
- •Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
- •050729 – «Құрылыс» мамандығына
- •1. Пәннің оқу жоспары – syllabus
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындалу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •1.8. Білімді бақылау және бағалау
- •3 Кесте
- •4 Кесте
- •5 Кесте Студенттер білімін бағалау
- •1.9. Курстың саясаты мен процедуралары
- •2. Активті таратылатын материалдың мазмұны
- •6 Кесте
- •2.2. Дәріс сабақтарының конспектісі
- •Жүктелу түрі
- •12 Сурет. Қырлы жиналмалы ірі жабын панельдері.
- •17 Сурет. Екі еңісті саңылаулары жиі орналасқан жабын арқалығы.
- •18 Сурет. Кран асты арқалық.
- •2 Сурет. Ортасынан жүктелген іргетастың есебіне:
- •10.1 Кесте
- •2.3. Практикалық сабақтар тақырыптары, олардың сағат бойынша
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сөж) Темірбетон конструкциялары – 30сағат
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сoөж) -30 сағат
- •2.6 Курстық жұмыс пен жобаның тақырыптары
- •Дұрыс жауаптар
- •2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешен
- •050729 «Құрылыс» мамандығына арналған
- •Наширалиев Жанкелді Тұртемірұлы
2 Сурет. Ортасынан жүктелген іргетастың есебіне:
1 - басып сындыру пирамидасы; 2 - басып сындыру пирамидасының табаны (негізі)
Басып
сындыру (4) және конструктивтік талаптар
бойынша іргетас биіктігін анықтап
үлкенін қабылдайды. Егер биіктігі
мм
– бір сатылы;
мм
мм
– екі сатылы;
мм
– үш сатылы іргетас жасалынады.
Топырақ қысымы әсерінен іргетас сатылары аспа ретінде иілуге жұмыс істейді. Іргетастың көлденең арматурасы болмағандықтан, оның ең төменгі сатысы III – III қимада басталатын басып сынатан пирамидада шетінен бетон көлденең күшті қабылдау шартынан көлбеу қима бойынша беріктікке тексерілу керек.
.
(5)
Табаны бойынша іргетастың темірленуі тік қималарын иілуге есептеу арқылы анықтайды. Бұл қималардағы есептік июші моменттер мәні төменгі формулалар бойынша анықталады:
;
.
(6)
Іргетастың барлық еніне жұмысшы арматураның қима ауданы:
;
.
(7)
Есептік
қимадағы арматура көлемі иілген
элементтердегі рухсат етілген ең кіші
темірлену пайызын қаматамасыз ету
керек, яғни
үлкен
болу керек.
Тік төрт бұрышты табанды іргетаста арматураны екі бағытта да есептеу керек.
Әдебиет:
Негізгі 1 [334-343], 2 [195-201].
Бақылау сұрақтары:
1. Құрылыс тәжірибесінде қолданылатын іргетастардың негізгі түрлері қандай?
2. Ортадан жүктелеген іргетастардың табанын есептеу.
3. Ортадан жүктелеген іргетастардың денесін есептеу.
2-Модуль Металл конструкциялары.
9-ші дәріс. Металл конструкцияларды бірыңғайлау, типтеу және стандарттау.
Металл конструкцияларын әзірлейтін кезінде олардың кұралымдық формасын және параметрлерін бағалайтын өлшем – құрылыстың нақты жағдайларына арналған (келтірілген шығындар бойынша шешеімдердің бағасы бар) мердігер мен тапсырыс берушінің нақты аумақтағы өндірістік базалары мен материалдық ресурстарын ескеретін жобалық шешімдердің технико-экономикалық тиімділігі.
Жобаларда мүмкіндігінше кеңінен бірыңғайланған габариттік схемаларды қолдануын, типтік конструкцияларды тиімді пайдалануын, конструкцияларды дайындау мен оларды тұрғызу кезінде әбден жетілдірілген технологиялар мен әдістерді пайдалануын және құрылыс өндірісіндегі кешенді механизацияның қазіргі заман құралдарды кеңінен қолдануын қарастырған жөн.
Бірыңғайлау, типтеу және стандарттау ережелері бірқабатты өндірістік ғимараттарды жаппай салу кезінде (әсіресе Ұлы отан соғысынан кейін отыз жылдай шамасында) өте керек болды. Өткен ғасырдың аяғындағы шаруашылық жүйенің өзгеру салдарынан болған экономикадағы дағдарыс жаңа құрылыс көлемін күрт азайтты. Сол себептен айтылған ережелер мен ұсыныстар сирек қолданатын болды, қажеттілігі шектеле басталды. Бірақ қазіргі кезде халық шаруашылығының дамуына байланысты құрылыстың көлемі өсіп жаңа өндірістер ашылып жатыр, сондықтан бұрынғы жасалғандардың оң жақтарын сақтап калған жөн. Төмендегі материалдар осы мақсатты орындауға арналған.
