- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Анықтау ісін жүргізу пәнінен лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары. Кредит саны- 2
- •1 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы.
- •2 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу принциптері.
- •4 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.
- •6 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты
- •1) Өзін дұрыс ұстаутуралы қол хат беру. (144 бап).
- •2) Жеке кепілдік (145 бап)
- •3) Әскери бөлім командованиясының әскер қызметшілерді байқауы
- •Кәмелетке толмағандарды қарауына беру 147 бап
- •Қамауға алу б.Ш қолдануға болады тек келесі жағдайларда:
- •7 Тақырып. Қылмыстық істі қозғау сатысы.
- •8 Тақырып. Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
- •9 Тақырып. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
- •10 Тақырып. Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу іс әрекеттері.
- •11 Тақырып. Алдын ала тергеудің аяқталуы.
- •12 Тақырып. Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық.
- •13 Тақырып. Басты сот талқылауы.
- •14 Тақырып. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларын қайта қарау (Апелляциялық іс жүргізу.).
- •Cеминар сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары
- •Анықтау ісін жүргізу құқығы пәнінен емтихан сұрақтары
4 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.
Дәріс жоспары:
1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың түсігі және оларды классификациясы.
2. Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
3. Қылмыстық іс жүргізуге мүдделі тұлғалар.
4. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өзге де тұлғалар.
Негізгі ұғымдар: қатысушылар, тараптар,субъект.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар- дегеніміз қылмыстық іс жүргізігенде белгілі бір міндеті, қызметі (функциясы) бар, процессуалдық құқықтар мен міндеттері бар мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар және азаматтар. Белгілі бір субъект қылмыстық іс жүргізуге қатысушы болып саналу үшін төменгі талаптарға сай болу керек: 1. Заңда аталынуы керек. 2. белгілі бір процессуалды функцияларды ж.а. крек.
3. Заң бойынша белгіленген процессуалдық құқықтары мен міндеттері болуы керек.
Процесске қатысушылардың кейбіреулері іске қысқа мерзімде қатысады (куәгер, маман), ал басқа біреулері қылмыстық процестің бірнеше сатысы бойынша (тергеуші, сот), немесе қылмыстық іс жүргізудің басынан аяғына дейін қатысады (прокурор). Тараптар – сот талқылауында бәселестікпен тең құқықтылық негізінде айыптауды және айыптаудан қорғауды ж.а. органдар мен лауазымды адамдар. Тораптар екі топқа бөлнеді: Айыптау тарабы: мемлекеттік айыптаушы (прокурор), жеке айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың заңды өкілдері мен өкілдері. Қорғану тарабы: сотталушы, қорғаушы сотталушының заңды өкілдері, азаматтық жауапкер, оның өкілі. Қылмыстық прцесстің субъектісін олардың алдында тұрған міндеттеріне, қорғалатын мүддесіне, жүзеге асыратын функциясына қарай келесі топтарға бөлуге болады:
1 топ. Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Оларға қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін ж.а. жүктелген. Олар келесі функцияларды жүзеге асырады: а) тергеу функцияларын (тергеу органы); б) қадағалау функцияларын (прокурор); в) сот әділдігін жүзеге асыру функцияларын (сот). Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қылмыстық процестегі әрекеттері мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған.
2 топ. Қылмыстық іс жүргізудегі мүдделі тұлғалар. Олардың іс әрекеттері өз мүдделерін қорғауға бағытталған. Олар: а) сезікті, айыпталушы (сотталушы); б) жәбірленуші; в) жеке айыптаушы; г) материалдық мүдделері қылмыстық істі шешумен байланысты азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер.
3 топ. Қылмыстық іс жүргізгенде басқалардың мүддесін қорғайтын тұлғалар:
а) айыпталушының қорғаушысы; б) айыпталушының заңды өкілі; в) жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкердің өкілдері. Бұлардың іс әрекеттері өздері өкіл болып отырған тұлғаларлың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Анықтаушы. 1. Анықтаушы - өз құзіретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.
2. Анықтаушы заңда айқындалған нысандарда сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы және жүзеге асырылуы туралы шешім қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдер қабылдауға және тергеумен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
3. Алдын – ала тергеу жүргізу міндетті емес, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде анықтаушы осы Кодекстің 37-тарауында көзделген алынып тасталатындарды қоспағанда, алдын-ала тергеу жүргізу үшін ҚІЖ Кодексінде көзделген ережелерді басшылыққа алады.
4. Анықтаушы алдын-ала тергеу жүргізілу міндеті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларды анықтау органдары бастығынығ тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттерімен жедел іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмен прокурор мен алдын-ала тергеу органын хабардар етуге міндетті.
5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын-ала тергеу органын және анықтау органын жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдау туралы тапсырмалары орындауға міндетті.
6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшін міндетті. Анықтау органы бастығының қылмыстық істер жөніндегі нұсқауына прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Нұсқауларға шағым жаслау, қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемі, айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды.
5 тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының негізгі ережелері.
Дәріс жоспары.
1. Дәлелдеме ұғымы.
2. Дәлелдеме көздері.
3. Дәлелдемелердің классификациясы.
4. Дәлелдеу заты.
5. Дәлелдеу шегі.
6. Дәлелдеу процесінің ұғымы мен элементтері.
7. Дәлелдемелерлді зерттеу.
8. Дәлелдеме көздері.
Негізгі ұғымдар:дәлелдеу процесі, дәлелдеме, дәлелдеме көздері.
Дәлелдемлер негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот заңда белгіленген тәртіппен ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылвды.
Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулерімен, сарапшының қорытындысымен, заттай айғақтармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады ( ҚІЖК-нің 115-бабы).
Іс жүзіндегі деректер, егер олар ҚР ҚІЖК-нің талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің өзге де ережедерін бұзумен, оның ішінде:
қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сонымен бірге өзгеде заңсыз іс-әрекеттер арқылы;
оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;
іс жүргізу іс-әрекетін осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргізуіне байланысты;
іс жүргізу іс-әрекетіне қарсылық білдіруге жататын адамның қатысуына байланысты;
белгісіз көзден, не сот отырысында анықтала адмайтын көзден алынуы;
Дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы алынып, олар істі тергеу немесе сотта қарау кезінде алынған іс жүзіндегі деректердің дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал ету мүмкін болса, дәлел ретінде пайдалануға жол берілмейді деп танылуы тиіс (ҚІЖК-нің 116-бабы )
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, әдісі және басқа да мән-жайлар); қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы; адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп-дәлелдері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктер;
айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар; айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар; жасалған қылмыстың зардаптары; қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері; әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар; қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады ( ҚІЖК-нің 117-бабы ).
Егер тиісті құқықтық рәсімдердің шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар: жалпыға белгілі фактілер; осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы; заңды күшіне енген соттың шешімімен белгіленген мән-жайлар; адамның заңды білуі; адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі; олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және ол арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелсіз анықталған болып саналады ( ҚІЖК-нің 118-бабы ).
Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтары, сарапшының қорытындысы, заттай дәлелдемелер, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және құжаттар ( ҚІЖК-нің 119-123-баптары ).
Дәлелдеу істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады. Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы мен кінәсінің бар екендігінің негізін дәлелдеу міндеті айыптаушыда болады ( ҚІЖК-нің 124-бабы ).
