- •Гуманитарлық факультет Тарих кафедрасы
- •Гуманитарлық факультет тарих кафедрасы
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •«Қазақстан тарихы» пәнінің семинар сабақтарының әдістемелік нұсқаулары
- •Студенттердің (осөж) жұмыстарына берілетін әдістемелік нұсқаулар.
- •Сөж ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар
- •Теориялық білімді тексеруге арналған тапсырмалар Рефераттар тақырыбы.
- •«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Дәрістер кешені
Дәрістер кешені
Дәріс 1. Кіріспе.
Жоспар
1. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері
2. Деректер және тарихнама
Негізгі ұғымдар: Тарих, дерек,тарихнама.
Тарих мынандай негізгі міндеттерді шешеді: гносеологиялық - Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді; аксеологиялық адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да, ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады; праксеологиялық - күрделі де көп қырлы тарихи құбылыстарға өзіндік баға беру және талдау қабілетін қапыптастыруға мүмкіндік туғызады; прогностикалық - тарих, ол болашақтың негізі қаланған өткен заман, тарих аяқталмайды, тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар, өйткені, онда бұрын ашылмаған шындықтар айқындалады.
Тарих - келешектің «архимед нүктесінің» негізі. Ол халықты топтастырушы әрі біріктіруші қызметін атқарады. Тарих қай халықтың болмасын қайталанбас ерекшелігін, нақтылығын дербес қарастыра отырып, олардың бүкіл адамзат қауымдастығының құрамдас бөлігі екенін көрсетеді, соған сәйкес әлемдіктарих жүйесіндегі орнын айқындайды. Жалпы алғанда, тарих өзгермелі өмірден адамның өзіндік орнын табу жолының кілті. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан нақты мысал бола алады. Өйткені, қазақстандық қоғам -жүздеген ұлыстардың, сан алуан діндер мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар мәдениеттердің тоғысқан қоғамы. Қазақстан тарихы, яғни Отанымыздың тарихы күллі қазақстандықтардың дүниетанымының негізі болып табылады. Халық тарихи оқиғалар зердесі арқылы өзінің дүниетанымын, менталитетін қалыптастырады әрі өзінің қоғамда және ғаламдық деңгейде алғанда әлемдік қауымдастықта алатын орнын айқындай алады.
Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаты. Отанымыздың тарихы, ол киелі Қазақжерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың, соның ішінде, әрқайсымыздың ата-бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру, ал біздің өміріміздің мәні - оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру т. б.Тарих білімінің негізін деректер құрастырады. Тарихи деректер - ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар, айғақты деректер. Тарих ғылыми тұрғыда шынайы болуы үшін, ең алдымен ол нақтылы деректерге негізделуі қажет. Сондықтан да, тарих ғылымының негізгі ұстанымдарының бірі - деректер арқылы негіздеу болып табылады. Сол себепті де тарих ғылымында «дерексіз - тарих жоқ» деген қағида берік қалыптасқан.Тарихнама - бұл тарих ғылымының тарихы. Ол бір жағынан тарих білімінің қозғалысын, тарихи оқиғалар жөнінде мәліметтерді, жаңа деректерді табу және жазуды, ал екінші жағынан - тарихты зерттеудің ұстанымдары мен әдістерін дамытуды қарастырады.
Дәріс 2. Ежелгі замандағы Қазақстан
Жоспар
1. Тас дәуірі: кезеңдері тарихи ескерткіштері.
2. Қола дәуірі. Андронов мәдениеті.
3. Ертедегі көшпенділер. Сақтар. Ғұн. Үйсін. Қаңлы мемлекеттері.
Тірек сөз: Питекантроп,синантроп, неандертал.
Тас дәуірі 2 млн. жыл бұрын 12 мың жылдыққа дейінгі кезең. Шель, ашель кезеңі. Шамамен алғанда бұдан 800 мың жыл бұрын Қазақстан территориясында (оңтүстік аудандар мен Балхаштың солтүстігі) ежелгі дәуір адамның пайда болуы (питекантроп пен бұрын синантроп); археологтар Қаратау тауларынан, Бөріқазғаннан, Шабақтыдан (Жамбыл облысы); Қазанғаптан (Шу өзені). Қоғамдық ұйымы - адамдар тобыры. Отты пайдалану.
Мустье дәуірі. Қоғамдық ұйым — ірі қауымдастықтар. Адамның неандертал типі. Қазақстан территориясының оңтүстік орталық және шығыс бөліктерінде таралуы. Сондай орталық мекендердің бірі — Қаратау таулары. Тұрақ орындары — Алғабас, Өгіз-Тау 1,2, Үлкен Ақ-Мая және басқалар. 80 мың жыл бұрын Мұз дәуірінің басталуы. Өсімдіктер мен жануарлардың өзгеруі. Тұратын орындарды (үңгірлер) іздестіру қажеттігі. Үйкеу арқылы от тұтандыруды игеру, киім дайындау. Мекен-жайлар: Ш.Уәлиханов атындағы (Арыстанды аңғары), Обалысай (Жезқазған облысы) және басқалар. Қауымның матриархалдық билеу түрінің басталуы. (Әйелдің ролінің артуы). Діни сенімдердің алғашқы белгілері (көму салттары). Қазіргілер түстес адамдардың пайда болуы. Нәсілдіктің және рулық қауымдастықтың құрылуы (матриархалдық негізде). Мекен-жайлар: Ащысай (Оңтүстік Қазақстан), Қарабас 3 (Орталық Қазақстан) және басқалар.
12-5 мың жыл бұрын Мезолит. Орта тас ғасыры.
Ауа райының жылуы, мұздардың еруі. Қазақстанның барлық жерлерінде маусымдық қоныстанушылықтың пайда болуы. Аса ірі жануарлардың (мамонттың, түкті мүйізтұмсықтың, алып бұғының және басқалардың) құрып кетуі. Майда аңдарды аулау. 10 мың жыл бұрын Мұз дәуірінің аяқталуы. Садақ пен жебе жасап шығару (микролттер). Балық аулау. Тұрақтар: Бетпақ, Екібастұз және көптеген басқа да орындар.
Біздің дәуірімізге дейінгі V мың жылдық Неолит жаңа тас ғасыры. Аналық текке (матриархат) негізделген рулық қауымдастық. Мал өсіру мен жер өңдеуді игерудің басталуы (иемденіп алу шаруашылығынан өндіруге көшу). Су бойларындағы тіршіліктің жандана бастауы, керамика (қыш ыдыстар жасау); тоқыма өнері. Біздің дәуірімізге дейінгі IV мың жылдық Энеолит Мыс тас ғасыры. Метал (мыс) бұйымдарының пайда бола бастағанымен, тастан жасалған құралдар әлі де басым еді. Кетпен мен жер өңдеу.
Дәріс 3. Орта ғасырдағы Қазақстан
Жоспар
1. Түрік және Батыс түрік қағанаттары
2. Түргеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттері
3. Оғыз,Қимақ, Қыпшақ мемлекетері
Тірек сөз: Қағанат, қаған ,Орхон – Енисей.
Түрік қағанаты Ішкі Монғолиядан Батысқа қарай. Батыс Түрік қағанаты. Жетісу, Оңтүстік Қазақстан. Кезеңдері: ҮІ-ҮІІ ғасырлар. ҮІІ-ғасырдың ҮІІІ-ғасырдың басына дейін 603-704 ж. Саяси өмір: Түрік қағанатының (552-603 ж) Шығыс (Орталық Азия) және Батыс (Орталығы Жетісу) болып екіге бөлінуінің нәтижесінде пайда болды. Халқы: үйсіндер, қаңлылар, ягма, теле ж.т.б. ҮІІ-ғасырдың бірінші жартысында мейлінше күшейді. Территориясы Үндістанмен шекараға дейін жетті. Қаған басқарған «он оқ елі тайпалар одағы». Түркеш қағанаты. Жетісу, Оңтүстік Қазақстан. Кезеңдері: ҮІІІ-ғасырдың басынан 766 жылға дейін. Саяси өмір: Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлері жалғастырылды. Билік басында - «Түркеш-қаған». Өзара қырқысушылық. Қытай және араб әскерлерімен күрес. Қарлұқ тайпаларының күшеюі. Әлеуметтік-экономикалық дамуы: Түркештердің Шу мен Іле өзендерінің аралығында көшіп-қонуы. Отырықшылықты жер өңдеу аудандарының болуы, қала халқының ісі - жер өңдеу, сауда-саттық. Арабтың мұсылман мәдениеті ықпалының артуы.
Қарлұқ қағанаты (Жетісу, Оңтүстік Қазақстан). Кезеңдері: 766-940 жж. Саяси өмір: Түркеш өктемдігі құлағаннан кейін үйсін ұрпақтарына билік жүргізуді ҮІП-ғасырдың басында Батыс Алтайдан келген қарлұқтар тартып алды. ҮІІ-ғасырдың ортасында Шығыс Түркістан үшін ұйғыр қағанатымен күресу (қарлұқтардың жеңілуі). 812-817 жылдары Отырар қаласын арабтардың жаулап алуы. ІХ-ғасырдың ортасы - Саманидтердің Испиджаб, Тараз қалаларын жаулап алуы, бірақ өз биліктерін өздерінде қалдыруы. ІХ-ғасыр мемлекет билігінің қарлұқтардың екі тобы: Чигилдер (шығыс) мен ягмалардың (батыс) бөліске түсуі. Х-ғасыр Саманидтермен күрестегі жеңістер. Феодалдық өзара қырқысушылық, қарлұқтар билігінің әлсіреуі. Әлеуметтік-экономикалық дамуы: Алғашқы феодалдық әскери құрылым (икта). Шаруашылықтың натуралды негізі. Қоғамдық-саяси қатынастардың дамуы, экономикадағы жетістіктер. Жеке меншіктің дамуы, бай ақсүйектердің бөлектенуінің үздіксіз процесі. Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың өсуі, сауданың дамуы (көшпенді және отырықшы халықтар арасындағы алмасулар). Еуропамен сауда байланыстарының дамуы.
Қарахан мемлекеті. (Жетісу, Оңтүстік Қазақстан) Кезеңдері: 942 жылдан XII-ғасырдың ортасына дейін. Саяси өмір: 940ж - Қарахандықтар династиясының Баласағұн қаласын жаулап алуы. Қарахандықтар (қарлұқ бірлестігіне жататын түрік тілді тайпалар династиясы) билігінің орнығуы.
Дәріс 4. Қазақстан моңғол үстемдігі дәуірінде
Жоспар
1.Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.
2.ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттер:
Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы
Тірек сөз: «Отырар апаты», ұлыс, Дешті-Қыпшақ .
Монғолия территориясында мекендеген тайпалардың өзара соғыстардың нәтижесінде XIII ғасырдың басында Шыңғыс хан Монғол тайпаларының басын біріктіріп Монғол мемлекетін құрды. 1218 ж. Шыңғысхан әскерлерінің (монғолдың қолбасшысы Жебенің басқаруымен) Жетісу жеріне басып кіруі. Саяси бытыраңқылық жағдай, жергілікті мұсылман халықтың найман ханы Кучлуктің (Орталық Азиядан келіп Жетісуды басып алған) өзгісіне наразылығы монғолдарға кедергісіз жаулап алуды қаматасыз етті. Баласағұн қаласы ешбір қарсылықсыз берілді. 1218 жыл «Отырар апаты» Жаз. Хорезмшахтың Отырар қаласындағы наместнигі Қайырханның бұйрығымен Шыңғысхан жіберген моңғол көпестерің жансыздар деп санап сауда керуенін қырып салу. 1219 жыл Моңғол әскерлерінің Хорезмге қарсы қыркүйек жорығының басталуы (150 мың әскер; әскерлердің басқарушысы -Шыңғысхан және оның балалары Жошы, Шағатай, Үгедей). Отырар қаласын қоршау; жанқиярлықпен қорғану (6 ай бойы) - қала 1220 жылдың ақпанында құлады. Үзгенд, Сауран, Сығанақ, Жент және басқа қалаларға шабуыл жасау. Шыңғысханның өзі негізгі күштерімен Бұқараға аттанды. Қалаларды талқандап, суару жүйелерін, егістіктерді жоқ ету, жергілікті шаруашылықтардың толық жойылуы. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігі Шыңғысхан империясының құрамына кірді.
