- •Білім алушыларға арналған пәннің
- •«Экономикалық теория негіздері»
- •1. Силлабус
- •2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бағалау критерийі
- •8. Оқытушы талабы.
- •Силлабус
- •1. Пән туралы ақпарат
- •2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •8. Оқытушы талабы.
- •Силлабус
- •2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •7. Бағалау критерийі
- •8. Оқытушы талабы.
- •Силлабус
- •2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •7. Бағалау критерийі
- •8. Оқытушы талабы.
- •2. Дәрістер тезистері
- •Семинар және практика сабақтарының қысқаша сипаттамасы (жоспарлар, семинар және практика сабақтарын жүргізуге арналған тапсырмалар, соөж, сөж)
- •Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстары
- •Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж)
- •4. Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер і. Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар
- •Іі. Өзін-өзі тексеруге арналған тесттер
- •Төмендегілердің қайсысы таза бәсекелі еңбек нарығын сипаттайды:
- •Төмендегілердің қайсысы монопсониялық еңбек нарығында жатады:
- •5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет-ресурстардың тізімі:
- •Глоссарий
7. Бағалау критерийі
№ |
Жұмыстың түрі |
Баға (max балл) |
Cаны |
Қосындысы |
1 |
Сабаққа қатысу |
2 |
10 |
20 |
2 |
Жағдайға байланысты мәселелерді шешy |
1 |
25 |
25 |
3 |
СОӨЖ тапсырмаларын орындау |
4 |
5 |
20 |
4 |
Тестілеу |
7 |
5 |
35 |
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
100 |
||
8. Оқытушы талабы.
сабақтан қалмау керек; сабақ кезінде ұялы телефонын өшіру керек;
сабаққа кешікпей өз уақытысында келу керек;
сабақтың үстінде басқа әдебиет оқуға болмайды;
сабаққа белсенді қатысуы керек;
үй жұмысын өз бетінше орындауы керек;
өзімен бірге оқитындарға, оқытушыларға, университет жұмысшыларына тілектес және ашық, шыдамды болуы керек;
пікір сайыстарға қатысып, ұжымдық жұмыстарға көмектесу керек.
2. Дәрістер тезистері
1-дәріс. Тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні мен әдістері
Экономикалық теория - адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.
Функциялары:
Танымдық – экономикалық құбылыстарды, заңдарды зерттеу және түсіндіру.
Практикалық – іс жүзінде зерттелген обьектілер теориясын қолдану. Мемлекеттің экономикалық саясатының негізін құру.
Болжамдық – экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау.
Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген көзқарастар жүйесін құру.
Методологикалық – экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және методологикалық негіз болады.
Экономика ғылымын тану әдістері:
Экстрапаляция – болашаққа лайықталған тенденциялар негізінде экономикалық даму болжамы.
Индукция – көптеген деректерді зерттеу нәтижесінде жалпы қорытынды жасау.
Дедукция – жалпы ережелер негізінде жеке қорытынды шығару.
Гипотеза – алдын-ала тексерілмеген қағида.
Экономикалық жүйе:
Экономикалық жүйе – бұл материалдардың рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Экономикалық жүйенің дамуына әсер ететін факторлар:
елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі шаралар жүйесі.
меншік құрылымы.
ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер.
мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі үш топқа топталады:
шаруашылық құрылымы
әкімшілік
ақпараттық
Шаруашылық құрылым – шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалдарды техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік құрылым – лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық құрылым – алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы мәліметтерді топтастырады және таратады. Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әртүрлі сипатқа ие болады; патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Осы аталғандардың бір елде, бір мезгілде бірнеше сипаты бола алатынын алуы мүмкін. Бұл жағдай экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі. Осылайша егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі жүруде деп білеміз, ал керісінше жеке шаруашылықтың сипаты алғы кезекке шықса, орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады. Қазіргі заманғы әлем әр қайсысы қазақ тарихи даму процестерінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қалайда бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист әр түрлі түсінетін болғандықтан олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экологикалық жүйелердің классификациялаудың кейбіреуін қарастырсақ:
Формациялық көзқарас- Маркстік теорияға тән үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды. Алғашқы құрылыс - алғашқы қауымдық және өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл жерде біз өндіріс әдісіне көңіл бөлеміз. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібімен жерге ұжымдық меншікке негізделген шығыстық қауым.
Ірі формация – Маркс II-реттік, яғни жеке меншікке (құлдық, басыбайлық, капитализм) негізделген деп аталады.
Жеке меншікті – жоюға негізделген екі сатылы формация. Формациялық әдіске тән экономикалық жүйелер бес өндіріс әдістерінен көрінеді. Олар: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталаистік, коммунистік. Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндіретін қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді. Қатынастар сипаты өндіріс құралдарына меншіктің үстем формасы арқылы анықталады. Әр жүйенің материалдық өндірісінң даму деңгейі тұрақсыздығына көңіл бөлінеді. Бұлар өндіріс деңгейінің тиімділігін анағұрлым жоғары болуын жүзеге асырады.
2-дәріс. Тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктреді өндіру процесі.
Игіліктер – қажеттіліктерді қанағаттандыратыни заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты, еңбек құралдарының өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменті деп атайды.
Еңбек - бұл адамдардың материалдық рухани игіліктер өздерімен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты нәтижелі қызметі.
Еңбек заты – адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.
Еңбек құралдары – бұл адамдардың еңбек затына әсер ететін қаруы.
Өндіріс құрал жабдықтары - қандай да бір тауарды өндіруге қажет еңбек заттары мен құралдарымен жиынтығы.
Игіліктер өндірісі біріншіден адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екіншіден өз шаруашылық қызметтері барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Өзара қарым-қатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін экономикалық қарым-қатынастар деп аталады.
