- •Мазмұны
- •Практикалардың міндеті мен мақсаты:
- •Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеті
- •Педагогикалық практиканың мазмұны
- •Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру және жүргізу
- •Студенттердің педагогикалық практика барысында атқаратын жұмыстары
- •Педагогикалық практика туралы тапсырылатын құжаттар
- •Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына өзгерістер және толықтырулар енгізу тәртібі
- •Сырттай оқу бөлімі студенттерін педагогикалық практикадан босату үшін керекті құжаттар
- •Бітіруші түлектердің кәсіби құзіреттілігіне қойылатын талаптар:
- •Сабақ жоспарының үлгісі
- •Сабақ талдаудың жоспары
- •Сабақты талдаудың кестесі
- •Сабақ талдаудың үлгі кестесі
- •Сабақты талдау жолдары
- •Сабақты талдау үлгісінің келесі түрі
- •1.Студенттердің өндірісітік практика өтетін жұмыс бағдарламасы
- •3.Өндірістік практика бойынша есебінің көлемі және мазмұны
- •4.Студент- практиканттың күнделігі
- •5.Толтыру тәртібі,есепті рәсімдеу және қорғау
Педагогикалық практиканың мазмұны
Оқу жоспарына сай педагогикалық практика төртінші курстың сегізінші семестрінде жүргізіледі.
Студенттік педагогикалық практиканың жоғарыда көрсетілген мақсаты мен міндеттеріне орай жұмыс мазмұны мынадай бағыттардан тұрады:
А.Танысу
Б.Зерттеу
В.Жобалау
Танысу
1. Ұйымдастыру конференциясынан кейін практикадан өтуші студент мұғалімдермен танысады. Білім беру, оқыту, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы ерекшеліктерді көріп,оған мән береді. Ретіне қарай олардың жұмыс жоспарын көріп және жүзеге асу барысымен танысады;
2. Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмысымен танысады (жоспар, жоба, тақырыптар, ізденістер, картотека, түрлі есеп) жұмыс жүргізеді:
3. Түрлі қоғамдық ұйымдар, үйірме, бірлестіктер және тәрбие жұмыстарының жоспарымен танысады.
Зерттеу
1. Мектептегі оқу-әдістемелік құжаттармен (жұмыс жоспары,оқу жоспары,оқытушының жоспары);
2. Материалдарды педагогикалық практика барысында пайдалануға жағдай туғызады;
3.Пәнге, сабаққа, курсқа байланысты түрлі анкета жұмыстарын ұйымдастырады.
Жобалау
Студент педагогикалық практика кезінде атқаратын іс-әрекетін жобалап, жетекшілермен келісе отырып жоспар жазады.Онда өткізетін жұмыстың келесі түрлері көрсетіледі:
1.сыныптық жұмыс;
2.сынып жетекшісімен жұмыс;
3.оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне қатысу;
4.сабақтар үшін көрнекі құралдар әзірлеп дидакғтикалық материалдар жасауды жобалау.
Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру және жүргізу
Студенттердің педагогикалық практикасы бекітілген оқу жоспарына сай педагогикалық-психологиялық пәндердің теориялық курсы аяқталғаннан кейін өткізіледі. Берілген уақыт көлемінде әрбір студент –практикант мынадай жұмыстарды атқаруы тиіс:
1.Өткізілген сабақтардың барлық жоспарларын өткізу;
2. Оқушылардың өздік жұмыстары мен ғылыми жұмыстарына жетекшілік ету;
3.Тәрбие жұмыстарына қатысып,сынып жетекшілік міндетін атқару:
Педагогикалық практикаға жетекшілік жасайтын кафедра мамандары педагогика және психология кафедраларымен тығыз байланыс жасай отырып,олармен бірлескен негізде тиісті талаптарды жүзеге асырады.
Студенттердің педагогикалық практика барысында атқаратын жұмыстары
- мектеп оқытушларының сабақтарына кіріп,оны талдап-талқылауға қатысып,оған өзіндік көзқарасы мен пікірін күнделігіне жазып қоюға тиіс;
- студент білім берудегі жаңа технологияның жүзеге асуына назар аударып,оны өзіндік тұрғыдан пайдалана білуге ұмтылуы тиіс;
- жеке тапсырмалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
- өзі қатысқан сабақтарға, тәрбие жұмыстарға педагогикалық-психологиялық талдау жасайды;
- педагогикалық практика аяқталған соң қорытынды конференция өткізіледі.
Практикадан өткен әр студент соған қатысады, атқарған істерінің нәтижесін, қол жеткен табыстары мен ғылыми-әдістемелік жұмыстары туралы хабарлама жасайды. Осындай талқылаудың нәтижесінде практиканың қорытындысы шығарылады.Конференцияға дейін әрбір студент практика бойынша әзірлеуге тиісті құжаттарын дайындап, белгіленген тәртіп бойынша өткізілуі керек.
