бойлық тартпа іргетастарды қолдану қай уақытта қолдану тиімді?

  5. Қадалы іргетастар есебі жалай жүргізіледі?

Тапсырма 6. Бірқабатты өндірістік ғимарат. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Компоновка. Есептік сызба. Жүктеме жинағы. Бірқабатты өндірістік ғимараттың көлденең рамасының түрлі сыртқы әсерлерге есебі. Жүктеме үйлесімі. Арматура қимасын таңдау. Өтпелі және тұтас қималы ұстындар. Ұстындағы жүктемеде пайда боатын күштеуді анықтау. Екі тармақты және сатылы ұстындардағы күштеуді анықтау ерекшелігі.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 396-405 , 2негіз 246-251

Қосымша әдебиет: 2,6,10

Бақылау сұрақтары:

  1. БӨҒ көлденең рамасын есептеу.

  2. БӨҒ да қолданатын жабын фермаларының негізгі түрлері.

  3. Бірқабатты өндірістік ғимаратта ұстын консолін құрастыру ерекшелігі.

  4. Бірқабатты өндірістік ғимаратты қандай мақсатпен температуралық жіктерге бөледі?

Тапсырма 7. Бірқабатты өндірістік ғимараттың көлденең рамасы. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Бірқабатты өндірістік ғимараттың көлденең рамасының түрлі жүктеме жинағына есебі. Арматура қимасын таңдау.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 396-405 , 2негіз 246-251

Қосымша әдебиет:

Бақылау сұрақтары:

  1. БӨҒ да көлденең рама деген не?

  2. Байланыстар не үшін қажет?

  3. БӨҒ да көлденең рамаға қандай жүктемелер әсер етеді.

  4. БӨҒ эксплуатациялағанда қандай жүктемелер үйлесімі болады?

  5. БӨҒ ұстындарында арматураның қай класын қолданады?

Тапсырма 8. БӨҒ жабын конструкциясы. (1сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Жабынның көтергіш конструкциясы. Жабын плиталар. Бірқабатты өндірістік ғимарат жабынының көтергіш конструкция (арқалық, ферма, арка) есебі. Прогонсыз жабын плиталары - көлденең рама ригеліне тірелетін 3х12 және 3х16 өлшемді ірі қабырғашалы панельдер. 3х12өлшемді қабырғашалы панельдердің бойлық қабырғаша қимасы 100х450мм, көлденең қабырғаша 40х150мм, сөре қалыңдығы 25мм. Жабын арқалықтарын аралық 12,18,14 болғанда қолданады. Біреңісті және екі еңісті жабын арқалықтарын қолданады. Аралық ортасындағы арқалық қимасының биіктігін аралықтан 1/10...1/15 деп қабылдайды. Жабын фермаларын аралық 18,24,30 болғанда, ұстын адымы 6 және 12м болғанда қолданады. Аралық ортасындағы барлық фермалар биіктігін аралықтан 1/7...1/9 деп қабылдайды. Фермалы бүтін етіп дайындау тиімді. Фермаларды торлау жоғарғы, төменгі және раскостарға жеке жүргізіледі.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 405-432

Қосымша әдебиет:

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабырғашалы жабын плиталарын қандай жағдайда қолданады?

  2. Қабырғашалы панельдер қабырғаларын қандай арматурамен торлайды?

  3. Жабын арқалықтарының өлшемі.

  4. Жабын арқалықтарының қандай көлденең қимасы ең тиімді?

Металл конструкциялары

Тапсырма 9. Түзу және қисық түйістік жіктердегі дәнекерлік қосылыстар есебі. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Жік сапасын көзбен қарап тексергенде түйістік жіктердің есептік кедергісін анықтау. Жіктің есептік ұзындығын анықтау және көтергіш қабілетін тексеру. Жік сапасын физикалық әдіспен тексергенде түйістік жіктердің есептік кедергісін, есептік ұзындығын, көтергіш қабілетін анықтау.

Негізгі әдебиеттер: 4негіз 92-95, 100-103 , 3негіз 143-151

Қосымша әдебиет: 4,5,7

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрылыс практикасында дәнекерлік жіктердің қандай түрлерін қолданады?

  2. Түйістік қосылыстар түрлері.

  3. Бұрыштық жіктің есептік кедергісін анықтау.

  4. Дәнекерлік жік ұзындығын есептеу.

Тапсырма 10. Бірыштық жіктегі дәнекерлік қосылыстар есебі. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Бұрыштық жіктер беттестіру арқылы жасалады. Олар флангты және маңдайшалық болады. Флангтыда кернеу таралуы біркелкі емес, ал маңдайшалықта күштеу біркелкі. Бұрыштық жіктегі қосылыстың көтергіш қабілетін тексеру.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 151-164 , 2негіз 102-112

Қосымша әдебиет:

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұрыштық жіктер қалай жасалады?

  2. Неге маңдайшалық жіктер күштеуді біркелкі таратады.

  3. Бұрыштық жік түрлері.

  4. Не себептен бұрыштық жіктің біркелкі еместігі болады?