1220 жылдын Моңғолдардың Мәуереннахрды (Сырдария мен Амударияның аралығын) жаулап алуы. 1220 жылдың көктемі - Моңғол әскерлерінің Орта Азияға шабуылдарының аяқталуы. 1221 жыл Хорезмді жаулап алу. 1221 жылдың көктемінен Моңғолдардың Ауғанстандағы әскери әрекеттері. 1221 жыл Қараша. Инд өзені жағасында Жалал-ад Диннің хорезмдік әскерлерін талқандау. Орта Азиядағы ең соңғы қарсы тұрушы күштер жойылды. 1223 жыл 31 мамыр Қыпшақ пен орыс әскерлерінің Қалқа өзеніндегі соғыста жеңілуі. Шығыс Дешті-Қыпшақ халқының (Қазақстанның - орталық даласының) Моңғол империясына бағынуы. Қазақстан территориясы Шыңғысханның ұлдары Жошы, Шағатай және Үгедей құрған үш ұлыстың (иеліктің) құрамына енді.
Жошы ұлысы. Ертіс өзенінен Орал тауларына дейін; Балқаш көлі мен Хорезмнен Еділдің төменгі ағысына дейін. (Қазақстанның далалық бөлігі) Тарбағатай таулары, Жоғарғы Ертіс аймағы (Қазақстанның солтүстік - шығыс бөлігі). 1242ж - Батый хан құрамына Жошы ұлысы кірген Алтын Орда мемлекетін құрды. Алтын Орданың біртіндеп ыдырап ұлыстарға (хан тағайыңдағандардың иеліктері) бөлінуі.Жошының бұрынғы иелігіндегі территорияда Батыйдың туыстары Орда Ежен мен Шәйбани билеген Алтын Орда ханына жалған түрде бағынған екі ұлыс пайда болды. ХІҮ-ғасырдың 1-ші жартысында Алтын Орданың орталық билігі күшейе түсті. Ұлыстардың билеушілерін тәуелді ету әрекеттері нәтиже бермеді. Алтын Орда Өзбек хан (1312-1342) билеген кезде ислам қыпшақ халқының арасына ресми дін ретінде ендірілді. Шәйбанидтердің Орда-Ежен Ұлысының билеушілеріне бағыныштылығы. Ақ Орданың Алтын Ордадан бөлініп ерекшеленуі.
ХІҮ-ғасырдың екінші жартысы-өзара қырқысқан күрестердің нәтижесінде Алтын Орда бірнеше иеліктерге бөлінді. Қазақстан мен Түркістан территориясында жергілікті биліктің нығаюы. 1360 -1370 жылдары Орыс-ханның тұсында Ақ Орданың нығайа түсуі. Орыс-ханның Орта Азиялық Әмір-Темірмен (Темірланмен) күресі.
Шағатай ұлысы. Моғолстан, Темір әмірлігі Жетісу, Шығыс Түркістан, Мәуереннахр (Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысы) 1224 жыл - Моңғол империясынан ұлыс бөлініп шықты. 1242 жыл Шағатайдың өлуі. Ұлыстың бидеушісі - Қара Хулагу (Шағатайдың немересі).1246ж. - Ұлы ханның жарлығы бойынша Есу-Мөңке билеуші болып тағайындалды. 1248 жылдан ұлыста Шыңғысқан балаларының ұрпақтары арасында билік үшін күрес басталды. 1251 жыл - ұлыстың жойылуы: жерлерді ұлы хан Мөңкенің жақтастарына таратып беру. ХІІІ-ғасырдың ортасында ұлыс ұлы хан Мөңкеге бағындырылды. 1348-1362 Хан Тоғлұқ Темірдің (шағатайлық) билігі. Мәуереннахрда Шағатайлықтардың өкіметін қалпына келтіруге жасалған әрекеттер. 1370-1380 жылдары Орта азиялық Әмір-Темірдің (Ақ Ордамен бірігіп) шапқыншылығына қарсы күрес. Темірге тәуелді болу.Әлуеметтік-экономикалық жағдай. Шаруашылықтың негізі - мал өсіру (көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы); қой және жылқы шарауашылығы. Оңтүстік аудандарда суару жүйесі бар отрықшылық жағдайда жер өндеу. Мал өсірудің кең тараған түрі - жартылай көшпелі жағдай (қысқы жайылымды көктемгі-жазғы-күзгі көшіп-қонудан кейін отырықшылық есебінде пайдалану). Тарбағатай таулары, Жоғарғы Ертіс аймағы (Қазақстанның солтүстік -шығыс бөлігі). 1241 жыл - Үгедей өлді. Территориясы кейін Моғолстанмен көшпелі Өзбектер мемлекетене қосылды.
Көшпелі өзбектердің хандығы (немесе Өзбек ұлысы) бұрынғы Ақ Орданың үлкен бөлігі - Қазақстанның орталық аудандарын алып жатты. Билеуші — Шәйбанидің ұрпағы - Әбілхайыр хан. Көрші ұлыстарға жасалған жиі-жиі шабуылдар, билікке таласып бағынғысы келмеген сұлтаңдармен - болған іштей күрес мемлекеттің әлсіреуіне әсер етті.
Дәріс 5. Қазақ хандығы дәуірі
Жоспар
1.Қазақ хандығының құрылуы
2.Қасым, Хақназар хандар тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы.
3. Тәуекел, Есім хандар тұсындағы Қазақ хандығының Орта Азия мен Сыр бойындағы қалар үшін күресі.
Тірек сөз: «халық», хандық, қала,елшілік.
ХҮғ.ІІ ш.Дешті Қыпшақтағы саяси жағдайдың нашарлауына байланысты Шайбан және Жошы ұрпақтары арасында билікке таласу нәтижесінде хандықтың ішкі саяси жағдайы шиеленісті. 1459 жыл - Жәнібек пен Керей сұлтандардың бірсыпыра рулар мен тайпаларды бастап Әбілхайырдан бөлініп Моғолстанға көшіп кетуі. Моғолстанның билеушісі Шу бойынан берген жерлерді мекендеген олар Қазақ хандығының құрылуына жол ашты (1465-1466 жылдар).1460-шы жылдан бастап Жәнібек хан 1466,(?)-1480 жылдар Өзбек Ұлысынан адамдардың оңтүстік аудандарға қарай жаппай қоныс аударуы. Қазақ хандығының шекарасының кеңеюі (оның құрамына қыпшақтар, наймандар, қаңлылар, керейлер ж.б. қосылды.).Өзбек хандығының жоғарғы басқарушыларының ортаазиялық аймаққа (Меуереннахр) орын ауыстыруы. Шәйбанидтердің оңтүстіктегі қалалар үшін күресі.ХҮІ-ғасыр (1 - ші жарты) Бұрындық хан (1480-1511 ж). Оңтүстіктегі қалалар үшін Әбілхайыр ұрпақтарымен (Шәйбанидтермен) күрестің жалғасуы. Созақ, Сығанақ, Сауран қалаларын қайтарып алу - Қазақ хандығы иеліктерінің кеңейе түсуі. Қазақ хандықтары билігінін, Дешті-Қыпшақта орнығуы. Қасым хан (1511-1523) (1518?) ж.ж. Мемлекеттік құрылыстың нығаюы. Қазақ хандығы жерлерінің кеңеюі (Жайық өзенінен Сырдарияға, Арал теңізіне және Маңғыстауға дейін, Жетісудің үлкен бөлігі). Москва мемлекетімен байланыстың орнауы. Шәйбанидтермен оңтүстікте табысты жүргізілген күрестер. Тақыр хан 1523-1532 жыл. Билік үшін өзара қырқыстың күшеюі. Феодалдық қанаудың үдеуі, адамдардың жаппай қоныс аударуы (Тақырдың билігі тек Жетісуда ғана қалды). Сырдария бойындағы қалалар ХУІ-ғасырдың соңына дейін Шәйбанидтердің қарамағында болды.1530-шы жылдар Жекелеген рулардың билеушілерінен тұратын майда хандардың болуы. ХУІ-ғасыр дың 2-ші жартысы. Хақназар хан 1538-1580 жылдар. Хандықтаң нығаюы. Өзара қырқыстардың бәсеңдеуі. Жетісу үшін (ойраттар мен моғолдарға қарсы), ноғайлармен, башқұрттармен, татарлармен - солтүстіктегі жерлер үшін күрес. Мал өсіру мен жер өңдеу шаруашылығының, сауда байланыстарының өркендеуі. Шығай хан 1580-1582 жылдар. Ресеймен байланыстардың кеңеюі (Иван IV Грозныйдан келген орыс елшіліктері. Өзбек ханына Сырдария жағалауыңдағы қалаларға шабуыл жасау кезінде көмек көрсету. Тәуекел (Тевеккель) хан Есім хан 1598-1628 жж. Бұхарамен жасалған бейбіт келісім(1598ж.)б/ша Сырдария жағалауындағы қалалар мен Ташкент Қазақ хан-ның меншігінде деп табылды.
Дәріс 6. Қазақ жерін Ресей империясының отарлауы
Жоспар
1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардың басындағы қазақ-жоңғар соғыстары. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.
2. Кіші және Орта жүздердің Ресей бодандығын қабылдауы.
3. Абылай ханның мемлекеттік қызыметі.
4. 1822-1824 жж. Патша өкіметінің Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалары.
Тірек сөз: Өз еркімен қосылу,отарлау, жаулап алу,елшілік.
1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді.1730ж.қараша айында елшілік Петерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресей патшайымы Анна Иоановаға тапсырады. Хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді. Әбілқайыр елшілігі жоғары дәрежедегі сый - құрметпен қабылданды. 1731 ж. 19 ақпанда Анна Иоановна «Әбілқайыр ханды және бүкіл қазақ халқына оларды Ресей империясының қол астына алуы туралы» грамотаға қол қояды.Әбілқайыр хан мен басқада ел билеушілерінен тиісті ант қабылдау үшін Ресейдің сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған елшілер жіберілді.Анна Иоановна Әбілқайыр ханға арнайы сыйлық жіберген: қылыш, құндыз ішік, қара түлкі терісінен жасалған екі тымақ.Сыйлықтарды хан ант қабылдаған соң ғана беруге нұсқау берілген.1731 ж. 5-қазанда А.Тевкелев Ырғыз өзені бойындағы Майтөбе деген жердегі Әбілқайыр ханның ордасына келеді. Елшілерді Әбілқайырдың үлкен ұлы Нұралы қарсы алады.Нәтижесінде 1731 жылы 10 қазанда Ресей бодандығын қабылдау және оған адал болу жөнінде антты бірінші болып Әбілқайыр хан, онан соң Бөгенбай батыр, Есет батыр,Құдайменді мырза береді.Ханнан басқа алғаш ант қабылдағандар ішінде 29/27 би,сұлтан,батырлар болған.1732 жылы 24 қарашада А.Тевкелев кері қайтады.
Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі қазақ халқының тағдырындағы өте қиын кезеңде дипломатиялық жолмен басталып, ХІХ ғ.50-60 ж. әскери күш қолдану арқылы аяқталды. ХҮІІІ ғ.30 ж. Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылдары басталып, әсіресе Орта жүзге қауіп төндірді.Бұл жағдайда 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановнаның жарлығы бойынша Орта жүз билеушілерінің орыс бодандығын қабылдауы мәжбүрліктен туған саяси қадам болды. Бірақ Орта жүз әлі де болса дербестігін жоғалтпаған еді. Орта жүз ханы Сәмеке қайтыс болғанан кейін бұл жарлық жүзеге асырылмай қалды. 1822 жылы М.Сперанскийдің « Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» енгізілгенге дейін Орта жүз өз алдына дербес өмір сүре берді.
Қазақ мемлекеттігін сақтап ,оны нығайтуда қазақ ханы Абылай( 1711-1781) көрегендігі әрі шебер дипломатиялық саясат жүргізді.1748 жылы Ресей бодандығын қабылдаған беделді сүлтан оны сақтай отырып, 1756 жылы Қытай бодандығын да қабылдайды. Бірақ іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізген болатын. Ол жайында А.И.Левшин «Қырғыз қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегінде талдайды.1773-1734 жылдары Ұлы жүздің билеуші ақсүйектері де орыс бодандығын қабылдау туралы шешім қабылдайды. Жолбарыс хан бұл жөнінде Петерборға өтініш жасайды. 1734 жылы 10 маусымда Ресей үкіметі Ұлы жүздің ықпалды ру бассыларын орыс елінің қол астына алу жөнінде грамота қабылдайды. Бірақ Ұлы жүздің Ресейден территориялық тұрғыда қашықта орналасуы ,х.а. және ішкі жағдайдың күрделілігі Ұлы жүздің Ресейге толығымен қосылуына біршама кедергі жасап, оны кейінге қалдырған еді.
Жаңа қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттық обер лейтенанты И.К.Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды.Бұл кейін Орынбор экспедициясы деп аталды. Ал оның ісін қадағалауКіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті орындағаны үшін тілмаштық қызыметтен полковник дәрежесіне көтерілген А.Тевкелевке жүктелді.1737 ж. И.Кериллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясы Орынбор комиссиясы болып қайта құрылды. 1735 ж.Орынбор бекінісінің құрлысы басталды. 1744 ж.бастап ол Орынбор губерниясының ,ал 1748 ж Орынбор казак әскері бөлімдерінің орталығына айналды.1740-1743ж.ж Кіші жүз және Оңтүстік Орал аймағында көптеген бекіністермен форпостар салынды. Бұл бекініс желілері қазақтардың келісімінсіз салынып ,олардың көші қон жүйелерін бұзды және мал жайылымдарын ығыстыра бастады.
ХҮІІІ ғ. 50-ж. Горький, Иртыш, Ишимск, Орск әскери желілері пайда болды.Осындай саясаттың нәтижесінде Жайықтан бастап Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырымды құрайтын тұтас бір-біріне жалғасып жатқан әскери бекіністер салынып ,ол жерлерге казактарды қоныстандырды.С/тан бұл кезең әскери-казактық отарлаудың негізделуі болып табылады.Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И.Неплюев жүргізді. 1742ж.19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маңында көшіп-қонуға тиым салу туралы жарлық шығарды. Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер енгізген Әбілқайыр хан 1748 ж.11-08 56 жасында қаза табады. Оны Барақ сұлтан өлтіреді. 1748ж 2-10 Әбілқайыр ханның орнына Кіші жүз ханы болып оның үлкен ұлы Нұралы тағайындалады.
Абылай хан.Бүкіл халықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ.Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кешені-бір тұлғаның қызметіне және оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйену. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-куатын ете жақсы үғынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатын таиу-дан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ыкпалы күшеюіне жол бермей, олармен катынастарда барынша икемділдік көрсетуге тырысты
Дәріс 7. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы
Жоспар
1. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі
2. Исатай,Махамбет басшылығымен болған шаруалар көтерілісі
3. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
4. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр бойы қазақтарының ұлт- азаттық қозғалысы.
Тірек сөз: ұлт-азаттық көтеріліс,жер, салық,отарлау.
Патша өкіметінің отарлық саясатының жүргізілуі және оның әдістеріне қарсы қазақ халқының ұлт азаттық көтерілістерінің басталуы. Сырым Датұлы басқаруымен болған көтеріліс. 1783-1797 жылдар Көтеріліс болған жер: Кіші жүз. Себептері: Жер мәселесінің шиеленісуі; патша үкіметінің казақтарға мал
жайылымы ретінде Жайық пен Еділ өзендерінің арасына өтуге шектеу жасағандығы. Ханның, сұлтандардың, орал әскерінің казактары мен патша әкімшілігінің . халықты ашықтан-ашық талан-таражға ұшыратуы.Сылтауы: Орал казактарының 1782-1783 жылдардың қасында Кіші жүздің «ішкі жақка» (Жайық өзенінің сыртына) өткен малшыларынан 4 мыңнан астам жылқыны қуып кеткендігі.Басқарушы-батыр Сырым.Оның негізгі мақсаты- патша үкіметінің отарлау саясатына, Нұралы ханның билігіне қарсы шығу. Сырым Хан кеңесінің құрамына ендірілді Көтерілістің тоқталуы.Жеңілістің себептері: Стихиялық жағдай, ұйымдаспаушылық; көтерілген халық пен оны басқарған басшылардың әрқайсысы алдарына әртүрлі мақсаттар қоюы. Маңызы: хан билігін шектеп, онан кейін оны жоюға жағдай тудырды.
Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс. Көтеріліс болған жер:Бөкей Ордасы.Себептері:Бөкей қазақтарын отарлауға қарсылығы, жер мәселесі. Жайылымдарды пайдаланғаны үшін алынатын және басқа да салықтардың көбеюі. Патша өкіметі тарапынан да жайылымдарды пайдалануға шектеу жасаудың арта түсуі. Сылтауы: Малшылардың бір бөлігі мен Каспий облысының басқарушысы - Қарауыл Қожаның халықтан салық жинау кезінде жасаған қысымшылығына байланысты арадағы даудың тууы. Маңызы: күрес аса ірі оқиға ретінде ішкі (Бөкей) Ордада басқару тәртібі жөніндегі мәселені мейлінше шиеленістірді.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. Себептері: Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайларының нашарлауы. Қазақтардың тәуелсіздігін мүлдем жоюға (әскери құрылыстар мен бекіністер салу, ең шұрайлы жайылымдық жерлерді жаппай тартып алу, шектен тас салықтар салуды ендіру, әкімшілік басқаруға байланысты патша реформасын жүргізу) бағытталған патша саясатына жалпылама наразылықтың өсуі.Кенесары мен оның серіктерінің өлімі. Жеңіліске ұшырауы. Маңызы: Алдыңғыларға қарағанда территорияларды қамту мен халықтың көп қатысуы жөнінде ең көлемді ұлт-азаттық қозғалыс болды. Тәуелсіздік жолында халық қарсылығының, біркелкі орталықтандырылған мемлекет құруға тарысушылықтың күшін көрсетті.
Дәріс 8.XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан
Жоспар
1.1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар
2. Торғай ,Орал облыстарында және Маңғыстаудағы отарлауға қарсы көтерілістер (ХІХ ғ.60-70жж.)
Тірек сөз: Реформа, әкімшілік-территориялық реформа, генерал-губернатор.
1863-1864 жж. Қазақстанның Ресей империясына қосылу процесінің аяқталуы. 1867-1868 жж. патшаның әкімшілік-территориялық реформасы. Жаңаша бөлулер: генерал-губернаторлықтың бас басқармасына берілген облыс-уездер-болыстар-ауылдар. Сот реформасы (жалпы ресейлік заңдардың негізінде). Әлеуметтік реформа: барша қазақ халқы шаруалардың қатарына жатқызылды: дворян атағына патшаға қызмет ету арқылы қол жеткізуге болатын болды.Экономикалық реформа: қазақтың барлық жері мемлекеттік деп саналды: үй бас сайынғы және басқа да салықтар жинау көбейді.
1867 жыл-Жетісу және Сырдария облыстарын құру (Түркістан генерал-губернаторлығы). 1868 жыл - дала өлкесінде төрт облыстардың - Орал, Торғай (Орынбор генерал-губернаторлығы), Ақмола және Семей (Батыс-Сібір, кейіннен Дала генерал-губернаторлығы) құрылуы. 1868-69 жылдар-Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер (патша реформаларын жүргізуге қарсы наразылық).1870 жылы - Маңғыстаудағы көтеріліс (жер және салық мәселелері).1880-ші жылдар - Орыс крестьяндарының қазақ жерлеріне қоныстануының -басталуы. Батыс Қытайдан Жетісуға дүнгендер мен ұйғырларды жер аудару. 1881 жыл - «Село тұрғындарын қырғыз даласына қоныс аудару жөніндегі уақытша ережелердің» енгізілуі. 1888 жыл - Каспий сыртындағы теміржолдың ашылуы.1889 жыл - Крестьяндарды Ресейден жер аударудың жаңа тәртіптері жайлы патша үкіметінің жаңа заңы (жер дағдарысына байланысты).1890-шы жылдар - Болыстық басқармалар мен ауыл старшиналарының билігін күшейту жөніндегі патша үкіметінің «Ережесі».1891 жыл - астық шықпай аштықтың етек алуына байланысты Ресейден қоныс аударып келгендердің тарапынан үлкен толқулар болды.1891- 92 жылдар - қазақ халқына, мал мен жайылымдарға санақ жүргізілді Қазақтардан көп жерлер тартып алынды.Қазақстанды отарлаудың онан әрі күшейуі.Өнеркәсіптік және жер өңдеумен айналысатын аудандар дами бастады.Қала тұрғындары көбейді. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі күшейді.Өндіруші өнеркәсіп орындары кәсіпорындардың шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына өтуі. Көшпелі мал өсіруші шаруашылықтардың жайылымдық жерлерін тартып алу (1917 жылға дейін 40 млн. десятинадан астам жер тартын алынды). Салық мөлшерінің ұлғаюы.
Дәріс 9. XX ғасыр басындағы Қазақстан
Жоспар
1. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.)
2. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
3. 1917 жылғы ақпан революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне ықпалы
4. «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметінің және Түркістан автономиясының құрылуы.
Тірек сөз: ұлт-азаттық көтеріліс, буржуазиялық-демократиялық революция.
