- •Тақырып 1. Қаржы менеджментінің мазмұны
- •Тақырып 2. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және көрсеткіштері
- •Тақырып 3. Тәуекелділік және табыстылық. Корпорациялық тәуекелділікті басқару
- •Тақырып 4. Активтер портфелін басқару.
- •Жұмсалымы бюджетін оңтайландыру.
- •2.Кәсіпорындағы ақша ағымдарын жіктеу
- •3.Ақша ағындарын өлшеу әдістері
- •Сату бюджеті
- •Компаниялардың ағымдағы шығындарын басқару
- •6. Бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян.
- •3. «Қарыз капиталы» бағасы.
6. Бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян.
Пассив бөлімінің екінші бөлімі несиелер, қарыздар деп аталады.
Несиелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Мерзімі ұзартылған корпоративтік табыс салығы
Бюджетпен есеп айырысу, элементтері:
Корпоративтік табыс салығы
Қосылған құнға салынатын салық
Акциздер
Әлеуметтік салық
Жер салығы
Мүлік салығы
Көлік құралдарына салынатын салық және тағы басқалары.
Кепілдер және міндеттемелер
Жабдықтаушылармен есеп айырысу
Басқа да кредиторлық борыштар, элементтері:
Жалақы бойынша жұмысшылармен есеп айырысу
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу.
Басқару есебінде немесе қаржы менеджментінде қорытынды көрсеткіштерді анықтау процесінде өзіндік құн калькуляциясын анықтауда екі әдіс қолданылады:
1. Шығындарды толығымен бөлу арқылы өзіндік құн калькуляциясын анықтау;
2. Өзгермелі шығындарды есепке алу бойынша өзіндік құн калькуляциясын анықтау.
Бірінші әдісі бойынша барлық өндірістік шығындар өнімді өткізу және өнімнің қалдығы арасындағы айырмашылыққа байланысты сыртқы пайдаланушыларға кірістер және шығындар туралы есеп дайындау кезінде қолданылады.
Көрсеткіштері:
өнімді өткізуден түскен түсім
өткізілген өнімнің өзіндік құны (өндірістік шығындар)
жалпы табыс (1-2)
әкімшілік шығындар және өнімді өткізумен байланысты шығындар (тұрақты немесе өзгермелі болуы мүмкін)
Операциялық пайда (3-4) Абзорпшен костинг.
Екінші әдіс бойынша өзгермелі шығындар негізгі өнімді өндіруге жұмсалған негізгі қор шығындары, ал тұрақты шығындар кезең шығындары ретінде қарастырылады. Бұл есеп ішкі пайдаланушылар үшін жасалынады.
Бұл есептің көрсеткіштері:
өнімді өткізуден түскен түсім
өзгермелі өндірістік шығындар (материалдар, негізгі еңбек, өзгермелі өндірістік қосымша шығындар)
жалпы табыс (1-2)
өзгермелі әкімшілік шығындар және өнімді өткізумен байланысты шығындар
маржиналдық табыс (3-4)
тұрақты шығындар ( тұрақты өндірістік шығындар, тұрақты әкімшілік және өнімді өткізумен байланысты шығындар)
операциялық пайда (5-6) Директ костинг.
Екінші әдіспен қорытынды көрсеткішті анықтау және оның ауытқулары:
― Егер өндірілген өнім әрбір есептік кезеңде өткізілетін болса, онда екі әдіс бойынша да операциялық пайда бірдей болады.
― Өндірілген өнімнің өткізілген өнімнен көп болуы, дайын өнімнің қалдығына әкеліп соғады. Бұл ретте абзорпшен костинг әдісі бойынша тұрақты өндірістік қосымша шығындардың бір бөлігі дайын өнімнің қалдығының өзіндік құнына қосылады. Директ костинг әдісі бойынша барлық тұрақты өндірістік шығындар кезең шығындарына жатқызылады. Сондықтан абзорпшен костинг әдісі бойынша операциялық пайда директ костинг әдісінен жоғары болады.
