Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ped_prakt_zh_1201_mys_ba_1171_darlamasy_bakalav...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.73 Кб
Скачать

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ филология кафедрасы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ

Орал-2013

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Бекітемін»__________

Филология факультетінің деканы

Қ.Т.Утегенова «__»_____________2013 ж.

ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандығы: 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012500 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011700 «Филология: қазақ тілі»

Орал-2013

Құрастырушылар:

А.С.Қыдыршаев – педагогика ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры

З.Ж.Мүтиев- филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті

«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология: қазақ тілі»мамандығы студенттерінің педагогикалық практикасының жұмыс бағдарламасы - Орал, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2013, 18 б.

Рецензия беруші:

Ғ.Қ.Хасанов –филология ғылымдарның докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры

Ж.Ж.Шайекенов - филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті

Қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

2013 ж. 5 қыркүйек №1 хаттама

Филология факультетінің оқу –әдістемелік кеңесінде бекітілді.

2013 ж. 10 қыркүйек №1 хаттама

Мазмұны

Кіріспе

1.Тілдік,оқу-таныстыру және оқу практикасының бағдарламасы

2.Педагогикалық практика бағдарламасы

3.Өндірістік практикасы мен бағдарламасы

Қосымшалар

1. Бітіруші түлектердің құзіреттілігі және жұмыс берушілердің қоятын талаптары

2.Сабақ жоспарының үлгісі

3.Студенттерді өндірістік практика өтетін жұмыс бағдарламасы

Кіріспе

Студенттердің оқу кезеңдері тілдік, оқу-таныстыру және оқу, педагогикалық практика,өндірістік практика және диплом алды практикасы болып табылады.

Студенттер практикаларын мамандық саласына сәйкес оқу мекемелерінде өтеді. Практикаларда студенттер оқытушының мамандығын игеруге машықтанады.

Практика кезінде студенттер қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша мектеп құжаттарымен танысып, өздері сабақ өткізуге талаптанады. Практикалық жұмыстар зерттелуге бағытталады және диплом жұмысының неізін құрайды. Практика өткенде студент дәстүрлі сабақ және өзі жетілдірген ашық сабақтарды өткізуі міндетті.Сынып жетекшісі міндетін атқаруы тиіс, сынып сағаттарын және сыныптан тыс жұмыстарын меңгеруге тиісті.

Есепті мерзім ішінде жиналған материалдардың барлығын есепке қосымша ретінде қорғауға ұсынады.

Практика аяқталғанда студент практикасын кафедралық комиссия мүшелері алдында қорғап, баға алады.

Практикалардың міндеті мен мақсаты:

Әр практиканың өз алдына қойған мақсаты мен міндеті бар және ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту мүдделеріне бағытталған.Әр практикаға жіберілуі үшін студент теориялық білім алу оқу жоспарын орындауы керек. Өндірістік практика 6 аптаға есептелсе, қалған практикалар 2-3 аптаға есептелген.

Мақсаты- қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша алған білімдерін іс жүзінде бекіту.

Практика кезінде студенттің міндеті:

- Барған мекеменің ішкі жұмыс тәртібіне бағыну;

- Еңбекті қорғау ережелерін сақтау, өртке қарсы қауіпсіздік тәртіптерін сақтау;

- Практикалардың күнделіктерін жүргізу және негізгі жұмыстарын тіркеу;

- Практика қорытындылары бойынша кафедраға жазбаша есеп тапсыру;

- Практика қорытындыларын комиссия алдында қорғау;

- Практика материалдарын есеппен бірге кафедраға тапсыру.

Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеті

Студенттердің алған теориялық білімін тереңдетіп жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіби мамандық тәжірибесін меңгеріп,оқыту мен білім берудегі жаңа технологияны пайдалана білуге жаттығу және педагогикалық тәлім-тәрбие ісіндегі менеджменттік қызметке машықтану.

Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер қойылады:

1.Мектеп мұғалімдеріне қойылатын педагогикалық талаптарды меңгеру;

2.Мектеп оқытушыларының еңбегі жан-жақты екендігіне және олар тәрбиеші ұстаз, оқытушы педагог,ғалым –зерттеуші, қоғам-қайраткері екендігіне назар аудару;

3.Оқушылардың білім сапасын жетілдіріп,тұлғалық дербестігінің дамуына мән беру;

4.Кәсіби мамандығын дамытудағы ізденістер мен оны зерттеу мәдениетін игеру;

5.Жетекшілік етуші оқушылардың кәсіби мамандық саласындағы істеріне араласу;

6.Түрлі бағдарламалардың жобасын жасау;

7.Жаңа оқу құралдары мен оқулықтарды жобалау мен жазу;

8.Әдістемелік құралдарды әзірлеуге көмектесу;

9.Педагогикалық эксперименттер жүргізу;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]