Саяси өмір. XX ғасырдың, басында Қазақстан территориясы Ресей империясының құрамында болып, 6 облыстан тұрды: Сырдария және Жетісу (Түркістан генерал-губернаторлығы, орталығы -Ташкент қаласы); Ақмола, Семей (Дала генерал-губернаторлығы, орталығы - Омбы қаласы); Орал, Торғай-(Орынбор генерал-губернаторлығы); Маңғыстау-Закаспийский облысында; Ішкі (Бөкей) Орда Астраханъ облысының құрамында.1904ж. Қоныс аудару басқармасының ұйымдасуы (крестьяндарды Ресейден қоныс аудару бойынша).1905-1907жж. Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция.1905ж.Қазақ интеллигенциясының өкілдері Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Б.Қаратаевтың және басқалардың басқаруымен кадет партиясының (орталығы Орынбор қаласы) ячейкасын құру. (1917 жылдан- «Алаш». партаиясы).Мемлекеттік Думаға сайлау (депутаттар Ә.Бөкейханов, Б.Каратаевж.б.)- Мұсылмандардың Бүкілресейлік І-ІІІ-ші съездері. "Мұсылман партиясының қоғамын" құру.1907 ж. «Столыпин реформасы» Сібір, Орта Азия және Қазақстан халықтарын. 1909 ж. сайлау еріктерінен айырған Мемлекеттік Думаға сайлау жөніндегі Заң. Патша әскерлерінің жерді тартып алуға қарсы көтерілген қазақтарды басып жаншуы.1911-1915жж. Аграрлық-демоқратиялық бағыттағы «Айқап» журналын (бас редактор М.Сералин) шығару. 1913-1918 жж. Либералдық-демократиялық бағыттағы «Қазақ» газетін («Алаш» партиясы) шығару.
I дүниежүзілік соғысқа Қазақстан Ресей империясының ортары ретінде қатысты. Соғыс қажеттілігіне сай Қазақстаннан әртүрлі материалдық заттар майданға тартылды. Әсіресе қару-жарақ жасалатын кен орындарының өнімдерімен, солдаттарға қажетті киім - кешек және азық-түлік Қазақстаннан майданға жіберілді. Патша өкіметінің майдан қажеттілігіне және майдандагы қара жұмысқа жұмысшы ретінде бұратана халықтардан 19-43 арасындағы ер адамдардың майданға алуы халақ наразылығын тудырды. Негізгі қарсыласу 1916 жылғы маусым жарлығының шығуынан басталды.Әлеуметтік және ұлттық езгі, патша өкіметтерінің зорлық-зомбылық көрсетуі және қысымшылықпен қанауы. Қоныстанушылар қорына (барлығы 42 млн. десятина жер, оның 20 млн. десятинасы 1900-ші жылдан бастап) қазақтардың жайылымдық жерлерін жаппай тартып алу. Дүниежүзілік соғыс қажеті үшін мейлінше көп байлықтарды, оның ішінде, әсіресе, малды еріктен тыс тартып алу; салықтарды ұлғайту. Ресей империясында жалпы халықтық дағдарыстың пісіп жетілуі.Көтерілістің барысы:Жетісу облысы: Бастаушылар - Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев және басқалар.Көтеріліс отрядтарын ұйымдастыру, 17 шілдеде әскери жағдай жарияланды. Патша гарнизондарын күшейту. Патша әскерлерімен ірі-ірі қақтығыстар (Асы шатқалы, Таулы Қарқара, Самсы станциясының маңайы, Лепсі ауданында және басқа жерлерде).Күз: Көтерілісшілердің Батыс Қытайға шегінуі.Торғай облысы: Бастаушылар -Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин. Көтерілісшілер отрядын (барлығы 50 мыңға жуық адам) ұйымдастару.1916 жылдың қазан айы - Торғай қаласын қоршау. Көтерілісшілердің шегінуі.1917 жылдың ақпан айына дейін – партизандық жорықтар. Қазақ зиялылары ұлт және жер мәселесіне байланысты өздерінің қоғамдық саяси көзқарастарын аталынған мерзімдік басылымдарда шығарып отырды. Қазақ халқының қызығушылықтарын, мүдделерін патша өкіметіне жеткізу мақсатында аталынған партияларға мүше болған еді. Қазақ зиялылары қоғамдық саяси өмір мен қатар қазақ халқының мәдени өміріне қатысты шығармаларын жарыққа шығарды. С.Көпеев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Б.Майлин, т.б. қазақ зиялылары сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы . негізгі мәселелерге қалам тартты.
1917 ж. 27ақпан - Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция. Патша өкіметін құлатылды.Ташкенде, Семейде, Қостанайда, Верныйда және басқа жерлерде жұмысшылар мен солдат депутаттары кеңестерінің, уақытша үкімет органдарының, (Түркістан комитетіне комиссарлар Ә. Бөкейханов, М Тынышпаев кірді); Қазақтың ұлттық комитеттерінің құрылуы.1917 ж. наурыз - Ә.Жангелдиннің Петроградта сөз сөйлеуі;Петроград Кеңесінің жазалаушы экспедицияны Торғай даласынан жедел шақырып алу жөніндегі шешімі.
Ресей азаматтарына ұлттық және діни сенімге байланысты барлық шектеулерден босатылу еркін беру, мамыр - «Күштеп әкетілген» адамдардың майдандағы жұмыстардан өз отандарына қайтарылуы.Мұсылмандардың бүкілресейлік съезі (әйелдердің теңдігі, көп әйел алуға т.б. тиым салу жөніндегі шешімдер).- Эсерлердің, кадеттердің және басқа да саяси партиялардың насихаттық -жұмыстары, жастар ұйымдары жұмысының жандануы:«Қазақ жастарының революциялық Одағы» (Әулиеата, Меркі); «Жас қазақ» (Ақмола) және басқалар. 24-25 қазан - Петроградтағы Қазан революциясы, қазан – 1918 жылдың наурызы - Қазақстанда Кеңес өкіметінің құрылуы. Оңтүстік және солтүстік (өнеркәсіпті) аудандарда бейбітшілік жолмен, қараша - Атаман Дутовтың брынбордағы контрреволюциялық төңкерісі. Өкімет «Әскери үкіметтін» қолында. Жетісуда да сондай жағдай. Түркістанның Төтенше ІҮ-ші съезі (Ферғанада) Түркістанның Ресеймен қосылып автономия болғандығын жариялады, халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) құрылуы Түркістанның автономиялығын жойды, желтоқсан Сырдария облысында (Ташкентте-әскери күшпен) Кеңес өкіметінің оранауы, Орынборда жалпықазақ съезі «Алашорда» үкіметін (Ә. Бөкейхановтың басқаруымен) құрды, Торғай облысында, Оралда, Семей облысында, Жетісу облысында және басқа жерлерде кеңес үкіметінің құрылуы.
Дәріс 10. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан
Жоспар
1. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландыру және оның ауыр зардаптары.
2. Қазақстандағы 1920-1930 жж. шаруалар көтерілісі.
3. 1932-1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық.
4. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
Тоталитаризм, модернизация, индустрия, интеллигенция, оппозиция, дискуссия, «халық жауы». Репресия.
Кеңестер Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бас-тады. Ол үш үлкен міндетті: индустриаландыруды (аграрлық елден дамыған индустриялы елге); ұжымдастыруды (социалистік ұжымдық ауыл шаруа-шылығын құру); мәдени революцияны (сауатсыздықпен күресу, кеңестік білім жүйесін құру, ғылым мен мәдениетті, кеңестік идеологияға қызмет ететін зиялы қауымды және жаңа өмір салтын қалыптастыру) қамтыды.Алғашқы қадам елді индустриаландыру саясатынан басталды. 1925 жылы желтоқсанда БКП(б) XIV съезі өтіп, онда елді индустриаландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты индустриаландырудың ең ірі құрылысының бірі - Түркістан-Сібір темір-жолын салу болды. Сол кезеңдегі ірі құрылыстардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары жатады. Сондай-ақ Текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы басталды. Индустриаландырудың келеңсіз жақтары да аз емес еді. Индустриаландыруды жүзеге асыру үлкен қаржылық қорды қажет етті, ал ол қаржы ауыл шаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды. 1925-1933 жылдары Қазақ өлкесін революционер Ф.И. Голощекин басқарды. Ол Қазақстанда сталиндік бағытты жүргізіп, «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асырған басшы болды. Ф.И. Голощекинге қарсы оппозициялық бағытта Қазақ Республикасының мүддесін қорғау мақсатында күрес жүргізген қайраткерлер Тұрар Рысқұлов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Жалау Мыңбаев және басқалары қуғын-сүргінге ұшырады.
1927 жылы желтоқсанда БКП(б) XV съезі болып, ол ұжымдастыруға бағыт алған съезд ретінде тарихқа енді. Съезд 1932 жылға дейінгі қысқа мерзімде жеке шаруа қожалықтарынан ұжымдық шаруашылық (колхоз) жүйесіне көшу туралы шешім қабылдады. Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру саясатына қазақ қайраткерлері қарсы шықты. Ә. Бөкейханов қазақтарды отырықшылыққа эволюциялық жолмен біртіндеп көшіру қажеттігін дәлелдеді. Ал М. Дулатов болса, өз ойын: «Қазақ халқы көшкілері келгеннен кейін көшіп-қонып жүрген жоқ, табиғат жағдайына байланысты көшіп жүр», - деп ашына білдірді. С. Садуақасов бұл жөнінде: «Өркениет ешқашан мал шаруашылығымен айналысуға тыйым салмайды, керісінше, оның өркендеуіне жол ашады», -деп атап көрсетті.Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен, күштеу саясатымен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда ұжымдастырылған шаруа-шылықтар 2%-ды құраса, 1930 жылы 1 сәуірде бұл көрсеткіш 50,5%-ға, 1931 жылы қазанда 65%-ға жетті. Ұжымдастыру саясатымен қатар қоғамдағы байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары жүргізілді. 1928 жылы 27 тамызда ОАК мен ХКК «Ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет қабылдады. Бұл декрет бойынша байлардың шаруашылығы тәркіленіп, ал оның иесі жер аударылуы тиіс болды. 30 тамызда Қазақ АКСР-ның ОАК мен ХКК байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы қаулысын жүзеге асырудың нұсқаулары қабылданды. Бұл нұсқауда егер байдың көшпелі аудандарда ірі қараға айналдырғанда 400-ден аса малы болса, ал жартылай көшпелі аудандарда 300-ден асатын болса, онда ол әлеуметтік тұрғыда қауіпті адам деп есептеліп, жер аударылуы керектігі және шаруашылығы тәркілеуге түсетіндігі көрсетілді. 1928 жылы 17 қазанда Қаз АКСР-ның ОАК мен ХКК «Тәркілеуге және жер аударуға қарсылық көрсеткен байлардың қылмыстық жауапкершілігі туралы» қаулы қабылдады. Байлардың шаруашылығын тәркілеу және тап ретінде жою жөнінде үкімет жанынан Орталық комиссия құрылды. Орталық комиссияны Е. Ерназаров басқарды. 1928-1929 жылдары 1027 байдың шаруашылығы тәркіленді 145 мың мал басы (ірі қара) тартып алынды және көптеген ауыл шаруашылық еңбек құралдары колхоздарға берілді. Жалпы қуғын-сүргінге ұшыраған байлардың саны 1034-ке жетті Көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа күшпен ұжымдастыру қазақтар үшін үлкен қасірет әкелді. 1930 жылы 87136 шаруашылық отырықшылыққа көшірілсе, 1933 жылы бұл көрсеткіш 242208-ге жетті. Отырықшылыққа көшу механизмінің өзі қарапайым түсіндірілді: жүздеген шаруашылықты бір жерге жинап, деревня типтес стационарлық поселкелер ұйымдастырылды. Мұның барлығы күштеу әдістері арқылы жүзеге асырылды, орныққан көшпелі және жартылай көшпелі халықты 100 % колхозға қабылдады. Оның үстіне 200 шақырымдық радиусты қамтитын үлкен аймақтарда жүздеген шаруашылықты біріктірген үлкен колхоздар құрылды. Колхоздарға ортақ меншікке алынған малдар қырыла бастады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн мал басы болса, 1933 жыл-дың 1 қаңтарында одан тек 4,5 млн мал басы ғана қалды.1931-1933 жылдардағы аштыққа әкеліп, одан 2,1 млн адам қырылды. Бұл аштық мемлекеттік саясаттың нәтижесінде қолдан жасалды. Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап, 1 млн-нан астам адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 616 мыңы қайтып оралмады.Ұжымдастыру мен қолдан жасалған аштық қазақ халқын бүкіл әлемге босқын ретінде шашыратып жіберді. Мысалы, Қытайда 1 млн 070 мың, Моңғолияда 137 мың, Түркияда 120 мың қазақ тұрады. Қазақтар Ауғанстанда, Иранда, Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада да бар.