― Өткізілген өнімнің өндірілген өнімнен көп болуы дайын өнімнің азаюына әкеліп соғады. Бұл ретте абзорпшен костинг әдісі бойынша тұрақты өндірістік қосымша шығындардың бір бөлігі өткізілген өнімнің өзіндік құнына қосвлады, ал директ костинг әдісі бойынша олардың барлығы өткізу кезеңінде шығындарға қосылған. Сондықтан абзорпшен костинг әдісі бойынша операциялық пайда директ костинг әдісіне қарағанда төмен болады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде компанияның нарықтық құнын активтердің құнымен бағаланады. Бұл ретте қазіргі қолданылып жүрген нормативтік актілерге байланысты компанияларды сату кезінде активтердің нарықтық құны салықтық есептегі активтердің құнынан біршама жоғары. Сондықтан да компанияларды сату кезінде өсім пайда болады. Ол өсімге корпоративтік табыс салығы салынады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде компанияның құны мына формуламен анықталады:
V = D + S, мұндағы
D ― қарыз қаражаттың нарықтық бағасы;
S ― акционерлік капиталдың нарықтық бағасы.
Акционерлік капиталдың нарықтық бағасы:
S = салықтан кейінгі ТТ (% дейін) / Ks = (EBIT─ КдD) (1─ КТС ставкасы) / Ks
Ks― акцияларды талап етілген табыстылығы
P0 = DPS / Ks = EPS / Ks , мұндағы
P0 ― акциялардың құны
DPS― бір акция үшін дивиденд
EPS― бір акцияның пайдасы.
Дивидендтік саясат инвесторлардың немесе капитал иелерінің қалауы бойынша дивидендтер немесе капитал өсімділігінен табыс алуға байланысты жүргізіледі. І жүзінде дивидендтік саясатты жүргізген кезінде үш теория қолданылады:
1. Теория иррелевантности дивидендтов. Дивидендтер және капитал өсімділігі табыстың айырмашылығына байланысты теория. Бұл теорияны Мадельяни және Миллер ұсынды. Мадельяни және Миллер позициясы өзінің теориясын бекіту кезінде төмндегі принциптерді қолданған:
Дивидендтер немесе капитал өсімділігі табысын анықтау кезінде салық ауыртпашылығын ескермеген;
Акция шығару немесе трансакция процесіндегі шығындарды ескермеу;
Дивидендтер және капитал өсімділік табысының айырмашылығының жоқтығы;
Инвестициялық саясат дивидендтік саясатынан тәуелсіз;
Инвесторлар және менеджерлер әрбір инвестицияның болашақтағы жағдайын анықтада бірдей ақпаратты қолданады.
2. Синица в руках теориясы. Бұл теорияны Гордон және Литнер қарастырған. Бұл теория бойынша көптеген инвесторлар және акционерлер әр есепті кезең сайын алуды қалайды. Өйткені капитал иелері капитал бойынша алынатын табыстың тәуекелдерін төмендету жағдайында алынған капитал өсімін немесе есептегі кезеңдегі дивидендтерін басқа салаларға салуды қарастырады. Капитал иелері өзінің капиталын әр түрлі салаларға бағыттау процесңнде капитал бойынша тәуекелділікті төмендетеді, капиталын жоғалтпау мүмкіншілігін жоғарлатады.
3. Теория налоговой дифференциации. Бұл теорияны Литценбергер және Рамасвали ұсынды. Бұл теория инвестициялардың дивидендті немесе капитал өсімінен табысты қалауы кезінде салықтық тиімділікке байланысты жүргізіледі. Осы теория бойынша халықаралық деңгейде дивидендтерге салынатын салықтың ставкасы 15%, ал капитал өсімділігіне салынатын салықтың ставкасы 30% мөлшерінде қарастырылады. Бұл теорияны ұсынушылар әр түрлі экономикалық жағдайда капитал иелері немесе акционерлер салық ауыртпашылығына байланысты дивидендтерден немесе капитал өсімділігінен алынатын табысты таңдауға мүмкіншіліктері бар.
14- тақырып.Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару.
1,Айналым активтеріне жалпы сипаттама. Өндіріс кезеңінде және қаржылық кезеңдердегі айналым активтерін басқару.
2. Айналым қаражаттарын қаржыландырудың сыртқы көздеріне қажеттілік
3. Айналым қаражаттарының көлемі мен қаржыландыру саласындағы стратегиялар.
4. Айналым активтерін және қысқа мерзімді міндеттемелерді оперативті басқарудың кешенді саясатын анықтау.