Бірыңғайлау (унификация). Металл конструкциялардың бірыңғайлауы жалпы құрылыс бірыңғайлаудың бір бөлігін құрайды, көлемдік-жоспарлық және құралымдық шешемдер мен басқа материалдан жасалған бірыңғайлаулармен тікелей байланысты. Бірыңғайлаудың мақсаты – ғимараттар мен конструкция элементтерінің параметрлер санын шектеу және типтеу мен стандарттау негізінде конструкциялар мен бөлшектердің механикалық ірі сериялы дайындауына алдын ала жағдай жасау. Өнеркәсіптік мекемелердің көлемдік-жоспарлық және құралымдық шешемдерің бірыңғайлау жұмыстарын орындаған кезде МЕСТ 23838-89 «Мекемелер ғимараттары. Параметрлер» және ҚНжЕ 31-01-2001 «Өндірістік ғимараттар» талаптарын басшылыққа алу керек.
Типтеу. Болат конструкцияларын типтеу – метал конструкция өнеркәсібінің индустриализация дәрежесін көтерудің ең маңызды бір жолы. Типтеудің негізгі мақсаттары: жобаның сапасын көтеру, жобалық құжаттардың көлемін азайту және олардың беру мерзімін қысқарту; конструкциялардың сапасын жақсарту, оларды дайындау мен монтаждаудың еңбек сыйымдылығын кеміту; ірі сериялы жоғары механикаландырылған және авоматтандырылған үздіксіз өндіріс үйымдастыруға алдын ала жағдай жасау; ғимараттар мен имараттардың сенімділігін және өміршеңділігін жоғарылату.
Өндірістік ғимараттардың типтік болат конструкцияларын жасау жұмыстары екі бағыт бойынша жүргізіледі: өнеркәсіптің түрлі саласына арналған жеке ғимараттардың типтік жобаларын жасау және конструкциялар мен олардың сортаменттерің жасау. Кеңінен тараған екінші бағыт – сала аралық қолданыста болатын өндірістік ғимараттардың болат конструкциялар элементтерін типтеу және типтік конструкциялардың сортаментін жасау.
Стандарттау. Болат конструкцияларына сәйкес стандарттаудың негізгі мақсаттары: техникалық прогрессті жылдамдаттыру; қоғамдық өндірістің және еңбек өнімділігін тиімділігін көтеру, соның ішінде инженерлік пен басқару; өнімнің сапасын жақсарту және оның тиімді деңгейіне жеткізу; жығарылатын өнімнің ұтымды атаужүйесін анықтау; бұйымды жобалау және өндіру саласында мамандандыруды жетілдіру; өндіріс қорларын тиімді пайдалану және материалдық пен еңбек ресурстарын үнемдеу.
Стандарттау жұмыстарын орындаған кезде Мемлекеттік стандарттау жүйлеріндегі (МЕСТ) стандарттарды басшылықа алу керек.
Бірыңғай модульдік жүйе (БМЖ) – ғимараттар мен имараттардың, олардың элементтерінің, құралымдар мен бөлшектердің өлшемдерін үйлестіру ережесі (барлық өлшемдер негізгі модульге – 100 мм еселі болуы керек). БМЖ қолдану мақсаты – жобалау кезінде және құрылыста типтеу мен стандарттау негізін жасау.
Металл қаңқаның бөлшектері. Аралықтарды, биіктіктерді және қадамдарды бірыңғайлау
Металл қаңқаның бөлшектері (9.1-сурет)
Аралықтарды, биіктіктерді және қадамдарды бірыңғайлау. Болат конструкциялары бар жеке ғимараттарды және олардың бөліктерін жобалау кезінде, сондай-ақ типтік болат конструкциялар мен бөлшектер сызуын жасаған кезде аралықтарды, биіктіктерді және ұстын қадамдарды төмендегі нұсқаулар бойынша тағайындайды.
Бірқабатты ғимараттарды биіктігі бірдей параллель орналасқан аралықтары тең етіп жобалайды. Технологиялық талаптарға сәйкес аралықтары өз ара перпендикуляр бағыттарда орналасқан, сондай-ақ ені және биіктігі әр-түрлі ғимараттарды жобалауға болады. Көпқабатты ғимараттарда бір бағыттағы аралықтардың биіктіктер айырмасы 1,2 м-ден кем болмау керек.
Аралық, бөлмелер биіктігі және ұстын қадамдары қабылданады:
- көпірлі краны жоқ ғимараттарда: аралық 18 м және одан жоғары, 6 м-ге еселі; бөлмелер биіктігі 4,8 м және одан жоғары, 0,6 м-ге еселі; шеткі мен орта бөлгіш осьтер бойынша ұстындар қадамы 6 м және одан жоғары, 6 м-ге еселі;
9.1-сурет. Бір қабатты өндірістік ғимараттың бөлшектері.