Дәріс 11.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Жоспар
1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Қазақстан-майдан арсеналы.
2.1941-1945 жж. соғыс майдандарындағы қазақстандықтардың ерліктері.
Тірек сөз: Фашизм,мобилизация,эвакуация, оккупация.
1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Фашистік Германия жетекшілерінің ойы бойынша Қазақстан территориясы «Барборосса» жоспарына сәйкес «Үлкен Түркістан» құрамына кіруі керек болатын. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақ жерінде Отанды қорғау үшін әске-ри бөлімдер жасақтала бастады. Барлығы 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полктар және батальондар жасақталды. Мәселен, Қазақстанда жасақталған 310, 312, 314, 316, 391- атқыштар дивизиялары және т.б. майданның алғы шептерінде шайқасты. Соғыс кезінде Кеңес армиясы қатарына 1196164 қазақстандық жауынгер шақырылды. Өнеркәсіпте жұмыс істеу үшін 670 мың адам еңбек армиясына мобилизацияланды. Соғыс жылдарында Қазақ жеріне 1,5 млн эвакуацияланған және депортацияға ұшыраған халықтар келді. Қазақ жеріне Батыс аудандардан өндіріс орындары да эвакуацияланды. 1941-1942 жылдары республикаға 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер көшіріліп әкелінді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақстандықтар отансүйгіштіктің биік үлгісін көрсетті. Фашистердің алғашқы соққысын қабылдаған Брест қамалын қорғаушылар арасында қазақстандық В. Фурсов және Қ. Тұрдиев болды. Мәскеуді қорғауда да қазақстандықтар жан аямай күресті. Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсіп, кейіннен 8-гвардиялық И. Панфилов дивизиясы болып аталды. Дивизия жауынгерлерінің Мәскеу қорғанысындағы ерлігі Ұлы Отан соғысында шешуші рөл атқарды. Кеңес Одағының Батыры атағына қаза болғаннан кейін ие болған П. Вихревтің және аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальонның қаьармандығы халықарасына тез тарап кетті. Мәскеу түбінде Кеңес Одағының Батырлары Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин және басқалары жауынгерлік ерлік көрсетті. Ленинградты қорғау мен қоршауды бұзуға қазақстандық, 314-дивизиялар қатысты. Сталинград шайқасында ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Н. Әбдіров, минометші Қ. Сыпатаев, лейтенант Г. Рамаев өз өмірлерін қиып, ерлік жасады. Рейхстаг төбесіне бірінші болып Кеңес армиясының Туын қадағандардың ішінде Рақымжан Қошқарбаев болды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғарғы атақпен марапатталды. Ұшқыштар Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алды. Ең жоғарғы жауынгерлік атаққа Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловалар да ие болды. Кеңес үкіметінің Ұлы Отан соғысындағы жеңісі - ол дүниежүзілік тарихи оқиға. Ол адамзатты фашизмнен аман алып қалды.
Дәріс 12.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан
Жоспар
1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Республикадағы әлеуметтік –экономикалық жағдай. Бейбіт өмірге көшу.
2. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1946-1953жж).
4.Хрущев реформалары. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Тірек сөз: жеке басқа табыну,тексіз космополитизм, Бекмахановтың ісі, ядро.
КСРО-ның халық шаруашылығын дамытудың ІҮ-ші бесжылдық жоспары (1946-1950жж.). И.В.Сталиннің жеке басына табынудың қалыптасуы. Желтоқсан - карточкалық жүйенің жойылуы. 1947 жыл Әмірлік-әкімшілік жүйенің беки түсуі. 1948-1952 Қазақстан территориясында лагерьлердің (ГУЛАГ) көбеюі: Карлаг, Степлаг, Чсир, (Алжир) ж.б. Бірсыпыра оқымысты-ғалымдардың, жазушылардың ж.б. «тексіз космополитизмге» байланысты айыпталып, қудалануға түсуі. «Бекмахановтың ісі» - тарихшы-ғалымды "идеологиялық қателіктері" үшін қудалау. 1949 жыл - Семей полигонындағы алғашқы ядролық сынаулар. 1953 жыл. Наурыз - И.В. Сталиннің қайтыс болуы. СОКП ОК-ң бірінші хатшысы - Н.С. Хрущев.1954 жыл Ақпан - республика партия ұйымының басшылығын ауыстыру: Ж. Шаяхметовтың орнына ОК бірінші хатшысы болып П.К. Пономаренко сайланды. 1954-1956 жж. Қазақстан Компартиясының екінші, кейіннен бірінші хатшысы - Л.И.Брежнев. 1954ж.ақпан-СОКП ОК пленумының тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешімі. 1950-ші жылдар «Байқоңыр» космостық комплексін іске қосу. 1958 жыл. Теміртау қаласындағы халық толқулары (металлургиялық комбинатты салушы құрылысшылардың тұрмыс жағдайларының нашарлығына байланысты). 1960 жыл. қаңтар - ҚКОК пленумы Д.А.Қонаевты ҚКОК бірінші хатшысы етіп сайлады. 1961 жыл. «Байқоңыр» космодромынан пилоты бар түңғыш корабль ұшырылды. 1964 жыл. Семей полигонында жер бетіндегі ядролық сынақтардың тоқтатылуы (1963 жылғы ядролық қаруы бар елдердің халықаралық келісіміне байланысты). Қазан -СОКП ОК пленумы (Москвада) Н.С.Хрущевті Бірінші хатшы қызметінен босатып, Л. И. Брежневті сайладыЭкономиканың "бейбіт рельстерге" көшуі. 1946 ж. маусым - Қазақ КСР-ның ғылым Академиясының құрылуы.(Президент Қ.И.Сәтпаев). Кадрларды кәсіптік жағынан дайындау базасының дамуы. Бағаның төмендеуі, жалақының өсуі.1947 жыл. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатын іске қосу. Мәдени тіршілік идеологиялық ауыр жүктің астында болды. Тынды жаппай игерудің басталуы. Егіс көлемінің тез өсіп, жайылымдық жерлердің азаюы. Тың игеру үшін басқа Республикалардан көптеген адамдардың ағылып келуі. 1956 жыл - астық дайындау жоспарының асыра орындалуы. 1959жыл-Шымкент цемент зауыты іске қосылды. 1961 жыл - Ақмола қаласының Целиноград қаласы болып аталуы (Н.С. Хрушевтің ықпал етуімен).
Дәріс13. Қазақстан тоқырау жылдарында.
Жоспар
1.ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы әлеуметтік экономикалық даму тенденциялары.
2. ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыстың көрністері.
3. ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы халықтың тұрмыс дәрежесі: тенденциясы және қарама –қайшылықтары.
4. ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы саяси өмір және ұлттық қатынас.
Тірек сөз: Консерватизм, Бюрократия, тоқырау,
КОКП ОК ( 1965ж.) пленумы талдап жасаған аграрлық реформа а/ш интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды. А/ш проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді.Ол қаржының 55/ дейінгі құны қымбат ,аса зор м/ш комплекстерін, су шаруашылық құрлыстарын салуға а/ш техникасын сатып алуға жұмсалды, керісінше оларды жердің құнарлылығын арттыруға ,электрлендіруге а/ш өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіп орындар салуға жұмсау қажет еді. Ауыл мен селоны әлеуметтік жағынан көркейтуге қалған қаржыны жұмсау принципі қолданылылды. Адамдардың мұқтажына көңіл бөлмеушіліктің салдарынан 1987ж ауылдық селолық жердегі елді мекендердің тең жартысынан көбінде денсаулық сақтау мекемсі болмады, ауылдық селолық ауруханалардың жартысына жуығы ыңғайсыз үйлерде орналасты, әрбір бесінші ауруханада су құбыры, канализация ,асхана болмады. 60-70-ж. басында халықты азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен жабдықтау жақсарды. Алайда агралық салада күткен бетбұрыс болмады. Алғашқы кезде жарияланған және жоспарланған нәрсенің көпшілігі жүзеге асырылмай қалды. Астық өндірісінің дамуы тұрақсыз еді. Үш бесжылдық бойы 1971-1985ж. Мақтаның кортоптың, көкөністің жалпы өнімі және мем. сатып алу көлемі біраз көбейді., қант қызылшасын өндіру азайды. Мал ш/қ өнімдерін өндіру бір қалыпты болмады. Колхоздармен совхоздарда сүт өндіру 9/5 та шұғыл өсті, бірақ бұл өсім тұтастай экстенсивтік негізде сиырдың санын көбейту есебінен алынды.,өйткені қоғамдық ш/та бұл жылдары бір сиырдан алынған сүттің орташа мөлшері өскен жоқ.1971-1985ж. Ет өндірісінің өсуі тұрақты болған жоқ. Жалпы өндірілген еттің 5/1 бөлігінен 4/1 бөлігіне дейінгі мөлшері бүкілодақтық қорға жіберілді. Ет өндіісінің ең көп өсімі құс ш/да болды, 1989 ж.1970 ж. Салыстырғанда 5 есе өсті. Мұның өзі мем. Құс фабрикаларының кең жүйесі салынуының, саланы өнеркәсіптік технологияға көшірудің ,оларды жеммен мем. Қордан орталықтандырылған жүйемен қамтамасыз етудің нәтижесі еді.Қой ш/ғы ақсады. 1981-1985ж. өсім тоқтады деуге б/ы. «көк бақа»еттер п/б. Себеп: шопанның ауыр еңбегіне немқұрайды қарау, малды күтіп бағудағы еңбек дәстүрін елемеу, халықтың ғ.б. қалыптасқан ,сынан өткен технологиясының жоғалып кетуі болды.Жалпы алғанда мем/тің а/ш дамыту жөніндегі қолданған шаралары жартыкеш болып шықты және х/ш –ң аса маңызды бұл саласында мардымды өзгеріс бола қойған жоқ. А/ш қайыршылық жағдайға түсуінің бір себебі шаруалардың бүтіндей әкімшілік жүйенің билігінде болуы еді. А/ш басқару жүйесін КОКП ОК май(1982) пленумның шешімдері негізінде аудандық агра өнеркәсіптік бірлестіктер құру арқылы түбегейлі өзгерту талабы да мардымады,нәтиже бермеді.Адамдар көбінесе ақшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес ,жұмысқа шыққаны үшін алды.