Өндіргіш күштер – қоғамның өндірісінің жеке және заттық факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші белсенді элементтері.
Экономикалық қатынастар – адамдар арасында қызметтер мен материалды рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметтің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында 4 сатыдан тұрады. Олар - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның қоғам-ң өнімнің қозғалыстағы орнына қарай экономистер әртүрлі бағыттар ұсынады. Біреулер бұл саты шешуші мағынаға ие дейді.
Бөлу - өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.
Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбастау процесі.
Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игілектерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмәмданушысы болып табылады.
Тұтыну екі сипатта - өндірістік және өндірістік емес болады.
Өндірістік емес тұтыну- жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.
Жеке тұтыну- бұл адамдардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну- қоғамның ғылымға, мәдениетке, білімге, басқаруға және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады. Яғни, оларды ұдайы өндіріп тұру қажет. Ұдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар.
Жай ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды. Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші оның тиімділігі. Бұл оның шығындарына қатынасымен анықталады.
3-дәріс. Тақырыбы: Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік
Меншік — өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» күбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім — жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудщ сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте кұрделі өзара әсер етеді.
Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, Бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштык хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншікгің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуаддық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансүлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншікгің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, өмірге қажет мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың (дегейдің) объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың (рудың, тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік, индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке қару-жарақ, аң мен балық, аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек құралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке құн көрісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен бұндай шарттар қол өнер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікте ұзақ мерзім бойы семья-отбасылық қауымның ұжымдық еңбегі қолданылды, кейінде мұның орының ауылдың көршілес қауымы басты. Мұндай қауымға дуализм тән болады: егістікке, жайылымға, орманға, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші өзінің. отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып өңдейді. Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әр түрлі көрінісі болып мындаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ, олардың рөлі мен мағынасы, коғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей болмайды.
Меншік - экономикалык категория.
Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затгы жеке пайдаланбаса , меншік туралы сүрақта тумайды. Меншік субъектін осы затты пайдалануға ерекше күқы барын сипатгайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар, олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет, халық қүрайды.
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардын. немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акциөнерлік қоғам)
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз он және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады Артықшылығы ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшы-лығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
• фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;
• фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүлікгерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағьш анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акциөнерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;
• акциөнерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акциөнерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер зандық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;
• корпорацияның тұрақты кызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акциөнердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
• акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі — корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
• экономикалық бейәрекеттердін, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;
• меншіктену мен бақылау кызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ыңталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан көп.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise — жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture — бел байлау, төуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
4-дәріс. Тақырыбы: Экономикалық жүйелердің негізгі типтері мен олардың даму заңдылықтары
Экономикалық жүйе қоғамның ерекше құрылымы белгілі елдің нақты жағдайындағы шаруашылық практикасынан туындайды. Кез келген елдің экономикасы үлкен, дербес жүйе ретінде қызмет етеді, онда шаруашылық әдістері, салты, орын алған құндылықтары, өзіндік өмірді түсінулері бейнеленеді.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәңдік қасиетгері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының накты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше күрылымын бейнелеп көрсетеді. Бүнда халықтың шаруашылық дағдысы, дэстүр-салты, рухани қал-жағ-дайы, оның құрметгеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін модениетке сай келеді.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономи-каны реформалағанда солармен есептесу керек. Бір жақтан, эконо-микалық жүйе сыртқы ортамен зат және куат айырбастасып оты-ратын ашык, жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементгерін жаңаландырып отырады, т.б. Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени қүбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін үдайы өндіріуге максатталады. Сондықтан ол қатал, түйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі томен, шектелген болады. Бұл экономикалық жүйенің этникалық байла-ныстарын және оның өркениеттік түтастығын бүзбай сақтауға көмек береді. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін, осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін-өзі үдайы өндіру қабілетін сақ-тауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет-ғүрыптары, сал-ты т.б. атқарады.
Қоғамдық өндірістің дамуы, экономикалық жүйелердің сырт-қы ортамен тұрақты байланысқа ашықтығы, осы жүйенің жаңа-шыл жағдайлармен толықтырылып жетіле беруіне кемектеседі. Бұл ішкіжүйелік өзгерістердің жүруі арқылы жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде экономиканың жаңарған үлгісі жарыққа келуі мүмкін. Экономикалық, ғылымда «экономикалық үлгі» де-ген түсінік қолданылады. Бұл нақты ақиқаттың көшірме бейнесі, белгілі бір дәрежеде түпнүсқаға сәйкес келетін танып білудің нәтижесі.
Ресейдегі (кешегі күнге дейін қазақ елі Ресей құрамында болғаны мәлім) өркениеттің Батыс оркениетінен айырмашылығы, осыларда қалыптаскан экономикалық үлгілер аркылы көрінеді. Батыс Еуропада таза капитализм үлгісі қалыптасқан. Ресейде таза капитализм дәуірі болмаған. Жалпыресейлік нарыкты аралас эко-номиканың ерекше типінің туындысы деуге болады. XX ғасырда осы екі өркениет тоталитарлық тәртіптің үлгісін - әкімшілік-бұйрық типті экономиканы сыйлады.
Енді осы үлгілермен танысайық. Бұл танысуды мына қасиет-термен есептесе жүргізейік: меншіктің басым формалары және түрлері, экономикалық үстемділік пен оны жүзеге асыру әдістері, нарықтың орны, релі және мемлекеттің экономикалық рөлімен есептесш.
