
Бақылау сұрақтары:
1. Шатыр жұмыстарын не үшін жасайды және олар қандай қызмет атқарады?
2. Жабын жасау үшін қандай материалдар қолданады?
3. Қандай жабындар ең тиімді және еңбек шығынын аз қажет етеді? Олардың артықшылығын атаңыз.
4. Оралмалы су айырушы жабындылар жасау үшін қандай материалдар қолданады?
5. Мастикалы жабындылар туралы қысқаша мәлімет беріңіз.
6. Әрлеу жабулардың міндеті қандай және олар түзілістерді қандай сыртқы әсерлерден қорғайды?
7. Әрлеу жұмыстары технологиялық белгілері бойынша қандай жұмыстарға бөлінеді?
8. Сылақтың міндетін атаңыз. Сылақ бетін құрайтын – бүркеу, грунт және жамылғы деген қабаттар туралы қысқаша мәлімет беріңіз.
15-ші Дәріс. Әйнек жұмыстары. Еден жасау
Үймереттер мен ғимараттардың сәуле өткізгіш әйнек қоршаулары бөлмелерге табиғи жарық түсіру және адам өмір сүруі және қызмет етуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін арналады.
Әйнек жұмыстарын орындағанда мынадай шыны түрлерін пайдаланады: терезінің табақ әйнегі (қалындығы 2-6мм), жылтыратылған табақ әйнек (5-7,6мм) жылтыратылған және жылтыратылмаған көрме әйнек (6,5- 7,0мм), әшекейлі табақ әйнек (4,5-6,0мм) және түрлі түсті арматураланған, күннен қорғайтын табақ, жылылықты қорғайтын, профильді әйнек тері, қуыс әйнек блоктары, әйнек пакеттері, суарылған әйнек табақтары, шлак-ситалдар, стемалиттер және т.б.
Әйнек материалдары дара, қосарланған және қос қабат жақтауаларда бекітіледі. Ойықтарды әйнектегенде сыр шеберханаларында әзірлейтін және объектіге дайын түрде жеткізілетін олифасыз бітегіштер қолданады.
Әйнектеу кешенді процесі мыналардан тұрады: шеберханаларда орындалатын дайындау (әйнек кесу, бітегіштер және басқа бекіткіш материалдар өзірлеу) процесстері, көлік процесстері (орнату орнына арнайы ыдыспен әйнек және басқа бекіткіш материалдарды жеткізу) және әйнек қондыру процесстері.
Өлшенбейтін терезенің табақ әйнегі пішу технологиялық карталары, бойынша көбінесе орталық шыны шеберханаларында кесіледі. Әйнекті кесу алмас (әйнек қалындығы 10мм-ге дейін болғанда) және қатты қорытпадан жасалған доңғалақты шыны кескіштер (қалындығы 1 мм-ден 4 мм-ге дейін) және де нихромсымы бар электр, пневматикалық және жартылай автоматталған шыны кескіштермен жүзеге асырылады.
Ағаш жақтауларды әйнкетеу. Терезе жақтаулары, далда және есік қиюлары әйнектеу алдында олифа жағылып кептіріледі. Қиюларға орнатылған әйнек оларды енінен 3/4-тен кем емес асыра басу керек. Әйнек жиегі мен қию ернеуі аралығында 2мм-ден кем емес санылау қалдыру керек. Ағаш жақталарға әйнекті не екі бітеуіш, не бітеуіш бойынша штапиктармен бекітеді.
Металл жақтауларды әйнектеу. Металл жақтауларын әйнектеу дәл ағаштардікі сияқты – әйнекті кляммер, штырлар, серіппелер немесе штапиктермен бекітіп екі бітеуішпен немесе икемді төсемдермен. Штапиктер не бұрышты әлде тілме жұмсақ болаттан, не алюминий профилінен жасалады. Екі бітеуішпен металл жақтауларын әйнектеу мына жүйелілікпен орындалады: жақтаулардан штырлар алынады; қиюларда бітеуішпен төсем жасалады; әйнекті орнатады және оны тығыздап қосады, сосын жақтау тесіктеріне ақырын ғана балға немесе қашаумен қағып штырларды қіргізеді; бітеуіштің үстіңгі қабатын жағуды ағаш жақтаулардың әйнектеуіне ұқсас орындайды. Әйнекті кляммер және серіппелермен бекіткенде бірінші үш операциялардың жүйелілігі сақталады. Сонан соң штырларды, кляммерларды және серіппелерді коррозиядан қорғап, оларды толық жабатындай етіп бітеуіш қабатын қондырады (.... – сурет).
Әйнекті икемді төсемге орнату дәл ағаш жақтаулардыкіндей жасалады, ал штапикерді коррозиядан қорғау үшін алдын ала қою майланған бұрандамен бекітеді.
Қуыс шыны блоктармен дағдылы тас қалау тәсілдері сияқты сәндік цемент-құмды ерітіндісімен төсейді. Жұмыс басталуына дейін блоктарды құрғатып сүртеді. Бірінші және блоктардың бүйір қатарлары қалаумен жақсы ұстасу үшін қабырғаға металл тұтқаларын бекітеді және блоктар қатарлары аралығындағы жіктерге диаметрі 5-10 мм арматура болатының екі шыбығын салады.
Көрмелер мен өрнектер икемді төсем және штапиктермен бекітіліп ірі өлшемді көрме әйнектерінен жасалады. Көрме әйнегін арнайы шеберханаларда немесе тікелей құрылыс объектісінде безендіріп бояйды.
Профильді әйнекті металл немесе темір-бетон орамға тек тік орнатады. Әйнек профилиті элеметтерірің аралық жіктерін икемді төсемдермен тығыздайды және сыртқы жағын қаптайтын мастикамен бітейді. Әйнек профилиті саптамалармен қорғайды.
Әйнек жұмыстары жақтаулардың ақтық сырлауына дейін (егер оларды әйнекті әнекті орнатқан соң бояса) және әйнек бітеуіштің үстіне қатты қабыршақ пайда болудан ерте емес қабылданады.