1- ұстындар; 2-кранасты арқалықтар; 3-ферманың төменгі белдеулеріндегі байланыстар; 4-жиналмалы темірбетон плиталары; 5-фонарлардың әйнектері; 6-стропилалық фермалар; 7-аспалы кранның арқалығы; 8-ферманың үстінгі белдеулеріндегі байланыстар; 9-жабынның тік байланыстары; 10-ұстын арасындағы тік байланыстар; 11-ұстынның базасы; 12-анкерлік болттар .
- көпірлі электр кранымен жабдықталған ғимараттарда: аралық 18 м және одан жоғары, 6 м-ге еселі; бөлмелер биіктігі 8,4 м және одан жоғары, 0,6 м-ге еселі; шеткі мен орта бөлгіш осьтер бойынша ұстындар қадамы 6 м және одан жоғары, 6 м-ге еселі;
- көпірлі кол кранымен жабдықталған ғимараттарда: аралық 18 м; бөлмелер биіктігі 6 м-ден 9,6 м-ге дейін 0,6 м градациясымен; ұстындар қадамы 6 м.
Ғимараттардағы температуралық жіктерді, биіктіктердің өзгеруін және өзара перпендикуляр аралықтардың жанасуын әдетте қос ұстындарда жасайды. Температуралық жіктерді және биіктіктердің өзгеруін кейбірде жалғыз ұстындарда да жасауға болады.
10-ші дәріс. Ұстындар торын бөлу. Температуралық жіктер. Ұстындарды модульдік бөлгіш осьтерге байлау.
Ұстындар торы дегеніміз - олардың жоспарда орналасуы. Ғимарат жоспарындағы ұстындарды Бірыңғай модульдік жүйеге сәйкес қояды. Аралық өлшемдерін 6 м-ге еселі қабылданады (12, 18, 24, 36 м және т.б.), керек жағдайда, ерекшелік ретінде 3 м-ге еселі қабылдауға болады (9, 15, 21, 27, 33 м). 3 м-ге еселі, бірақ 6 м-ге еселі емес, аралықтарды қолдануға болады егер қабылданған өлшемнің пайдалылығы техника-экономикалық есептермен дәлелденілсе. Ұстындар қадамы да 6 м-ге еселі қабылданады және сыртқы қатарларда 6 м немесе 12 м, ішкі қатарларда технологиялық немесе эстетикалық талаптарға сәйкес - 6, 12, 18 м және одан жоғары. Шеткі қатардағы ұстындар қадамын варианттардың техника-экономикалық салыстыру негізінде тағайындайды. Әдетте үлкен аралықты (l>30 м) биіктігі едәуір (H>14 м) үлкен жүккөтергіш крандары бар (Q>50 т) ғимараттарда бұл қадам 12 м-ге тең болғаны тиімді; керісінше параметрлері кіші ғимараттар үшін ұстындар қадамы 6 м болғаны ұтымды. Егер ұстындар қадамы ферма қадамдарынан асып тұрса стропила асты фермаларды орнатады, оларға жабын фермаларын тірейді.
Температуралық жіктер.
Үлкен өлшемді ғимараттарда температураның өзгеруі айтарлықтай температуралық деформациялар пайда болуына әкеп соғады, солардың салдарынан қоршағыш конструкцияларда жарықтар пайда болуы, ал көтергіш конструкциялар элементтерінде кернеулердің күшейюі мүмкін. Дәл осындай әсерді құрылыс алаңшасындағы топырақтар біртекті емес болса негіздердің бірқалыпты отыруы тудырады.
Қосымша кернеулердің және жарықтардың пайда болуын алдын алу үшін конструкцияларда деформациялық жіктер қарастырылады,, оларға температуралық және отыру жіктері жатады. Температуралық жіктер ғимараттарды жеке бөліктерге бөледі. Бұл жіктер тік бағытта ғимарат конструкцияларын жер деңгейінен бастап кесіп өтеді, ал жоспарда ғимаратты көлденең және бойлық бағыттар бойынша бөледі. Іргетастар бөлінбейді, себебі олар температуралық әсерде болмайды. Отыру жіктер ғимаратты іргетасымен қоса кесіп өтеді, себебі сонда ғимарат бөліктері бір-біріне әсер етпей отыруы қамтамасыз етіледі. Әдетте температуралық жіктерді отыру жіктермен біріктіруге тырысады. Мұндай жіктерді температуралық-отыру жіктері деп атайды; олар ғимараттың жеке бөліктерінің горизонталь және вертикаль қозғауларын қамтамасыз етеді.
Температуралық жіктер арасындағы арақашықтарды қаңқаның бойлық (көлденең) элементтерінің температуралық деформацияларын және температуралық бөліктердегі шеткі ұстындардың жылжуларын ескеріп анықтауға болады. Бұл есепті жүргізбесе де болады, егерде температуралық бөліктердің (блоктардың) өлшемдері 10.1-ші кестедегі келтірілген шектік өлшемдерден асып кетпесе.