2.60ж. Ортасында-ақ елдің партиялық мем. Басшылығы халықтың ақшалай табысын артыру бағытын ұстанды,40-50ж салыстырғанда оң рол атқарды.70ж бірінші жартысында ең төменгі жалақы 70 сомға жетті.1971-1989ж совхоздар қызыметкелерінің жалақысы 121сомнан 247 сомға дейін өсті,колхозшылардың еңбек ақысы 100-210сомға өсті ,зейнет ақы 51,1 сомнан 93,2 дейін көтерілді.Жалақының мұндай дәрежеде өсуі жылдар бойы халықтың тұрмыс дәрежесі үнемі өсіп келді деп санады ,ал іс жүзінде бұл шындыққа сай емес еді.Тапшылық арта түсті. Сағаттап кезекте тұру –кеңестік құрлыстың айнымас серігі ,үйреншікті әдетке айналды.Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды.Қазақстан х-ң түрмыс жағыдайы Одақпен салыстырғанда артта қалды.Қазақстанның көптеген аудандары(33) аудан ең алдымен Семей ядролық полигонының зардабы тараған аймақ, Арал өңірі жан баласы төзгісіз қиын жағдайда еді. Негізінен қазақтар тұратын алыстағы аудандар қалыпты дәрігерлік көмекпен, ауыз сумен көкөніспен, жеміспен қамтамасыз етілмеді, балалар мекемелері, кітапханалар жетіспеді. Мұндай жағдай респ, мен орталық арасында қарама –қайшылықтың қауырт шиеленісуіне обьективті негіз болды. Респ. халқының тұрмыс дәрежесінің жағыдайын 70-80ж соғыстан кейінгі жылдармен салыстырғанда жағдайдың жақсарғанын мойындау қажет. Теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина үй жиһаздары п.б.Туристік сапармен шет елді санаторилар демалыс үйлерінде демалушылар саны көбейді.
3. КОКП –ның бүлінуі оның әлеуметтік эко. Саясаттағы қателері ұлттық қатынасқа әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық оларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Федералдық мем. Ретінде болжалып ,1922ж. Құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мем. Айналып кетті. Ондағы Одақтас респ. Құқықтары шектеліп ,нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Бүкіл Кеңестік тарихтың өн бойында кеңестік федарализм жағдайында даралану тенденциясы болмайды , соц-к ұлттардың федерациядан шығу қажеттігі пайда болуы мүмкін емес деген пайымдау үстемдік құрды.С/да партия және мем. Органдар ұлттардың өзін өзі билеуін біржола жүзеге асырылған іс деп санады. Мұндай пайымдаудың дәлелі мына жағдай б/ы. КСРО еркі шығу құқығы болғанымен бірде-бір халық оны пайдаланбады. Бұл жерде нақты өмір шындығы есепке алынбады., саяси демократияның бұрмаланғандығы
Салдарынан бұлайша ерік білдірудің өзі мүмкін емес еді.
Қаралып отырған дәуірде интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болатын .Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдады.бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді, осы мағынада алғанда интер-ционалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.70-80жж. Ұлттық салт санадан гөрі Кеңестік салт-сана көбірек дәрәптелді.КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің ролін асыра бағалау процесі жүрді,адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. Тарих 1917ж басталады деп сендірді. Алшынайы интернационализм «өз» ұлтыңның да және басқа ұлтардың да ұлтық мүделерін түсініп ,мойындамайынша мүмкін емес еді.Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүделерді кемсітуден п.б. Интер-змді тұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатын да тек ұлт аралық қатынас тілін ғана қолдап ,ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп соқтырды. Орыс тілін қазақтардың 60/ меңгерсе ,қазақ тілін орыстар1/ меңгерді.кітап90//,теледидар 70/ орыс тілінде б/ы.жер атары орыс тілінде б.ы.Бұрынғы КСРО ғы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді.
И.Сталин өлгенен кейін кеңестік кеңістікте тоталитарлық жүйеге қарсы көтерілістер болғаны жайлы зертеуші А.Кәкен (Кеңестік кеңістіктегі көтерілістер .//Е.Қ. 2002жыл,20.09) өз деректерін береді. 1955-1956ж Грузияда 1968,25,08, Москвада,1966-1968жж қырым-татарлары, 1966жж Өзбекстанда ,1975-1977жж Вильнюсте т.б. 1959жж жазда Теміртау көтерілісі бұрық етті. Тоталитарлық жүйе көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалады,оны Брежневтың өзі басқарды.Кейбір зиялы азаматтар мәдени-саяси ұйым,партиялар құруға ұмтылды Мәскеуде «Жас тұлпар» (М.Әуезов),Павлодарда «Жасұлан»(Арман Қаниев ,мектеп оқушысы), Қарағандыда «Есеп» партиясы (Бүркіт Ысқақов) «Тай шұбар»қазақ жастарының биресми бірлестіктерді атауға болады. Хасен Қожа Ахмет Алматыдағы жоғарғы оқу орны студенттері арасында ,қоғамдық орындар да «Оян,қазақ, оян елім!»днген үн парақша таратқан.
Басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланды.Жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына саи келмеген өз көзқарастарын әдебиетпен өнер шығармаларында бейнелеген интелегенттің өкілдері қудалауға түсірілді.Ақын О.Сүлейменовтың «АЗиЯ» , О,Исмағұловтың «Қазақстанның этностық геногеографиясы», филасофия институтының авторлар ұжымы даяарлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүние танымы» және басқа әдебиет пен өнер шығармалары авторлары қуғындала бастады. Ұлттық қатынастардағы қарама –қайшылықтар күн санап қордалана берді, Ол Орталықтың 1979 жылы (көктемде) Қазақстанда неміс автономиясын құру әрекетіне ұласты.(16.06 . 19,06 шеру) Оған қазақ халқы қарсылық көрсетіп «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономиясы болмасын» днген үндеулер көтеріп ,алаңға шықты.Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыстың басшылығы КОКП ОК Саяси бюросының автономиялық облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде іргесін аулақ салды.
Дәріс14. Қазақстан қайта құру жылдарында
Жоспар
1. Қазақстан М.Горбачев реформалары кезінде.
2. 1986-шы жылғы Желтоқсан көтерілісі.
3. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада -Семей» қозғалысы.
4. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы.
Тірексөз:«Қайтақұру», әміршіл-әкімшіл жүйе, тоталитаризм.
Кеңестер Одағындағы күрт бетбұрыс КПСС ОК 1985/04 пленумынан басталды.Пленум ел ішінде жеделдету бағытын белгіледі. Жеделдету бағыты КПСС ХХҮІІ съезінің құжаттарында талдап корсетілді. КПСС ОК 1987/01 пленумы қайта құру міндеттерін анықтады. КПСС ОК 1987/06 пленумы қайта құрудың концепциясын талдап белгілеуді аяқтап, шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесін жаңартудың бағдарламалық тұжырымдамасын жасады. Онда:
елдің әлеуметтік –экономикалық дамуын жеделдетудің мазмұны мен мақсаттары:
жеделдетудің объективтік қажеттілігі мен мүмкіндігі:
он екінші бесжылдықтың ерекшелігі:
ғылыми –техникалық прогресті жеделдету жолдары және оның негізгі бағыттары,адам факторы мәселесі
жеделдету концепциясының х.а сипаты:
жеделдету немесе қ/қ жылдарындағы жетістіктер мен қарама-қайшылықтары атап көрсетілді
Ал, шет ел ғалымдары М.С.Горбачевтың саясатына үлкен күдікпен қарап,төмендегідей баға берді: «...оның тілі мен жағына сүйенген көбік сөздері көп жағыдайда Хрущев дәуіріндегі көк мылжыңмен астасып жатушы еді.» ( Т.МУлайтегин Желтоқсан оқиғаларына Американдық көзқарас.//Ақиқат,1997/3:)
2. Желтоқсан оқиға,қозғалыс, көтеріліс пе?
(Қойгелдиев М.Қ. Тоталитаризмді тұңғыш рет тітіреткен//Егемен Қазақстан2001/17,ХІІ) 1986 ж16-17 ХІІ күндері Алмат қаласында сондай ақ обл. Орталықтарымен ірі елді мекендерде болып өткен оқиғалалар ,әрине бір сәттік кездейсоқ құбылыс емес екендігі анық.Желтоқсан оқиғалары қазақ тарихында бүданда бүрын орын алғантамырлы, өзара сабақтас оқиғалардың логикалық жалғасы,кезекті табиғи көрнісі.Анығырақ айтқанда ол қазақ халқының империялық,отарлық езгіге қарсы азаттық үшін күресінің ,мем. Тәуелсіздікке деген тынымсыз ұмтылысының табиғи жалғасы.міні осы тұрғыдан алғанда бұл «Желтоқсан қозғалысы.» Ол бір қалалық немесе аймақтық та құбылыс емес жалпы ұлттық қозғалыс.Себеп: империялық озбырлыққа қарсы бас көтеру тек астаналық қала Алматымен шектеліп қалған жоқ ,басқа да обл. Орталықтарында ,аймақтарда көрніс тапты. ХІІ.17-25 күндері Ж:Ш:Т:Ж:Қ:П:К:Арқалық сияқты қалаларда Шамалған ,Сары-өзек елді мекендерде болып өткен толқулар наразылықтың жалпы Қазақстандық сипат алғанын айғақтады.Алматыдағы 17/ХІІ күнгі толқуларға 25-30 мың адам қатынасқан Алматыдан тыс жерлерде болған шерулерге қатынасқандардың саны-2500 адам.Қозғалыстың ауқымын оны басуға тартылған күштердің саны мен қуатынан да байқауға болады. Америкалық Хельсинки тобы демонстрантарға қарсы 50 мың әскер адамдары және 20мың милиционер тартылғанын айтады.Академик М.Қозыбаевтың есебі бойынша әскер күшіні саны 40 мың қару төңірегінде(М.Қозыбаев Казакстан на рубеже веков:размышления и поискиКн 1.,А238-239) Әскери күшіне қосымша жасақтарды басуға 10-15 мыңға дейін қаруланған ерікті жасақшылар көшеге шыққан. Бұған қосымша 15 БТР және 20 өрт сөндіруші машиналар бөлінген. Бұл келтірілген цифрлардан фактілерден байқайтынымыз сол шеруді басуға шыққан қарулы қолдың саны шерушілерден екі есе асып түскен еді.,ал екі жақтың қарулану деңгейі салыстыруға келмейді. Қақтығыс қаперде болмаған ,Бұл әрекетті 1916 ж салыстыруға келеді.1.қозғалысты тез басып тастау үшін Ф,Таш,Челябинск,Новосибир, Уфа, Тиблиси, Свердловск т.б қалалардан арнаиы даяарлықтан өткенсондай ақ ең негізгісі жергілікті халықпен және жағыдайымен таныс емес әскер құрамалары жіберілді.Ал 1916 ж әскер Қазаннан, Пермьнен, Орынбордан алынған болатын.2. 1916 ж. Көтеріліс қарсаңында және түсында патшалық билік Қазақстанға келіп қоныстанған орыс және басқа европалық шаруаларды саналы түрде қаруландыру шараларын іске асырды. ҚКСР ЖК Президиумы Комиссиясының көрсетуіне қарағанда ,көтеріліскүндері ҚазақстанКомпартиясы ОК қалалық және обл. Партия коитетінің нұсқауы бойынша Алматы зауытында халық жасақтары үшін темір арматураның кесіктерінен ,резинадан жасалған кабелдерден шынжырлардан арнайы қару даяарланды. Қозғалыс күндері өте салысымен ресми билік бұл қарулардыдаяарлаған шерушілер деп мәлімдеді. Ал «халық жасақшыларының» басым әрі белсенді бөлігі сол түста астана зауыттарында жұмыс істейтін ұлты европалықтар болды.