5. Қысқа мерзімді міндеттерді қамтамасыз ету.
6. Айналым активтерініңбюджетін жасау.
Кәсіпорындардың қысқа мерзімді стратегиясының орындалуына – жеткілікті айналым капиталының болуы, оны жоспарлау механизмі, толықтыру, тиімді пайдалануын талдау ерекше орын алады. Егер қысқа мерзімді операциялармен айналыспаса, онда ұзақ мерзімді қаржылық стратегия табыс әкелмейді.
Айналым капитал икемді активтер, ол кәсіпорынның ағымдағы жұмысын үзіліссіз қамтамасыз етеді және белгілі ретпен жаңартылады.
Бухгалтерлік есепте және есеп беруде айналым капиталы «айналым капитал» және «айналым қаражаты» терминімен берілген.
Қаржыгерлердің көзқарасы бойынша кәсіпорынның капиталы, ол өндіріске пайдалануға арналған және пайда әкеледі ( қосымша капитал немесе қосылған құн )
Айналым қоры және қаражаты өндірістің барлық қызметтеріне қатысатындықтан (ақшалай; өндіріс қоры; өндірістік шығындар; тауарлар) айналым капиталы да натуралдық-заттай түрінде көрсетіледі.
Айналым капиталының мынандай сатылары бар(стадия):
өндірістік саты
айналым саты.
Айналым, өндірістік қатарына және қаражатына жататындар:
Еңбек заттары ( шикі заттар, негізгі және қосалқы материялдар, жанар және жағар майлар);
Еңбек құралдары ( саймандар, инструменттер және т.б )
Аяқталмаған өндіріс ( еңбек заттары және еңбек құралдары )
Болашақ кезеңдегі шығындар.
Айналым саласындағы айналым қоры және қаражаттары:
дайын өнімдерге авансыланған, кәсіпорынның қаражаттары;
есеп айырысуда жүрген қаражаттар;
кәсіпорынның кассасындағы және есеп айырысу шотындағы қаражаттар.
Айналым капиталы бір мезгілде өндірістік қор ретінде, аяқталмаған өндіріс, дайын өнімдерде, ақша қаражат түрінде есептесу, валюталық шотта және кассада.
Соныменен, кәсіпорынның бір мезгілде өндірістік айналым капиталына және айналымда жүрген айналым капиталы болуы керек
Кәсіпорынның айналым капиталы нақтылы сатып алу шығындармен (нақтылы өзіндік құнменен) бағаланады.
Белгілі бір мерзімге қорлардың құнын бағалау үшін бірнеше әдістер қолданылады:
Ағымдағы бағамен бағалау: қорлар өндірілген өнімдер шығыныменен бағаланады және есептен шығарылады, кезеңнің аяғындағы қалдық қорлар нақтылы өзіндік құнменен анықталады – бұл Лифо әдісі.
Нақтылы сатып алу бағасымен бағалау: қорлар - өндірілген өнімдер шығыны арқылы есептеліп шығарылады және бағаланады, ал кезеңнің аяғындағы қалдық қорлар соңғы сатып алумен байланысты нақтылы өзіндік құнмен анықталады – бұл Фифо әдісі.
Айналым қаражаты – бұл айналым активтивтерін аиансыланған ақша қаражаттары, ол бірнеше рет жыл бойында айналымда болады.
Айналым активтерінің екі жақты экономикалық табиғаты бар. Бір жағынан ол, кәсіпорынның мүлігінің бір бөлігін көрсетсе (өндірістік қор, аяқталмаған есеп айырысу т.б) Басқа жағынан – ол кәсіпорынның үзіліссіз өндіріс қызметін қамтамасыз етуге айналым активін авансыланған капиталдың бір бөлігі.
Айналым активтері тікелей өндіріс қызметіне және өнімдерді сатуға қатысты, сондықтан айналым активтерін басқару концепциясы кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету үшін минималды ақша ресурстарын бөлу қажет.Ол өзіне келесі элементтерді қосады:
әрбір есептесу күнде барлық аталым активтерін есептеу.