Таза капитализмде меншіктің көп тараған формасы - индивидуалдық жеке меншік: әр субъект іс-әрекеттерін өзінің мүддесіне сәйкес жүргізеді; әр экономикалық бірлік өзінің табыстарьш көбейту қызметтерін өз шешімдеріне сәйкес жүргізеді; өнімді сатушы мен сатып алушы өте көп болады. Бұл еркін бәсекелестікгі жанданды-рады, бірақ әр келісім көлемі үсақ болғандықтан, олар сүраныс пен үсынысқа әсер етпейді, соңдықтан нарықтың ешбір субъектілері экономикалық үстемділік жүргізе алмайды. Сөйтіп, экономика-лық үстемдік нарықтың тек өзіне тән элемент болып табылады. Осы жағдай нарыққа реттеуші рөл әпереді және баға дәрежесін белгілеудің езі соның қасиеті болып табылады. Мемлекеттің рөлі өте шектелген болады.
Әкімшілік-бұйрық экономикасы қарама-қарсы приоритеттер ор-натады: экономикалық үкімет, үстемдік бір орталықтан жүргізіледі; нарық экономиканы реттеуші болмайды; нарық субъектерінің әрекеттері жалпы мақсатты орындауға бағыттандырылып, жеке адам мүдделері жалпыламалыққа жүгіндіріледі; өндіріс шарттары-на қоғамдық, немесе, жеке меншік болады. Орталықтан жүргізілетін экономикалық үкімет әкімшілік-бүйрық тәсілдері арқылы жүргізіледі, ал иеленуде бөлу қатынастары приоритетке ие болады: иеленуге айналым аркылы жету бағынышты рөл атқарады. Негізгі экономикалық субъект мемлекет болады. Бұл жағдайда экономи-каны басқаратын органдар иеленушілердің және өндірістік кәсіпорыңдардың қызметтерін өз қарамағына алады.
5-дәріс. Тақырыбы: Қоғамдық өндірістің нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша
Қоғамдық өндірістің екі формасы бар: натуралды және тауарлы. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолыңмен жасау жатады. Ол өндіріс күшінің әлсіз дамуы мен өндірген өнімге қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігінмен сипатта. Біріншісі қандай да бір болсын өндірістің табиғи элементі болып табылады. Ал екіншісі болса тарихи сипатқа ие, ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болды. Өзінің өрленуіне басымдылық жағдайға жетті, кейін анағүрлым жетілген формаға ороын беріп, құлдырауға түсті. Сондықтан натуралды – адамдар өнімді айырбасқа рынокқа жеткізуге ұмтылған. Басым форма ретінде натуралды шаруашылық тарихтың өлшеп берген жолын өтеп берді. Алайда өндіріс тұтынушы принципі бойынша байланыс (айырбассыз және қоғамдық бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементін қазіргі заманғы қоғамның макро, микро деңгейлерінде көрінеді.
Микродеңгей - натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсеткен бау-бақша жеріндегі жұмыс мысал бола алады.
Макродеңгей - бір ғана елдің шегінде өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады.
Тауарлы - өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірілген тұтынушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық. Тауарлы шарушылықтың пайда болуының шарты – нақты бір өнімді шығаруға өндірістің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі үшл кезеңнен тұрады:
1) мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасында ұдайы айырбастың пайда болуына жағдай жасады.
2) қол өнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды.
3) сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты.
Тауар сату және сатып алу үшін өндірістен өнім тауардың екі түрі бар: тұтыну құны және айырбас.
Тұтыну- адамның, қоғамның қандай да болмасын бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас- тауардың белгілі пропорцияда басқа тауармен айырбасталу қасиеті.
Құн заңы
Құн заңы тауар өндірілетін тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңы іс-әрекетінің мәні мынада: тауарды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан құн заңы тауарлы өнімнің ең мәнді сипатын көрсетеді. Ал тауар-ақша айналысында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға- құн заңының көрінісі.
Еңбек өнімдерінен бастап, қүн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Құн заңы әрекет етуге тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді.
Ақша– бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Ақшаның атқаратын қызметтері:
- құн өлшемі;
- айналыс құралы;
- төлем құралы;
- қордану (қазына жинау);
- әлемдік (валюта);
Ақша айналыс құралы қызметін тауар ақша тауар (Т-А-Т) формасы бойынша тауарды делделдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл форма екі актіге бөлінеді.
1. сату тауар ақша;
2. сатып алу тауар ақша;
Ақша айналысы – төлем құралы мен айналыс құралы қызметін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.
6-дәріс. Тақырыбы. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың төмендегідей үлгілері қалыптасқан. Олар жоспарлы-нұсқаулы (әміршілдік-әкімшілдік), нарықтық, аралас болып келеді.
Шаруашылықты әміршілдік-әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру өндірушінің үстемділігіне негізделеді. Бұндай жағдайда, әрине, нарықтық механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық байланыстар орталық органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік әдісте барлығы алдын ала баланс құру арқылы есептелінеді. Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай бағамен өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады.
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілердің ешқайсысы сұрақтарды алдын ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін ( не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек? ) шешу мақсатында әрекет етеді.
Нарықтық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір басымдылықтарға ие:
ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;
ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;
өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталады.
Нарықтық экономикаға мынандай белгілі бір кемшіліктер тән:
табыс алуға кепілдік бермейді;
толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;
ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
Нарықтық экономиканың әрекет етуі жиынтығында рынок жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтеріінің болуын көздейді.
Нарықтық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі өндірушілер мен тұтынушылар.
Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе алуан нысандармен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Нарықтық экономиканың үшінші элементі баға. Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе алуан нысандармен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Нарықтық экономиканың үшінші элементі баға. Баға сатушы тауар бірлігін сатуға жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге келіскен , ал сатып алушы сатып алуға, ақысын төлеуге дайын тұрған ақша мөлшерін көрсететін экономикалық санат.
Нарықтық экономиканың төртінші элементі-орталық буыны сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас болады. Сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша сомасы. Ұсыныс дегеніміз берілген бағада сатуға арналған тауарлардың саны. Ұсыным нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын тиісті баға бойынша өндіріп, сатуға ұсынылуы мүмкін тауарлардың жиынтығы.