Қозғалыс күндері ІІМ тарапынан айыптылар есебінде ұсталған 2400адамның 2302 (92/) қазақ және 31 орыс,13 ұйғыр,10 татар ,4 қырғыз бар.Осы күндері Алматыдағы дәрігерлік орындарға тіркеліп медициналық көмек алғандардың саны 286 адам, олардың281 қазақ ,ал ауруханаға жатқызылғандардың саны83 адам олардың 82 қазақ.Америкалық Хельсинки тобының көрсетуіне қарағанда ,ауруханаға түскен 369 адамның 363 қазақ 2 орыс басқалары чешен, армян,башқұрт. Р.Спанованың кітабында сотталғандардың саныбұрын айтылып келгендей 99 емес, 103 адам. Олардың 100 қазақ, 3 ұйғыр, дүнген. Қозғалысқа қатысқандардың басым бөлігі түрлі әлеуметтік топтардан тұрған респ. Жергілікті қазақ халқы. Бұл жағыдай Желтоқсан қозғалысының империялық зорлыққа қарсы ұлт-азаттық сипат алғандығын аңғартады.
Кеңестік билікке қарсы соңғы қарулы бас көтеру 1929-1931 жылдары яғни қазақ шаруаларының дәстүрлі шаруашылық жүйесін күрт күйретуге бағытталған большевиктер реформасына қарсылық түрінде көрсетілді. Одан бері55 жыл өтті. Бұл өмірде белсенді қоғамдық қызыметтегі екі буынның ауысып үшінші буынның өзін көрсететін мерізімі. 1986 ж ХІІ алаңға шықан жастар сол жаңа буынның өкілі болатын Ал осы ұрпаққа қандай ерекшеліктер тән. ?1. Олар 37-38 жойқын жаппай репрессиялау саясатын көрмеген, 39-45 же.д аласапыран соғысқа қатынаспаған , соғыстан кейінгі мерізімде қатая түскен тоталитарлық жұйенің идеологиялық ықпалына ұшырағанымен илеуінде бір жола жаншылмаған ұрпақ еді. 2. ешқандайда күмәнсіз нәрсе сол ,бұл жаны таза ,рухы биік қазақ әдебиеті мен өнерінің үздік дәстүрінде тәрбиеленген. Қозғалыстың негізгі себебі: ҚКСР Жоғ Кеңесі Президиумының Комиссиясы 1990ж 19 01 құрылған өз қортындысында., Патшалық және кеңестік биліктердің отарлық саясатымен тікелей байланыстырады. Ал Колбин өзінің көптеген сөздерінде қозғалыстың негізгі себебін басым түрде қоғамда бұрынғы басшылықтың жіберген қателіктеріне орай түрлі әлеументтік қайшылықтардың шйеленісіп кетуімен б/ды. Ал екінші біреулер қозғалыстың ту себебін тікелей Г.В.Колбиннің ҚКОК 1 хатшысы болып келуімен байланыстырды.Сол түстағы идеологиялық хатшы З.Камалиденов «Айдап салушы элементтерге жастарды соңынан ерту сәті түсті Ал олар болса есірткімен алкогольді қабылдап естерінен танған көр соқыр –ұлтшылдардан тұрған көпшіліктің өзі деген –ді.» Бұл тұжырымдардың бәрі де қозғалыстың шынайы саяси мазмұнын бүркемелеп ,көрсетпей қоюды мақсат тұтқан әрекеттер еді.
Қортынды. Желтоқсан қозғалысы қазақ елі үшін Мемлекеттік тәуелсіздіктен биік құндылықтың болуы мүкін емес екендігі көрсетіп берді. Қайрат 86-ның суық желтоқсанында алаңға шыққан қазақ жастарының жинақы көрнісі .,қазақ халқының мәңгі мүқалмас азаттыққа ұмтылысының симвлдық бейнесі. Желтоқсан қозғалысы Қазақстанды жаңа әлемдік кеңестікке алып шықты ,Қазақ елі кеңестік идеологияның алдамшы, жалған сипатын түсіне бастады. Тоталитаризмді тітіретіп, қоғамның көбесін сөгуді әлемде алғаш рет қазақ халқы бастап бергенін біз әрқашанда мақтан тұтуға тиіспіз.
Дәріс 15. Тәуелсіз Қазақстан
Жоспар
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.
1995 ж. ҚР Конституциясы, негізгі мазмұны.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
ҚР президентінің «Қазақстан 2030» Үндеуінің стратегиялық мақсаты, міндеттері,маңызы.
Тірек сөз: төңкеріс, тәуелсіздік, инфляция, Экономикалық дағдарыс, ТМД.
1991 жылғы 19 тамыз - Москвада мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті.
Н.Ә. Назарбаевтың республика халқына үндеуі. Ақша эмиссиясы, инфляция, бағаның өсуі, халық тұтынатын тауарлардың жетіспеуі. Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды бөлу саласында карточка жүйесінің кеңеюі. Экономикалық дағдарыстың онан әрі шиеленюуі. Жаңа банк құрылымдарының құрылуы (бірінші халықаралық банк Сауд Аравиясының қатысуымен қүрылды). «Қазақ КСР-ның қауіпсіздік Кеңесін құру туралы» «Одақтық бағынудағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, Қазақ КСР үкіметінің қарамағына өтуі туралы», Қазақ КСР-да «алтын қоры мен алмас қорын құру туралы», " Семей ядролық полигонын жабу" мен басқа да жайлар туралы Жарлықтардың шығаруы.1991 жыл Қыркүйек - Қазақстан Компартиясының кезектен тыс төтенше съезіне Қазақстан Компартаясын тарату туралы шешім қабылдайды. Қазан -Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Қазақстан ЛКЖО-сы Қазақстан Жастар Одағы болып өзгертілді. 1 желтоқсан - Қазақстан Президентін бүкілхалықтық сайлау. 10 желтоқсан - Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өз қызметіне кірісуі. Республика Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп атауы туралы. Ақшаның қүнсыздануының (инфляцияның) өсе түсуі, халықтың негізгі бөлігінің күнкөріс деңгейінің төмендеуі. Нарықтық экономиканы дамытуға жасалған бетбүрыс. маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалауы мен Мемлекеттік ел таңбасын бекіту. Қазан - Қазақстанның . халықаралық Экономикалық Бірлестік үйымына мүше болып кіруі. (ОЭС). 1993 жыл 28 қаңтар - Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдау.Мамыр - ҚР Жоғарығы Кеңесінің республика үкіметінің әлеуметтік-экономикалық және қүқықтық саясатына сенімсіздік білдіруі. Республика Президентінің бағаны босату жөніндегі жарлығы. Бағаның күрт өсуі, өндірістің құлдырауы. Өнеркәсіптік және коммерциялық объеісгілерді жекешелендіру процесінің кеңеюі. Өндірістің онан әрі қүлдырауы(1-ші тоқсанда - 30 пайызға) Орта-Азиялық Одақ - Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның арасында ортақ экономикалық кеңістік жөніндегі келісімге қол қойылуы. Қазан - ҚР үкіметінің өз қызметін доғаруы: үкіметтің Жаңа қүрамының қүрылуы. Қараша -Қазақстан космонавты Т.Мұсабаевтың халықаралық экипаждың құрамында "СоюзТМ-19" кораблімен үшуы. Наурыз - Конституциялық соттың сайлау мен оның өкілеттігі заңсыз деп табуына байланысғы Жоғарғы Кеңестің депутаттарының қызметін тоқтатуы. 29 сәуір - Президенттің өкілдігін 2000-шы жылдың 1-желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі бүкіл халықтық референдум. 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын қабылдау (Бүкіл халықтық рефереңдумның нәтижелеріне сәйкес). Желтоқсан - Республика парламентінің жаңа құрамын сайлау.Рынокты халық тұтынатын тауарлармен және тамақ өнімдерімен біртіндеп толтыру. Министрлер Кабинетінің мүнай өнімдерінің бағасын босату туралы қаулысы. Желтоқсан-өндірістік емес сала қызметкерлері жалақысының өсуі. Қазақстан Республикасы экономикасына шетел капиталын жан-жақты тартуға бағыт ұстау. Бір қызметкердің номиналдық орта жалақысын (1994 жылдан 1998 жылдың басына дейін) 2, 6 есе өсіру. «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» базалық Заңның қабылдануы. Шаруа (фермерлерік) қожалықтарының санының өсуі (1991 жылдың 1-қаңтарындағы 324-тен 1998 жылғы 1-қаңтарда 51347-ге жетті) Республикалық "Халық деңсаулығы" Бағдарламасы жарияланды. Тамыз - Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Мемлекеттік қоры құрылды.8 жөлтоқсан - РСФСР, Беларусь және Украинаның басшыларының Минск қаласындағы кездесуі: Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) құру жөніндегі шешім. 12 желтоқсан - «Қазақстанда 1986 жылдың 17-18 желтоқсанындағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Президентінің Жарлығы. 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөніндегі заңын қабылдау (Конституциялық Занңың күші бар). 20 - 21 желтоқсан -ТМД-ға мүше республикалар басшыларының Алматыдағы кездесуі. ТМД-ны қүруға байланысты мәселелерді талқылау. 1992 жыл Қаңтар - Қазақстан Республикасының ішкі әскерлерін құру. ОБСЕ мүшелерінің Қазақстанның қабылдауы. 2 наурыз - Қазақстанның толық өкілетті мүше ретінде Б¥¥-ға кіруі. Қараша - ҚР үлттық теңгесін ендіру. Халықаралық байланыстардың кеңеюі. Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-тың, Қытайдың, Турцияның, Францияның, Иранның, Австирияның және басқа да елдердің басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулер. Наурыз - Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесінің сайлауы. Байкоңыр Космодромын Ресейге 20 жыл мерзімге жалға беру, бұл мерзімге жалға беру, бұл мерзімді онан әрі де созуға болатындығы жөнінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы келісім. Президент Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа, Жапонияға, Италияға, Сауд Аравиясына және басқа елдерге ресми сапарлары. Қаңтар - Белорустың, Қазақстанның, Ресей мен Қырғызстанның Кеден одағының құрылуы. Қазақстанның Ислам Конференциясы ¥йымына кіруі. 1996 жыл Наурыз - Ресей, Қазақстан, Белорусс және Қырғыстан арасында экономикалық және қоғамдық салалар бойынша интеграцияны тереңдете беру жайлы Келісімге қол қойылуы1997 жыл ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік дамудың «Қазақстан-2030» «Стратегиясы» бағдарламасын жариялады.«Қазақстан Республикасында тілдер туралы Заңның» қабылдануы. (Қазақстандағы тілдер қызметінің құқықтық негіздері белгіленді).
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет:
Кан Г.В.,Шаяхметов Н.У.Қазақстан тарихы.Алматы: 2007-264б.
Қазақстан тарихы ( көне заманнан бїгiнге дейiн): Бес томдық. 1-ші т.- Алматы: 1996.- 544бет.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгiнге дейiн): Бес томдық. 2-ші т.- Алматы: 1998.- 640б.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін): Бес томдық. 3-ші т.- Алматы:2002.- 768б.
Қазақстан тарихы курсының үлгiлiк бағдарламасы: Жоғары оқу орындарында тарих емес мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған.- Алматы: РБК, 1998.- 84б.
Қосымша әдебиет:
Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана: социально- экономические аспекты функционирования итрансформации(1920-1930г.г.) Алма-Ата,1991.
Алдажуманов К. Депортация народов - преступление тоталитарного режима Алматы, 1997.- 15тг
Козыбаев М.К. Тоталитарный социализм: реальность и последствия - Алматы, 1997.- 28с.
Махат Д.А. Қазақ зиялыларының қасіреті.-Алматы,2001.