кәсіпорын айналым активтері айналымдағы дұрыс болмауының себебін анықтауға талдау жасау
кәсіпорын экономик қызметіне айналым активтерін басқарудың жаңа әдістерін еңгізу
айналым актив ағымдағы жағдайын бақылау және т.б
Айналым активтерінің толық айналымы кәсіпорынның қаражаттарының қозғалу уақытын сипаттайды және ол өндіріс және өнімдерді сату жылдамдығына байланысты.
Кәсіпорынның айналым активтерінің қозғалу формуласы, келесідей:
А → МӨҚ→ АӨ → ДӨ → АІ
Мұндағы:
А – айналым активтерін авансыланған ақша қаражаты;
МӨҚ – материялдық өндірістік қорлар;
АӨ - аяқталмаған өндіріс;
ДӨ - қоймадағы дайын өнімдер
Аі – тауарларды сатудан түскен түсім (ақша қаражаты)
Таза айналым капитал – айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің айырмасына тең.
Таза айналым капиталының болуы - кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің қажетті жағдайы. Бұл көрсеткіштің мөлшері жалпы айналым активтерінің 10% деңгейінде белгіленуі қажет. Неғұрлым бұл көрсеткіш жоғары болса, соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты болады.
Егер таза айналым капиталының азайғаны байқалса, онда кәсіпорын айналым активтерін қысқа мерзімді несиелер және займдар арқылы қаржыландырады. Егер оған қоса айналым активтерінің айналымдық көрсеткіші жақсармаса, меншікті айналым қаражаты мөлшерінің азаюы кәсіпорынның айналым активтерін тиімсіз басқарылғандығын және тәуекелдіктің артқандығын көрсетеді.
Керсінше, егер кәсіпорын жоғары деңгейде айналым активтерінің айналымдығын ұстаса (50-60 күн), бұл оларды ұтымды пайдаланғандығын көрсетеді
Кәсіпорын
бәсекелестік ортада өндіріс көлемін,
сатуды қажетті мөлшерде ұстап, нәтижесінде
нарықта өз жағдайын дұрыс ұстауға әрекет
етуі керек. Ондай мақсатқа жету үшін
соған сәйкес материалдық және қаржылық
ресурстар қажет
Сурет. Кәсіпорынның айналым қаражаттарының құрамы.
Айналым активтерінің құрылымы жалпы олардың көлеміндегі әрбір стратегиясының үлусін сипаттайды. Бұл құрылым келесісыртқы және ішкі факторлардың әсерінен қалыптасады:
Өндірістік - өндіріс шығындарының құрамы және құрылымы, өндірілген өнімдердің сипаты, технологиялық қызметтің ұзақтығы және т.б
Материалдық ресурстарды сатып алу ерекшеліктері, кезеңі, реттілігі, жеткізудің кешенділігі, транспорт түрі, Жабдықтаушы мүліктің үлесті салмағы және т.б
Айналым активтерін қаржыландыру стратегиясын талдау
Кәсіпорында таза айналым капиталының болуы оның бухгалтерлік балансының өтімділік деңгейін және айналым активтерінтиімді пайдаланғандығын анықтайды. Сондықтан оның құрам эллементтерінің кез-келген өзгеруі – таза айналым капиталының мөлшеріне әсер етеді. Оның өсімі кәсіпорын жұмысының жағымды тенденцияны реттеуі қаралады.
Айналым актив элементтерінің бірі – материалдық қор. Оларды сақтау шығындары қойма шығындарымен, бұзылу тәуекелдерімен, бұйымдардың ескертуімен т.б байланысты.
Басқада айналым активтерінің маңызды элементтерінің бірі – дебиторлық қарыз. Дебиторлық қарызды басқаруда қаржы менеджері сатып алушылардың төлем қабілетінің тәуекелін анықтау.
Ағымдағы міндеттемелерге – қысқа мерзімді несиені, займдар және кредиторлық қарыздарды жатқызады. Әлбетте, банктер құптайтын құжаттарды (мүліктер) қажет етеді, ал кредиторлармен есептескенде мұндай құжаттар қажет емес. Сондықтан, бір кәсіпорын қысқа мерзімді қаржыландырудың проблемасын залог арқылы шешсе, басқалары сату, жалға беру және т.б арқылы шешті Қысқа мерзімді міндеттемелер
Егер таза айналым капиталының мөлшері нөль мағынасында өтімділіктің жоғалуы өзінің максималды мағынасына жетеді, ал бұл мағынаның өсуі тәуекел көрсеткішін ақырындап төмендейді. Егер қысқа мерзімді қарыз нөлге тең болса, онда таза айналым капиталы өзінің максималды деңгейі өседі және айналым активтерінің мөлшеріне тең болады.