Нарықтық механизмнің бесінші элементі- бәсеке. Ол пайданы мол табады және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады
Бәсеке (лат conkurentia-қақтығысу, жарысу) - тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда алу.
7-дәріс. Тақырыбы: Сұраным пен ұсыным теориясының негіздері
Сұраныс –ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі немесе сұраныс – төлем қабілелеттілігі бар тұтыныс.
Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азайады, яғни сұраныс деңгейі төмен болады және керісінше, баға төмен болған сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады.
Сұраныс қисығы- сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық.
Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді.
Сұраныс қызметі – сұранысты оған әсер ететін әртүрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішіндегі ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады.
Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да факторлар әсер етеді:
тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);
ұнайтын және басымдық беретін нәрселердің өзгеруі;
Бағаны және тапшылықты күту;
Жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;
Субстит тауарлардың (алмастырушылардың) және комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының төмендеуі;
Сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) және т.б.
Барлық сатушылар нарықта ең жоғарығы баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға ұмтылады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденцияның болуы бір жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға , өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ұсыныс-тауар өндірушілердің нарыққа сатуға ұйғарған бағасы белгіленген тауар жиынтығы.
Ұсыным сұранымды өндірілген тауар ассортименті мен олардың бағасы арқылы қалыптастырылады; ал, сұраным болса, тауар ұсынымының көлемі мен құрылымын анықтайды, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана ұдайы өндіріледі.
Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп аталады.
Ұсыныс қисығы -өндірушілердің дәл осы уақыттыа түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық.
Ұсыныс қызметі ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды. Игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді.
өндіріс ресурс факторларының бағасы ;
технология;
Нарықтық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;
Салықтар мен субсидиялар көлемі;
Сатушылар көлемі.
Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеттесуі.
Нарықты дамыту барысында сатушылар мен сатып алушылардың өзара бейімделуі іске асырылады. Бұлкезде қажетті ақпараттың тез айырбасталуына көмектесетін бағалар маңызды рөл атқарады.
Тепе-теңдік баға- бәсеке күштер әрекеті нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға. Тепе тең бағаны құру –белгілі бір уақыт санын қажет ететін процесс. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс бағасының ұсыныс бағасына, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне тез өзара бейімделуі жүреді. Тепе –теңдік орнау нәтижесінде тұтынушылар да өндірушілер де ұтады.
8-дәріс. Тақырыбы: Бәсеке және монополия
Нарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бәсеке.
Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.
Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:
а) жетілген бәсеке;
ә) жетілмеген бәсеке.
Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.
Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.
Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.
Жетілген жіне жетңлмеген бәсеке арасындағы айырмашылықты келесі кестеден көруге болады:
Бәсеке формалары |
Фирмалардың саны мен көлемі |
өнім түрлері |
Нарыққа ену шарттары |
Ақпарат алу мүмкіндіктері |
Жетілген |
Көптеген кіші фирмалар |
Біртекті өнім |
Ешқандай қиындық жоқ |
Қиындық жоқ |
Монополиялық |
Көптеген кіші фирмалар |
әртүрлі өнім |
Қиындық жоқ |
Бірнеше қиындық |
Олигополия |
Бірнеше ірі фирмалар |
Біртекті өнім |
Жекелеген қиындықтар бар |
Бірнеше шектеулік |
монополия |
Жалғыз фирма |
Ең жоғары сападағы өнім |
Кіруге мүмкіндік жоқ |
шектеулі |
Жетілмеген бәсекенің 3 түрі бар:
а) Монополиялық бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы боыынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.
ә) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арсындағы бәсеке.
Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді:
Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.
Дифференциалды олигополия- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.
б) Монополия-жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпарацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері болуы керек:
а) өнім өндіру масштабы;
ә) құқықтық артықшылығы;
б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия);
в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы.
Қосымша табыс алу мақсатында, монополия, өзінің нарықтық күшін пайдаланып, бірдей тауарларды әртүрлі нарықта әртүрлі бағамен сатады. Әртүрлі бағаларды қолдану баға алалаушылығы деп аталады. Оның 2 түрі бар:
сатылатын өнім бірлігі бойынша алалаушылық;
тұтынушылар арасындағы алалаушылық.
Баға алалаушылығының пайда болуының 3 шарты бар:
а) фирманың күшті монополиялық күші болуы керек, баға белгілеу мен өндірісті бақылайтын;
ә) тауарды қайта сату болмау керек;
б) нарықты сегменттеуге өндірушінің икемі.
9-дәріс. Тақырыбы: Капитал (қорлар). Өндіріс шығындары. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамды пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып бірлесуі мүмкін.
Фирмалар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ. Кәсіпорындардың қаржысын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не кіреді? Бірқатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды: өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданы жақтаушылар керісінше пікірде. Өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндірістік кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы, айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыз болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаға ақша қатынастары арнайы қорларп құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. Өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.
Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын бөлу, бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындауды деп тұжыруға болады. Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл үшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтерді, кірістер мен шығыстар көлемдерін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.
Фирмалар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі – жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсіуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттерм ен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.
Бөліс - өндіріс пен тұтынуды байланыстыратын буын. Бұл процесс кәсіпорындармс ен бірлестіктердің жұмсалған өндіріс құрал-жабдықтарды толықтыруға және пайданы құрауға пайдаланған өнімдерді өткізуден түскен ақшалай табыстар алу жолымен жүреді. Пайданың бір бөлігі қайта бөлу барысында орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорларға түсіп енді бір бөлігі шаруашылықтың қарамағында еңбекақы, әлеуметтік мұқтаждар, өндірісті ұлғайту және дамыту жөнінде шығындарды қаржыландыруға түседі.
