Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аида диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
669.82 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы ҚазаҰУ

Диплом жұмысы

Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ »

Орындаған: Экономика және бизнес Жоғары мектебінің

“Мемлекеттік және жергілікті басқару”

мамандығының 4 курс студенті

Шәмен Аида Ержігітқызы

Ғылыми жетекші: Л.Ж.Аширбекова экономика

ғылымдарының кандидаты, доцент

Алматы , 2014

Жоспар:

Кіріспе...............................................................................................................

1 Жергілікті өзін-өзі басқару дамуының теориялық негіздері

1.1 Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтық қоғамды қалыптастыру институты ретінде......................................................................................................................

1.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару дамуының алғышарттары, қағидалары мен функциялары..............................................................................

1.3 Әлемдік жергілікті өзін-өзі басқарудың модельдері......................................

2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы

2. 1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару дамуының қазіргі жағдайы.....................................................

2.2 Жергілікті өзін-өзі басқару нәтижесі ретіндегі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру..............................................................................................

2.3 Қазақстан Республикасында қалыптасқан жергілікті өзін-өзі

басқару тәжірибесі мен қаржылық көздерінің бөлінуін

салыстырмалы талдау...........................................................................................

3 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары

3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы........................................

3.2 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік

басқару органдарымен өзара байланысын жетілдіру...................................

Қорытынды.......................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................

Кіріспе

Бүгінде Республикамыздa жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны іске асыру еліміздегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып отыр.

Еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде биліктің әр деңгейге бөлінуі, яғни мемлекеттік биліктің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу маңызды мәселеле ретінде қарастырылуда.

Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуымен барлық экономикалық жүйенің қызмет етуі, елдің экономикалық жағдайы байланысты. Осыған байланысты «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Орталықсыздандыру идеясының мәні - шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру» қажеттігі жайында атап өткен[1].

Бүгінгі заман талаптарына сай келетін жергілікті өзін өзі басқару жүйесін құру үдерісі қазір де жалғасуда. Президенттің Жарлығымен 2012 жылғы қарашада Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекітіліп, осы арқылы жергілікті өзін өзі басқару институтын дамытудың ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегиясы қабылданды, онда мәселелер кешенін, оның ішінде құқықтық сипаттағы, атап айтқанда, жергілікті өзін өзі басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін шешу көзделген.

Елбасы Н.Назарбаев басшылығымен жүргізілген конституциялық реформаларды жүзеге асыру барысында мәслихаттардың рөлі біртіндеп артып келеді. Бұл үрдісті әрі қарай жетілдіру қажеттігі заман талабынан туындап отырғанын ескеру де, оған басымдық сипатын білдіреді. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік және мемлекеттік емес бағыттағы қызметтерді негізге алады.

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың осы кезеңінде тиімді жұмыс істейтін, Қазақстан үшін барынша қолайлы жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметін ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық қамтамасыз ету жүйелерін, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тетігін қалыптастыру қажет болып табылады.

Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап өтсек, А.С.Автономов, Г.Алимурзаев, Е.Г.Анимица, И.А.Василенко, Т.Г.Морозова, А.Н.Швецов, т.б.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері Қазақстандық ғалым-экономистердің де зерттеу обьектілеріне айналған. Олардың қатарына Я.А.Аубакиров, Ш.С.Ахметова, У.Б.Баймураторв, М.Б.Кенжегузин, К.Е.Кубаев, Н.К.Мамыров, К.С.Мухтарова, К.К.Шарипбаев және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Мақсаты және міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы және мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың ғылыми-практиалық және теориялық-методологиялық аспектілерін зерттеу болып табылады.

Белгіленген мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінде қалыптасқан жағдайды талдап, басқару деңгейлері шеңберіндегі мәселелерді анықтау;

- еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту үшін жүргізіліп жатқан орталықсыздандыру үрдісін талдау;

- мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару арасында өкілеттікті бөлу мен алдыңғысының тиімділігін арттыру қажеттігін негіздеу;

- жергілікті өзін-өзі басқару деңгейі қызметтерін бекіту жөнінде экономикасы дамыған елдер тәжірибесін зерттеу;

- жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінің даму болашағын болжау;

- Қазақстан жағдайына сәйкес мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің үлгісін нақтылау;

- Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мақсатымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жолдарын анықтау.