Сантаева К.Т. Дәстүрлі шаруашылықты күйрету саясаты. –Астана:2007.
Қозыбаев М.Ақтаңдақтар ақиқаты.Алматы.1992
Қазақ қалай аштыққа ұшырады?(Қасіретті жылдар хаттары).Алматы.1991.
Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А.1994.
Қойгелдиев М.,Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? Алматы.1992
Омарбеков Т.,Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас.-Алматы: 2004.-388 б.
Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті.А.1997.
Омарбеков Т. Зобалаң. Алматы.1994.
ОмарбековТ. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.Алматы,2001,2002.
Махат Д.А. Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын- сүргін тарихы.-Астана: 2006.-208 бет.
История Казахстана: белые пятна. Сб.ст.-А.-1991
Козыбаев М.К. Избранные труды. Алматы, 2006 г.
Верт Н. История Советского Государство.// М.,2002.-544с.
Шоқай М. Таңдамалы.1-2 том. Алматы.1999
Бөкейханов Ә.Шығармалар.Алматы.,1994.384б.
Шоқай М.Түркістанның қилы тағдыры.Алматы.,1992.184б.
Артыкбаев Жамбыл О. История Казахстана: Учебник для студентов вузов. Алматы: 2006.- 312с
Вяткин М.П. Батыр Сырым.М-Л., 1947
Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств ХҮІІІ-первой половины ХІХ вв Жангир хан. (1801-1845гг). Т.4.А., 2001
Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств ХҮІІІ-первой половины ХІХ вв Хан Жанторе (1759 -1809гг). Т.3.А., 2001
Құлкенов М.,Отарбаев Р. Жәңгір хан даңқ пен дақпырт.(жаңаша көзқарас.) А.,1992.
Тынышпаев М. Великие бедствия.(Ақтабан-шұбырынды) История казахского народа.А., 1993.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степи,т.1-.СПб., 1832. 1996.
Мұқаметханұлы Н. Тарихи зерттеулер.А., 1994.
Қойгелдиев М. Жетісудағы Ресей билігі. Астана.2005.
Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында.А., 1994.
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 2 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы |
Ф.4.09-39 |
|
01.09.2012 ж. |
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Қазақстан тарихы.
(пәнің атауы)
Кафедра тарих
Тьютор Сантаева К.Т.
Мамандық «тарих емес мамандықтар үшін»
Кредит саны 3
Пән циклі 2-семестр
Студенттер саны 15
Әдебиет Түрі
|
№ |
Шифр |
Әдебиет атауы |
Бар болуы |
Ескерту |
|
|||||
Кітапханада және кафедрада |
% |
|
|||||||||
1 |
Т3(2К)я73 Ж81 |
Қазақстан тарихы [Мәтін]: Оқулық / Б. Д. Жұмақаева.- Алматы: ТОО «Издательство LEM» 2010.- 308б. |
жалпы саны-20 13,5% |
|
|
||||||
2 |
Т3(2К)я73 И90 |
История Казахстана [Текст]: Курс лекций / Под ред. К. С. Каражана.- Алматы: Заң әдебиеті, 2011.- 432с. |
жалпы саны-5 1% |
|
|
||||||
3 |
Т3(2К) И90
|
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Т.5 [Текст].- Алматы: Атамұра, 2010.- 680с. |
жалпы саны-10 6% |
|
|
||||||
4 |
Т3(2К) А40
|
Алдажуманов К. Депортация народов - преступление тоталитарного режима / К. Алдажуманов, Е. Алдажуманов.- Алматы, 1997.- 15тг.
|
жалпы саны-10 6%,
|
|
|
||||||
Қосымша |
5 |
Т3(2К)я73 Қ18
|
Қазақстан тарихы [Мәтін]: Лекциялар курсы / Ред. басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан.- Алматы: NURPRESS, 2011.- 376б. |
жалпы саны-25 16%
|
|
|
|||||
6 |
Т3(2К)я20 Қ18
|
Қазақстан тарихы [Мәтін]: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: Аруна, 2010.- 768б. |
жалпы саны-10 6% |
|
|
||||||
7 |
Т3(2К) Қ19
|
Қазақтың ұлы қолбасшылары [Мәтін].- Алматы, 2011.- 336бет.
|
жалпы саны-2 1% |
|
|
||||||
8 |
Т3(2К) Қ17 |
Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі. Казахская диаспора: настоящее и будущее.- Астана: Елорда, 2005.- 352тг.
|
жалпы саны-2 1%,
|
|
|
||||||
9 |
Т3(2К)7 Қ 17
|
Қазақ елiнiң ұлы ғұламалар.- Алматы, 1998.- 12б.
|
жалпы саны-1 0,6%
|
|
|
||||||
10 |
Т3(2К)я73 Қ71
|
Қуандық, Е. Қазақстан тарихы(Кеңес және тәуелсіз Қазақстан дәуірі) [Мәтін]: Оқулық / Е. Қуандық.- Алматы: ЖШС Дәуір, 2009.- 488бет. |
жалпы саны-1 0,6%
|
|
|
||||||
11 |
Т3(2К)73 Т65 |
Төлепберген, Б. Желтоқсан қарлығаштары [Мәтін] / Б. Төлепберген.- Алматы: КИЕ, 2010.- 248б.
|
жалпы саны-1 0,6%,
|
|
|
||||||
12 |
Т3(2К)722.74 Қ19
|
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы: Оқулық / Ред.басқарған Қ.С.Қаражан. - Алматы: Қазақ университетi, 2005.- 302бет.
|
жалпы саны-10 6%,
|
|
|
||||||
13 |
Т3(2)522 Б91
|
Бурбаев Т.К. Ұлт менталитеті: Монография / Т.К. Бурбаев.- Астана: Елорда, 2001. - 248бет.
|
жалпы саны-3 2%,
|
|
|
||||||
14 |
Т3(2К)я73 И90
|
История Казахстана [Текст]: Курс лекций / Под ред. К. С. Каражана.- Алматы: Заң әдебиеті, 2011.- 432с. |
жалпы саны-5 3,3% |
|
|
||||||
15 |
Т3(2Р)73я73 И90 |
История России в новейшее время. 1985-2009 гг. [Текст]: Учебник / Отв. ред. А. Б. Безбородов.- М.: Проспект, 2010.- 448с. |
жалпы саны-3 2% |
|
|
||||||
|
16
|
Т3(2К) А23
|
Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы / Құрастырған Тайшыбай З.- Петропавловск: Астана баспасы, 2005.- 477бет.
|
жалпы саны-2,
14% |
|
||||||
17 |
Т3(2К)я73 А52
|
Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1 кітап. Ежелгі заманнан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін / К.Р. Аманжолов.- Алматы: Бiлiм, 2004.- 392бет.
|
жалпы саны-1,
7% |
|
|||||||
18 |
Т3(2К)я7 А86
|
Армысың, Ата тарих - Аңырақай: Зерттеу еңбектер, баяндамалар, өлең-жырлар / Құраст. Кендірбекұлы А., Мұратұлы С.- Алматы: Шартарап, 2001.- 352бет.
|
жалпы саны-1,
7% |
|
|||||||
19 |
Т3(2К) Г15 |
Вяткин М. Батыр Срым: Учебное издание / М. Вяткин.- Алматы: Санат, 2002.- 344с.
|
жалпы саны-1,
7% |
|
|||||||
20 |
Т3(2К) Е78
|
Едильханова С.А. Казахско-джунгарские взаимоотношения в XVII-XVIII веках (Некоторые историографические аспекты проблемы) / С.А. Едильханова.- Алматы: Дайк-Пресс, 2005.- 162 с.
|
жалпы саны-5,
35% |
|
|||||||
21 |
Т3(2К) И85
|
Исатай Тайманұлы: Жинақ / Құрастырған О.Сахиддаулетұлы.- Алматы: Арыс, 2004.- 320бет.
|
жалпы саны-3,
21% |
|
|||||||
22 |
Т3(0)5я73 И88
|
Исатай- Махамбет 1801-1848: Документы / Сост. Жанаев Б., Самигулин И., Капашев Л.- Алматы: Арыс, 2003.- 448бет.
|
жалпы саны-1,
7% |
|
|||||||
23 |
Т3(0)31я73 И90
|
История букеевского ханства. 1801-1852гг: Сборник документов и материалов / Сост. Б.Т.Жанаев, В.А.Иночкин, С.Х.Сагнаева.- Алматы: Дайк-Пресс, 2002.- 1120с.
|
жалпы саны-4,
28% |
|
|||||||
24 |
Т3(2К)47 К28
|
Касымбаев Ж. Абылай хан. История, личность, время / Ж. Касымбаев.- Алматы: Аруна, 2003.- 92с.
|
жалпы саны-2,
14%
|
|
|||||||
25 |
Т3(2К)47 К28
|
Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств в ХҮІІІ - первой четверти ХІХ вв. Хан Жанторе (1759-1809)-Т.3 / Ж. Касымбаев.- Алматы: Бiлiм, 2001.- 364с.
|
жалпы саны-1,
7% |
|
|||||||
26 |
Т3(2К) К25
|
Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (ХVIIIв.) / Ж.К. Касымбаев.- Алматы: Бiлiм, 1999.- 288с.
|
жалпы саны-1,
7% |
|
|||||||
27 |
Т52(257К)-514 К30
|
Кенесары Қасымұлы. Туғанына 200 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми- теориялық конференция материалдары.- Алматы, 2003.- 290с.
|
жалпы саны-12 85% |
|
|||||||
28 |
Т3(2К) Қ18
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгiнге дейiн): Бес томдық. 3-ші т.- Алматы: Атамұра, 2002.- 768б.
|
жалпы саны-13
92% |
|
|||||||
29 |
Тя21 Қ 17
|
Қазақтың қысқаша тарихы: Нығмет Мыңжан.- Алматы: Жалын, 1994.- 400б.
|
жалпы саны-20 142% |
|
|||||||
|
Т52(257) Қ 21 |
Қазыбек бек Тауасарұлы-тарихи тұлға, ғалым және ақын: Ғылыми конференцияның материалдары.- Алматы: Қазақ мемлекеттік университеті, 2001.- 171б.
|
жалпы саны-2
14% |
|
|||||||
Қосымша |
30 |
Т5(0):Т5(2К)я73 А 86
|
Артыкбаев Жамбыл О. История Казахстана: Учебник для студентов вузов / Ж.О.Артыкбаев.- Алматы: Қазақ университетi, 2006.- 312с., ил.
|
жалпы саны-20
142% |
|
||||||
31 |
Т3(2К)я72 Қ 45
|
Қасымбаев Ж. Кенесары хан: Қолбасшы және саясатшы / Ж. Қасымбаев.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 112б.
|
жалпы саны-5,
35%
|
|
|||||||
32 |
Т3(2К)7 Қ 59
|
Қойгелдиев М. Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ є. - 1917ж.) / М. Қойгелдиев.- Астана: Елорда, 2004.- 216бет.
|
жалпы саны-1,
7%
|
|
|||||||
33 |
Т3(0)6я73 М37
|
Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты: Оқулық / С. Мәшімбаев.- Алматы: Санат, 1994.- 136б.
|
жалпы саны-1,
7% |
|
|||||||
34 |
Т3(2К) О65
|
Оразбаева А. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты / А. Оразбаева.- Алматы: Дайк-Пресс, 2004.- 206бет.
|
жалпы саны-5,
35% |
|
|||||||
Электронды оқулықтар |
|
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
|
|
||||||