Қаржы және несие органдармен іс-қимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінен алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.
Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы қатынстары ріілендірілген топтарда жинақталады: бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:
Мемлекет пен өндірістік кәсіпорындар арасында мемлекеттік бюджеттен қаржыланжырғанда, сондай-ақ бюджетке төлемдер төлегенде, валюта қорларын қалыптастырғанда;
өндірістік кәсіпорындар діне олардың жоғарғы ұйымдары пайданы табыстарды, қорларды қайта бөлгенде, жылдық төлемдер жөнінде;
шикізат, материалдар, отын, т.с.с. төлеу үшін өзара қатынастарға түскен әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында;
кәсіпорындар мен ұйымдар арасында акциялар мен құнды қағаздар шығару және өткізу кезінде бәірлесукен кәсіпорындар құру барысында несиелеу мен үлестік қатыста;
кәсіпорындар мен несие жүйесі және қысқа мерзімде несиелер берілгені үшін проценттер төлегенде және т.б. мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:
қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен мақсатты арналымының сан алуандылығы;
өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы, тұрақты толықтыруы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар туындауы. Өндірістік қорлар - өндірістің серпінді элементтері. Олар, өндірістің өзі сияқты, ұдайы қозғалыста болады: оның үстіне құн формалары үнемі өзгереді. Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде маптериалдық-заттық және ақша формасы қалады;
жоғары белсендліік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық қырларында ықпал жасау мүмкіндігі.
Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – халық шаруашылығыныдағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға,ғ бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.
10-дәріс. Тақырыбы: Жүйе ретіндегі ұлттық экономика
Ұлттық экономика жұмысы БҰҰ-ның ұсынған агрегаттары арқылы жинақталған жұмыстарының нәтижесінде іске асып отыр. 1988 жылы Ресейде халықаралық есептеу жүйесіне көшті. Негізгі және жалпылама ұлт байлық болады.
Жалпы ұлттық байлық дегеніміз – қоғамның барлық тарихында жинақталған барлық тұтыну құнының жиынтығы. Бірінші рет ұлттық байлықты 1664 жылы Англияда У.Петти есептеді. 100 жылдан кейін бұны А.Смит қайталады. Ұлттық байлық мынаны қамтиды:
Мүлікті – негізгі және айналымды қорларды, үй мүліктерді.
Табиғат байлықтарды – жер, минералды және орман қорлары.
Заттай емес байлықты – ұлт, денсаулықтың потенциалдық, рухани байланысын, білім беру және ғылыми потенциалдар.
Бұны бірнеше анықтамалармен көрсетеді: жалпыұлттық өнім, ұлттық табыс, таза ұлттық өнім, ішкі өнім.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – бір жыл елімізде шығарылған барлық дайын товарлардың және көрсетілетін қзметтердің нарықтық құнының қосындысымен анықталады.
Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа құралған құнының өндірістік қорытындысы.
Ұлттық пайда – ЖҰҰ-нан және бір жыл ішінде оларды шығаруға кеткен материалдар шығынды алып тастаған ( амортизациялау, шикізат, метериалдар және т.б.) айырмашылықтан тұрады. Шет мемлекеттердің есептеулерде оны барлық пайданың қосындысы деп анықтайды:
1) Жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысы;
2) Жеке шаруашылықтың, серіктестіктің, корпорацияның
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Сонымен инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинақ – табыстың қызметі. Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.
Инвестициялардың, жинақ пен табыстың өзара әрекетін анықтаушы маңызды макроэкономикалық пропорцияларды былайша сипаттауға болады:
Ү=C+I яғни, ұлттық табыстың пайдаланылған бөлігін тұтыну (С) және жинақ (І) шығындарының сомасына тең. Мұнда тұтыну табыстың қызметін атқарады, яғни С = С (Ү).
Екінші жағынан, өндірілген ұлттық табысты былайша көрсетуге болады: Ү=C+S, мұндағы S-те (жинақ) табыс қызметін атқарады, олай болса S=S(V).
Сонымен егер C+I=C+S болса, онда I=S, инвестиция қызметі r:1=1(r) болады да, ал жинақ қызметі V:S=S(V) болады.
Қоғам көлеміндегі өзара байланысты тауарлар мен қызмет көрсету рыноктарының тепе-теңдігі, яғни жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара теңдігі жинақ пен инвестицияның тепе-теңдігін сақтауды талап етеді. Инвестицияның процент қызметін, ал жинақтың табыс қызметін атқаруы тепе-теңдік мәселесін сақтауды өте қиындатады.
Инветицияның ұлғаюы ұлттық табыстың өсуі мен белгілі бір тиімділік арқылы жұмыспен толық қамтуды іс жүзіне асыруға ықпал етеді. Белгілі бір тиімділік деп отырғанымыз экономикалық теорияда – мультипликатор әсері деп аталады.
Мультипликатор – сөзбе-сөз аударғанда көбейткіш деген ұғымды білдіреді. Рыноктың шаруашылық жүйесіндегі мультипликатордың мәні мынада: инвестицияның ұлғаюы қоғамның ұлттық табысын алғашқы инвестиция өсімінің мөлшерінен артық мөлшерге көбейтеді. Басқаша айтқанда, суға тастаған тас қандай толқын шеңберін туғызса, экономикаға «тасталған» инвестиция да табыс және жұмыспен қамтудың өсуі сияқты тізбекті реакцияны туғызады. Әуелі инвестицияның ұлттық табыстың тұтынуына арналған бөлігінің өсуіне ықпалын қарастырайық. Осы арқылы сұраныс мультипликаторы зерттеледі.
Мультипликаторды мәліметтермен суреттеу үшін бір мысал келтірейік. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін мемлекет 1 млн. Доллар жұмсады деп ұйғаралық. егер қоғамдағы қалыптасқан МРС 0,7-ге тең десек, онда мультипликатор, яғни
ҰТ-ның өсімі қандай болмақ? Ол,
тең.