Айналым активтерін және қысқа мерзімді міндеттемелерді кешенді оперативті басқаруды анықтау саясаты.
Айналым активтерін басқарудың үш типі бар:
агрессивті
консервативті
біріңғай
1. Агрессивті саясаттың белгісі келесідей:
Кәсіпорын өз алдына айналым активтерін ұлғайтуда ешқандай тежеу қоймайды:
Кәсіпорын шикі зат, материалдар, дайын өнім қорын жинақтайды.
Нәтижесінде жалпы мүлікті айналым активтерінің үлесі өте жоғары ( 50% артық ), ал олардың айналымдығы (90 күннен) жоғары. Агрессивті саясат тәуекелдікті төмендеткенімен активтердің жоғарғы рентабелділігін қамтамасыз ете алмайды.
2. Консервативті саясаттың белгісі:
- кәсіпорын ағымдағы активтер өсуін істейді және оларды минималды жолауға тырысады. Нәтижесінде жалпы көлемдегі айналым активтерүлес салмағы (40% төмен), олардың айналым түрде онша көп емес.
3.Біріңғай саясат (умеренная политика) айналым активтерін басқару ерекше жағдайларға сәйкес. Бұған ақша рентабелдігінің деңгейі сәйкес.
Айналым активтерін басқарудың әрбір типіне оларды белгілі қаржыландыру саясаты сәйкес келеді.
1. Қысқа мерзімді міндеттемелерді басқарудағы агрессивті саясаттың белгісі (50% астам) Қысқа мерзімді кредиттер және займдар үлесті салмағы пассивтердің жалпы саласындағы 50 % . Бұндай саясатта кәсіпорынның активтерінің рентабелділігі 30-50% дейін өседі. Бірақта тұрақты шығындар қарыз қаражаттарына төлем проценті есебінен ұлғаяды. Нәтижесінде өндіріс тұтқасының әсер ету күші артады (= Маржиналды табыс/ Пайда ), бұл кәсіпкерлік тәуекелінің артқандығын көрсетеді.
2. Қысқа мерзімді міндеттемелерді консервативті басқару саясатының белгісі - қысқа мерзімді несиелер мен займдар валюталық баланстағы үлесі жоқ немесе өте аз. Айналымнан тыс және айналым активтері бұл жағдайда меншікті капиталмен және ұзақ мерзімді міндеттемелермен жабылады.
3. Біріңғай саясаттың белгісі - қысқа мерзімді несиелер мен займдардың валюта балансында бейтарабы үлесті салмақта болады.
Айналым активтерінің бюджетін жасау.
Айналым активтерінің қажеттілігінің (актив балансы бойынша) артуы әр уақытта ақша қаражаттарының шығынымен байланысты, соған байланысты оларды жабуды талап етеді (поссив балансы бойынша)
Айналым активтерін жіктеуге байланысты оларды қаржыландыру көздері: меншікті, қарыз және тартылған болып үш түрге бөлінеді.
Айналым активтерін қаржыландыру саясаты келесі кезеңдерден тұрады:
өткен кезеңдердегі айналым активтерін қалыптастыру көздерін зерттеу
Алдағы кезеңге айналым активтерін қалыптастыру саясатын қабылдау
Айналым активтерінің көлемін және құрылым көздерін оңтайландыру.
Яғни таза айналым капиталы
қысқа мерзімді несиелер және займдар
несиелік қарыздар
қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы дұрыс арақатынасын бекіту
Жоспарлау процедурасы - өзіне қордың, шығынды, дайын өнімдер, ақша қаражаттары, дебитролық қарыз, қысқа мерзімді қаржылық салымдардың болжамдық көлемдерінің есебін қосады. Тәжрибиеде айналым активтерінің бюджетін қалыптастырудың сызығын келесі түрде қолданады.
қаржыландырудың тұрақты көздері болып есептелетіндер қысқа мерзімді кредиттер және займдардың бөлігі;
ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар;
артықшылықты акциялар;
меншікті капитал.