Тапсырма 11. Бірыштық жіктегі дәнекерлік қосылыстар есебі. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Аллюминді балқыма қосылысындағы бұрандалы және бастырмалы қосылыстардың ерекшелігі. Бұрандалы дәнекерлік қосылыстан бұрынырақ пайда болды. Оларды қосу оңай және сенімді. Бастырмалы технологиялық процеске және металл шығыны жағынан ыңғайсыз. Бастырманы ыстық және салқын әдіспен бастырады. Бастырма есебі бұранда есебіне ұқсас.

Негізгі әдебиеттер: 1 негіз 174-190, 194-197 , 2негіз 112-126

Қосымша әдебиет:

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұрандалы қосылыс түрлері.

  2. Қосылыста бұранданың қандай өлшемін көп қолданады?

  3. Бастырманы қандай әдіспен бастырады?

Тапсырма 12. Қарапайым беріктіктегі бұрандалы қосылыс есебі. Арқалық торының нормаль типінің компоновкасы. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Кесу және мыжылуға беріктік шартынан қарапайым беріктіктегі бұранданың көтергіш қабілетінің есебі. Бұранданың қажетті санын анықтау. Металл арқалықтарда негізгі тип симметриялы қималы қоставр. Аралық және жүктеме шамасына байланысты қоставр немесе швеллер қималы, прокатты немесе құрамалы – дәнекерленген, бұрандалы және бастырмалы арқалықтар қолданады. Арқалық конструкциясының жалпы сипаттамасы. Төсем арқалығына әсер ететін есептік және мөлшерлік жүктемені анықтау анықтау, прокатты профильдан қимасын таңдап беріктік пен қатаңдыққа тексеру.

Негізгі әдебиеттер: 2 негіз 126-133 , 4 негіз 92-94,103-104, 3 негіз 143-151

Қосымша әдебиет: 4,5,7

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұрандалы қосылыстар дегеніміз не?

  2. Бұрандалы қосылыстар беріктігін анықтайды?

  3. Төсем арқалығына түсетін мөлшерлік жүктеме қалай анықталады?

  4. Жоғары беріктікті бұранданы қандай материалдан дайындайды?

  5. Арқалық торының түрі.

Тапсырма 13. Қиындатылған арқалық торының компоновкасы. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Қиындатылған арқалық торында бас арқалық пен төсем арқалығы арасында орналасатын қосымша, көмекші арқалықтар енгізіледі. Бас арқалықтар ұстынға тіреледі. Көмекші арқалықтар арасы 2...5м арасында алынады, және ол бас арқалық аралығына бөлінуі керек. Төсем арқалығын негізінен прокатты алады. Көмекші және төсем арқалығына әсер ететін есептік жүктеме мен күштеулерді анықтау. Прокатты профильдан қима таңдау. Тірекке жүктемені неғұрлым қысқа жолмен беретін арқалық торының қарапайым түрін таңдау керек.

Негізгі әдебиеттер: 4 негіз 92-94,100-103, 3 негіз 143-151

Қосымша әдебиет: 4,5,7

Бақылау сұрақтары:

  1. Көмекші арқалықтың есептік жүктемесін анықтау.

  2. Төсем арқалықтың есептік жүктемесін анықтау.

  3. Құрылыста арқалықтың қандай типі қолданады?

Тапсырма 14. Арқалық және арқалықты конструкциялар. (2 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Арқалықты конструкцияларының жалпы сипаттамасы: арқалық типі, арқалық конструкциясының компоновкасы, төсемдер. Прокатты арқалықтың қимасын таңдау және көтергіш қабілетін тексеру. Бас жазықтықтың бірінде майысатын прокатты арқалықтардың беріктікке есебі. Материалдың серпімді жұмысы жағдайында мөлшерлік жүктеме әсерінен арқалықтың майысымын анықтау арқылы екінші шектік жағдайы бойынша тексеру.

Негізгі әдебиеттер: 4 негіз 126-137, 3 негіз 221-228

Қосымша әдебиет:

Бақылау сұрақтары:

  1. Прокатты арқалықтардың көтергіш қабілеті қалай тексеріледі?

  2. Арқалық қатаңдығын тексеру қалай жүреді?

  3. Арқалықтың рұқсат етілген майысымын тексеру.

Тапсырма 15. Қиыңдатылған арқалық торының компоновкасы. (3 сағ).

Әдістемелік нұсқаулар: Бас арқалыққа әсет ететін жүктеме мен күштерді анықтау. Құрамалы арқалықтардың компоновкасы және қимасын таңдау. Құрамалы арқалықтарды дәнекерлеп немесе тиімдісі бастырмалы етіп қабылдайды. Минимальды шығын шартынан арқалықтың тиімді биіктігін анықтау және өлшемін тағайындау. Қима компоновкасын арқалық биіктігінен бастау керек. Төсем арқалығы мен көмекші арқалықтар төсем түрі мен жүктемеге байланысты орналасады.

Негізгі әдебиеттер: 4 негіз 138-148, 3 негіз 228-238,252-254

Қосымша әдебиет: 4,5,7

Бақылау сұрақтары:

  1. Бас арқалыққа түсетін есептік жүктемені анықтау.

  2. Бас арқалықтың биіктігін қай шарттан анықтайды?

  3. Металлдың минимальды шығын шартынан бас арқалықтың биіктігін анықтау.

  4. Құрамалы арқалық қимасы неден тұрады?