Мультипликатордың теориялық концентрациясы инвестиция мен жинақтар арасында сәйкестікпен байланысты, тепе-теңдік мәселесін терең ұғынуға көмектеседі. S пен I сызықтарының тепе-теңдік болмауы экономиканың тиімділік қызметіне нұқсан келтіреді, инвестициялық және дефляциялық үзілістер пайда болады.
Инфляциялық және дефляциялық үзілістерді графикте былай көрсетуге болады. Алайда алдын ала жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы теңдікті түсіндіруге болады:
AS
АD
DP
E
450
AD
- жиынтық сұраныс сызығы
O F1 N F2 AS - жиынтық ұсыныс сызығы
Ұлттық табыс
ҰТ-ның өсуімен жиынтық сұраныс та өседі. Жиынтық сұраныс бұл бізге белгілі C + I сызығы, яғни инвестициялық және жеке тұтынуға пайдаланылатын ұлттық табыс.
Е – нүктесі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қиылысы, ұлттық табыстың теңдік деңгейін - ON мөлшерін көрсетеді.
11- дәріс. Тақырыбы: Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу
Экономикалық өсу – адамзат қоғамның үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ұзақ уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы заманғы теория мен практикада «экономикалық өсу» термині елдің ЖІӨ немесе ЖҰӨ нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткіштерінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтағанда, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Экономикалық өсу көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық өсу категориясында экономикалық теорияда үлкен мән беріледі.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе интенсивті типіне негізделе дамиды.
Қазіргі кезде ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Экономикалық даму келесідей әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін:
Жұмыс күшінің саның көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады.
Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса, онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылаған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, сонымен қатар қоғам өз ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ) немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі.
Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (жеке меншік құқығы құрылымының өзгерісі, өндірісті ұйымдастыру, бөлу формаларының өзгерісі). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемелерге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
Неокейнстік;
Неоклассикалық;
Тарихи-әлеуметтік.
Экономикалық өсу ресурс шектеулігінің ахуалын жеңілдетеді. Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар: ұсыныс, сұраныс, бөлу.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы өндіріс жағдайлары нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
12-дәріс. Тақырыбы:Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмысссыздық
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше нарықтың үлкен аумағын «жаулап» алуға тырысты. Ал өның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа алып келді. Артық өндірудің мәні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны соншалық, XIX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процесттерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.
Тұрақсыздық нарықтық экономикаға тән сипаттардың бірі. Оған экономикалық циклды қалыптастыратын өрлеу де, құлдырау да тән. Экономикалық дамудың циклдық заңдылықтарын зерттеу-макроэкономикалық талдаудың құраушы бөлігінің бірі болып табылады. Көптеген зерттеуші экономистер осы рыноктық экономиканың циклдық ауытқуының құпиясы неде деген сұраққа жауап іздеді. Ал, экономикалық цикл дегеніміз-бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмысбастылық және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық циклдың болуының себептері: автономды инвестициялардың таусылуы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мултипликатор әсерінің әлсіреуі және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп – тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Макроэкономикада экономикалық циклдың интегриалды теориясы жоқ, сол себепті түрлі бағыттар мен мектептердің экономистері циклдың болуының себептеріне әртүрлі көзқараспен тоқталады.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде АҚШ-ның экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросында жасалған терминалогия бойынша цикл келесідей фазаларды қамтиды: шың немесе бум, рецессия немесе құлдырау, депрессия және жандану. Экономикалық конъюнктураны сипаттау үшін бір қатар экономикалық көрсеткіштер қолданылады (ЖҰӨ, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, жеке табыс, өнеркәсіптік өнімдер көлемі, бағалар деңгейі, т.б.).
Цикл барысында экономикалық параметрлердің өзгеруіне байланысты олар проциклдық, контрциклдық және ациклдық болып бөлінеді.
Қазіргі кезде статистиктер мен экономистер экономикалық конъюнктураға толық, нақты болжамдар жасай алмайды, тек оның жалпы тенденциясын ғана анықтай алады. Себебі экономикалық тұрақсыздық пен саяси қақтығыстар кезінде барлық әсер етуші факторларды есепке алу, ұлттық экономикаға халықаралық ортаның ықпалын анықтау қиын және де даму тенденциясын анықтағанның өзінде фазалардың жүру мерзімін нақты атап, экономикалық саясатты сол өзгерістерге қарай бағыттау мүмкін емес.
Қазіргі қоғамдық ғылымда экономикалық циклдардың бірнеше типі белгілі. Олар, әдетте, осы толқындарды зерттеп, ғылымға енуіне негіз болған экономистердің атымен аталады.
Циклдар типі |
Циклдардың ұзақтылығы |
Негізгі ерекшелектері |
1. Китчин циклі |
2-4 жыл |
Қор мөлшері→ инфляцияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы,тауарлы циқл |
2. Жугляр циклі |
7-12 жыл |
Инвестициялық цикл→ инфляцияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы |
3. Кузнец циклі |
16-25 жыл |
Табыс→ иммиграция→ үй құрылысы→жиынтық сұраныс→ табыс |
4. Кондратьев циклі |
40-60 жыл |
Техникалық прогресс, құрылымдық өзгерістер |
5. Форрестор циклі |
200 жыл |
Энергия және материалдар |
6. Тоффлер циклі |
1000-2000 жыл |
Өркениеттің дамуы |
Еңбек рыногы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының рыногы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар рынок агенттері, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек рыногы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек рыногы басты үш қызмет атқарады: 1. әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халінің әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету. 2. экономикалық қызметте еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану. 3. ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.
Жұмыссыздық – еңбек рыногының құрамдас элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.
Еңбекке қабілетті адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.
Жұмыссыздықтың дәрежесін батыс статистикасы қолданатын көрсеткіштер бойынша таралуы және мерзімнің ұзақтығы арқылы айқындай түсуге болады. Жұмыссыздықтың таралу көрсеткіші жұмыс күшінің жұмыссыздық деңгейін сипаттайды.
Жұмыссыздықтың типтері:
1. Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі бір сәйкессіздік болады.
2. Құрылымдық жұмыссыздық – экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың себебі болады. Олар: жаңа технологиялар, жаңа тауарлардың пайда болуы. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Экономиканың бір секторынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айрылған жұмыскерлер басқа саладағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады.
3. Маусымдық жұмыссыздық - өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады.
4. Циклдық жұмыссыздық. Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Ол экономикалы коньюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар кезінде көбейіп отырады.
Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты «табиғи» деңгейден жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі АҚШ-та жиырмасыншы ғасырдың соңында 6-7 пайыз болса, экономикасы дамыған басқа елдерде ол біршама төмен.
Жұмыссыздық рыноктық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Инфляция термині қазақша қампаю, ісіну дегенді білдіреді. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.
Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне әкеледі.
13-дәріс. Тақырыбы: Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.
Нарық үшін әкімшіл-әміршіл жүйенің қажеті жоқ, оған ерекше инфрақұрылым қажет. Ал мемлекеттік реттеу – осы инфрақұрылымды жасап, оның тиімді іс-әрекет етуіне қол жеткізуі қажет, яғни мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыруы қажет.
Мемлекеттің экономикаға тікелей әсер етуіне мыналар әсер етеді:
индикативті жоспарлар арқылы ел экономикасы дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтау;
белгілі бір тауарды жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар;
бағдарламалар, тапсырыстар және шарттарды мемлекеттік қолдау;
технология мен өнімнің сапасына нормативтік талаптар қою;
белгілі бір тауарларға құқықтық және әкімшілік шектеулер қою;
тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау.
Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:
салық салу және салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;
бағаны реттеу және оның деңгейімен арақатынасын анықтау;
ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға жеңілдіктер беру;
экспорт және импортты кедендік реттеу;
валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.
Көптеген экономистер салықтық реформаны тиімді деп санайды, сонымен бірге қатаң реттеушіліктердің босаңсуы экономикаға тиімдірек жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай проблемалардың көпшілігі Паретто бойынша жақсы болып табылмайды. Жеңгендер немесе табысы жоғарлағандар саны көп болса, салықтық өзгерістерден кейін зардап шегетіндер табылады. Осы факт реформаны қиындатады. Ерекше мүдделі топтар сол салықтың режимді орнату үшін көптеген уақыт пен ақшаларын жұмсайды.
Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс, яғни ол халықтың әл-ауқатын жоғарлатып, экономикалық тұрақтылыққа негізделуі тиіс. Сол себепті мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар:
қаржы – несие саясаты
фискальді саясат
еңбек ақы және тариф саясаты
мемлекеттік инвестиция саясаты
әлеуметтік саясат т.б.
Ақша-несие саясаты- бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байлаысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
Рестрикциялық ақша- несие саясаты;
Экспанциялық ақша- несие саясаты.
Рестрикциялық ақша- несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша- несие саясаты- несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты сипатталады.
Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизм арқылы пайда болады. Ол өзі мекеменің әдістерін және түрінің нысанын, қаржылық басқару және жоспарлауды айқындайды. Қаржы жалпы экономикалық категория болғандықтан, ол жекеленген субкатегориялардан тұрады. Онда белгілі бір дәрежеде салық саясатының, бюджеттік саясаттың және оларға әйкес механизмдер – салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлардың, қаржылық басқарудың, қаржылық-құқықтық өзбеттілігін бөліп көрсетуге болады.
Қаржылық механизм өз құрамына қоғамдық-экономикалық өмір деңгейіндегі және сферасындағы барлық қоғамдық өнім элементтерінің, материалдық емес игіліктер, қызметтердің құрамына кіретін кеңейтілген қаржылық ресурстар – нақты, адрестік, шын нәтижелер, яғни мемлекет арқылы белгіленген қаржылық шараларды жатқызады. Қаржылық саясат пен қаржылық механизм экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан кеңейтілген өқндіріс процесінің дұрыс ағымы осларға тәуелді болып келеді.
Қазақстан жағдайында қаржылық саясаттың міндеті – қаржылық механизм арқылы экономиканы кризистен шығару және оның жолдарын табу, халық шаруашылығының құрамын қайта құру мақсатында, шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттің үлесін азайтып, жекеменшік құру, ішкі экономикалық қызметті кеңейту және дамыту болып табылады. Республикада нарық экономикасына көшу бағдарламалары, қаржылық механизм және саясат жүргізілуде.
14-дәріс. Тақырыбы: Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.
Адамның экономикалық іс-әрекеті өз өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін материалдық база құруға мақсатталған. Адамдар экономикалық қызмет кезінде өзара тығыз байланыста болғандықтан, олардың өмір сүру жағдайы 1-1-іне әсерін тигізеді. Сондықтанда әрбір адамның өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасау талап етіледі. Осы көрсетілген қызмет әлеуметтік саясат болып табылады.
Әлеуметтік саясат дегеніміз - жеке индивидтердің өмір сүруі үшін ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін іс-әрекеті.
Әлеуметтік саясаттың 2 жақты рөлі бар:
1-ден, ол экономикалық өсуге байланысты құрылған ұлттық байлық азаматтар үшін ыңғайлы әлеуметтік жағдайларды құрудағы экономикалық қызметтердің басты мақсаты;
2-ден, әлеуметтік саясат- экономикалық өсу факторы.
Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштеріне жататындар:
халықтың өмір сүру деңгейі;
халықтың өмір сүру сапасы;
тұтыну қоржыны;
Күнелту минимумы.
Нарыққа өту кезінде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік кепілдіктер маңызды орын алады. Ондай кепілдіктерге жататындар:
ең төменгі жалақы;
ең төменгі зейнетақы;
стипендия;
жәрдем ақы;
еңбек ету құқы;
тегін және ақылы білім беру;
дәрігерлік қызмет;
еңбек ету жағдайына қарай берілетін жеңілдіктер;
демалу құқы;
мемлекет белгілеген механизм бойынша халықтың табысын индексациялау;
жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қорғау;
меншікке және одан түскен табысқа иелік ету.
Нарық экономикасы кезінде әлеуметтік саясатты жүргізу табысты құру және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау механизмдері арқылы жасалады.
Табыс дегеніміз- жеке қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтерді алу үшін тағайындалған және белгілі уақыт ішінде алынатын ақша қаражаттарының жиынтығы. Халықтың тұтыну деңгейі олардың табыс деңгейіне байланысты.
Ақша табысын құрудың 3 негізгі көзі бар:
еңбек ақы;
меншіктен түсетін табыстар (дивиденд, процент, рента);
әлеуметтік төлемдер.
Нақты өмірде табыстың дұрыс бөлінбеуін “Лоренц қисығы” деп атайды.
Табыстың 2 түрі бар:
а) Номиналды табыс- жұмысшылардың атқарған қызметтері және жұмыстары үшін қолына алған ақша сомасы.
ә) Нақты табыс- халықтың нақты тұтынатын игіліктерінің құны.
Жұмыспен қамтудың негізгі 2 түрі бар:
Толық жұмыспен қамту;
Тиімді жұмыспен қамту.
ҚР-ның “Жұмыспен қамту” заңына сәйкес жұмысшы күшіне: 16-58 жас аралығындағы әйел адамдар және 16-63 жас аралығындағы ер адамдар жатады. Адамдарды 2 топқа бөлуге болады: экономикалық белсенді тұрғындар және экономикалық белсенділігі жоқ адамдар. Экономикалық белсенді адамдарды жұмыс күшіне жатқызамыз. Оларға: жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады.
Жұмыспен қамтылғандар қатарына: 1 жеті ішінде өз кәсіпорындарында немесе ақыға жұмыс істеген адамдар, уақытша еңбекке жарамсыздар мен демалыстағылар, жеке кәсіпорындарда 15 сағат жұмыс істеген адамдар жатады.
Жұмыспен қамту саясатын жетілдіру үшін мемлекет еңьек биржаларын қолданады. Еңбек биржасы дегеніміз- жұмыс күші нарығында азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету кезінде арнайы қызметтер көрсететін бөлімше.
Еңбек биржаларының негізгі қызметтері:
жұмыссыздықты тіркеу;
бос жұмыс орындарын тіркеу;
жұмыссыздарға жұмыс тауып беру;
еңбек нарығы конъюктурасын зерттеу және ол туралы ақпараттар беру;
жұмыс алғысы келетіндерге тест жүргізу;
жұмыссыздарды кәсіби қайта дайындау;
жәрдемақы төлеу.
15-дәріс. Тақырыбы: Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады.
Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты 2 жүйеден - ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы мен халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияғатехникалық-экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Сондай-ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты- оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық сипатын көрсетеді.
Әлемдік экономика- экономикадағы жалпы заңдылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді.
Ұлттықэкономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы- оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы- ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.
Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып халықаралық экономикалық қатынастар саналады.
ХЭҚ-тың негізгі формаларына жататындар:
халықаралық сауда;
капитал қозғалысы;
жұмысшы күші миграциясы;
халықаралық жұмысшы күші миграциясы;
халықаралық өндірісті кооперациялау;
ғылыми-техникалық айырбас;
валюта-несие айырбасы.
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы және әлемдік экономикалық қатынастар – елдер арасындағы өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың деңгейімен анықталады. Әлем әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйеге бөлінген. Олар халықаралық топтарға бірігеді.
Халықаралық тәжірибеде елдерді топтастырғанда негізгі үш топқа бөлеміз:
нарық экономикасы дамыған елдер;
экономикасы-нарық жүйесіне өту барысындағы елдер;
дамушы елдер.
І топқа нарық экономикасы дамыған 24 мемлекет кіреді.
а) “Үлкен жетілік”;
ә) Еуропалық одаққа кіретін елдер;
б) Еуропалық еркін сауда ассоциациясына кіретін елдер.
ІІ топқа шығыс Еуропаның бұрыңғы социалистік жүйедегі елдері, бұрыңғы ССРО елдері жатады.
ІІІ топқа Азия, Латын Америкасы, Африка елдерінің 141 елі кіреді.
Халықаралық еңбек бөлінісі - мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қортындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі- ол нақты еңбектің бөлінуі. Еңбекті бөлудің түпкі мақсаты- өнім шығарудың әдісі, яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруге саяды.
Қоғамдық еңбек бөлінісі өзінің кәсіптік қызметіне байланысты мынадай формаларға бөлінеді:
а) жалпы,
ә) меншіктік;
б) бірыңғай кәсіпорындар.
Халықаралық еңбек бөлінісін дамытуға ықпал ететін бірнеше факторлар бар:
1.Елдердің табиғи-географиялық орны;
2. Ғылыми-техникалық прогресс;
3. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар.
Халықаралық еңбек бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің ең жоғарғы көрінісі, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың негізі және жалпы экономикалық өзара тәуелділіктің объективтік бастамасы.
Еңбек бөлінісінің 4 формасы бар:
адамдардың жасы мен жынысы арасындағы еңбек бөлінісі;
қоғам ішіндегі;
территориялық еңбек бөлінісі;
халықаралық еңбек бөлінісі.
